Ұстаздар сайты u-s.kz Сайттың атауы www.u-s.kz
» » Отбасы – шағын қоғам.


Отбасы – шағын қоғам.

Отбасы – шағын қоғам.

Сабақтың тақырыбы:  Отбасы – шағын қоғам

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Оқушыларға жанұя,шаңырақ,отбасы,Отан ұғымдары жөнінде,отбасының қоғамның бір бөлігі екені жөнінен толық мағлұмат беру;

Дамытушылық: отбасы мүшелерінің құқығы мен міндеттері жайлы айта отырып,іс-әрекеттері үшін жауап беру,туысына қамқор болу сияқты дағдыларды қалыптастыру;

Тәрбиелік:отбасы мүшелеріне деген құрмет пен сүйіспеншілікке баулу;

Қолданылатын әдіс – тәсілдер: Сұрақ-жауап, түсіндіру, топтастыру,әңгімелеу, салыстыру,тест әдісі;венн диаграммасы;

Қолданылатын көрнекіліктер:  Сызбалар,суреттер,кестелер.

Сабақтың барысы: 

І. Ұйымдастыру кезеңі. Оқушылармен амандасу, түгендеу.  Зейіндерін сабаққа аудару.

 “Шаттық шеңбері”.

Оқушылар бір – біріне жүзім беру арқылы, жылы тілектер айтады.

ІІ. Үй тапсырмасын сұрау. (үй тапсырмасын тест сұрақтары арқылы қорытындылау).

1. Жердің серігін ата

А) Ай

Ә) Күн

Б) Шолпан

2.Ғарыштық қашықтық қандай өлшем бірлікті көрсетеді?

А) Километр

Ә) Сағат

Б) Ғалам

3.Ғарыш деген не?

А) Аспан

Ә) Қара кеңістік

Б) Ғалам

4.Жердің өз білігін толық айналып шығуын не деп атайды?

А) Күн

Ә) Тәулік

Б) Ай

5.Адам алғаш рет ғарышқа қашан ұшты?

А) 12 сәуір 1961 жыл; 

Ә) 5 қазан 1957 жыл;

Б) 12 сәуір 1964 жыл;

ІІІ. Мотивация кезеңі.                

Балалар, ағашта не өседі?

  • Жапырақ өседі
  • Жеміс – жидектер өседі. (алма, алмұрт)  т.б.

Олай болса, менің қолымдағы алмаларда жасырынған сұрақтар бар екен. Сол сұрақтарға барлығымыз жауап беру арқылы,  жаңа сабағымызды ашып аламыз.                                                                          

С

А

О

 Т

 Б

 

 

Ы

 

  1. Балдан тәтті не?
  2. Үш жұртты ата?
  3. Бөле деген кім?
  4. Балаға кім сыншы?
  5. Жиен деген кім?
  6. Шаңырақ иесі?
  • Оқушылар, барлық сұрақтарға жауап беру арқылы, алмалардағы әріптерден қандай сөз шықты?
  •  Отбасы.

ІV. Жаңа сабақ. Отбасы – шағын қоғам

V.Психологиялық дайындық

Әкем,анам-қамқорым,

Көздерінің нұры біз.

Ағатайым екеуміз

Өмірінің гүліміз.

Біз де аянып қалмаймыз,

Екі етпейміз айтқанын.

Гүлдерді де баптаймыз,

Тазалықты сақтаймыз.

Біздің үйде бәрінің

Міндеті бар атқарар.

Татулық пен сый-құрмет

Осындайдан басталар.

VІ. Мәтінмен жұмыс

           Отбасы-неке мен туыстық қатынастарға негізделген адамдар тобы.Отбасы дегеніміз-әкесі мен анасы, олардың балалары және ата-әжесі. Оларды бір-біріне деген махаббат,құрмет, бауырластық біріктіреді, олардың ортақ шаруашылығы, мүлкі болады.Отбасында балаларды ата-анасы өсіріп, тәрбиелейді.Оған аталар мен әжелер көмектеседі.Олар бала тәрбиелеу жөнінде кеңес береді,немерелерін күтіп-бағады.Ата-ана отбасын не қажеттің бәрімен қамтасыз етеді,сүйіспеншілікке және бірін-бірі құрметтеуге жағдай жасайды.Қазақ отбасында үлкенді сыйлау,құрметтеу және кішіге қамқорлық, Отанды шексіз сүю дәстүрі сақталған.

   Туған жер –алтын бесік.

   Отаннан артық жер жоқ,отандастардан артық ел жоқ.

   Үлкендер-кішілердің ақылшысы.Ана өз баласына: “Жаман істен,жағымсыз сөзден аулақ бол”, “Егіннің соры-арамшөп, жігіттің соры-жалқаулық”деп үйретеді.Кішілер ата-ананың,аталар мен әжелердің және басқа туыстардың жәрдемшісі.Отбасының әр мүшесі өз міндетін,өз ісін атақарады. Отбасындағы бірін-бірі құрметтеу және бірін-бірі жақсы көру көптеген қиын мәселелерді шешуге мүмкіндік береді.

    Отбасы-біздің мемлекетіміздің,халқымыздың бір бөлігі.Отбасына қамқорлық-мемлекеттің басты мақсатының бірі. Қазақстан Республикасының Конституциясының 27-бабында: “Неке мен отбасы,ана,әке және бала мемлекеттің қорғауында болады”деп көрсетілген.Бұл мемлекет ата-аналарға балаларды өсіруге және тәрбиелеуге жәрдемдеседі деген сөз.Ата-аналар өздерінің кәмелетке толмаған балаларын бағып-қағуға міндетті.Олардың тәрбиесіне,білім алуына және денсаулығына қамқор болуы тиіс.Олар өз балаларының іс-әрекеттері үшін жауапты.Ал есейгеннен кейін ата-анасына қамқорлық жасап,көмек көрсету-балалардың парызы.Толыққанды отбасында өзара сыйластық орын алады. Отбасының татулығы қоғам дамуы үшін өте маңызды.

  • Отбасы мүшелерін қандай мақсат біріктіреді?

 

 

    Отбасы мүшелері бір      – бірін жақсы көреді.

            

Бос уақытты бірге өткізеді

Қиындық пен қуанышты бірге бөліседі

Отбасы қаражатын қажет нәрселер сатып алу үшін жұмсайды

    Үй шаруасымен айналысады

    Бір үйде тұрады

                                   

  VІІ.  Мәтінді тізбектей оқу арқылы мемлекет және отбасы ұғымына сипаттама беру.

            Мемлекет                               отбасы

VІІІ. Кестемен жұмыс

IX. Қорытынды  ғажайып тоғыздық

      30 (оң жақтағы) -  Отбасының әдет – ғұрпы туралы түсінік беру. (үлкенді сыйлау, айтқан ақылдарын тыңдау, үлкендер кішіге ақылшы, кішіге - көмекші)

30 (сол жақтағы) – “Үлкенге көмек” дегенді қалай түсінесің? (Үлкендердің заттарын көтеріп, айтқандарын орындау қажет)

30 (ортадағы) – Конституцияда отбасына қамқорлық туралы не айтылған?  (27 бабында “Неке мен отбасы, әке мен ана және бала мемлекеттің қарауында болады деп көрсетілген” ) 

20 (оң жақтағы) – Ұл мен қызды жасына қарай қалай атайды? (қарындас, әпке, сіңілі, аға, іні)

20 (сол жақтағы) – Отбасының барлық міндеті кімдерге негізделген? (Ата - анасына)

20 (ортадағы) – Неке дегенді қалай түсінесің? (Сүйіп қосылған екі адамның ерікті одағы)

10 (оң жақтағы) – Отбасын кімдер құрайды? (Ата, апа, ана, әке, аға, қарындас, әпке, сіңілі, іні)

10 (сол жақтағы) -  Отбасының  ұйытқысы кім? (Ана)     

10 (ортадағы) – Отбасының басшысы кім? (Әке)

Х. Бағалау. Рефлексия

- Сабақ саған ұнады ма?
- Несімен ұнады?
- Саған жаңалық болған не?

ХІ. Үйге тапсырма: “Отбасы шағын қоғам” мазмұндау. “Менің отбасым” тақырыбына шығарма жазу.


Соңғы жарияланған материалдар тізімі
Өнегелі отбасынан үлгілі ұрпақ өседі
Отбасы құқығы негіздері
“Адам және Отбасы.”
Отбасының берекесі.
Неке және отбасы
Отбасындағы ерлі-зайыптылардың, ата-аналардың, балалардың құқықтары мен міндеттері
Менің отбасым
Үй жануарлары. Дыбыстық талдау
Күн шуағым отбасым
"Адам және отбасы" 9-сынып Өзін-өзі тану
Бөлім: Уроки / Бастауыш сынып | Көрсетілім: 4925 | Қосты: NA | Ілмек сөздер:
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Бөлімдер
История
открытые уроки по истории
Педагогика
открытые уроки по педагогике
Биология
открытые уроки по биологии
Информатика
открытые уроки по информатике
Математика
открытые уроки по математике
Физика
открытые уроки по физике
Химия
открытые уроки по химии
Разное
открытые уроки
География
Открытые уроки по географии
русский язык