Ұстаздар сайты u-s.kz Сайттың атауы www.u-s.kz
» » Амангелді батыр.


Амангелді батыр.

Амангелді батыр.

Сабақтың тақырыбы: Амангелді батыр

Сабақтың мақсаты: 

Білімділік: 1916 жылғы  жылғы ұлт –азаттық көтеріліс, оның болу себептері және көтерілісті басқарушы Ә. Жангелдин, А. Иманов сияқты қолбасшылар туралы әңгіме өткізе отырып, ұлт намысын қорғаған осындай батырлардың өмірлерін оқып үйрену,  оқушылардың сөздік қорын молайту.

Тәрбиелік: Оқушылардың патриоттық сезімдерін ояту, ерлікке тәрбиелеу, елін, жерін сүюге, Отанын қорғауға тәрбиелеу. Ұлт намысын қорғаған ерлерді құрметтеуге үйрету.

Сабақтың түрі: Аралас сабақ

Сабақтың әдісі: жаңа сабақты игеру, білімді тәжірибеде қолдану.

Сабақтың көрнекілігі: сызбалар, суреттер

Сабақтың барысы:

  1. Ұйымдастыру кезеңі.

Ал, балалар бүгінгі сабағымызды жақсы тілек айтудан бастайық.

  • Мен саған ашық аспан тілеймін.
  • білімді, алғыр болуыңа
  • білімді, өнерлі болуыңа
  • мейірімді, сыпайы
  • өжетті, іскер
  • талапты, дарынды
  • әділетті, адал
  • ашық, көңіл т.б

            Ендеше менде сендерге оқуда табыс, өнерде талап, өмірде ақ жарқын, жайсаңдықты тілеймін.

2. Үй тапсырмасын тексеру

1. топ.  Жүсіпбек Аймауытов кім?

2. топ. Әміре Қашаубаев кім?

3. топ. Мазмұнын әңгімелеу

4. топ  Эссе   «Мен әнші болсам» ...

Қортындылау: Әміре Қашаубаев бүкілдүниежүзілік жарыста қазақтың халық әндерін айтып бәйге алған,қазақ елін әлемге танытқан, теңдесі жоқ әнші, талантты артист болған. 

 Сөзжұмбақ шешу:

  1. Қаракерей ...
  2. Исатайдың серігі.
  3. Жақияның әкесі.
  4. Исатайдың тұлпары.
  5. Қанжығалы...
  6. Ағыбай батыр заманындағы хан.
  7. Қабанбай, Бөгенбай батырлар заманындағы хан.
  8. Қорғансыз, есеңгіреген халақтың түскен күйі.
  9. Исатай, Махамбат батырлар заманындағы хан.

Мына торкөзде қандай сөз шықты?

  • Амангелді туралы не білесіңдер?
  • батыр
  • елін қорғаған
  • ер жүрек

Ой шақыру: естелік  деген сөзді қалай түсінесіңдер? Естелік дегеніміз –

Негізгі бөлім:

Шығарманың естелік екеніне назар аудару. Естеліктің авторы Әліби Жангелдин. 

Әліби Жангелдин

 

  Торғай облысы                                   1884-1953                       Қолбасшы, саяхатшы,

  Жангелдин ауданы                            жылдары                        мемлек. қайраткері,

                                                               өмір сүрген                    насихатшы,комиссар,                          

                                                                                                       ұйымдастырушы

 

1910-1912 жылдары                             1911 жылы                                           1911-1916 ж.

Еуропа, Шығыс,                                   Женевада В.И. Ленинмен                  патша өкіметінің

Африка, Азия елдеріне                        кездесті                                                 қуғындауына

саяхат жасады                                                                                                     байланысты

                                                                                                                              Қырымға кетіп

                                                                                                                              қалды.

                                                                                                                            

Кіріспе әңгіме:

1 –інші дүниежүзілік соғыс Қазақстанның дамуына кері әсер етті, экономикалық дағдарысқа ұшырады. Революциялық күрес үшін алғы шарттар жасалды. ер адамның жетіспеуіне байланысты ауыл шаруашылығы төмендеді. Соғыс салыққа ауыр қасіреттер әкелді. 1914 жылы басталған патшалық Ресей қазақтардың жерлерін жаппай тартып алу жалғасып жатты.Жетісу облысының өзінен соғыстың алғашқы 3 жылы ішінде 1800 десятина ең таңдаулы жайылым жерлер мен егістік жерлерді тартып алып жатты. Стихиялық қозғалыстар бірте-бірте ұйымдасқан топтарға ұласты. Торғай мен Жетісуда осындай топтарға Ә. Жангелдин, А. Иманов, Т.Бокин, Ұ. Саурықов т.б. жетекшілік етті.

Оқулықпен жұмыс:  3 бала мәнерлеп оқиды.

Дәптермен жұмыс: Күрделі сөздерді тауып оқиды

 

Болыс – елдер

Қанап – зорлық-зомбылық

лажсыз –амалсыздан

айырылысуға –екі жаққа кетуге

патша өкіметі –елді билеуші

«Ақмырза қопасы» -жердің аты

Сұрақ - тапсырмалармен жұмыс:

1. топ.  Амангелдінің батыр болуына әсер еткен жағдайларды ата.

2. топ.  Батырға тән қасиеттерді ата.

3. топ.  Батырлық туралы мақал-мәтелдер жаз.

4. топ.  Орыс патшасының халыққа жасаған зорлық- зомбылығы туралы айт.

Қорытынды: (Ауызша)

  1. Тапсырма.  Әңгіменің басы не туралы.
  2. Тапсырма. Әңгіменің ортасы не жайында.
  3. Тапсырма. Әңгіме немен аяқталды.
  4. Мәтіннен Амангелдінің Әлібиге жазған хатын тауып оқы.

       Ортақ сұрақ.

Амангелді мен Әліби Жангелдиннің кездесуі немен аяқталды деп ойлайсың?

Үйге тапсырма:

Бағалау:


Соңғы жарияланған материалдар тізімі
XIX ғасырдағы тәуелсіздік үшін күрес
І дүниежүзілік соғыс және 1916ж ұлт-азаттық соғыс. Қазақстанда тоталитарлық жүйенің орнығуы алғашқы жылдарында
А. Имановтың жастарды патриоттық және азаматтық тәрбиелеу негізі ретіндегі рөлі
1916 жылғы ұлт-азаттық көтеріліс
1916 жылғы ұлт-азаттық көтеріліс
1916 ж. Қазақстандағы ұлт-азаттық қозғалыс
Қазақстанда 1916жылғы ұлт азаттық қозғалыстың басталуы және сипаты
Қазақ батырлары
Кеңес Одағының Батыры Мәншүк Маметова
“Ақжолтай Ағыбай батыр”
Бөлім: Уроки / Бастауыш сынып | Көрсетілім: 4278 | Қосты: NA | Ілмек сөздер:
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Бөлімдер
История
открытые уроки по истории
Педагогика
открытые уроки по педагогике
Биология
открытые уроки по биологии
Информатика
открытые уроки по информатике
Математика
открытые уроки по математике
Физика
открытые уроки по физике
Химия
открытые уроки по химии
Разное
открытые уроки
География
Открытые уроки по географии
русский язык