Ұстаздар сайты u-s.kz Сайттың атауы www.u-s.kz
» » «ҚОШ БОЛ, БАЛАБАҚШАМЫЗ»


«ҚОШ БОЛ, БАЛАБАҚШАМЫЗ»

 «ҚОШ БОЛ, БАЛАБАҚШАМЫЗ»

«ҚОШ БОЛ, БАЛАБАҚШАМЫЗ»

І бөлім:

Саз залы әсем безендірілген, көңілді жеңіл музыка әуені ойналып тұрады.

Фанфар ойналып, ересек тобының бүлдіршіндері қол ұстасып, залға кіреді.

Даулет: Армысыздар құрметті қонақтар! Бөбекжайымыздың алғашқы түлектерінің «Балабақшамен қоштасу мерекесіне» қош келдіңіздер!

Алтынгуль:  Той дегенде жыр дейміз, өлең дейміз

                     Бастайды деп кім тойды елеңдейміз.

                     Елімізде той – думан бола берсін,

                     Той бастаудан өзімізде бөгелмейміз.

Балалар бір ұл, бір қыз болып, қолдарына шар ұстап залға кіреді. Ең соңғы ұл мен қыз қолдарына шарларға байланған «Қош бол, бөбекжайым!» жазуы бар сөзді ұстап кіреді.

 Жүргізуші: Құрметті ата- аналар, қонақтар! Бүгінгі балабақшамыздың алғашқы түлектері өмірге араласпақшы. Бұлар көкбайрағын желбіретіп, ән- әнұранын асқақтатын Еліміздің ертеңі мен келешегі. Бұлар ел бірлігін ойлайтын, өз Отанын қорғайтын біздің болашағымыз. Бүгінгі күн ұмтылмастай әрбір жүректе қалары сөзсіз. Бүгінгі той иелерін, балабақша мыздың алғашқа түлектерін ортаға шақырайық.

Ән: «Тілашар»

Шарларын ұшырады.

Жүргізуші: Балалар, сендер осы балақшада тек ойнап қойған жоқсыңдар, сонымен қатар білім алдыңдар. Сіздер нені үйрендіңдер, кім айтады?

  • бала: Қызық күндер өткіздік.

Балабақша бағында.

Көп оқыдық, көп білдік.

Ел мен Отан жайында.

  • бала: Ана тілін ардақтап

Ата салтын біз көрдік.

Сурет салып, ән жаттап.

Оқып- жазып үйрендік.

  • бала: Бақашамызда орыс тілін үйретеді,

Мың бұралып, билетеді.

                 Ағылшынша сөйлетіп,

                 Ойынменен ұғындырып,

                 Білімге сені жетелейді.

Жүргізуші: Өте жақсы, балалар. Сендер мектепке дайын екенсіңдер. Қане, бәріміз «Біз мектепке барамыз» әнін орындайық.

Ән «Біз мектепке барамыз»

  • бала: Алақай, мен енді мектепке бармаймын! Енді күнде ерте тұрмаймын.
  • қыз: Қойшы, оның несіне қуанасың? Мектепке баратын болсаң, тәртіпті болуың керек. Балабақшадан біз өзімізге қажеттің бәрін аламыз. Сенің үлкен болдым деп, мектепке барамын деп қуануың да дұрыс. Ал мен болсам, балабақшадан кеткім келмейді. Мұнда бәрі де әдемі, бәрі де жақсы. Әттең..
  • бала: Сен күрсінбе, одан да ағылшын тілінде ертегі тамашалайық.

  Ертегі : «Ормандағы аңдар » ағылшынша.

The lesson of animals.

Teacher Hedgehog: Stand up! Good morning, good morning!

                                                      Good morning to you!

Pupils (fox, hare, bear, bee): Good morning, good morning!

                                                    We are glad to see you!

Teacher Hedgehog: Thank you! Sit down, please!

                                     Hare, how are you?

Hare: Ok!

Teacher Hedgehog: Ok! Bee, how are you?

Bee: Very good!

Teacher Hedgehog: Ok! Fox, how are you?

Fox: I’m fine!

Teacher Hedgehog: Bear, how are you?

Bear: I’m well!

Teacher Hedgehog: Good! Now, let’s count! Hare, stand up and count, please!

Hare: I don’t know!

Teacher Hedgehog: Oh! It’s so bad! Sit down! Fox, stand up and count, please!

Fox: I can’t count!

Teacher Hedgehog: Oh! It’s bad! Sit down! Bear, stand up and count, please!

Bear: I don’t know!

Teacher Hedgehog: Oh! It’s so bad! Sit down! Bee, stand up and count, please!

Bee: One, two, three, four, five, six, seven, eight, nine, ten!

 

Teacher Hedgehog: Very good! How clever of you! Sit down, please!

                                    Friends, you should know how to count!  Repeat after me:  

                                    One, two, three, four, five, six, seven, eight, nine, ten!

 Pupils (fox, hare, bear, bee): One, two, three, four, five, six, seven, eight, nine,                         ten!

Teacher Hedgehog: Very good! I’m so glad! Stand up! The lesson is over! Good-bye, good-bye to you!

Pupils (fox, hare, bear, bee): Good-bye, good-bye to you!

 

Жүргізуші: Көңілімізді бізде көтерейк,

                     Бәріміз қосылып би билейік

 

Би: «Мир похож на цветной луг »

Ортаға екі қыз шығады.

  • қыз: Сен білесің бе, біздің жігіттер қалай ән салады?
  • қыз: (таң қалып) Жоқ, естіген жоқпын.
  • қыз: Әнді айтқанда қалай! Әсіресе, «Айналайын» әндері әдемі!

Ән: «Айналайын» 

Ойын «   Мен болашақта кім болам»

Ортаға 2 қыз шығады.

  • қыз: Бері қарай келші. Мен саған бір нәрсе көрсетейін.
  • қыз: Не? Қане, көрсетші.
  • қыз: Қарашы, қандай сақина,білесің бе, кім сыйлаған?
  • қыз: (таң қалып) Дастан ба?
  • қыз: Дәл өзі.
  • қыз: туф, сақина сыйлағанша, би сыйламай ма?
  • қыз: Әрине, билері де бар.

Екеуі: Ендеше, жігіттер биін қабыл алыңыздар!

Би: «Жігіттер» ( Хип- хоп)

Тақпақтар

 Ән «Жас дәуірдің түлегіміз»

Ойын: « Портфель жинау»

  • бала: (шашын, галстугін түзеп) Қалай, сұлу жігітпін бе?
  • Бала: Саған не болған?
  • бала: Не болушы еді? Қазір біздің қыздар билемекші.
  • Бала: Ия, уақыт тез өтіп кетті. Біздің қыздар осындай сұлу екенін байқамаппын.

Екеуі бірге: Сонымен қарсы алыңыздар. Қыздардың орындауында «Ғажайып әлем биі!»

Би : «Ғажайып әлем»

 Жүргізуші: Балалар, сіздер біздің балабақшада ойнап, өсіп, ер жеттіңдер. Осы балабақшада ең қызықты кездерің өтті. Ал осы бақытты күндерің туралы не айтар едіңдер?

  • бала: Жаңа ауданында қаламның

         Орналасқан бақшамыз.

           Сұрасаң аты «Балбұлақ»,

            Іші толған сәбиден.

  • бала: Білім беріп мәпелеп,

          Өрлетер өмір шыңына.

           Еркін өсер әр бала

         Біздің балабақшада.

Жүргізуші: «Бөбекжайым-Балбұлағым » атты әнұранымызды қабыл алыңыздар!

Ән: «Бөбекжайым- Балбұлағым»

Ән орындап болған соң, балалар залдан шығып кетеді.

Жүргізуші:  Біздің балалар  өз өнерлерімен қаламызда өткен бірнеше мерекелерге қатысып, үлкен сахналардан көріне білді. Үлкен мақтанышпен премьер министр К.Масимовтың алдында өнер көрсеткенін ерекше атап айтым келеді. Сонымен қарсы алыңыздар, бөбекжайымыздың жұлдыздары!

Би: «Достық»

Ән: «Әрқашан күн сөнбесін!» (үш тілде)

Жүргізуші:  Құрметті ата- аналар, бой жазып, көңіл көтеріп, ойын ойнайық

Ойын: «Біздің ата-аналарымыз мектепте нешеге оқыды»

 

ІІ бөлім:

(Балалар киімдерін өзгертеді)

Балалар саз залына вальс биімен кіреді.

Би «Қазақ вальсі»

Тақпақ:Мектепке енді барамыз,

                  Оқып білім аламыз.

                  Жақсы оқып сабақты,

                  Кілең бестік аламыз.              

 Ән: «До свидания, детский сад»

Тақпақ:тар: Бақшамызбен қоштаса,

                 Өмірге аяқ басайық.

                 Бізді өсірген апайларға,

                 Алғысымызды айтайық.

Қош бол, енді бақшамыз,

Қимай сені барамыз.

Бал күндерді қиялдап,

Сағынармыз әлі біз

Ән: «Градуэйшен сонг»

Тақпақтар: Ұстаздардың ұстазы,

                 Тәрбиешнің ұстазы.

                  Меңгеруші апайға,

                 Рахмет біздер айтамыз.       

 

Жақсылыққа үйреткен,

Тентек қылмай өсірген.

Апайларға мың алғыс,

Әнді қабыл алыңыз.        

 

Ән: «Тәрбиешілер»

Жүргізуші: Балалар, сендер балабақшамен қоштасып,

мектепке  барғалы отырсыңдар. Мектепте сендердің алғашқы оқулықтарың Әліппе болады. Сендер әліппемен дос болыңдар. Мен сендерге әліппе және оның кілтін табыс еткелі отырмын.

Бір бала, бір қызға әліппе мен оның кілтін табыс етеді.

Жүргізуші: Жарайсыңдар! Олай болса, тентек болмауға, сабақта жақсы оқып, әдепті болуға ант етіңдер.

Бәрі: Ант етеміз!

Тақпақтар: Балабақша тым бізге,

                 Жақын болып барады.

                 Есейтеді бір күнде,

                 Ақылды қып баланы.

Күлеміз, ойнаймыз,

Демалып алаңсыз.

Ризамыз саған біз,

Қымбатты бақшамыз            

Ән: «Қош бол,балабақша»

Жүргізуші: Құрметті ата- аналар, балабақша ұжымы! Бүгін бір  жыл бойы мәпелеп, күтіп, тәрбиелеп, бөбекжайымыздың тұңғыш түлектерін балабақшадан шығарып салғалы отырмыз. Құттықтау сөзі  бөбекжайымыздың директорына  беріледі.  

Дипломдарды номинациялар бойынша табыс етіледі.


Соңғы жарияланған материалдар тізімі
Tours you will never forget
Now I know the ABC
Ағылшын алфавитімен қоштасу мейрамы: Goodbye English alphabet!
Shopping in Britain
Ағылшын алфавитімен қоштасу мейрамы: Goodbye English alphabet!
Table manners Ашық сабақтар
Біз мектепке барамыз
Table manners (Застольный этикет)
Organization moment. Ашық сабақ
We have got English
Бөлім: Уроки / Бастауыш сынып | Көрсетілім: 2475 | Қосты: NA | Ілмек сөздер:
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Бөлімдер
История
открытые уроки по истории
Педагогика
открытые уроки по педагогике
Биология
открытые уроки по биологии
Информатика
открытые уроки по информатике
Математика
открытые уроки по математике
Физика
открытые уроки по физике
Химия
открытые уроки по химии
Разное
открытые уроки
География
Открытые уроки по географии
русский язык