Ұстаздар сайты u-s.kz Сайттың атауы www.u-s.kz
» » «Қош бол ,даярлық сыныбым»


«Қош бол ,даярлық сыныбым»

«Қош бол ,даярлық сыныбым»

Тақырыбы «Қош бол ,даярлық сыныбым»

Мақсаты: Мектепалды даярлық сыныбының жыл бойы алған   білімінің,үйренген жұмыстарының нәтижесін көрсету,балалардың сөздік қорын,тілін,ой өрісін, кеңейтіп дамытумен бірге оларды Отансүгіштікке , бауырмалдыққа,ұйымшылдыққа тәрбиелеу болды.

Барысы:

Тәрбиеші:

         Қазіргі мынау мереке,

         Бәрінен де ерекше,

         Өйткені біздің балалар,

         Барады ертең мектепке

Құрметті ұстаздар,ата-аналар !Бүгінгі «қош бол ,даярлық тобы»атты ертеңгілігімізге қош келіпсіздер!бүгін бүлдіршіндеріміз аз уақыт ішінде мектептен тәлім –тәрбие алып,өнер үйреніп ,жыл бойы білімге жол ашқан даярлықпен қоштасып ,1-сыныпқа қадам  басқалы отыр.Балалардың қадамдары құтты болсын дей отырып бугінгі «қош бол ,даярлық тобы»атты ертеңгілімізді бастаймыз.

Сахнада  Ринат,Бексұлтан ойнап отырады.Азиз қолына сөмкесін  ұстап кіріп келеді.

Азиз:

 Ринат,Бексұлтан ,

қараңдаршы кітаптарда ,қаламда ,

көп болатын ағамда .

менде бұрын жоқ еді ,

әкелді анам мағанда .

Бексұлтан:Қараңдаршы !

Тазалап жуып басымды ,

Тарап қойдым кекілді,

Бола қалдым лезде ,

Мержан ағам секілді.

Ринат :МАДС- ім қош енді ,

әркез аман бол деймін

әкем менен шешемді ,

енді ертіп келмеймін .

жыламаймын енді мен,

сабақтанда қалмаймын,

ата-ана үмітін ,

әрмен қарай жалғаймын.

 Диляра :қызық күндер өткіздік ,

Даярлықтың бағында

Көп оқыдық, көп білдік ,

Ел менен Отан жайында ,

Мектепке енді барамыз,

Мұңаймаңыз сағынып.

Қашықта болса арамыз,

Сыныпқа келіп тұрамыз.

Барлығы :

Сәлем саған мектебім ,

Сәлем білім ордасы,

Жасыл бақты көктемім

Жастық шақтын ордасы.

Ән: «Біз мектепке барамыз!»

Олай болса балалар,әдемі –ойын сауық құрып,бесеуіне ақ жол тілеймін.Қадамдарын құтты болсың!

Сахнаға Сайқымазақ   Еркетай кіріп келеді.

Сайқымазақ Еркетай :Сәлеметсіңдер ме, балалар!

Балалар:Сәлеметсіз бе ?

Тәрбиеші :Балалар бұл кім екенің білеміз бе ?

Балалар:Иә, бұл Сайқымазақ Еркетайғой.

Тәрбиеші :Иә,Еркетай сені балалар танып жатырғой,жол балсын ,қайда бара жатырсың?

Сайқымазақ Еркетай :Мен цирктен шаршадым ,барлығы мені мазақтап күле береді,енді мектепке барамын,міне бүкіл ойыншықтарымды да салып алдым.

Диляра :Мектепке бізде барамыз ,бірақ онда ойыншықтар керек емес.

Сайқымазақ Еркетай:Сонда мен мектепке ойыншықтарымды апармасам не үшін барамын?

Барлығы : Мектепке оқу үшін барамыз.

Тәрбиеші:Еркетай ,сен әлі мектепке дайын емес сияқтысың,балалар «Кім мектепке тез жиналады»ойыны арқылы Сайқамазақ Еркетайға мектепке  не апаратына жайлы үйретіп жіберейік.

Ойын : «кім мектепке тез жиналады» барысы: ортаға 2 бала шығарылады,жіпке  оқу құралдары ілінеді , балалардың қөздерін жауып балалар оқу құралдарын тауып алып қайшымен қиып жинап алады.

Сайқымазақ Еркетай :Балалар рахмет сендерге мен мектепке барып ойнайды теп ойыншық алып келсем,енді қайттім?иәәә,таптым мен бұл ойыншықтарды балабақша балдарына  сыйлайын,ал өзіме оқу құралдырын сатып  алайын.

Балабақша бүлдіршініне апарады.

Сайқымазақ Еркетай:бұл сендерге ,кележатырған мейрамдарынмен!

Нүрбибі :Рахмет саған Сайқымазақ Еркетай.

Сайқымазақ Еркетай:Балалар маған ән айтып беріндерші.

Ән: «Бал балалық»

Сайқымазақ Еркетай :Балалар байқадыңдар ма ?менің машинамның артында шарлар бар енді мен сендерге ойын азірлеп келген едім мен сол ойынымды ойнатайын иә?

Ойын : «шарды кім тез жарады»

Ойынның барысы:әр бала шарды тез жарып,ішіндегі тапсырманы алып орындайды.

Тапсырмалар:1.орманда аю,тулкі жүрді оларға  қасқыр мен жолбарыс келіп қосылды сұрақ орманда неше аң бар? 2+2=

2.Мына сөзді оқы ( ана)

3.10 дейін тура және кері сана

4.мына фигуралардан кандай сурет құрастыруға болады?

5.санамақ айту 

Және сұрақтарға қосымша аңдардың суреттері болады балалар сол аңдардың бейнесін салып берулері керек.

Сайқымазақ Еркетай :

-Балалар қараңдаршы  шардың ішінен кәмпит шықты .кәмпитті ашып берейін.

-ой ,мынау кәмпит емес қой бұл тағы Сайқымазақ Еркежанның істегені ғой ,енді қайттім?

Тәрбиеші :

-әкел маған мен балаларға оқып берейін .(кәмпиттін ішінде Сайқымазақ Еркетайдың хаты жасырынған балалараға хатты оқып беру.)

Ән: «Жас дәуірдің түлегіміз»

Ойын:  « мектеп және мен»балалар белгілі бір жерге мектепке қатысы бар сөздерді  атап барулары керек

Сайқымазақ Еркетай:Білімді болған қандай жақсы,балалар білімдерің өсе берсін,

Қадамдарыңа гүл бітсін, менде мектепке баруға жиналайын.

Сау болындар балалар.

Есік қағылады.

Дәрігер:Сәлеметсіндер ме балалар  биыл мектепке баратын балалар сендер ме ? мектепке бармас бұрын сендер дәрігерге қаралуларын керекқой

Олай болса қарап жіберейін.

Дәрігер:

Жарайды онда ,балалар,

Қане бірің тұрындар.

Тапсырманы ұғындар

Көтер қолды ,түсір қолды

Бұрыл жедел,онды-солды.

Енді отыр қайта тұр.

Қан соғысын көрейін

Жарамсызы бар болса

Ақыл кеңес берейін,

Бәрі тегіс қаралды ,

Бәрі тегіс жарамды

Бәрі тегіс салауат,

Бәріне де рұқсат.

Тәрбиеші :Ақ халатты абзал жан келгеніңізге куанып қалдық рахмет сізге.

Дәрігер :Ал балалар жолдарын болсын !сау болындар.

Ән:Мектебім

                          Айналайын гүлдерім,

                            Ақ шуақты күндерім.

                            Ерекше қызық тілдерің,

                            Естен кетпес үндерің.

                            Сүйкімді балғын болашақ,

                            Сендердікі болашақ.

                            Озат болып оқыңдар,

                            Ойға білім тоқыңдар.

Тәрбиеші  балаларға естелік ашық хатын сыйлайды.

Би :Қоштасу вальсі

Құттықтау сөз кезегін ата-аналарға береміз.

Тәрбиеші:құрметті қонақтар осымен  бүгінгі ертеңгілігіміз  осымен аяқталды . Көріскенше күн жақсы болсын!


Соңғы жарияланған материалдар тізімі
Қош, балалар бақшасы!
Қош бол, балдай тәтті балабақша!
«Қош бол балабақшам!»
Даярлығым,қош енді!
Қоштасу кеші
Қош бол балабақшам!
Даярлық топпен қоштасып Біз мектепке барамыз!
Біз мектепке барамыз
Қош бол, балабақша!
Mектепалды даярлық тобының қоштасу кеші
Бөлім: Уроки / Балабақша | Көрсетілім: 5238 | Қосты: NA | Ілмек сөздер:
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Бөлімдер
История
открытые уроки по истории
Педагогика
открытые уроки по педагогике
Биология
открытые уроки по биологии
Информатика
открытые уроки по информатике
Математика
открытые уроки по математике
Физика
открытые уроки по физике
Химия
открытые уроки по химии
Разное
открытые уроки
География
Открытые уроки по географии
русский язык