Ұстаздар сайты u-s.kz Сайттың атауы www.u-s.kz
» » Орыс халқының «Үйшік» ертегісін айтып беру.


Орыс халқының «Үйшік» ертегісін айтып беру.

Орыс халқының «Үйшік» ертегісін айтып беру.

 Тақырыбы: Орыс халқының «Үйшік» ертегісін айтып беру.

                                                   («Үйші» ертегісін сахналау)

Мақсаты:

  • Балаларды ертегі тыңдауға, байланыстырып сөйлеуге және  мазмұны бойынша қойылған сұрақтарға және жұмбақтардың шешуін таба білуге үйрету.
  • Ертегіні рөлдерге бөліп ойнау арқылы есте сақтау қабілеттерін дамыту.
  • Ертегі арқылы  балаларды  қайсарлыққа, мейірімділікке, адамгершілікке, еңбекқорлыққа тәрбиелеу.

Сөздік жұмыс: Шиқылдауық тышқанмын, бақылдауық бақамын.

Билинговалды сыңары : Тышқан- мышь, құрбақа- лягушка, қоян- заяц, түлкі- лиса,               

                                             аю- медведь.

Ағылшынша:                   Аю-медьведь- bear

Оқу іс-әрекетінің кезеңдері

Тәрбиешінің іс-әрекеті

Балалардың іс-әрекеті

Мотивациялық қозғаушы

Шаттық шеңбер:

Арайлап таң атты,

Алтын сәуле таратты.

Жарқырайды күніміз,

Жайнай түсті даламыз.

Біз ерекше баламыз,

Айтқан тілді аламыз.

Қайырлы таң балалар!

 

Доброе утро всем нам!

Доброе утро всем гостям!

 

Good morning,good morning,

Good morning to you.

Good morning,good morning,

I am glad to see you.

Ғажайып сәт:

Есікті қағып,хат тасыушы келіп, үлкен қорап береді. Тәрбиеші қорапты алып, ашып, хат алады және сиқырлы таяқша алады. Тәрбиеші хатты ашып оқиды.

-Сәлеметсіңдер ме, балалар!

Мен сендерді ертегілер еліне қонаққа шақырамын. Ертегілер еліне келу үшін менің жұмбақтарымның шешуін тапсаңдар, мен сендерді өзім күтіп аламын. Менің сиқырлы таяғымды дұрыс қолдана біліңдер.

Сәлемменен Маша.

 

 

 

 

 

 

 

 

Шаттық шеңберде балалар қазақ тілінде, орыс тілінде, ағылшын тілінде бір-біріне қайырлы күн тіледі.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Машаның жазған хатын мұқият тыңдады.

 

 

 

 

 

 

Ұйымдастырушы ізденуші

Тәрбипеші: Балалар,ертегілер еліне барғыларың келе ме? Олай болса, Машаның жұмбағын тыңдаңдар.

Дидактикалық ойын:

«Жұмбақтың шешуін тап»

1-ші: Жұмбақтар.

Үйін жинап ертеңмен,

Миіз тауып алыпты.

Мысығы келмеген соң,

Ол өкпелеп қалыпты.

Бұл қай ертегі?

2-ші:

Атай өзі салғанын,

Көрді өсіп қалғанын.

Ары тартты, бері тартты,

Тарта аламады.

Бұл қай ертегі?

3-ші:

Апасынан қашып кетті,

Атасынан қашып кетті.

Кездестіріп біраз аңды,

Біраз жолдан асып кетті.

Бұл қай ертегі?

Музыка ырғағымен , сиқырлы таяқтың көмегімен балалар ертегілер еліне келеді. Ертегілер елнде балаларды Маша қарсы алады.

Маша балаларды ағылшын тілінде сөйлеп қарсы алады.

Hello children! How are you?

Тәрбиеші: Маша, бізді қарсы алғаныңызға рахмет. Біздің балалардың сізге арнап дайындаған ертегісі бар. Біздің балалар «Үйшік» ертегісін сахыналап береді. Отырып, көріп, тамашалаңыз.

Тәрбиеші: Ерте,ерте, ертегі елінде, жазық далада бір үйшік болыпты. Ол үйшікті ең бірінші болып тышқан көріпті.

Тышқан: Пи-пи-пи мен шиқылдауық тышқанмын.Бұл үйшікте кім тұрады? Ешкім жауап бермеді деп, тышқан үйшікке кіреді.

Құрбақа: Бақ-бақ-бақ деп секіріп құрбақа келеді. Мен бақылдауық бақамын.Бұл үйшікте кім тұрады?

Тышқан: Мен, шиқылдауық тышқан тұрамын.

Бақа: Маған кіруге бола ма?

Тышқан: Жоқ. Менің тапсырмамды орында.

1-ші:  Бір жылда қанша мезгіл бар?

2-ші:  Мезгілдерді атап айт.

Бақа көрермен балалардан көмек сұрайды: Балалар көмектесіңдерші, мен білмеймін.

Бақа үйшікке кіреді.

Қоян: Мен қорқақ қоянмын. Бұл үйшікте кім тұрады?

Тышқан: Мен, шиқылдауық тышқан тұрамын.

Бақа: Бақылдауқ бақа,мен тұрамын.

Қоян: Маған кіруге бола ма?

Бәрі: Жоқ,жоқ,жоқ.Біздің тапсырмамызды орында.

3-ші тапсырма: Бірден онға дейін сана.(қазақша, орысша,ағылшынша)

Қоян балалармен бірге тапсырманы орындап,үйшікке кіреді.

Түлкі: Мен түлкімін, қу түлкімін.Ой, бұл үйшікте кім тұрады?

Тышқан: Мен, шиқылдауық тышқан тұрамын.

Бақа: Бақылдауқ бақа, мен тұрамын.

Қоян: Қорқақ қоян, мен тұрамын.

Түлкі: Маған кіруге бола ма?

Бәрі: Жоқ,жоқ,жоқ.Біздің тапсырмамызды орында.

4-ші тапсырма: Мына тақтадағы сиқырлы сандарды рет-ретімен қойып бер. Мына логикалық есептерді шығар:

Тал басында бес шымшық отыр.

Мысықты көріп, екі шымшық ұшып кетті.

Тал басында қанша шымшық қалды?

Екі ақ шар,

Екі көк шар,

Екі қызыл шар,

Барлығы канша шар?

Түлкі балалармен тапсырманы орындайды. Сөйтіп түкі үйшікке кіреді.

Аю:Мен қорбаңдаған аюмын. Мына өлең айтып жатқан кім екен деп үйшікке келеді. Бұл үйшікте кім тұрады?

Тышқан: Мен, шиқылдауық тышқан тұрамын.

Бақа: Бақылдауқ бақа, мен тұрамын.

Қоян: Қорқақ қоян, мен тұрамын.

Түлкі: Қу түлкі, мен тұрамын.

Аю: Маған кіруге бола ма?

Бәрі: Жоқ,жоқ,жоқ.Біздің тапсырмамызды орында.

5-ші тапсырма: Орыс тілінде сергіту сәтін жаса.

Аю: Жарайды.Балалар, жүріңдер менімен бірге сергіту сәтін жасаңдар.

Сергіту сәті:

Ветер дует нам в лицо,

Закачалось деревцо.

Ветер тише,тише.тише,

Деревцо всё выше,выше.

Аю үйшікке кірин дегенде.

Маша: Аю тоқта, мен сенімен бірге үйшікке кіргім келеді. Менің де балаларға арналған тапсырмам бар.

6-шы тапсырма: Мына суреттегі көкөністерді,жемістерді ағылшын тілінде атап айтып беріңдер.

Маша үйшікке есіктен кіреді.Ал аю есіктен симай,шатырдан кіремін деп,үйді құлатады.

Бәрі шулап:Аю не істедің? Үйшігімізді құлаттың ғой.

Аю басын сипап: Кешіріңдерші.Мен сендерге жаңа үй соғып берем.Аю өзінің соғып бітпеген үйін көтеріп әкеледі.

Аю: Көрермен балаларды көмекке шақырады және ертегі кейіпкерлерін шақырады. Сөйтіп бәрі терезесін, есігін,шатырын желімдеп жапсырады.

Тәрбиеші: Міне балалар, достық пен бірліктің арқасында аңдар жаңа үйге ие болды. Енді осы аңдармен қоштасып балабақшамызға қайтайық. Қайту үшін 10-нан 1-ге дейін кері санайық.

Балалар Машамен бірге балабақшаға келді.

Маша: Балалар, сендер өте мейірімді балалар екенсіңдер. Аңдардың білмей қалған тапсырмасына көмектестіңдер. Жаңа үйдіің соғылуына көмектестіңдер.Олай болса, мен орманнан көп жапырақ әкелдім.Сол жапырақтарды иіскеп,тыныс алу жаттығуын жасайық.

 

Иә.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Мақта қыз бен мысық ертегісі.

 

 

 

 

 

Шалқан ертегісі.

 

 

 

 

 

Бауырсақ ертегісі.

 

 

 

 

 

 

 

Hello! I am fine.

 

 

 

 

 

 

 

Су дәмсіз.

 

 

Судың иісі жоқ.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Балалар: Бір жылда төрт мезгіл бар.

Қыс,көктем,жаз.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Рет-ретімен сандарды қояды.

 

 

 

 

 

 

Үш шымшық қалды.

 

 

 

Барлығы алты шар.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Аюмен сергіту сәтін жасады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Алма-apple, шабдалы-peach, банан-banana,ананас-pineapple, алмұрт-pear, картоп-potato, қауын-melon, сәбіз- carrot.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

10,9,8,7,6,5,4,3,2,1.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Тыныс алу жаттығуын жасады.

Рефлексті коррекциялау кезеңі

Қорытындылау:

Тәрбиеші: Балалар, қалай ойлайсыңдар біз қайда бардық?

Бізді онда кім шақырды?

Біз қандай ертегіні сахыналап бердік?

Біз қандай тапсырмаларды орындадық?

 

 

 

Маша: балалардың жауаптарын мадақтарын мадақтап,ризза болып  балаларға жемістер силады. Сөйтіп қоштасып кетті.

 

Ертегілер еліне саяхатқа бардық.

Маша шақырды.

«Үйшік» ертегісін.

Логикалық есептер шығардық, жұмақтардың шешуін шештік, орысша сергіту сәтін жасадық,ағылшыншы санадық.

 

 

 

Балалар алғыс айтты.


Соңғы жарияланған материалдар тізімі
«Ертегілер еліне саяхат»
Шаршы.
Ертегілер еліндегі шалқан
Ертегі елінде
"Ертегілер елінде"
«Ертегілер елінде»
«Түлкі мен Тырна» Орыс халық ертегі
Қыс ғажайыптары
Саңырауқұлақ саясында
Менің сүйікті кейіпкерім
Бөлім: Уроки / Балабақша | Көрсетілім: 10516 | Қосты: NA | Ілмек сөздер:
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Бөлімдер
История
открытые уроки по истории
Педагогика
открытые уроки по педагогике
Биология
открытые уроки по биологии
Информатика
открытые уроки по информатике
Математика
открытые уроки по математике
Физика
открытые уроки по физике
Химия
открытые уроки по химии
Разное
открытые уроки
География
Открытые уроки по географии
русский язык