Ұстаздар сайты u-s.kz Сайттың атауы www.u-s.kz
» » Мен өсіп келемін


Мен өсіп келемін

Мен өсіп келемін

Әлемденуі, көрнекіліктер;  киіз үй, домбыра, бесік, қамшы, гүлдер ілу тақтаның астына, кілем, жасыл мата. Балалар жағалай отырады.

Гүлжайнар: Сүйінші, сүйінші, сүйінші!

Дүниеге сәби келді

Той басталды, той басталды.

«Саржандыкіне бесік тойға келіңіздер», деп жүгіріп өтеді

Балалар кезекпен келіп отырады.

Әмина        Той құтты болсын !

Гүлжайнар: Балаңыз бақытты болсын!

Елжас:          Бауы берік болсын!

Бекнұр:        Той тойға ұлассын!   

 Анасы: Дариға , көршісі Ақерке:

 Әкесі:   Ертілеу

 Ат қою рәсімі.

Ертілеу: Қария, ауылымыздың сыйлы ақсақалдарының бірісіз. Мынау баламызға ат қоюды сізден өтініп отырмыз.

 Баланы  жастықпен  қарияға  береді

Бекнұр: Бұл баламыз ерекше палуан, батыр,мерген болсын деп Толағай деп ат қоялық «Сенің атың Толағай» , деп үш рет  баланың құлағына айқайлап, азан шақырып  атын қояды.

Баланы бесікке салу. Бесікті аршамен аластайды.(Алас-алас, пәле қала- қаш                                        Баланы Дариға мен Ақерке бесікке салады.

Екеуі, бесікті тербетіп отырып  «Бесік жырын» орындайды.

Әлди әлди, ақ бөпем,

Ақ бесікке жат, бөпем.

Жылама, бөпем, жылама

Жілік шағып берейін.

Байқұтанның құйрығын ,

Жіпке тағып берейін.

Өлең:  Елжас; Дүниеге сәби келді,

                            Қуанышты ала келді .

                            Кел билеңдер, ән айтыңдар.

                            Тойға келген көп қауым.

Ән: «Кел , билейік»  ұлдар тобы орындайды, домбырамен

Би: «Киіз басу» қыздар тобы орындайды, күймен

Тұсау кесу (Әлішердің аяғына ала жіпті байлайды)

Тәрбиеші:                      Балғын бөбек жетті бірге,

                    Ілінбеген көз бен тілге.

                    Кереметтен туған жандай

                    Кере қарыс ақша маңдай

Дариға:

- Отағасы ұлымыз Толағайдың тұсауын кеселік

Екі бала жүгіріп келіп тұсауын кеседі .(Винара, Гүлжайнар)

Сол кезде Ертілеу тақпағын оқиды.

Қаз, қаз, балам, қаз, балам,

Қадам бассаң мәз болам.

Күрмеуіңді шешейік,

Тұсауыңды кесейік. Әлішердің аяғында байланған жіпті қайшымен қияды, да

Әжелер:Дариға,

Әмина:Ақ жол тілейміз! деп ақ мата төсейді

Винара;Жолы жұмсақ болсын! деп кілем төсейді.

Дариға: (Анасы) Тәй тәй бас құлама,

               Құласаң да жылама,  деп ақ мата мен кілемнің үстінен ары бері жетектеп жүргізеді.

Тәрбиеші: Толағай,  Жыл сайын емес, ай сайын емес, күн сайын өсіп ер жетті.

Әкесі Саржан бүкіл дүйім жұртты жинап тілашар тойын жасады.  

Толағай мектепке келді.

Сәлеметсіңдер ме балалар,  бүгін бізде  « Мен өсіп келемін» атты  аралас ашық сабағымызды бастаймыз.

 «Ойна да күл,

  Оқы да біл.» дегендей   балаларды екі топқа бөлеміз .

         1 топ  «Қамшы»  

        2 топ « Домбыра»

Әр топ өз аттарын қорғайды.

 1 «Қамшы» сөзіне  және «Домбыра» сөздерін

    Оқу, дыбыстық талдау жасау ( неше дыбыстан құралған, неше дауысты дыбыс бар,    

     неше буыннан тұрады.) әр топтан бір бала

2 Тақтаға қамшы, және домбыраның суреттерін іліп сол бойынша есептер шығару

    Әр топтан екі баладан шығады.

Құрақ құрау Екі топ, қатырма қағаздардан құрақтар құрайды.Оны қорғайды (қандай геометриялық пішіндерден тұрады, түстері қандай)

Әр топы жұлдызшамен бағалау.

Сергіту жаттығуы  «Қамшы өру» Екі топқа бөлініп  лентадан музыка ырғағымен  қамшы өреді.

 Тәрбиеші: Балалар өсіп ер жетті ,олар өмірден өз жолдарын тапты.

Жылдар өткен   Жазғытұрым

Басталды жаман ырым.

Ерте солды гүл, бәйшешек,

Еркін өспей қуарды шөп.

Жабырқаған жарлы қауым

Жалбарынды тілеп жауын.

Толағай: Қайтсем жауын жаудырамын,

                 Ел сусынын қандырамын.  деп Толағай жолға аттанды.

Қағаздан жасалынған таудың макетін көтеріп Толағай келіп «Ана» деп айтып жерге құлайды.

Тәрбиеші:   Ауысыпты заман талай,

                     Аталғалы тау «Толағай»

                     Алыпты жұрт ардақтайды,

                     Алып атын бір атайды

                     Жылда жаңбыр жауған күні.

Осы ,Толағай көтеріп әкелген таудың жартастарына атымызды жазып ілейікші. Бұл біз де  өскенде Толағайдай мықты, ержүрек, елі үшін туған ер болып өсетініміздің белгісі болсын.

(Балалар ақ қағазға аттарын жазып «тауға» іледі.

Тәрбиеші: Міне құрметті қауым, осы Толағайдың  ізбасарлары, біздің болашағымыз өсіп келеді.


Соңғы жарияланған материалдар тізімі
Бесік тойы
Ел үмітін ақтаймыз, ата салтын сақтаймыз.
Қош келдің-Әз Наурыз!
Қазақтың салт-дәстүрі.
Сценарий проведения КВН на тему «Устное народное творчество и традиции казахского народа» работа с дошкольниками
Қазақ халқының әдет-ғұрып, салт-дәстүрін ардақтайық!
Ә.Тәжібаев «Толағай» әдеби ертегісі.
Әбділда Тәжібаев. «Толағай»
Әдеби ертегілер.Ә.Тәжібаев.Толағай
«Көңілді спорттық ойындар»
Бөлім: Уроки / Балабақша | Көрсетілім: 3390 | Қосты: NA | Ілмек сөздер:
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Бөлімдер
История
открытые уроки по истории
Педагогика
открытые уроки по педагогике
Биология
открытые уроки по биологии
Информатика
открытые уроки по информатике
Математика
открытые уроки по математике
Физика
открытые уроки по физике
Химия
открытые уроки по химии
Разное
открытые уроки
География
Открытые уроки по географии
русский язык