Соңғы жарияланған материалдар тізімі
Бөлім: Уроки / Ашық сабақтар |
Көрсетілім: 7882 |
|
|
|
Қазақ халқының әдет-ғұрып, салт-дәстүрін ардақтайық!
Тақырыбы: Қазақ халқының әдет-ғұрып, салт-дәстүрін ардақтайық!
Мақсаты:
Білімділік: Қазақ халқының салт-дәстүрі, әдет-ғұрпын оқушылардың бойына сіңіру, оқушы бойында әдептілік және алғырлық, адамгершілік қасиеттерін қалыптастыру, жаман мен жақсыны ажырата білуге, ұлттық мақтаныш сезімдерін ояту;
Тәрбиелік: Оқушыларды инабаттылыққа тәрбиелеп, ата-бабаларымыздың асыл мұраларын түсіндіру. Көрініс арқылы өнеге мен тәрбиені неден алу керектігін үйрету;
Дамытушылық: Ұлттық дәстүр арқылы оқушыларды ізгілік пен парасаттылыққа баулу. Достыққа, мейірімділікке, адамгершілікке, әдепті болуға тәрбиелеу.
Көрнекі-құралдар:тақырыпқа сай нақыл сөздер, тыйым сөздер, салт-дәстүрге байланысты кітаптар, суреттер, слайд, оқушылар шығармашылығы.
І слайд.
Қазақ елі көрнісі, салт-дәстүрлер өтіп жатады, Р.Рымбаеваның орындауында «Атамекен» әні орындалып оқушылар тыңдайды.
1 жүргізуші:
Қош келдіңіздер, құрметті қонақтар, ұстаздар, оқушылар!
2 жүргізуші:
Құрметті көрермендер, оқушыларды жан-жақты қабілетті адамзат етіп тәрбиелеуде халықтың салт-дәстүрі, тәлім-тәрбиесінің маңызы орасан зор. Саналы сөзді сары алтыннан артық бағалаған халқымыз салт-дәстүрімізді, әдеп-ғұрпымызды ұлттық құндылықтарымыздың асыл қоймасы деп сақтады.
1 жүргізуші:
Қазақ халқының асыл дәстүрлерінің бір тармағы бесікке салар және тұсау кесу тойын тамашалайық.
І бөлім
Көрініс
ІІ слайд.
Слайд арқылы «Бесікке салу» салт-дәстүріне байланысты суреттер, нақыл сөздерді көрсете отырып, бесік тойының көрністерін оқушылардың орындауымен көрсету.
Әже : “Халқын сүйген-салтын сүйеді” демекші, бүгін немереміздің бесік тойын өткізгелі отырмыз. Бала-адамның бауыр еті.
Қонақ: Мен ел аралап жүр едім. Осы үйде той болып жатқанға ұқсайды.
Бұл не той?
Барлығы: Бесік тойы.
Әже: Төрлетіңіз. Мына немеремізді ата-салтымен ат қойғызып, бесікке салғалы жатырмыз. Атам қазақ қырықтың бірі қыдыр демекші, құдайы қонаққа да ат қойғызған. Сіз бізге тап келдіңіз.
Ата: Осы немереміздің атын сізге қойғызғалы отырмыз.
Қонақ: Бұл үлкен істі маған тапсырғандарыңызға үлкен рахмет. Баланың есімі Ұлы Абайдың атымен аталсын, аталарындай данышпан болсын.
Барлығы: Болсын,болсын. Әдемі есім.
-Апа, бесік той тойдың бастамасы, олой болса арамызда әншілер «Той бастар» әнін орындап берсін.
-Бәрекелді, тойды әнмен бастайық.Ән тыңдайық ендеше.
Ән «Тойбастар»
-Ата, тойға бата беріңіз.
-Иә, балам, бата беріп бесікке салу рәсімін жасауды әжелерің жалғастырсын.
Бірлікте болсын бастарың,
Заманың барда билей бер ,
Өшпелі ғұмыр қас қағым,
Алапат күннен аман ғып,
Ашық та болғай аспаның!
Ал немереміз
Алланың сүйікті құлы болсын!
Халқының қадір тұтар ұлы болсын!
Ақындардың жырлайтын жыры болсын,
Аспанымыздың күндей нұры болсын!
Әумин!
Әже: Ал ендеше кішкентай Абайжанды бесікке салайық. Бұл бесік құтты бесік. Осы немереміз дүниеге келгенде нағашылары осы бесікті жасап жіберіп еді.
Бесікте өскен бала таза болады. Мынау- баланың төсек көрпесі, жөргек,түбек,жастықша, асықты жіліктен жасалған шүмегі. Жастығының астына немерем сымбатты азамат, жүзі айнадай жарық болсын деп айна, тарақ салып отырмын. Бала шошымасын деп пышақ қоямыз.
Бәле-жаладан сақтасын деп отпен аластайын.
Аластау рәсімі
Алас-алас баладан алас,
Иесі келді пәледен көш.
Алас-алас пәледен алас,
Көзі жаманның көзінен сақта.
Тілі жаманның тілінен сақта.
Отыз омыртқасынана алас.
Келінжан нәрестені әкеле ғой.
Осы немерем дүниеге келгелі көршіме бесікке салдыру ойымда еді.
Ал, замандас немеремді бесікке салуды сізге тапсырамын
(Бесікке салу рәсімі өтеді)
- Бала бөлеген бесіктің үстіне ұйқысы тыныш, қалың болсын деген мағынада жеті түрлі нәрсе жабады.
Бесік жыры.
Әлди, әлди, ақ бөпем,
Ақ бесікке жат бөпем.
Жылама, бөпем, жылама,
Жылағанмен бола ма.
Жілік шағып берейін,
Байқұтанның құйрығын,
Жіпке тағып берейін,
Әлди, әлди, әлди-ай.
Ұйықтай қойшы бөпем-ай.
Би: “Қара жорға”
Әже: Ой, жарайсыңдар! Өнерлерің өрге жүзсін! Тойға келген өрендердің тағы қандай өнерлері бар екен?
ІІІ слайд.
Ұлттық ойындар слайд арқылы көрсетіледі.
Оқушылармен «Білектесу» , «Асық ойындары» ойналады.
2 жүргізуші: Тұсаукесер рәсімі
Балаға қатысты рәсімнің бірі – тұсау кесу рәсімі. Бұл-бала жүре бастағанда жасалатын ырым... Тұсау кесуге адам таңдайды.Оның бойындағы жақсы қасиеттер балаға дарысын деген ниет болады... Тұсауды ала жіппен кеседі. Ол біреудің ала жібін аттамасын , ұрлық жасамасын, өтірік айтпасын деген ниетке негізделеді.Тоқ ішекпен, көк шөппен аяғын шалады.Ол- қарны тоқ, көк шөптей жайқалып өссін , жасы ұзақ болсын деген ұғым.Ауылдың желаяқ жүйріктерінің бірі кесіп, екі қолынан ұстап біраз жерге дейін жетектеп жүреді.
- Ботақаным, біреудің ала жібін аттама, бүлінгеннен бүлдіргі алма, келешегіңе ақ жол тілеймін! – деп сәбидің тұауын кесді.
Сол жерде дастархан жайылып үлкен қария бата береді.
ІІ бөлім
ІҮ Слайд. Мақал-мәтелдерге бйланысты суреттер көрініп тұрады.
Әже:
Тәрбиенің бәрі отбасынан басталады. Қандай мақал-мәтел білесіңдер?
1. Ата көрген оқ жонар,
Шеше көрген тон пішер.
2. Атаңның баласы болма,
Адамның баласы бол.
3. Балалы үй базар,
Баласыз үй мазар.
Бала: Әже, біздер сонымен қатар тыйым сөздерді де білеміз.”Су ішкен құдығыңа түкірме”, “Үлкеннің жолын кеспе”, “Үйді айналып жүгірме”
Әже: Айналайындар, қазақтың асыл мұраларын жақсы білесіңдер екен.
Киелі жеті санымызға тоқталайық.
“Жеті ата”
Ойнап-күліп жүру керек,
Ойлап жүріп тұру керек.
Жеті жасқа жетпей бала,
Жеті атасын білу керек.
1.Баласының баласы,
Көздерінің қарасы.ф
Атасына немене?
Әжесіне немене? (немере)
2. Немеренің баласы,
Көңілінің санасы.
Атасына немене?
Әжесіне немене? (шөбере)
3. Шөберенің баласы,
Көйлегінің жағасы.
Атасына кім десек?
Әжесіне кім десек? (шөпшек)
4. Ал шөпшектің баласы,
Саусағының саласы.
Атасына немене?
Әжесіне немене? (немене)
5.Немененің баласы,
Алты ауылдың арасы.
Атасына қай бала?
Әжесіне қай бала? (қаймене)
6. Қаймененің баласы,
Бересі де аласы.
Жаңа әулеттің жаңасы.
Атасына туажат,
Әжесіне туажат,
Оның да туажат. (туажат)
Әже: Ой, бәрекелді, балалар,өнерлерің өссін. Біздің қазақ халқының салт-дәстүрлері тек бұл ғана емес, бұдан да көп. Сол дәстүрлерді сақтай білейік Өте білгір, білімді балалар екенсіңдер. Тағы қандай өнерлерің бар?
Мақал –мәтел сайысы:
1. Мектеп – кеме
Білім – теңіз.
2. Әдепті бала- арлы бала,
Әдепсіз бала – сорлы бала.
3. «Сіз» деген – әдеп,
«Біз» деген – көмек.
4. Әдептілік белгісі иіліп сәлем бергенің.
5. Үлкенге құрмет-кішіге міндет.
6. Ата балаға сыншы.
7. Батаменен ел көгерер,
Жаңбырменен жер көгерер.
8. Әдепті бала ата-анасын мақтатар ,
Әдепсіз бала ата-анасын қақсатар.
Ән «Қазақтың дәстүрлері»
Ән: “Той шашу”
Соңғы жарияланған материалдар тізімі
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Бөлімдер
История открытые уроки по истории |
Педагогика открытые уроки по педагогике |
Биология открытые уроки по биологии |
Информатика открытые уроки по информатике |
Математика открытые уроки по математике |
Физика открытые уроки по физике |
Химия открытые уроки по химии |
Разное открытые уроки |
География Открытые уроки по географии |
русский язык |