Ұстаздар сайты u-s.kz Сайттың атауы www.u-s.kz
» » Б дыбысы және әріпі.


Б дыбысы және әріпі.

Б дыбысы және әріпі.

 Сабақтың тақырыбы: Б дыбысы және әріпі.

 Сабақтың мақсаты: Б дыбысы және әріп таңбасымен таныстыру. Балаларды Б дыбысы бар сөз, сөйлем ойлап табуына назар аудару сөздік қорынына мән беріп, қиялын дамыту.Ұқыптылыққа,сауатты жазуға тәрбиелеу.

Көрнекі құралдар: Интерактивті тақта,плакат, үлестірмелі материалдар.

Әдіс-тәсілдер:Сұрақ-жауап, түсіндіру, ойын түрі; саяхат.

 

Сабақтың барысы

Психологиялық дайындық

 

Дөңгеленіп тұрып бәріміз бір-бірімізге жылы лебіз білдірейік:

                          Біздің топта ұл-қыздар,

                                                              Тату-тәтті ойнаймыз.

                                                              Әлемдегі бар адамға,

                                                            Тек жақсылық сыйлаймыз.

Ұйымдастыру.

-Балалар біз бүгін саяхатқа барамыз, немен барғымыз келеді? Қандай көлік түрлерін білесіңдер ? (машина  , ұшақ, кеме)

-Ендеше мына тақтаға қарайықшы, не көріп тұрмыз? Балалар мына сандарды санайықшы        

 Балалар бұл не? (кеме)

Не үшін керек деп ойлайсыңдар?

Суда жүзу үшін.

Ал кеме қайда жүреді?

Суда .

Оның жүргізушісі кім?

Ендеше ол сіздерге шақыру билетін берді. Осы кемемен аралдарға барып ,сол аралмен танысамыз.

 

   1- арал.Қайталау

Сиқырлы жазу

 

 

                                                                       Жақсы музыка

 

         М       Ы        С      Ы       Қ

                        (текшемен белгілеп)

Балалар мына тапсырмада жасырын сөз беріліпті. Осы сөзді тауып көрейік .Сіздер айтыңдаршы үйде  біз қай жануарды ұстаймыз? Қандай        ---- түстерді көріп тұрмыз? (қызыл,көк) Оларды ажыратып беріңдерші?                                                                                                         

Мысық сөзін буынға бөлейікші ? (2 буын). Қай әріптен басталып жазылады? (М)      Жақсы балалар енді екінші аралға барайық.

     2- арал.

Балалар суда жақсы көрінетін мынау не? (балық)

Қараңдаршы ол қандай? (Сиқырлы,алтын)

Ендіше бүгін бізге қонаққа  алтын балық келіпті.

Балық сөзінің бірінші әріпі қандай дыбыс ? (Б)  Айтып көрейікші (Б). Дауысты ма, Әлде дауыссызба?

  • Осы сөзді буынға бөліп көрейікші?
  • 2 буын бар.Ендеше дауысты дыбыс нешеу ? (2)

   Жақсы балалар екінші аралдан да өттік еді. Алтын балық маған тағы бір арал бар деп сыбырлайды , ол аралда да тапсырма бар екен.

 3- арал.

«Мына сиқырлы қаламшамен сіздер б – әріпінен басталатын сөздер жазып беріңдерші» - дейді алтын балық.

 

Р

О

Б

 

Сиқырлы әріптер шашу :     Б.А.Р.Л.Қ.О.Ы.А .        Балық. Бор. Бала.

Талдап кету. Әр баланы сөйлету. Оқытып шығу.

  • Өте жақсы балалар. 3- аралдың тапсырмасын жақсы орындадық . Алтын балық тағы ары қарай барайық деп тұр , ендеше алтын балықтың соңынан жүрейік.

4- арал. Сергіту сәті.

Балық,балық  балықтар,

Қане  қатар  тұрыңдар.

Қанаттарыңды   ашыңдар,

Бұлай –бұлай  малтыңдар.

Бір, екі,үш,төрт ,бес,

Орыңдарыңды табыңдар тез.

 Өте жақсы, бұл тапсырманы өте жақсы орындадық.

Балалар балық тағы сыбырлайды , енді біз сиқырлы балықпен  келесі аралға барғанда ойын ойнаймыз дейді.

  • Ойнаймыз ба?

5- арал.  «Қатені  тап.»

Балаларды  екі топқа  бөліп ,әртүрлі  суреттер  беру.Сол  суреттерден  Б   және  М әрпіне  байланысты  сөздерді  тауып   тақтаға  ілу.(бақа, балық, бала)(мысық, машина,маймыл,т.с)

6- арал. Алтын  балықтың  келесі  тапсырмасы ,Б әрпін  жазу. Тақтаға  жазбаша түрін  жазып  көрсету.Ауада  жазу. Дәптерге  бастырып  жаздыру.Өте  жақсы  балалар,бұл  тапсырманы  да  жақсы орындадық.

7- арал.

Енді біздің соңғы тапсырмамыз  , әр қайсыңыз балыққа арнап б – әрпі бар тақпақ айтып беріңдер. Осы тақпағымызды жақсы айтсақ , ол балықтың сіздерге арналған сыйлығы бар екен.

  Әр оқушыға балық жапсырылған шар тарату.( аттарына байланысты көк, қызыл).

  • «Сіздер құрлыққа барғанда мына шармен ойнап жүріп мені естеріңе алыңдар.Әр қайсыңыз аттарыңызды айтып отырып соған байланысты шарды алыңыздар».
  • Рахмет.
  • Осымен саяхатымыз аяқталды. Хош сау болыңыздар

Соңғы жарияланған материалдар тізімі
Балық аулау.
Қ дыбысы мен әрпі
Қ дыбысы және әрпі
Ә,ә дыбысы және әрпі.
Ы дыбысы және әрпі.
С дыбысы және әрпі
А а дыбысы мен әрпі
Алтын балық сәндік өнер
Н н дыбысы мен әріп таңбасы.
Б б дыбысы мен әрпі
Бөлім: Уроки / Балабақша | Көрсетілім: 9991 | Қосты: NA | Ілмек сөздер:
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Бөлімдер
История
открытые уроки по истории
Педагогика
открытые уроки по педагогике
Биология
открытые уроки по биологии
Информатика
открытые уроки по информатике
Математика
открытые уроки по математике
Физика
открытые уроки по физике
Химия
открытые уроки по химии
Разное
открытые уроки
География
Открытые уроки по географии
русский язык