Ұстаздар сайты u-s.kz Сайттың атауы www.u-s.kz
» » Қ дыбысы мен әрпі


Қ дыбысы мен әрпі
Сабақтың тақырыбы: «Қ дыбысы мен әрпі»
Білімділік:«Қ» дыбысы мен әрпін таныстыру арқылы берілген сөздерді тізбектей оқыту.
Дамытушылығы: Қ дыбысы мен әрпін таныстыру арқылы оқушылардың ойлау, есте сақтауқабілеттерін, танымдық іс - әрекеттерін,шығармашылығын, сөздік қорларын дамыту.
Тәрбиелігі:Оқушыларды отан сүйгіштікке, ұқыптылыққа, сауаттылыққа, табиғатты қорғауға, оқуға дағдыландыру.
Сабақтың түрі: Жаңа сабақ.
Сабақтың әдісі: Ой қозғау, топтастыру, тізбектей оқу, ойын, шығармашылық тапсырма, сурет арқылы сөйлем құрау
Сабақтың көрнекілігі: Суреттер,буындар, ребустар, сөзжұмбақ.
Сабақтың барысы:І. Шаттық шеңбері :
Балаларды орнынан тұрғызып амандасу.
Амансың ба алтын күн!
Амансың ба көк аспан!
Амансың ба достарым!
Амансыздар ма қонақтар!
Сабағымызды бастайық
Жамандықты тастайық.
ІІ. Өткен сабақты еске түсіру: О дыбысы мен әрпі.

І тапсырма. Сөздерді буынға бөліп, алғашқы дыбысын ата, ол әріпті кассадан көрсет.
ІІ тапсырма. Мына буындарды дұрыс оқындар: шо, то, ло, но по, до

Негізгі бөлім: Жаңа сабақ
Қызығушылығын ояту. Жаңа тақырыппен танысу үшін, сендерге «Сиқырлы сандар» бірнеше тапсырма алып келіпті. Балалар осы «Сиқырлы сандардың» тапсырмаларын орындайық. Мына «Сиқырлы сан» неше? (1)
Олай болса 1-санының тапсырмасын орындайық. Ойын кім шапшаң?
Жұмбақ
Көк лақғым көгенде
Жатып семіреді
(Қарбыз)
Сылдырдан қорқады
Шошынып жатады
(Қояң)
Қыстағана болады
Үстасан қолың тоңады
(Қар)
Міне балалар бірнеше жұмбақ шештік, жұмбақғымыздың жауабы суреттермен берілген екен.Енді тақтадағы суреттерді қайталап айтайықшы. Бұл сөздер қандай дыбыстан басталады.( қарбыз, қоян, қар) Олай болса бүгінгі сабағымыздың тақырыбы: «Қ дыбысы мен әрпі». «Қ» дыбысын дыбыстату. «Қ» дыбысын таңбасын көрсетіп, дауыссыз дыбыс көк текшемен белгіленетіні айтылады.
Сиқырлы «1» санының 2-ші тапсырмасы. Суреттегі бейнелерді атап, буынға бөлу.Балалар мына сөздерден көріп отырғанымыздай «қ» дыбысы сөздің басында, ортасында, сонында кездесе береді екен.
Сиқырлы «2» саныныңтапсырмасы. Ойын. Кім шапшаң?
А) «қ» дыбысынан келетін сөздерді айту.
Ә)Буын құрап оқу. Қ дыбысынан келетін сөздерді буынға бөлу.
қа , қа – ла,
ақ , т-ақ
қо, қо– ра, қо – ла, қа-ра
Сиқырлы «3» санының тапсырмасы
Дәптермен жұмыс. Ауада «қ» әрпінің баспа түрін жазу. Дәптерге үзік сызықтарды қосу арқылы «қ» әрпінің баспа түріндегі үлкен, кіші әріптерін жазу.
Сергіту сәті.
Ұзын құлақ сұр қоян,
Естіп қалып сыбырды.
Ойлы – қырлы жерлерден,
Ытқып – ытқып жүгірді
Сиқырлы «4» санының тапсырмасы.Ребус шешу.
Сабақты қорытындылау.
Балалар бүгін біз сиқырлы сандардың тапсырмаларын орындадық. Сиқырлы сандар сендерге рахмет айтты. Қандай дыбыспен таныстық?«Қ» дыбысы қандай дыбыс? Дауысты ма? Дауыссыз ба?
Балаларды мадақтау.
Соңғы жарияланған материалдар тізімі
"Пп"дыбысы мен әрпі
Қ дыбысы және әрпі
Қ дыбысы және әрпі
Я дыбысы мен әрпі.
А а дыбысы мен әрпі
Х дыбысы мен әрпі
С с дыбысы мен әріп таңбасы
Н н дыбысы мен әріп таңбасы.
: “ Ю ” дыбысы мен әрпі
Ж дыбысы мен әрпі
Бөлім: Уроки / Бастауыш сынып | Көрсетілім: 4499 | Қосты: Мырзабаева Қарлығаш | Ілмек сөздер:
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Бөлімдер
История
открытые уроки по истории
Педагогика
открытые уроки по педагогике
Биология
открытые уроки по биологии
Информатика
открытые уроки по информатике
Математика
открытые уроки по математике
Физика
открытые уроки по физике
Химия
открытые уроки по химии
Разное
открытые уроки
География
Открытые уроки по географии
русский язык