|
|
« Әдепті бала - әдемі бала»
Сабақтың тақырыбы : « Әдепті бала - әдемі бала»
Сабақтың мақсаты : Әдептілік туралы үйрету
Кішіпейілдікке , биязылыққа , қарапайымдылыққа , сыпайылыққа , әдептілікке тәрбиелеу
Балалардың сөздік қорын молайту ,танымдық қызығушылығын арттыру
Сабақтың барысы :
I . Ұйымдастыру бөлімі
II . Өткен тақырыпты пысықтау
III . Жаңа оқу іс- әрекеті
Сұраққа жауап алу
- Аптаның күндерін ата
2 . Бүгін аптаның нешінші күні?
Енді алақан жылуы арқылы бір – бірімізге жылы лебіз тілейік .
1- бала : Армысың жыл күн !
2- бала : Армысың асыл жыр !
3 -бала : Армысың көк аспан !
4 -бала : Армысың жан досым !
5 -бала : Күніміз жарық болсын !
6 - бала : Аспанымыз ашық болсын !
7 - бала : Деніміз сау болсын !
8- бала : Нанымыз көп болсын !
9 - бала : Елімізге тыныштық тілеймін !
10 – бала : Көк туымыз биік болсын !
Балалар , бүгін бізде қонақтар келіпті .
- Бұлар қайдан келген ,Оларды қалай атаймыз?
- Неге оларды жабайы аңдар дейміз ?
Балалар қараңдаршы жабайы аңдар бізге босқа келмепті . Сендерге бір-бір тапсырма ала келіпті . егер біздер дұрыс жауап берсек , бізбен дос болады .
Дос боламыз ба , сұрақтарға жауап береміз бе ?
-Олай болса тапсырмаларды орындауға көшейік.
1 . Аюдың тапсырмасы : Тақпақтар айту
1 . Атам маған әрқашанда
Кішіпейіл бол деген
Ата сөзі санамда
Жасы үлкенге жол берем
2 . Алдын орап кісінің
Кесіп өтпей көлденең
Ізетімен кішінің
Сәлемдесіп қол берем
3 . Кім үлкенді тыңдаса ,
Кім үлкенді сыйласа .
Үлкен кісі жұмсаса ,
Қайда болсын барамын .
4 . Ата менен ананың ,
Айтқан тілін аламын .
Үлкен кісі жұмсаса ,
Қайда болсын барамын .
5 .Төсекті өзім жинаймын ,
Ешкімді де ұрмаймын .
Ешкім маған тимейді
Мен де бәрін сыйлаймын .
6 . Жаман бала бүлдіреді ,
Жақсы бала күлдіреді .
Жұмысқа да , сабаққа да ,
Дер кезінде үлгереді .
7 . Атам менің адамға ,
Бауырмал тым үйірсек
Қабағын түйіп қалады
Үй ішінде жүгірсек .
2 Қасқырдың тапсырмасы : Мақал – мәтелдер айту
1 . Әдепті бала ,
Ата –анасын мақтатар ,
Әдепсіз бала ,
Ата –анасын қақсатар .
2 . Әдептілік ар –ұят
Адамдықтың белгісі
3 . Үлкенді сыйласаң – қадірлі боларсың
Кішіні сыйласаң –құрметті боларсың .
4 . Әдепті бала – арлы бала ,
Әдепсіз бала – солры бала .
5 . Әке – бәйтерек ,
Ана –бұлақ
Бала – жағасындағы құрақ .
6 . Ұлдың ұяты - әкеге ,
Қыздың ұяты шешеге .
7 . Көргенді бала – жол сілтейді ,
Көргенсіз бала – қол сілтейді .
8 . Үлкендер отырған жерде ,
Аз сөйлеп ,көп тыңда
9 . Ата жақсы ұл туса ,
Елінің қамын жейді.
Атадан жаман ұл туса ,
Елінің малын жейді .
10 . «Сіз» деген әдеп ,
«Біз» деген көмек .
11 . Ана алдында құрмет ,
Ата алдында қызмет .
3 . Қоянның тапсырмасы : Сурет бойынша әңгіме құрастыру .
4 . Кірпінің тапсырмасы . Киелі сандар .
Үш мақсат Үш қуат 7 ата
Сергіту сәті :
Жай оң қолды оң жаққа ,
Жай сол қолды сол жаққа
Екі қолды белге ұстап
Алға қарай бір аттап ,
Артқа қарай бір аттап
Қос аяқпен топ-топ
Алақанды соқ-соқ .
Дидактикалық ойын
«Әдепті баланы тап»
« Әдепті бала заттары »
«6 . Тиіннің тапсырмасы : Көрініс : « Ата мен бала» .
7 . Арқардың тапсырмасы : Тыйым сөздер айту
1 . Үйге жүгіріп кірме
2 . Біреудің кемтарлығына күлме
3 . Құстың ұясын бұзба
4 . Құмырсқаның илеуін бұзба
5 . Жалғыз ағашты шашпа
6 . Суға түкірме
7 . Гүлді жұлма
8 . Үлкен кісінің алдын кесіп өтпе
9 . Нанды аяқтың астына тастама
10 . Босағаны керме
8 . Маймылдың тапсырмасы : «Не деу керек ?» Ә.Дүйсенбиев
1 . Анаң сенің базардан
Алма сатыр әкелді
Ең үлкенің жақсысын
Саған таңдап әперді .
Не деп барып жеу керек ?
2 . Балалар жүр көшеде ,
Естіледі айқай – шу
Сен де шықтың көршіңді
Қағып кеттің байқамай
Не деу керек ?
3 . Әжең сенің түскі асқа ,
Қанттарды салды мол
Әй – шәйі жоқ салдың қол
Мұндайда не деу керек ?
9 . Тышқанның тапсырмасы : Қадыр Мырзалиевтің «Не үшін?»
өлеңін оқу , хормен жауап беру .
- Әдептілік деген не ? Әр бала өз ойын айтады .
Қорытынды бөлім :Әдептілік барлық адамға жарасатын қасиет . Ол адамның бала кезінен алған тәрбиесіне байланысты . Сондықтан қазірден бастап әдепті болайық .Әдептіліктің басы дұрыс сәлемдесу . Сонымен сабағымызды «Саламатсыздар ма ?» деген әнмен аяқтайық .
Соңғы жарияланған материалдар тізімі
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
История открытые уроки по истории |
Педагогика открытые уроки по педагогике |
Биология открытые уроки по биологии |
Информатика открытые уроки по информатике |
Математика открытые уроки по математике |
Физика открытые уроки по физике |
Химия открытые уроки по химии |
Разное открытые уроки |
География Открытые уроки по географии |
русский язык |