Ұстаздар сайты u-s.kz Сайттың атауы www.u-s.kz
» » Әдептен озбайық


Әдептен озбайық

Сабақтың тақырыбы «Әдептен  озбайық»

Мақсаты:                           Оқушыларды  қарым – қатынас  мәдениетіне  үйрету , олардың 
                                             әдеп , әдеп  сақтау   ұғымдары   туралы   түсініктерін   кеңейту.
Міндеттері:
 -оқушыларға  әдеп   сақтау  туралы  түсініктерін тереңдету,    оқушылардың  этикалық   
   қарым – қатынастарын   дамытуға    ықпал ету.         
- оқушыларды  ізетті , ілтипатты,   сыпай  болуға  тәрбиелеу.                         

Көрнекіліктері :     интерактивті тақта, слайдтар, дәйексөздер.

Сабақтың  барысы :      
                                I . Ұйымдастыру бөлімі
                                II . Өткен тақырыпты пысықтау 
                                III . Жаңа оқу іс- әрекеті 
Жаңа сабақ
 Шаттық  шеңбері
Әңгімелесу
Мәтінмен  жұмыс
Ойын «Әдепті  сөздер»
Дәйексөз
Түйіндеме
Тапсырма  (дәптермен жұмыс)
Жүректен – жүрекке

Сұраққа жауап алу  
 1. Аптаның күндерін ата 
 2 . Бүгін аптаның нешінші күні? 
Енді алақан жылуы арқылы бір – бірімізге жылы лебіз тілейік .
      1- бала : Армысың жыл күн !
        2- бала : Армысың асыл жыр !
          3 -бала : Армысың көк аспан !
            4 -бала : Армысың жан досым !
              5 -бала : Күніміз жарық болсын !
                6 - бала : Аспанымыз ашық болсын !
                  7 - бала : Деніміз сау  болсын !
                    8- бала : Нанымыз көп болсын !
                       9 - бала : Елімізге тыныштық тілеймін !
                          10 – бала : Көк туымыз биік болсын !
Оқушылар  шеңберге  тұрып Қ.Ыдырысовтың «Келші, келші, балашым» өлеңін орындау

Бүгін біз әдептілік, адамгершілік туралы әңгімелесеміз.
Әңгімелесу
• Әдептілік деген не? Оны қалай түсінесіңдер?
• Әдепті бала қандай деп ойлайсыңдар? Әдепті бала болғың келе ме?
• Әдепсіз дегенді қалай түсінесіңдер? Әдепсіз бала қандай болады?
• Әдептілікті бізге кім үйретеді?

Түйіндеу

Адам баласының бойында жақсы да, жаман да қасиеттер болады екен. Бізге ақылдылықты, адалдықты, қарапайым - кішіпейілділікті, инабаттылықты, шыншылдықты үлкендер үйретеді. Ол - біздің ата - анамыз, ақсүтін бере отырып, ана тілімен үйретеді. Біз оны түсініп, ата - баба салт, әдеттерін үйренеміз. 
Адам болатын бала - барлық жақсы қасиеттерді үйреніп, жаман мінез әдеттерден, ұнамсыз қылықтардан аулақ болуға тырысуы керек. 
«Әдеп, әдеп сақтау, әдептілік» деген сөздердің мағынасын ашу үшін  антонимдік және синонимдік тәсілдер қолданайық.
Мысалы :
Синонимдік тәсіл: Әдеп, тәртіп, үлгілі, тәрбиелі
Антонимдік тәсіл : Әдепсіз, тәрбиесіз, өнегесіз т.б
Мәтінмен жұмыс 
Оқулықта берілген мәтінді оқытуда  топтық жұмыс жүргізіледі.
«Тістелген алма». Оқушылар мәтінді оқып, мазмұнын қысқаша баяндап береді?
Жігіттің  қылығын  қалай  бағалайсыңдар ?
Бақ  иесінің  жігітті   ұнату  себебі неде ?
Жігіт  пен бақ  иесінің  қызының қандай ортақ  қасиеттері бар ?

Сергіту сәті.
Ойын  «Әдепті  сөздер» 
Балалар  жартылай  шеңберге  тұрып , допты лақтырып  қағып алу  арқылы  бір – біріне  әдепті  сөздер айтады. 
-рахмет                                                                - Айып етпеңіз.
-сәлем!                                                               - Ғафпу етіңіз.
-Амансыз ба ?                                                    - Оқасы жоқ
-Қош келдіңіз!                                                   - Кешірім өтінем.
-Сізді  көргеніме  қуаныштымын.                  -  Сау болыңыз!
- Кешіріңіз!                                                       - Қош болыңыз!
                                                                           – Көріскенше!
Ойын «Жалғастыр»
«Не істеуге болмайды?» Осы сөз үлкен етіп жазылып көрсетіледі.Мұғалім басқы сөзін айтады, оқушы ойланып жалғастырып айтуы керек.
- Үлкендердің алдынан...... (кесіп өтуге болмайды.)
- Кішкене баланы................(жылатуға болмайды.)
- Құстарды ...........................(атуға болмайды.)
- Қыз баланы........................(ренжітуге болмайды.)
- Сабақтан.............................(кешігуге болмайды.)
- Сыныпта.............................(айғайлауға болмайды.)
«Не істеу керек?» (бұл да сол сияқты жүргізіледі)
- Үлкен кісіні.......................(сыйлау керек.)
- Үлкеннің тілін...................(алу керек..)
- Үлкендерге..........................(сәлем беру керек.)
- Кішілерді..............................(қамқорлау керек.)
- Оқу құралдарын.................. (күтіп ұстау керек.)

Парталарыңыздың үстінде екі парақ қағаздың біріне адам бойындағы жаман қасиеттерді жазыңыздар. Екінші параққа адам бойындағы жақсы қасиеттерді жазасыздар.
    Жазып болсақ, жаман қасиеттерді жазған қағаздарыңызды бүктеп қоямыз да ал жақсы қасиеттерді оқимыз.                  
Мұғалім: осы жаман қасиеттерден аулақ болу үшін манағы жазған жағымсыз қасиетерді жыртып тастайық.
Балалар, енді әдептіліктің алтын ережелері туралы не айта аласыңдар?

Шығармашылық жұмыс. «Әдептілік ережелері»
Мұғалім балалармен түрлі суреттер арқылы «Әдептілік ережелерін» құрау.
Әдептілік ережелері
• Әдепті бала қашанда сәлемдеседі. Кезіккен адамдармен амандасады, көмегі және қамқорлығы үшін алғыс айтып, кетіп бара жатқанда қоштасуды ұмытпайды.
• Әрқашан сыпайы болу керек. Сыпайылық - айналаңдағы адамдарға өзіңді жағымды көрсету. Байқамай біреуді ренжітіп алса, дереу кешірім сұрайды.
• Әдепті бала көлікте отырғанда үлкендерге орын береді.
•Үлкендерді, ауру адамдарды, соқыр адамдарды көшеден өткізуге көмектеседі.

Дәйексөз
«Әдептілік, ар - ұят - адамдықтың белгісі...» деген халық мақалын сабақтың дәйексөзі ретінде түсіндіру. 
Қорытындылау
- Балалар, біз бүгінгі сабағымызда әдептілік, сыпайылық жайлы сөйлестік. Әдепті, сыпайы балалар айналасындағыларға жағымды, сүйкімді екенін түсіндік. Әрдайым әдепті, сыпайы болуға, кездескен адамдармен амандасуды, кешірім сұрауды, өтінемін деген жылы сөздерді үнемі айтуға үйрендік. Жақсы мен жаман әдет қалыптарды ажыратуды, жақын адамдарға қамқорлық, оларға көмек көрсету дағдыларын үйрендік.

Жүректен  -  жүрекке.
Балалар  шаттық  шеңберіне  тұрып Ә.Дүйсенбиевтәі «Не деу керек ?» өлеңін жалғастыру
1 . Анаң сенің базардан                          2. Балалар жүр көшеде,
     Алма сатыр әкелді                                 Естіледі айқай - щу
     Ең үлкенің жақсысын                            Сен де шықтың көршіңді
     Саған таңдап әперді .                             Қағып кеттің байқамай
      Не деп барып жеу керек ?                     Не деу керек мұндайда  ?
3 . Әжең сенің түскі асқа ,
      Қанттарды салды мол 
      Әй – шәйі жоқ салдың қол 
      Мұндайда не деу керек ? 
Мұғалім сабақты қорытындылап, оқушылармен бірге шеңберге тұрып бір- біріне жылы лебіздерін білдіреді.
Үйге   тапсырма   :  «Мен  әдепті  баламын» қысқаша әңгіме  құрастыру.


Соңғы жарияланған материалдар тізімі
"Әдептен озбайық"
Әдептілік - әдемілік.
« Әдепті бала - әдемі бала»
Мен әдепті баламын.
Әдептілік-тәрбие бастауы.
Мен әдіпті баламын
Мұзафар Әлімбаевтің "Әдептілік әліппесі"өлеңімен таныстыру.
Әдептілік – тәрбие бастауы
Әдеп – адамгершіліктің алтын діңгегі
Әдептен озбайық
Бөлім: Уроки / Бастауыш сынып | Көрсетілім: 8768 | Қосты: NA | Ілмек сөздер:
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Бөлімдер
История
открытые уроки по истории
Педагогика
открытые уроки по педагогике
Биология
открытые уроки по биологии
Информатика
открытые уроки по информатике
Математика
открытые уроки по математике
Физика
открытые уроки по физике
Химия
открытые уроки по химии
Разное
открытые уроки
География
Открытые уроки по географии
русский язык