Ұстаздар сайты u-s.kz Сайттың атауы www.u-s.kz
» » Қоршаған ортамен танысу


Қоршаған ортамен танысу

Қоршаған ортамен танысу

Ұйымдастырылған оқу- іс әрекеті: Қоршаған ортамен танысу

Мақсаты: Табиғатты сүюге баулу, табиғатқа қамқор болуға үйрету. Балалардың құстар туралы түсініктерін кеңейту. Өлеңдерді пайдалану арқылы сөздік қорын байыту, байланыстырып, сөйлеуге үйрету.Табиғатқа деген мейрімін ояту, адамгершілікке баулу.

Көрнекілігі: құстар суреті,  құстар

І.Ұйымдастыру

Шаттық шеңбер

Амансыңба, асыл күн!

Амансыңба , асыл жер!

Амансыңба, көк аспан!

Амансыңба жан досым!

Жылуыма жылу қос , міне менің қолым

Достар бірге жүреміз,

Бірге ойнап күлеміз

Бірге балық аулаймыз міне , біздер қандаймыз!

Т: Балалалар бір жылда неше мезгіл бар?

Б: 4 мезгіл бар, жаз, көктем, қыс, күз

Т: Балалар , қазір жылдың қай мезгілі?

Б: Көктем мезгілі

Т: Көктем мезгілі екенін қайдан білеміз?

Б: Күн жылынады, жаңбыр жауады, құстар ұшып келеді. Ағаштар бүршік жарады, шөп, гүл өседі.

 

Т:Балалар біздер  құстың көп түрлерін білеміз, қане атап берейікші?

Б: тырна, аққу, тоқылдақ, бұлбұл, сауысқан т.б

Балалар бәріміз құспыз, енді балалар өздерің туралы өлең айтып беріңдерші.

Даниял- тоқылдақ

         Дәрігермін орманға.

         Құрт , шіркей көп бұл маңда

         Тоқылдатам жатпаймын

         Ағаштарды  баптаймын

Гүлжанат – қарлығаш

         Мен досыңмын- қарлығаш

         Есігіңді аш, ауланы аш

         Досың бола аламын

         Сендердей жақсы баланың

Аслан - қарға

         Қарға, қарға қарғалар

         Қар үстінде жорғалар

         Боранды күні жел соқса

         Бұтаға келіп қорғалар.

Назерке-аққу

         Әй, аққулар, аққулар

         Күн алыс па, жақын ба?

         Қайда қанат қақтыңдар

         Онда- мұнда көл бар ма?

         Айтыңдаршы аққулар.

Нұүрхат  - тауық

         Қыт- қыт етеді

         Кезіп жүріп көшені

         Жата қалса орнына

         Ақ доп дастап кетеді             (тауық)

Алмат  – бүркіт

         Бала тау- тас тұрағы

         Көзі өткір қырағы

         Қасқыр түлкі- бұғыға

         Шабуылға шығады.

Рақымжан - торғай

         Шыр – шыр еткен торғайды

         Қорғамасақ болмайды

Кіп – кішкене торғайлар

Ағаштарды қорғайды

Жақсылық- Үкі

Күндіз ұшпайды

Түнде тышқан ұстайды

Айбол-

Ұя жасап тақтайдан,

Талға апарып байладым.

Жыл құсының шаттанған

Күттім қашан сайрауын.

Т: Балалар, енді «Құстарды құтқарамыз» ойынын ойнаймыз.

Ағаш түбінде ұя, ұяда балапандар бар.Ұяға қарай жылан ысылдап жылжып барады.Қалай құтқарамыз? Мына жұмбақты шешсеңдер құстар құтқарылады. Егер шеше алмасаңдар, жылан құстарды жеп қояды.

1.Орманда жоғары,

Ағашқа қонады

Тұмсығын балта етіп

Тоқ- тоқ соғады   (тоқылдақ)

2.Өзі сақ, өзі ұсақ

Шықылықтап тұрады

Құйрығы  ұзын, өзі ала

Бұл қай құс?      (сауысқан)

3.Көктемде келіп, күзде кетеді

Жазда бақта әндетеді            ( Бұлбұл)

4.Күндіз тіпті ұшпайды

Түнде тышқан ұстайды

Көзі шамға ұқсайды              (үкі )

Т: Өте жақсы балалар, сендер құстарды жыланнан құтқардыңдар.

Рахмет сендерге!

Қорытынды:

Т: Олай болса ант етейікші

Б: Құстарды атпауға

   Балапанын сақтауға

  Ант етеміз!

Бейбітшілік туралы ән айтамыз «Ақ көгершін»

Сау болыңыздар!


Соңғы жарияланған материалдар тізімі
Құстар
«Құстар біздің досымыз»
Қыстайтын құстар
«Құстар біздің досымыз»
Құстар әлеміне саяхат
«Құстар - біздің досымыз»
Құстар әлемі!
Қанатты достар
Құстар біздің досымыз
Ертегі кейіпкерлері бізде қонақта
Бөлім: Уроки / Балабақша | Көрсетілім: 24320 | Қосты: NA | Ілмек сөздер:
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Бөлімдер
История
открытые уроки по истории
Педагогика
открытые уроки по педагогике
Биология
открытые уроки по биологии
Информатика
открытые уроки по информатике
Математика
открытые уроки по математике
Физика
открытые уроки по физике
Химия
открытые уроки по химии
Разное
открытые уроки
География
Открытые уроки по географии
русский язык