Ұстаздар сайты u-s.kz Сайттың атауы www.u-s.kz
» » Көмекші есімдер, Астана қаласы


Көмекші есімдер, Астана қаласы

Сабақтың тақырыбы: Көмекші есімдер, Астана қаласы

Сабақтың мақсаты: 
білімділік: Оқушыларды жаңа тақырыппен таныстыру, көмекші есімдермен сөз тіркестіру және сөйлемдер құрастыру;
дамытушылық: қазақша сөйлеу мәдениетін дамыту, пәнге деген қызығушылықтарын арттыру, сөздік қорларын молайту, қызығушылық іс-әрекеттерін дамыту, сауатты сөйлеп, әдемі жаза білуді үйрету;
тәрбиелік: ұйымшылдыққа, ұстамдыққа, адамгершілікке үйрету, патриоттық сезімдерін ояту, елін, жерін, Отанын сүюге,тілді құрметтеуге  тәрбиелеу; 
Сабақтың түрі: жаңа сабақ.
Әдіс-тәсілдері: сұрақ-жауап, әңгімілеу, мәнерлеп оқу.
Сабақтың көрнекілігі: «Көмекші есімдер» тірек-сызба, «Астана» -слайдтар, тест сұрақтары.
 
Сабақтың барысы:
1. Ұйымдастыру кезеңі.
Оқушыларды  түгелдеу.
Оқушылардың сабаққа  дайындығын тексеру, сабаққа  назарын аудару.
Сабақтың тақырыбын, мақсатын хабарлау.                                 
 
2. Үй  тапсырмасын тексеру. (барлық ережелерді қайталап келу)
-Буын түрлерін атаңдар. Мысалы.
-Зат есім деген не? Мысалдар.
-Зат есімнің неше септіктері бар? Қандай? Сұрақтарын айтыңдар...
- Ережені бекіту мақсатында  бір  сөз тіркесін  жазып септеңдер. Оқушылар дәптерлерімен ауысып,бірін-бірі тексеріп бағалайды.
 Тақтаға бір оқушы шығып  сөз тіркесін  жазып септейді,оқушылар
сол оқушының  жұмысын тексеріп, қосымша сұрақ қойып бағалайды.
 
Мысалы:
А.с.бос уақыт+ым
І.с. бос уақыт+ым+ның
Б.с. бос уақыт+ ым+а
Т.с. бос уақыт+ ым+ды
Ж.с. бос уақыт+ ым+да
Ш.с. бос уақыт+ ым+нан
К.с. бос уақыт+ ым +мен
 
3. Жаңа тақырып.Көмекші есімдер. «Астана қаласы».
-Тақтадағы «Көмекші есімдер» атты тірек-сызбаға назар аударыңдар.
 Заттың, нәрсенің атын білдіріп, толық мағыналы сөзбен тіркесе жұмсалатын есімдерді көмекші есімдер дейміз. 
Көмекші есімдер : үсті, алды, жаны, іші, асты, арты, қасы,сырты
Көмекші есім тіркескен сөз ілік септігі жалғауын ашық жалғауы да мүмкін, мысалы; үйдің маңы, мектептің алды, баланың сөзі;
жасырын түрде де көрінуі мүмкін: үй маңы, мектеп алды, бала сөзі.
-Ережені бекіту мақсатында  тақтада жазылып тұрған сөйлемдердегі көп нүктенің орнына керекті көмекші есімдерді қойып жазыңдар. Оқушылар бір-бірлеп  тақтаға шығады.
 
Керекті сөздер: жанында, асты, үстінде, қасына, ішінде, маңы, алды, сыртында
Мектептің ... кітапхана бар.(ішінде )
Үстелдің ...оқулық жатыр. (үстінде)
Қаланың ... өзен ағып тұр.(сыртында)
Үй ...  тап-таза. (маңы)
Есік ...  гүлдер өсіп тұр.(алды)
Аяқ ... кілем төселіп жатыр.(асты)
Ол тақтаның ... келіп тұрды.(қасына)
Мұғалімнің ... оқушылар отыр.(жанында)
 
-Сөздіпен жұмыс.
Сөздерді дұрыс оқып,сөз тіркестер,сөйлем құрастырыңдар(ауызша). 
Сөздерді сөздік дәптерлеріне көшіріңдер.
 
- Балалар,біздің тәуелсіз еліміздің бас қаласы қандай? –Астана.
Слайдқа назар аударыңдар. 
Астана туралы қысқаша мәлімет  тындаңдар.
 (Астана туралы слайдтар.)
-Балалар,Астана туралы кім,қандай қосымша мәліметтер  біледі?
Астана туралы ауызекі сөйлесу.
-Мәтінмен  жұмыс .
2- тапсырма, мәтінді түсініп оқу. Орысшаға аудару. Көмекші есімдерді өзі байланысып тұрған зат есімдермен теріп жазу. (3 қатарды жарыстырып, тақтаға шығып орындату). Бағалау.
3- тапсырма,берілген сөздерді тіркестіріп,сөйлем құраңдар. Бағалау.
4.Сабақты бекіту. 
-Тест сұрақтары (15 сұрақ). Бағалау.
-Астана қаласы сөзінен сөздер құрастыру.
(ас,аса,тана,ана,ат,сан,сана,нас,қал,қала,ал,сал,қыс,алыс,қыл,салақ,лақ...)
5.Сабақты қорытындылау. Бағалау.
6.Үйге тапсырма: ережені жаттау, 
5-тапсырма.-өлеңді жатау, 
6-тапсырма.- тапсырманы жазбаша орындау

Соңғы жарияланған материалдар тізімі
Астана. Көмекші есімдер.
Менің туған өлкемнің табиғи ерекшеліктері.
Көмекші есімдер
Зат есім
Біздің қала. Біздің ауыл
Астана қаласы
Оқушыларға шығыс септігіндегі зат есімдер
Астана-Қазақстанның бас қаласы
Жарасқан Әбдірашев
Астана- бас қала сан есімдер
Бөлім: Уроки / Қазақ тілі | Көрсетілім: 10219 | Қосты: NA | Ілмек сөздер:
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Бөлімдер
История
открытые уроки по истории
Педагогика
открытые уроки по педагогике
Биология
открытые уроки по биологии
Информатика
открытые уроки по информатике
Математика
открытые уроки по математике
Физика
открытые уроки по физике
Химия
открытые уроки по химии
Разное
открытые уроки
География
Открытые уроки по географии
русский язык