Ұстаздар сайты u-s.kz Сайттың атауы www.u-s.kz
» » Дауыссыз дыбыстар және олардың түрлері


Дауыссыз дыбыстар және олардың түрлері

Дауыссыз дыбыстар және олардың түрлері

Сабақтың мақсаты:

1.Білімділік. Дауыссыз дыбыстар, олардың түрлері туралы мәліметтер беру.

2.Дамытушылық. Логикалық ойын дамыту, дұры, анық сөйлеуге жаттықтыру, тапқырлық, ізденімпаздық қасиеттерге жетелеу, шығармашылық қабілетін дамыту.

3.Тәрбиелік. Мәтін арқылы жақсылыққа, ізгілікке тәрбиелеу, тіл құдіретін сезінуге, сөз мағынасын дұрыс ұғынуға, орынды қолдануға тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: аралас сабақ

Сабақтың әдіс – тәсілі: сұрақ – жауап, түсіндіру, «Венн диаграммасы», үлестірме қима қағазбен, жаттығумен жұмыс, ой дамыту, жүгіртіп оқыту.

Сабақтың көрнекілігі: дауыссыз дыбыстардың тірек-сызбасы, үлестірме қима қағаздар.

Сабақтың барысы:

І.Ұйымдастыру кезеңі.

Оқушылармен  амандасу, түгелдеу, сабаққа даярлау.

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру.

  1. Қазақ тілінде қанша дауысты дыбыс бар?
  2. Дауысты дыбыстар өз ішінде қандай топтарға бөлінеді?
  3. Жуан және жіңішке дауысты дыбыстар не білесің?
  4. Ашық және қысаң дауыстылар туралы айт.
  5. Еріндік және езулік дауыстылар қалай жасалады?
  6. Жаттығуды тексер.

ІІІ. Өткен материалдар толықтырылып қорытындыланып, өткен сабақпен байланыстырылып, оқушылар зейінің жаңа сабаққа аудару.

ІV. Жаңа сабақ.

Мұғалім:

  • Балалар, енді дауыссыз дыбыстармен танысайық. Дауысты дыбыстарды айтқанда ауа кедергіге ұшырамаса, дауыссыз дыбыстарды ауа кедергіге ұшырап, өппеден шыққан ауа сөйлеу мүшелеріне соқтығып, салдыр пайда болады. Сондықтан дауыссыз дыбыстарда үн болмайды немесе өте аз болады. Салдыр мен үннің қатысына қарай дауыссыз дыбыстарды қатаң, ұян, үнді болып үш топқа бөлінеді (Слайд бойынша түсіндіру).
  •  

Дауыссыз дыбыстардың түрлері

Қатаң

Үнді

Ұян

2. Жүгіртіп оқу барысында дауыссыз дыбыс түрлеріне (ережеге) шолу жасау.

 1 – оқушыға қатаң, 2 – оқушыға ұян, 3 – оқушыға үнді дауыссыздардың жасалу жолдарын оқыта отырып түсіндіру.

1 – оқушы. Салдырдан жасалған қатаң дауыссыздар: п,ф,к,қ,с,т,ш,щ,х,ц,ч,һ.

2 – оқушы. Салдар мен үннің қатысы арқылы жасалған, бірақ үннен салдыры басым болатын үнді дауыссыздар: б,в,г,ғ,д,з,ж.

3 – оқушы. Үн мен салдардың қатысынан жасалып, бірақ салдардан үн басым болатын үнді дауыссыздар: р,л,й,у,м,н,ң.

3. Жаттығулар бойынша жұмыс. (Дәптермен жұмыс)

261 – жаттығу. Түсініп оқып, мәтіндегі ақыл мен ғылымның сөздерін түсінуге жол ашу. Сынып оқушыларын нұсқауға бөліп, І нұсқадағы оқушыланға ақылдың сөзін, ІІ нұсқадағы оқушыларға ғылымның сөзін көшіртіп, қатаң дауыссыздардың астын бір, ұяң дауыссыздардың астын екі, үнді дауыссыздардың астын ирек сызықпен сыздыру.

262 – жаттығу. Ауызша жұмыс. Берілген жұмбақтарды мәнерлеп оқу, жауабын табу, шешуі болатын дыбыстарға сипаттама беру.

263 – жаттығу. Жаңылтпаштар мен өтірік өлендерде сөздер неге бірдей дыбыстардан басталған деген сұрақ арқылы дамыта оқыту. (Ассимиляция ұғымына түсінік беру).

 

Дауысты дыбыстар тілдің, жақтың, ерін мен езудің қатысына қарай

Дауыссыз дыбыстар үн мен салдырдың, айтылу тәсіліне, жасалу жолына қарай

V. Жаңа сабақты бекіту. «Венн диаграммасы»  арқылы бекіту.

Ортақ өасиеті дыбыс, дыбысталу мүшелері арқылы жасалады

VІ. Қорытынды. Үлестірме қима қағаздар бойынша қорытындылау.

1 – қима қағаз. Ш-дан басталып, ш-ға аяқталатын қандай малдың атауы? (шыбыш)

2 – қима қағаз. Адасқан әріпті орнына қой.

Б,л,а,б,қ,ш,а,а,а (балабақша)

3 – қима қағаз. К –дан басталсам, маған қарап сабақ айтады, п – дан басталсам, балалар маған жүгін артады. (карта, парта)

4 – қима қағаз. Адасқан әрепті орнына қой.

М,д,и,н,т,е,і,т,ә (Мәдениетті)

5 – қима қағаз. Ж-дан басталса, жыл мезгілі, К-дан басталса онда ол құс белгілі. (жаз, қаз).

Бұл қандай дыбыстар?

 VІІ. Үйге тапсырма. Ережелерді түсініп оқу, 266 – жаттығу. Жұмбақтарды шешу, шешуі болатын сөздегі дыбыстарды талдау.

VІІІ. Оқушылардың білімдерін бағалау.


Соңғы жарияланған материалдар тізімі
Дауыссыз дыбыстар
Дауыссыз дыбыстар
Фонетикалық талдау
ДАУЫССЫЗ ДЫБЫСТАР, ТҮРЛЕРІ
Фонетика
Дауыссыз дыбыстар
Дауыссыз дыбыстардың түрлері
«Дауысты дыбыс» бойынша тест сұрақтары
«Дауыссыз дыбыс» тақырыбы бойынша
Дауыссыз дыбыс
Бөлім: Уроки / Қазақ тілі | Көрсетілім: 6981 | Қосты: Тукушева Аида Советжановна | Ілмек сөздер:
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Бөлімдер
История
открытые уроки по истории
Педагогика
открытые уроки по педагогике
Биология
открытые уроки по биологии
Информатика
открытые уроки по информатике
Математика
открытые уроки по математике
Физика
открытые уроки по физике
Химия
открытые уроки по химии
Разное
открытые уроки
География
Открытые уроки по географии
русский язык