Ұстаздар сайты u-s.kz Сайттың атауы www.u-s.kz
» » Сәлем берем үлкенге . Сөйлеу мәдениеті.


Сәлем берем үлкенге . Сөйлеу мәдениеті.

Сәлем берем үлкенге . Сөйлеу мәдениеті.

    Сабақтың тақырыбы: Сәлем берем үлкенге . Сөйлеу мәдениеті.

     Сабақтың мақсаты:

       Тәрбиелік:Оқушыларға сөйлеу мәдениеті жайында түсінік беру, әдепті сөйлеуге машықтандыру; ұлттық қасиетімізді балалардың бойына қалыптастыру, оқушыларды инабаттылыққа , әдептілікке тәрбиелеу.

        Білімділік:Оқушыларды сөздің төркінін түсініп,орынды сөйлеуге,өзойларын толық жеткізе білуге үйрету,ізгілік негіздерін бойларына дарыту.

        Дамытушылық:Шешендік сөздер,мақал-мәтелдерді көп білу арқылы шәкірттерді адамгершілікке,имандылыққа,әділдікке тәрбиелеу және бала лексикасының қорын одан әрі молайту,мағұлмат арылы рухани байлығын, ойлау қабілетін дамыту.

            Сабақтың түрі:аралас сабақ

        Әдіс-тәсілдері:баяндау,мақал-мәтелді жатқа  айту

        Сабақтың көрнекілігі: Сюжетті суреттер,нақыл сөздер,тірек-сызбалар,презентация.      

     Сабақтың барысы:

       I.Бағдарлау – мотивациялық кезең:

     -Баяғы өткен заманда бір әділ хан өзінің хандығын үш ұлының қайсысына мұрагерлікке берерін білмей қатты қынжылыпты. Ұлдарын жинап алып халықтың алдына барады. Мұндағы ханның айтқаны :

     -О, білгені мен көргені дарияның суындай сарқылмас халқым, өзім бір елді басқарып , неше дауды шешсем  де , бұл күнде түйіні жоқ. Тығырыққа тірелдім. Сол себепті өздеріңізден ақыл сұрап келдім. Мұрагерлік тағымы халықты билеп , ел басқаруға ұлдарымның қайсысын қоярымды білмей қиналудамын. Үлкен ұлым – ер жүрек, батыр, өзіңе сенімді. Ортаншы ұлым – елші боларлықтай қулығы бар жан. Ал ең кіші ұлым сабырлы, ісімен сөзін ойлап істейді, -деп сипаттапты.

Сонда  ортаға бір қарияның шығып айтқаны:

     -Елің жауынгер болсын десең , таққа үлкен ұлыңды қой, саудагер  болсын десең ортаншы ұлыңды қой, тату болсын десең кенже ұлыңды қой,- депті.

     Сонда хан ойланып кіші ұлын мұрагер етіпті деседі. Себебі жылы, сәлемі жақсы ел тату болады, бірліктегі ел батыр болады.

    Ой тұжырымдамасы :

     -Балалар, хан қандай қасиеті үшін кіші ұлын хан тағына отырқызыпты?

    -Қалай ойлайсыңдар жылы сәлемдесу әдептілікке жата ма? 

  1. Операционалдық – орындаушылық кезең:

116-жаттығу.(Ө. Ақыпбекұлының «Сәлем берем үлкенге» өлеңі)

1- слайд: Мұғалімнің өлеңді мәнерлеп оқуы:

Көшелерден біз өткен

Ата көрсем,

Жақын кеп,

Сәлем берем ізетпен:

“Ассалаумағалейкум!”, - деп.

Алдан әже жолықса,

Бөгелем де әдейілеп

Сәлемдесем сол тұста:

“Есенсіз бе, әжей!”, - деп.

Кім кезіксе көшеде,

Таныс емес демеймін.

Аға, тәте, көкеге,

“Сәлеметсіз бе!”, - деймін.

                                                                      Өтепберген Ақыпбекұлы

     2-слайд:  Сәлемдесу түрлері: Амансыз ба,Сәлем,Сәлеметсіз бе,          Ассалаумағалейкум,Қайырлы таң,Қайырлы күн,Мал-жаныңыз аман ба.

     Қазақ тәрбиені амандасудан,есен-сау сұрасудан бастаған.Кейбір егде адамдар Ассалаумағалейкум дегенінен-ақ кім екеніңді білдім деп жатады.Бұл

кездейсоқ айтыла салған сөз емес,олай болса,мәнісіне үңіліп көрейік

     Біріншіден,сәлем берген кісінің дауысының шығуын,сәлем беру ырғағын байқайды.

     Екіншіден,сәлем бергенде өзіңді қалай ұстайсың,қалай тұрасың.Үлкендер алдындағы сәлемің,басшымен амандасу, қол қысысың да,бірталай нәрсені аңғартады:егде кісінің не жас баланың қолын қаттырық қысып жіберсеңіз, дөрекілігіңіз бірден көзге көрінеді.

     Сіз амандасып болғанша, сәлем алушы үсті-басыңызға қарап та үлгереді,киіміңіздің өзіңіздің жас мөлшеріңізге жарасымды,жарасымсыз екенін де байқайды.Осылардың бәрін ой елегінен өткізе келіп,сен туралы белгілі пікір түйеді.

     Жалпы сәлемдесу мәдениеттің сырт көрінісі болып көрінгенмен,адамның ішкі мәдениетін де біраз көтеріп тастайды.”Сәлеміңнен жаңылма”,”Сәлемің дұрыс болсын” деген талаптың өзі-ақ сәлемдесу мәдениетінің,адамгершіліктің белгісі екендігін анықтап тұрғандай.

     Көрініс: Әр елдің сәлемдесу түрлерін,салтын көрсету.

Өлеңді оқушылардың дауыстап, дұрыс оқуы.

 Өлең мазмұны бойынша сұрақтар мен тапсырмалар:

- Өлең не жайлы?

- Өзін үлкендермен қалай сәлемдесесің?

- Сәлемдесуге қатысты қандай сөздерді білесің?

3-слайд:

Сөздік жұмысы:   Дәптерге жазу.

Бөгелем – тоқтаймын

Кезіксе – кездессе

Есенсіз бе? – амансыз ба?

“Ассалаумағалейкүм” – Аланың нұры жаусын.

117-жаттығу.

Сергіту сәті:

Үлкенге Сіз!

Кішіге де Сіз!

Бар әлемнің баласын,

Құрметтейміз Біз!

4-слайд: 118-жаттығу.

  Оқушыларға өлеңдер оқыту

Атам менің әманда,

Әдепті жан  бол деген.

Ата сөзі санамда,

Жасы үлкенге жол берем.

Алдын орап  кісінің,

Кесіп өтпей көлденең

Ізетімен кішінің,

Сәлемдесіп қол берем.

Анам маған-үлкенді сыйла- деген,

Сол сөз маған ізгілік құйған ерен.

Үлкендерден ауысқан кішілікті,

Үлкендердің өзіне сыйға берем.

 

Сыйлап сәлем береміз,

Көршілерді көргенде.

Ізетті деп біліміз,

Үйге қонақ келгенде

Әдепсіз деп сөкпесін,

Анама айтып өкпесін.

 

 5 -слайд: Ойын

    Не істеуге болмайды?

    Не істеу керек?

    Сиқырлы сөздер.Ізгі сөздер.

III. Рефлексиялық – бағалау кезеңі.

Сәйкестіндіру тесті:(карточка)

Екі бағандағы сөздерді қолданылуына қарай сәйкестендіруді толықтыр:

  1. кешіріңіз                                         а. Халіңіз қалай?
  2. сәлеметсіз бе?                                ә. Кітапты алып бересіз бе?

          3.        реңжімесеңіз                                  б. Кіруге болады ма ?

 

             6-слайд: Мақалдың жалғасын тап:

Сіз деген әдеп                                         Иіліп сәлем бергені

Әдептілік белгісі                                  Әдепсіз бала-сорлы бала,

Әдепті бала-арлы бала.                         Біз деген көмек


Соңғы жарияланған материалдар тізімі
«Сәлем – сөздің анасы»
«Сәлем – сөздің анасы»
Мен әдепті баламын.
Сөз анасы – сәлем
Мен әдіпті баламын
Аталы сөз - баталы сөз
Күлмеңіздер кәріге М. Дулатов
Буын
Математика аруы -2014
Сәлем берем үлкенге
Бөлім: Уроки / Ашық сабақтар | Көрсетілім: 15473 | Қосты: Мусаева Айсауле | Ілмек сөздер:
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Бөлімдер
История
открытые уроки по истории
Педагогика
открытые уроки по педагогике
Биология
открытые уроки по биологии
Информатика
открытые уроки по информатике
Математика
открытые уроки по математике
Физика
открытые уроки по физике
Химия
открытые уроки по химии
Разное
открытые уроки
География
Открытые уроки по географии
русский язык