Ұстаздар сайты u-s.kz Сайттың атауы www.u-s.kz
» » Аталы сөз - баталы сөз


Аталы сөз - баталы сөз

Аталы сөз - баталы сөз

Сабақтың мақсаты: халқымыздың тәлім-тәрбиесі ананың ақ сүтімен, әке өнегесімен, ата ақылымен берілетін өзіндік ұлттық қасиетімізді балалардың бойында қалыптастыру:

Сабақтың көрнекілігі: Қанатты сөздер.

Сабақтың барысы.

1-жүргізуші. «Сөз атасы – сәлем» деген емес пе? Алдымен амандасайық. Армысыздар ағайлар мен апайлар.

2-жүргізуші. «Жаңбырмен жер көгерген, батамен ел көгерген» демекші, бұл кеште ақылдың кені балалар өсиетімен танысасыздар.

1-оқушы: Ей, тақапар дүние,

                 Маған да бір қарашы.

                 Танимысың сен мені,

                 Мен қазақтың баласы.

2-оқушы: Сәулелі сөз сөне ме?!

                 Орны бөлек батаның.

                 Бізге тәлім өнеге-

                 Ақ тілеуі атаның.

3-оқушы:  Атам менің әмәнда

                  Әдепті жан бол деген.

                  Атам сөзі санамда,

                  Мақтанбауды жөн көрем.

4-оқушы:  Алдың орап кісінің

                  Кесіп өтпей көлденен.

                  Ізетімен кішінің

                   Сәлемдесіп қол берем.

1-жүргізуші.

-Бабалар, аталы сөз кімге керек деп ойлайсыңдар?

- Аталы сөз ақындарға керек.

-Жоқ, балалар, аталы сөз бәріне керек. Естеріңде болсын, ақылдыға – аталы сөз дана болу үшін керек. Жақсыға ақылды болу үшін керек.Аталы сөз өсетін жақсы, өнерлі жанға керек.

5-оқушы. Адам сәні - өнер, білім, ақыл.

Жердің сәні – жеміс, өнім, дақыл.

6-оқушы. Сөздің сәні -өнегелі, өткір нақылы. Пікірдің сәні – ең пайдалы мақұлы депті. «сөздің көркі – мақал» деген ұғым бар.

               Ата – баланың қорғаны.

               Ел құлағы елу.

               Атасы жоқ –қас жетім,

               Анасы жоқ- тас жетім.

               Білген адам тауып айтады,

             Білмеген адам қауып айтады.

              Атадан бала қалса игі,

              Ата жолын қуса игі.

               Батыр майданда шынығады,

             Болат қайнауда шынығады.

             Асыл тастан, өнер жастан.

9-оқушы.

Жақсы бала құлақ сап, айтқаныңды ұғады,

Төсегінен тұра сап, таза ауға шығады.

Жақсы бала ол анық істемейді шалалық,

Тап –таза боп жуынып, алады ол таранып.

10-оқушы.

Өзге ұлттан кемсанама өзіңді,

Қай кезде де бол шыдамды да төзімді.

Жүрсеңдағы қай қиырда, қай жерде,

Сақта есіңе, менің осы батамды.

Енді сіздерге музыкалық сәлемімізді жолдаймыз.

Хош сау болыңыздар.


Соңғы жарияланған материалдар тізімі
Сәлем берем үлкенге . Сөйлеу мәдениеті.
« Әдепті бала - әдемі бала»
«Сәлем – сөздің анасы»
Әдептілік-тәрбие бастауы.
Ақылды тыңдай білу де өнеге
Тәрбиенің ең тамаша мектебі –отбасы
Алтыбақан
Жұрнақ
Адамгершілік – асыл қасиет
Туа жаман жоқ, жүре жаман бар
Бөлім: Уроки / Әдебиет | Көрсетілім: 10348 | Қосты: Сағындикова Ғалия Қайырбекқызы | Ілмек сөздер:
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Бөлімдер
История
открытые уроки по истории
Педагогика
открытые уроки по педагогике
Биология
открытые уроки по биологии
Информатика
открытые уроки по информатике
Математика
открытые уроки по математике
Физика
открытые уроки по физике
Химия
открытые уроки по химии
Разное
открытые уроки
География
Открытые уроки по географии
русский язык