Ұстаздар сайты u-s.kz Сайттың атауы www.u-s.kz
» » Садуақас күйімен жұмыс


Садуақас күйімен жұмыс

Садуақас  күйімен жұмыс

  Сабақтың тақырыбы:  Садуақас  күйімен жұмыс. 

Сабақтың мақсаты: Оқушыларды домбырада Садуақас күйлерін орындай білуге үйрету.

Білімділігі:.Садуақас күйлерінің шығу тарихымен таныстыра отырып, күй туралы теориялық білім беру.

Тәрбиелігі: Садуақас күйлерінің шығу тарихын түсіндіре отырып, өнерді құрметтеуге, бабалар мұрасын қастерлеуге тәрбиелеу

Дамытушылығы: Күйді тыңдата отырып, есту қабілеті мен күйге деген қызығушылығын ояту, әдебиет пәнімен, этнографиямен байланысын арттыру.

Типі: жаңа ұғымды қалыптастыру.

Әдісі: көрнекі ойлау, ситуациялық сұрақтар, тест.

Түрі: ізденіс сабақ.

Көрнекілігі: домбыра, буклет, плакат, үнтаспа.

Сабақтың барысы:

1.Ұйымдастыру кезеңі: Оқушылардың көңілкүйі, сабаққа дайындығы сұралады.

ІІ. Үй тапсырмасын сұрау: 1. D – dur гаммасы әртүрлі штрихтармен орындау.

2. Е.Үсеновтың «Майраның әні» шығармасын                                                    күйсандықтыңсүйемелдеуімен жатқа орындау.

                                      3. Қазанғаптың: «Күй басы Ақжелең» күйін жатқа орындау.

ІІІ. Актуалдау: Тест – руно

1.Қазанғап қай өңірдің күйшісі?

а) оңтүстік      с) батыс           б) шығыс

 2. Қазанғаптың күйін ата

ә ) ақжелең     е ) адай            ж) әлқисса

3.Қазанғаптың туған жерін ата

а) Қызылорда облысы Арал ауданы

о) Атырау облысы Махамбет ауданы

д) Ақтөбе облысы Шалқар ауданы

4. Ауданымыздағы саз мектебі кімнің атымен аталады?

а ) Құрманғазы          с) Дина       у) Қазанғап

5. Жуырда Қазанғаптың неше жылдығы атап өтілді ?

а) 155      д) 180      в) 150

6. Қазанғап күйлерін кімге арнады?

а ) Айжанға          с) Гүлжанға              қ) Балжанға

7. Қазанғап күйлері күйдің қай түріне жатады?

б) шертпе    а ) төкпе ә) тартыс

8. Қазанғап «Ақжелеңнің» неше түрін шығарды?

С) 62            а) 72     б) 82

Дұрыс жауап: «Садуақас» сөзін құрайды

ІV. Жаңак сабақ: Садуақас күйімен жұмыс.

Ойға шабуыл:

1. Садуақас есімінің «Тірі Қазанғап» аталуы неліктен? Қандай мәнге ие?

2. Садуақас Балмағанбетов жайында не білеміз?

Қазанғап күйлерін зерттеуші                          

Дарынды ұстаз

Садуақас Балмағанбетов.

 Көптеген күйлердің авторы

Асқан домбырашы                           Қазанғап күйлерін жалғастырушы

   Садуақас Балмағанбетов Әдіманұлы 1941 жылы Ақтөбе облысы Шалқар ауданындағы «8 март» колхозында туды. Күйші Қазанғаптың шәкірттерінің бірі, туған нағашысы Матай Қуантайұлы болды. Бертін келе Қазанғаптың дәстүрін жалғастырушы шәкірті, әйгілі күйші, әрі аса шебер домбырашы, әрі шешен насихатшы Кәдірәліден кейін Келбет, Жәлекеш, Құрманғали сияқты күйшілерден домбыра тарту шеберлігін үйренген

   Садуақас Балмағанбетов – белгілі күйші, ұлағатты ұстаз, шебер домбырашы. Өз заманының  «Тірі Қазанғабы» атанды.

Қазанғап мұрасын А. Жұбановтан кейін беріле зерттеуде аянбай еңбек еткен  Садуақас Балмағанбетов еді. Садуақас 1974 жылы Құрманғазы атындағы қазақ мемлекеттік консерваториясын бітіріп, осы оқу орнында еңбек етті. Сол кездегі билік Қазанғапқа әлі де қырын қарап тұрғанына қарамастан, қазанғаптануға кірісіп кетті. Ол күйшінің өмірі туралы бұрын да жетік білетін. Садуақас осы өңірде туған. Күйлеріне бала кезінен қанық. Қазанғаптың шәкірті болған әкесі Балмағанбеттен талай күйді үйреніп өсті. Енді тек ғылыми тұрғыдан зерттеп, дәлелдеу керек еді. «Тірі Қазанғап» атанған Садуақас Балмағанбетов балалық, студенттік шақтан кейінгі тура 25 жылдық профессионалдық ғұмырын Қазанғапты ғылыми зерттеуге арнады.

   Ұлы сазгер Н.Тілендиев бір отырыста Садуақастың тартқан күйіне тәнті болып, «Мынау кімнің күйі?» депті. Қазанғап сырбаз, ешкімге бас имейтін, өткір мінезді Сәкең: «Немене, Қазанғап Тілепбергенұлы деген қазақтың ұлы күйшісін білмеушіме ең, бұл сол Қазанғаптың «Кербез Ақжелеңі» деген екен. Сонда Нұрғиса «Ойпырмай, сонда бұл күйді Қазанғаптың өзі қалай тартты екен, сен нағыз тірі Қазанғаптың өзісің ғой» деп, Садуақастың домбыра тарту шеберлігіне өз бағасын берген екен. Содан кейін Садуақас Балмағанбетов күйші домбырашылар, өнер адамдары арасында, ел ішінде «Тірі Қазанғап» атанып кетеді.

С.Балмағанбетов Қазанғап күйлерін нотаға түсіріп, 1983 жылы күйтабаққа қалдырды. «Саз зергері Қазанғап» атты кітабы 2001 жылы профессор Айтжан Тоқтағанның көмегімен жарық көрді.Кітапта Қазанғаптың 20 күйінің нотасы берілген, әрбір күйдің шығу тарихы айтылған. С. Балмағанбетовтың орындауындағы «Қазанғаптың күйлері» атты үнтаспа шығарылды.

V. Сергіту сәті. Үнтаспадан «Солдат қуанышы» күйін тыңдау.

VІ. Сабақты дамыту. «Солдат қуанышы» күйін талдау.С. Балмағанбетов «Солдат қуанышы» атты күйін өзінің әскердегі жолдастарына арнап шығарған. Күй көңілді, марш екпінінде, көбіне пунктирлі ырғақта орындалады. Күйдің өлшемі 12/8

VІІ.. Сабақты бекіту. Венн диаграммасы.

 

Қазанғап

 

Садуақас

Күйші

Төкпе күй дәстүрі

Домбырашы

Батыс күйшілік мектебінен

Щалқарда туған

 

 

VІІІ. Сабақты қорыту.

Тиегін саздың ағытып.

Көңіліңнен қоңыр желі ессе.

Шалқыған сенің шабытың

Шалқар көл бейне емес пе! – деген екен, ақын Бәкір Тәжібаев Садуақас Балмағанбетовке арнаған өлеңінде. Ендеше Садуақастай өнер саңлағының шалқыған шабытқа толы күйлкрін қастерлей білейік.

ІХ. Үйге тапсырма беру: «Солдат қуанышы » күйін берілген жерге дейін жүргізіп ойнау.

Х. Бағалау. 


Соңғы жарияланған материалдар тізімі
Күй анасы Дина
Нұрғиса қазақтың сұлу сазды жүрегі
Дина күйлерінің қағыс ерекшеліктері.
Қазағымның қазынасы-домбыра
Сәкен Сейфуллин (1894-1938)
Ахтанов «Күй аңызы»
Дәстүрлі күйшілік өнер
Күйдің Қаршығасы
Әйгілі күйші, композитор Қазанғап Тілепбергенұлы
Саз- зергері Қазанғап
Бөлім: Уроки / Ашық сабақтар | Көрсетілім: 2272 | Қосты: Ауашова Ақбөпе Түлкібайқызы | Ілмек сөздер:
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Бөлімдер
История
открытые уроки по истории
Педагогика
открытые уроки по педагогике
Биология
открытые уроки по биологии
Информатика
открытые уроки по информатике
Математика
открытые уроки по математике
Физика
открытые уроки по физике
Химия
открытые уроки по химии
Разное
открытые уроки
География
Открытые уроки по географии
русский язык