Ұстаздар сайты u-s.kz Сайттың атауы www.u-s.kz
» » Ұстаз- ұлағатты есім


Ұстаз- ұлағатты есім

Ұстаз- ұлағатты  есім

 

Тақырыбы:  Ұстаз- ұлағатты  есім

Тәрбие сағатында қолданылатын оқу құралдары: Қанатты сөздер жазылған плакаттар, ішіне қырық тілек жазылған түрлі-түсті қырық шар, интерактивті тақта

Сабақтың мақсаты:Оқушыларды білім нәрімен сусындатқан ұстаздарына, мектебіне деген балалық алғыстарын, сүйіспеншіліктерін білдіру.

Сабақтың барысы: 
Құрметті ұстаздар қауымы! Төл мерекелеріңіз құтты болсын! Сіздерді қазан айында аталып өтетін Мұғалімдер күнімен шын жүректен құттықтаймыз! Бүгінгі мейрам күнінде ұстаздармен ата - аналарға мықты төзім, отбасыларыңызға ырыс пен береке, шығармашылық мол табыс, бірлік пен бейбітшілік, ал балдырғандарға жақсы оқу, сәттілік пен бақыт, асқақ армандармен және мықты мектеп достығын тілеймін.
Елбасы «Тәуелсіздік туы - білімді ұрпақ қолында» - деп атап көрсеткен болатын. Тәуелсіздігіміздің тірегі, еліміздің ертеңі болатын сол білімді ұрпақтың ұстазы – Сіздерсіздер! Бұл бір жағынан үлкен абырой, екінші жағынан жоғары жауапкершілік. Сіздердің бала көңілдеріңіз əр оқушының жан дүниесін нұрландырып, жүрегіне шапағат нұрын төгуде. Мұғалімнен өнеге - білім алып, өмір теңізіне құлаш ұрған кез келген шәкірт ұстазымен мақтанады. «Мектептің жүрегі», «Бала жанының бағбаны»
… Иə, бұл мектеп мұғалімі — ұстазға арналған теңеулер. Мұндай мадақтауларды жалғастыра берсек, даналық сөздер тізбегі шексіздікке ұласады. Мерейлі мерекеде дендеріңізге саулық, отбасыларыңызға амандық, істеріңізге сәттілік тілеймін!

 

 Сахна сыртынан Ұстаз  туралы өлең оқылады

 

Гүлжан:Данышпан да, дана да оқып сенен,
                        Атақ-даңқын асырды бар әлемнен.
                       “Ұстаз” деген аяулы, асыл жанды,
                        Жақсы көрем, арнаймын жақсы өлең!

  1. Жүргізушілер шығады.

1- жүрг. Армысыздар, бармысыздар,   Қош келдіңіздер,  Құрметті де аяулы  ұстаздар!

2-жүрг. 

Ұстаз деген – жарық күні ғаламның,
Ұстаз деген – анасы ол адамның.
Бүкіл әлем мойындайды еңбегін,
Сен де одан адам болып жаралдың.
Ұстазыңды түсінген сен тереңнен,
Бар әлемге еңбегімен еленген.
Сенің бағың өрге қарай өрлесе,
Ол да бірге қуанышқа кенелген.
Сол арқылы сен де өмірді жалғадың,
Ізгі іс қой, ұстаз тілін алғаның.
Мақтау алсаң ұстаздардың алдында,
Ол өзіңнің орындалған арманың.
Ұстаз сөзін айтып жүрдік ән қылып,
Одан басқа жүрген кім бар жанды ұғып.
Ұстаз деген – ұлылардың ұлысы,
Қасиеті бас иерлік мәңгілік!
         1- жүрг. Досжан  Бүгін бізде үлкен мереке. Бүгін ұстаздар қауымының төл мерекесі. Олай болса бүгінгі күн ұстаздарға арналмақ. Ұстаз -ұлағатты есім. Күн сәулесі өмірге қандай жарық берсе, ұстаз есімі де шәкірттерге күндей жарық береді.

Ақырын жүріп анық бас.

Еңбегің кетпес далаға

Ұстаздық еткен жалықпас,

Үйретуден балаға, – деп Абай атамыз айтқандай, шәкірттерінің өзінен озғанын калаған ұстаздар қауымы, мерекелеріңіз құтты болсын!

II жүргізуші: Денсаулықтарыңыз  мықты болсыншаңырақтарыңыз шаттыққа  толсын, біздей  шәкірттеріңіз көп болсын!

БІРГЕ:  Мерекелеріңіз құтты болсын!

     Ұстаз туралы ән сіздерге арналады, аяулы ұстаздар, қабыл алыңыздар! 

 Алдарыңызда «Ұстазым менің» әнімен Қабыл Гүлжанды қол соғып, қошеметтеп қарсы алыңыздар.           

            

1-жүргіуші: Сен қалай ойлайсың, Рыскүл  Менің ойымша, кез-келген адам  ұстаз бола алмайды. Себебі ұстаздық-өнер, тағылымы терең өнер. Ал өнерлі болу кез-келген адамға қона бермейді. Олай болса, шын ұстаз болу үшін табиғи дарын ізгілікті ізденіс пен ерен еңбекке ұштастырылуы шарт. «Шәкіртсіз ұстаз тұл» деген сөз тегін айтылмаса керек.

2-Жүргізуші:Досжан,  мен  осы сөзің дәлелді бола түсу  үшін мына жыр шумақтарын қосайын.                            

Ұстаз болу – жүректің батырлығы,

Ұстаз болу – сезімнің ақындығы,

Ұстаз болу – мінездің күн шуағы,

Азбайтұғын адамның алтындығы –

деп ақын Ғафу Қайырбеков ағамыз жырлағандай, біздің мектебімізде сөзі маржан, үні ән ұстаздардың бар болғанын мақтаныш етемін. Әрине, ұстаз жүгі–ауыр жүк. Адамның жан дүниесін түсініп, ренжітпей, қателігін сездіре білу – бұл нағыз шеберлік емес пе?!

             1-Жүргізуші:

 Ендеше, Ұрпақпен өмір жолы жалғанады,

Көңілді күндер тусын алдан әлі

Ән-шашу әсем әуен, түрлі өнер,

Бүгінгі күн сіздерге арналады.

                 Хор:Ұстазым

2-жүрг.     Күллі өмірін жеткіншекке арнаған

                  Мұғалімді ардақтайды барша жан

                  Ол мектептен шықпаса да қыс- жазы,

                  Жемісі оның жердің жүзін шарлаған

                   Бала десе ойламайды өз қамын

                   Керсем дейді күнге де кол созғанын            

                   Шәкірттерін өзінен де озғанын.  

 1- жүрг.   Ұстаздар! Қандай ғажап халықсыздар!

                  Шәкіртке шыңдай биік алыпсыздар.

                  Жан біткен жанарына нұр сыйлаған,

                  Күндей боп күлімдеген жарықсыздар.

      2-жүрг.  Досжан. екеуміз ұстаздар туралы нақыл сөздер айтып жарысып көрсек қайтеді?

      1-жүргізуші: Ал ендеше баста.

      2-Жүргізуші: «Ұстаз болу-өз уақытын аямау, өзгенің бақытын аялау»,

      1-Жүргізуші: «Ұстазға қарап шәкірт өседі»

      2-Жүргізуші: «Аспаз көрген ат таныр, ұстаз көрген хат таныр»

      1-Жүргізуші: «Ұстазыңды ұлы әкеңдей сыйла»

      2-Жүргізуші: «Ұстазы жақсының-ұстамы жақсы»

      1-Жүргізуші: Рыскүл. екеуміз Ұстаз туралы қанша мақтау сөз айтсақ та тауыса алмаспыз. Ендеше, қымбатты ұстаздар, шәкірттеріңіздің өздеріңізге арналған өлең-шумақтарына кезек берелік.

1-оқушы:  Қазыбек

Әр сабағың өтіп жатыр білінбей,

Перне басқан оркестрдің үніндей

Әр баланың жүрегіне жол тауып,

Тұрасың сен, дирижер боп күлімдей.

Әр сабаққа кіресің сен сыйынып,

Жыр оқисың нөсер болып құйылып

Қас-қабағын қалт жібермей шәкірттің,

Қарайсың-ау нұр жүзіне сүйсініп

Жалын атып, от боп, бірге жанасың,

Білім беріп, содан бақыт табасың

Бар өмірің өрнектеліп баламен,

Жасарып бір мәңгі жас боп қаласың.

 2-оқушы: Меруерт

Мұғалімді анамдай жақсы көрем,

Қиналамын қымбат теңеу таба алмай

Өз баласын тастап кетіп үйіне,

Ел баласын оқытады, ой Алла-ай.

Мұғалімді жақсы көрем сезімтал,

Үлгі етемін өнегелі сөзін бал

Мұғалімнің мұғалімін танимын,

Көкіректе көретұғын көзім бар.

3-оқушы: Заңғар

 Ұстаздарға мың алғыс

Алғыстарым көп менің,

Асыл анам, мектебім!

Үйреткені адалдық,

Ұсынғаны адамдық,

Текті мінез, даналық

Бар ұстазға тілейміз:

Бақыт, табыс, амандық!

4-оқушы: Ұлбосын

Мұғалім-ұстазысың балалардың,

Болашақ ғалымдардың, даналардың

Өмірде сенің алар орыныңды

Бәрі де жеткізе алмас бағалардың

Өткізіп өз алдыңнан талай бала,

Бойына құйдың ақыл , ой мен сана

Сарп етіп сан жылдық еңбегіңді,

Ақылшы, тәрбиеші, болдың аға

Атағым Алатаудай болып биік,

Тұрса да төбем өсіп көкке тиіп

Алдыңда әрқашанда тағзым етіп,

Тұрармын «Ұстазым!» деп басымды иіп.

3-оқушы Ардақ

Сары үрпек балапандай жапырласып,

Алғаш біз мектеп кірдік есік ашып

Күлімдеп өзің сонда қарсы алғансың,

Еппенен әр жүректің кілтін басып

Жылынған қызғалдақтай күн көзіне,

Жаутаңдап қарайтын ек біз өзіңе

Ержетіп біз де сондай болсақ  дедік

Еліктеп қимылыңа, мінезіңе

Сонда да қажымадың, қамықпадың,

Сонда да мәпелеуден жалықпадың

Күнде ойлап келешегін әр бөбектің

Арманның қанатында қалықтадың.

 Аққу биі:Орындайтын кішкентай биші қыздарымыз Гүлназым мен Қасиетті қарсы алыздыр!

4-оқушы Бексұлтан

Ақкөңіл ізгі қамқоршым,

Ақылшым,асыл,ұстазым!

Ашып тұр Отан құшағын,

Алғыспен оны құшамын.

Ұстазым, маған, сене бер,

Биікке талмай ұшамын.

Бар баланың сенгені өздеріңіз

Сол сенімді ақтаумен өрледіңіз.

Құтты болсын, ұстазым, жемісіңіз

Жана берсін жасампаз еңбегіңіз.

5-оқушы Ақбілек

«А» әрпін алғаш рет үйреткен

Оқушысын еркелеткен, билеткен

Білім менен тәрбиенің ордасы

Мектебіме бас иемін ізетпен

Мектеп – ана қанатымды шыңдадың

Сырын аштың сыр сандықтай шыңдардың

Дәл сол үшін әлі саған қарыздар

Оқып жүрген ұлдарың мен қыздарың.

1 жүргізуші:   

 Табан тіреп төзгенсің қанша ауырға

Тарап демде кетеді шаршауың да

Бал-бұл жанған балғын жүз, жәудір көздер

Тұрғанында солардың қоршауында

2 жүргізуші

  Қиындықта кезіксең көп асу да

Қанша терің төгіліп жол ашуға

Сен шәкірттің ұстазы болмайсың тек,

Сен өмірдің ұстазы боласың да!

1 жүргізуші: «Ұстаз» ұлағатты есім. Шәкірттерін білім нәрімен сусындатып, тәлім-тәрбие беру, жақсы қасиеттерді бойына дарытып, адамгершілік рухта бағыт-бағдар беруде ұстаздың еңбегі зор.

2 жүргізуші: Ия, ұрпаққа айтар ақылы, көрсетер өнегесі бар, аналық, әкелік сезімнің, дана ойдың ыстық лебі бар аға ұрпақ өкілдері, ортамызда отыр.  (қонақтарды таныстырады)

1 жүргізуші: Құрметті  апайлар мен ағайлар,  сіздер салып кеткен сара жол-ұстаз жолы – ұлы жол. Өткен жолдарыңызға көз жіберіп, еске ала отырып, өздеріңізге бірнеше сұрақ қоюға рұқсат етіңіздер.

1 қонаққа сұрақ:Дәмеш апай, Ұстаздық өмірге қалай келдіңіз? Жүрек қалауымен бе, әлде осы мамандықты таңдауға себепші оқиға немес бір жағдай болды ма?

2 қонаққа сұрақ:Райқан апай, «Ұстаз болу жүректің батырлығы» дейді, осы ұстаздық қызметті таңдауда батырлық пен қандай қасиет адам бойынан табылу керек деп ойлайсыз?

Ән: « Құтты болсын мереке » орындайтын Сенбек Бексұлтан

 2-жүргізуші: Ұстаз-шәкірт алдында сыйлы адам. Ұстаз жайлы айтылар сыр да, жыр да көп. Ұстаз сенімін ақтау-адамгершіліктің белгісі. Мұғалімнің жүрегі соғып тұруы үшін: жауаптылық, қажырлылық,, білімділік, жүректілік, сүйіспеншілік, сабырлылық керек екен.

1-жүргізуші:  Шәкірттер санасына сәуле шашып, шырақ отын маздатқан ұстаздар қауымына ақ лебіз, жылы тілегін білдіру үшін   директордың тәрбие  ісі жөніндегі орынбасары Ізбалаева Бидаш апайға сөз береміз ортаға  шақырамыз.

2-жүргізуші:  

 Асыға сәлем жолдап жүректен біз

Бірге өсіп ен жайлаған ұл менен қыз,

Тәтті күй, асқақ ән мен әсем биді,

Сіздерге тарту етіп ұсынамыз,-дей келе алдарыңызда мектебіміздің мың бұралған бишілерін ортаға шақырамыз.7-сынып оқушылары   «Жез киік»

Сағыныш сазы толқытқан,
Арнамақ сөздің мәйегін.
Шәкірттерің оқытқан,
Келіп тұр жолдап сәлемін

1.Досжан

 Суретшілік  мамандығы-мектебімнің басшысы,

Сауаттылық, іскерлікке талап қояд ол кісі.

Мейрам ағай, өзіңіздей болса егер,

Шәкірттердің алға басар бар ісі!

 

2.Сәния

 Тәрбие мен білім егіз қашанда,

Мықты тірек керек әрбір ұжымға.

Шәкірттерің мектеп атын шығарар,

Бидаш апай ортамызда сіз барда.

3.Ұлбосын

 Өміріме қажетті орыс тілі,

Көп тіл білу-артық емес бұл күні.

Гүлзабира апай әрқашан еңбектеніп,

Қиын тілдің үйретті қыр мен сырын.

4. Меруерт.

Ана тілдің қасиетін үйреткен,

Сөз сөйлетіп, жыр жаттатып, мәнермен.

Райхан, Жәудір  ұстаздарым сіздерді,

Құттықтаймыз ұстаздар күніменен

5.Қазыбек

 Математика-күрделі пән мектепте,

Ұстаздарым үйретеді еңбекпен.

Шархан ағай, Жанар апай үнемі

«Рахмет» деп бас иеміз сіздерге!

6. Ардақ

Ағылшын тілі-жаңа заман талабы,

Біздің Дәмеш апайымыз сол саланың маманы.

Апайымыз сияқты

Жетік білу шет тілін

Әр баланың арманы.

7. Заңғар

Жаратылыстың сырларын бізге жетік ұқтырған,

Химия мен биология қызықты пән.

Мейірбек ағай  сізге рахмет айтамыз

Элементтер қасиетін жаттатқан

8. Досжан

 Ізденімпаз мұғалім-Сәуле  апай,

Шәкіртері қалған емес жүлде алмай.

Ұстаздардың бәрі болса тек сіздей,

Жетістіктер біз алатын бар талай!

9. Жанерке

Әскери ант, сап түзеуді жаттатқан.

Сырлыбай ағай әр кез тыным таппаған

Азаматқа жемісті еңбек тілейміз,

Бүгінгі кеш қонақтары атынан

10..Ақбілек

 Бізбен бірге мұңайып, бізбен бірге қуанған,

География, тарих маманы

Нағима мен  Әлия апай

Жаны жайсаң ізгі жан.

Біз тілейміз әрқашанда сіздерге

Алдыңыздан күліп атсын, аппақ таң!

11.Бексұлтан

Білім басы басталар бастауыштан,

Әліппені оқытып, әріптерді танытқан.

Сұлтанбай мен Дәуренбек ағайларды

Құрметтейміз бас иіп, біз әрқашан!

12.Думан

 Шынықтырып денені,

Сау болсын деп деніміз.

Мұратжан ағай үнемі

Талап қоя біледі.

Жүгіру де, секіру,

Допты тепкен тепкен күндерді.

Бізбен бірге ағай да

Бала болып жүреді.

13.Үкілай

 Бастауыштың мамандары-

Күлпаш, Базаркүл,Гүлмира, Шынар. апайлар.

 Бала мінез, жаны жайсаң, адамдар,

Бүлдіршінге ең сүйікті апайлар,

Жетістіктер толып жатыр,

Мақтан тұтып айта алар.

Мерекелік құттықтьауды

Шын жүректен ақ тілекті қабыл ал!

14.Ханым

 Интернеттен ақпаратты қарайды,

Медет ағай өз пәнінің маманы

Еңбегіңіз жана берсін әрқашан,

Сусындатып біліміңмен талайды

12. Заңғар

Оқушының сүйікті бір пәні бар

Сурет, еңбек, өзін-өзі тану бар

Гүлжан Лес  ұстаздар,

Шәкірттердің   сіздерге айтар әні бар

Ән:  «Бір тілек» Орындайтын Айнабекқызы Ұлбосын 

2-Жүргізуші:  Ендігі кезекті мектептегі қызықты көріністерге берсек.

  1. Жүргізуші:Мұғалім, ғазиз мұғалім,
                        Сарқылмас мәңгі бұлағым
                        Ұланың бүгін тойыңда,
                        Арнайды саған бұл әнін.

Ән: «Ертегілер»   орындайтын; Пернебай Сәния

 

1-2 жүрг. Бірге

Біз сіздердің шыдамдылықтарыңыз үшін

Кешірімді мінездеріңіз үшін

Мазасыз күндеріңіз үшін

Біз үшін ағарған шаштарыңыз үшін

Қашанда қарыздармыз.

1-жүрг.. Қара сөздің дауылы,

Құрмет еткен ауылы.

Сыйымызға риза бол,

Мұғалімдер қауымы!

2-жүрг.Қадірменді ұстаздар осымен сіздерге арналған мерекелік концертіміз аяқталды. Мерекелеріңіз мерейлі, абыройларыңыз жоғары болсын, қадірлі ұстаздар!


Соңғы жарияланған материалдар тізімі
Ұстаз болу- жүректің батырлығы
Ұстаз болу- жүректің батырлығы
Мектеп-білім тірегі, Ұстаз-оның жүрегі.
Бастауышпен қоштасу.
Ұстаз - ұлы тұлға
МЕКТЕП БІТІРУ КЕШІ
Ұстаз аты биік, әрі мәңгілік
Ұстаз-ұлы тұлға
Жырлаймын ұстаз өзіңді
Ұстаз - ұлы тұлға
Бөлім: Уроки / Ашық сабақтар | Көрсетілім: 9028 | Қосты: Бөрқұлақова Ботакөз Айтуғанқызы | Ілмек сөздер:
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Бөлімдер
История
открытые уроки по истории
Педагогика
открытые уроки по педагогике
Биология
открытые уроки по биологии
Информатика
открытые уроки по информатике
Математика
открытые уроки по математике
Физика
открытые уроки по физике
Химия
открытые уроки по химии
Разное
открытые уроки
География
Открытые уроки по географии
русский язык