Соңғы жарияланған материалдар тізімі
Бөлім: Уроки / Бастауыш сынып |
Көрсетілім: 9027 |
|
|
|
Ұстаз-ұлы тұлға
«Ұстаз-ұлы тұлға»
Мақсаты: Оқушы бала бойында мектеп мұғаліміне деген сүйіспеншілікті ояту,ұстаз еңбегін бағалау мен жанашырлық сезімін қалыптастыру,білім мен өнерге қызығушылықтарын арттыру.
Көрнекілігі: Ы.Алтынсарин суреті,қанатты сөздер
1) Мұғалім-зор тұлға,ол күннің құдіретті сәулесі сияқты.
К.Ушинский.
2) «Білім-теңіз,түбі де,шегі де жоқ.»
Ж.Баласағұни
3) «Мұғалім-оқушы үшін ең жоғары адамгершіліктің үлгісі»
Сондықтан да ол оқушы жүрегінде ұмтылмас із қалдырады.
4) Мен үшін жақсы мұғалім бәрінен де артық,өйткені мұғалім мектептің жүрегі.
Ы.Алтынсарин.
I. Ұйымдастыру бөлімі:
- Құрметті ата-аналар,аяулы ұстаздар.Сыныбымыздың сынып сағатына қош келдіңіздер.
1. Ы.Алтынсарин. «Кел,балалар оқылық» өлеңін оқу.
- Бұл өлеңді кім жазды?
- Ы.Алтынсарин.
- Ендеше балалар,ең алғаш қазақ балаларына мектеп ашып,оқуға шақырып,білімге,ғылымға үйреткен,ұстаздардың ұстазы,ең алғаш қазақ ұстазы Ы.Алтынсарин аталарымыз екен.Атамыздың көптеген балаларға арналған шығармалары бар.Ол шығармаларының тәрбиелік мәні зор.Оны алға қарай оқып танысамыз.
- Балалар,білім алу үшін ең алғаш қайда келеміз?
- Мектепке
- Оқушылар мектепке алғаш кім қарсы алады?
- Мұғалім.
- Ендеше біздер қандай мерекені атағалы отырмыз?
- Ұстаздар күні.
- Ғылым иесі ғалым да,ел қорғаған батыр да,тілінен бал тамған ақын да,егін салған диқан да,мал бағып терін төккен шопан да,көк күмбезінен өткен ғарышкер де,бәрі-бәрі ұстаздан білім,тәлім алған,сондықтан ұлағатты ұстаздар,сіздерге бүкіл адамзат баласы құрметпен бас иеміз.
1. Ел сенімін ақтайды,
Деп ұстазым мақтайды
Ұстазымның әр сөзін,
Көкейімде сақтаймын. Әдемі
Өз ісімнің маманы
Балам іскер саналы.
2. Үйретіп бізге алғаш әліппені,
Мұғалім ғылымға жол салып берді.
Адамның ой-арманы,мақсаттары, Әсем
Оқудың сәулесімен жарық көрді.
3. Хор.
4. Ұстаз.... Күн сайын жүздеген шәкірттердің жүрегіне жол тауып,ізгілік нұрын себуге ұмтылатын осы бір жылы жүзді жайдары жанға әр шәкірттің алғысы шексіз екені рас.
Осындай шексіз алғысқа ие болып жүрген,жас ұрпаққа білім берген,ұлағатты ұстаз,ұстаздардың ұстазы,сыныбымыздың әжесі Малика әжені құрметпен ортаға шақырамыз.Қол шапалақтау керек.
- Малика әже
Сізді ұстаздар мерекесі және қариялар күнімен құттықтаймыз.
5. Ұлағатты ұстаздар
Мәңгі ғұмыр сүреді.
Ұлық тұлға-өр екен
Таси түссін берекең.
Келген осы айтулы
Құтты болсын мерекең!
6. Мынау менің сезгенім:
Ол сыныптың анасы
Өзінің де өзгенің
Баласы-оның баласы
Қай кезде де ол анық,
Қайғырады біз үшін.
Біздер үшін қуанып,
Қызарады біз үшін.
7. Ақылшы,асыл ұстазым,
Жолымды айқын нұсқадың.Динарбек
Қасыма келіп қанша сен
Қамқор боп қалам ұстадың.
8. Мектебім-білім бастауы,
Тәрбие беріп оқытқан.
Ұстаздың зор ғой еңбегі, Құндыз
Оқытқандарын тоқытқан.
9. Ән «Ұстазым»
10. Ұстазым-ұлағатым,сая бағым,
Шәкіртті өз балаңдай аяладың. Асылай
Қолыма әліппенің кілтін берген
Адалдық,ақ жолыңды бағаладым
11. Сәбилік көңілден,
Арналды бұл әнім.
Баулитын өмірге Фархат
Ақылшы-мұғалім.
Ән.«Менің Отаным»Орындайтын Қажеденова Әдемі.
12. Келгенімде алдыңа
Қызыл арай гүл алып,
Жақын тарттың жаныңа
Шәкіртім деп қуанып.
Сипадыңнан да басымнан,
Әліппені ұсындың
Бақытымның осыдан
Басталғанын түсіндім.
Ән. «Жарқын жүзді ұстазым» Гузель,Әсем,Алтынай,Асылай.
13. Тіліңді аламын,
Айтқанды ұғамын.
Мен сендей боламын, Алтынай
Ақылшы мұғалім.
14. Арқаңда өзіңнің,
Адам боп шығамын.
Бәрі алтын сөзіңнің,
Ақылшы-мұғалім.
Құрметті: Малика әже!
Зәуреш әже!
1. Қызығы мен қуанышы,қиындығы мол,бәрі бірге жүретін «Ұстаз» мамандығын қалай таңдадыңыз?Таңдаған мамандығыңыз!
2. Ұстаздық еткен еңбек жолыңыз қанша жыл?
3. Мұғалімнің негізгі жемісі-алдында отырған шәкірті.Өзіңіздің мақтан тұтар шәкірттеріңізді атап өтсеңіз?
4. Алдыңызда алғаш мектеп табалдырығын аттап тұрған жас бүлдіршіндерге айтар тілегіңіз
- Өнегелі әңгімеңізге рахмет.
- Сіздің құрметіңізге сыныбымыздың оқушылары дайындаған,өздерінің ұстазға арнаған шығармалары бар.Сонымен танысайық.
18. Ұстаз еңбегі шексіз.Оны тілмен айтып жеткізу мүмкін емес.Алдындағы әрбір шәкіртінің жақсылығына қуанып,тентек қылығына ренжіп,бар өмірін шәкіртіне арнайды.
Ұстаз кім?
Ол қандай болу керек?
Парасатты Инабатты
Ақылды Екінші ана
Үлгілі Білімді
Міне балалар,өзіміз айтқандай осындай қасиеттің барлығы мұғалім бойынан табылады.
Ән. Құтты болсын мереке.
Би. «Қыздар тобы»
«Ұстаздық еткен жалықпас,
Үйретуден балаға » деп Абай атамыз айтқандай ұстаздарымыз жыл бойы білім нәрімен сусындатады,хат танытады,еңбек ете білуге,білімге жетелейді,әдептілікке үйретеді.
Ұстаздар! Мерекелеріңіз құтты болсын!Дендеріңізге саулық,отбасына амандық,шәкірттеріңіз биік шыңнан көріне берсін!
- Қонаққа сыйлық тапсыру қажет.
Ән: «Кел,балалар,күлейік!» !
- Сыныбымызға бүгінгі
Ақ тілегін арқалап
Келді ата-анамыз.
Кезек беріп соларға
Сөзіне құлақ саламыз.
Сөз кезегін ата-аналарға береміз.
- «Ұстаз-ұлы тұлға» атты ашық сынып сағатымыз аяқталды.Келіп тамашалағандарыңызға рахмет
Соңғы жарияланған материалдар тізімі
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Бөлімдер
История открытые уроки по истории |
Педагогика открытые уроки по педагогике |
Биология открытые уроки по биологии |
Информатика открытые уроки по информатике |
Математика открытые уроки по математике |
Физика открытые уроки по физике |
Химия открытые уроки по химии |
Разное открытые уроки |
География Открытые уроки по географии |
русский язык |