Ұстаздар сайты u-s.kz Сайттың атауы www.u-s.kz
» » Жаңа жыл –жаңа жыр


Жаңа жыл –жаңа жыр

Жаңа жыл –жаңа жыр

Әсем безендірілген залға балалар қол ұстасып кіреді.Шыршаны айналын жүргенде ,залға Қасқыр жүгіріп келеді.

Қасқыр:- Ой, бүгін орман тыныш қой, аңдар қайда? Сайраған құстар қайда? Олар шырша

тойы болатынын білмей ме?

Қарға: Қарқ-қарқ, не болды сонша орманның тыныштығын бұзып? Не жаңалық алып келдің?

Қасқыр: Шырша тойы болатынын білмеуші ме едің? Мына орманның көңілсіздігіне таң қалып

тұрмын. Шыршаның әдемісін-ай, балалар безендірген шығар. Ал өздері болса жоқ.

Қарға: А-а, білдім мен олардың неге келмей жатқанын? Мыстан жылда келіп балаларды ренжітіп

тастайтын, сол үшін олар тығылып отырған шығар.

Мыстан: Сәлем, сәлем, немене бүгін шыршаның жаны көңілсіз болып қалған?

Қарға : Мыстан апа, көңілсіздікті сіз де жек көресіз бе? Сондықтан аңдарға, балаларға хабар жіберіп

шырша тойын көңілді өткізуге шақырайық.

Мыстан: Өткізейік, өткізейік. Мен жылда Аяз атаны жібермеймін деп кетіп қалатынмын, ал биыл

балалармен бірге өткізуге келдім.

Қасқыр: Мыстан апа, сіз сиқыршы едіңіз ғой, сиқырыңыздың күшін көрсетпейсіз бе? Сиқырлап

балаларды шырша тойын тойлауға шақырыңыз. (Мыстан сиқырлы таяқшаларымен

шыршаны айналып шығады, бәрі шыршаны айналып шығады.)

Тәрбиеші: Мыстан апа, Амансыз ба? Биыл көңілдісіз ғой, бізбен бірге шырша тойын қарсы аламын

деп келген сияқтысыз. Балалар, мыстан апаға арнап шырша тойын қарсы алуға бір тақпақ

айтайық.

 Қардан аппақ әдемісіз, Мыстан апа,

Шашың күміс жылтыраған мұздай, апа.

Келіп қосыл арамызға қарсы аламыз,                     

Сіз боп, біз боп Жаңа жыл салтын, апа.

Мыстан: Бәрекелді. Мен ұсқынсызбын деп жүрсем, әдемі екенмін ғой.

Тәрбиеші: Бізге қасқыр, қарға, мыстан апа да қонаққа келіпті, не деген керемет! Кәне бәріміз бірге

тойымызды бастайық.

Тәрбиеші: 1,2,3 (шапалақ шалады) Шырша шамы, жан, жан.

Тәрбиеші: Тыңдаңыздар, тыңдаңыздар!

Той дабылын қағып тұрған

Мұнда біз бар!

Естімегендер естіңдер,

Тыңдамағандар тыңдаңдар,

Жаңа жыл тойы басталды,

Бір орында тұрмаңдар!

Қадірменді балалар!

Ашық аспан төгіп нұр,

Қар жамылған дала, қыр.

Есік ашып келіп тұр

Аңсап күткен Жаңа жыл!

Тәрбиеші: Сәлем жолдап жерімізге,

Жақсылық тілеп елімізге

Келді бүгін қонақтар

Жаңа жылдық мерекеге, – дей келе бүгінгі жасыл шырша мерекесінің сыйлы қонақтарына

сөз береміз.

                                  (  Мектеп директорына  сөз береміз)

Тәрбиеші: Құрметті ұстаздар, қонақтар, балалар баршаңызды Жаңа 2013 жылмен құттықтаймыз!

Көз салыңдар әуелі

Шыршамызға мәуелі.

Ал, канеки шырқалсын

Жаңа жылдың әуені!

 

1-бала: Қуант бізді, таңырқат,

Шамдарыңды жарқырат.

Енжарлықты тастайық,

Жаңа жылды бастайық.

2-бала: Жүзімде күлкі ойнаған,

Қанаттанды жанымыз.

Жаңа жылды біз тойлап,

Шаттанайық бәріміз.

3-бала: Әдемілеп біз ілген

Ойыншықтар тізілген.

Қандай жақсы шыршамыз,

Ән шырқаймыз бәріміз.

Түлкі: Балалар, балалар.

Тәрбиеші: Не болды сонша аптығып, асықпай айтшы, Түке.

Түлкі: Мені Аяз ата жіберді. Сіздерден сүйінші сұрай келдім. Аяз аталарың келе жатыр.

Тәрбиеші: Қуанышты хабар әкелген екенсің ғой. Кел, бізге қосыл. Ал балалар, ендеше Аяз атаны

шақырамыз.

Хормен: Аяз ата, Аяз ата.

Аяз ата: Амансың ба, ұлдарым,

Амансың ба, қыздарым,

Қандай жарқын жүздерің,

Қандай әсем жырларың.

Асулармен алысқан,

Асау желмен жарысқан,

Аталарың сіздерге

Шаршап келді-ау алыстан.

Ақшақар: Алыс-алыс, алыстан,

Көз жетпейтін ғарыштан

Жұлдыздардан самғаған,

Армандардан аңсаған,

Мұхиттардан шулаған,

Дауылдардан тынбаған,

Қырдан дара-қиырдан

Ақшақар келді асығып.

Амансыңдар ма, балалар?!

Аяз ата: Айналайын, балалар,

Бәрің бері қараңдар.

Аяз ата, ақ ата,

Сендерге берер мың бата.

Аңсап жеттім алыстан,

Айлы аспаннан, ғарыштан.

Денсаулық тілеп баршаңа,

Сәттілік тілеп шыршаңа

Келді бізбен Ескі жыл,

Құтты болсын Жаңа жыл!

Ақшақар: Кәне тойды бастайық,

Өнері бар достарым,

Ортаға шық қасқайып.

Кімнің кәне күйі бар,

Кімнің әні, жыры бар?

Өнерліге беретін

Аяз ата сыйы бар.

4-бала: Тілеймін мен бар адамға

Жаңа бақыт, жаңа жыр.

Ата-әже, ата-әже,

Құтты болсын жаңа жыл!

5-бала: Тілеймін мен бар адамға

Жаңа бақыт, жаңа жыр.

Әке-шеше, әке-шеше,

Құтты болсын жаңа жыл!

6-бала: Базарлықты баршаға

Әкеліпті ол тағы.

Қарасын деп тамсанып

Безендірдік шыршаны.

7-бала: Қызыл ала шапаны

Сағындым Аяз атаны.

Жылдамырақ келсе екен,

Бізге ойыншық берсе екен.

8-бала: Міне қызық тамаша,

Шыршамыз тұр жараса.

Басында әсем жұлдызы,

Көз тоймайды қараса.

Тәрбиеші: Дарытқан бар асылды өз елінен,

Қыз сұлу көрінеді өнерімен.

Құлпырып қазағымның арулары

Өткендей сұлулықтың елегінен.

Би:

Аяз ата: Иә, Ақшақарым, біз әні мен сәні жарасқан, ұл-қызы өнерлі, халқының бірлігі

мол, берекелі елге келген екенбіз. Мен өте қуаныштымын.

Ақшақар: Иә, бұл өзіміздің аңсап көруге асыққан №2 Жалпы орта білім беру мектебінің ішіндегі мектепалды  даярлық тобы екен

Тәрбиеші: Балалар Аяз-Атамен Ақшақарға  тақпақтарымызды айтып берейік

: Жасыл – желек жамылған,

Асыл моншақ тағынған

Міне, әсем шыршамыз,

Көптен күтіп сағынған.

9-бала: Жаңа жылға сәніміз-

Біздің айтар әніміз.

Келдің бе, аман алыстан,

Сәлем, Аяз атамыз!

10-бала: Аяз ата, келіңіз,

Тамашаны көріңіз,

Балаларға арналған

Сыйлықтарды беріңіз.

11-бала: Аяз ата, Ақшақар

Сіздерменен бір болар.

Жаңа өмір, Жаңа жыл

Құтты болсын балалар!

12-бала: Ақ сақалды таяқты,

Қалың қырау қабақты.

Аяз ата біздерге,

Базарлығын таратты.

                                                Ән:  Ақ таяғын таянып

Түлкі: Алақай, алақай!

Жыл келеді шапқылап,

Қанекей, қарсы алайық жақсылап!

(Көңілді әуен ойналады, Жаңа жыл келеді-Жылан)

Тәрбиеші: Қош келдің, Жаңа жыл!

Қуаныш пен шаттыққа кенелейік,

Жадырап ән шырқап тербелейік.

Төрлет, төрлет халқымның құтты жылы,

Бәріміз дөңгелене би билейік!

Жаңа жыл (Жылан): Халқым менің!

Жаңа жылмын мен,

Елді шарлап самғаймын.

Бір күн қызық бір күннен

Бола берсін әрдайым!

Жаңа жылдың бастауын

Сендерменен тойлаймын.

Аман болсын халқымыз,

Арта берсін даңқымыз.

Дами берсін үздіксіз

Жақсы дәстүр салтымыз.

Ұлы: Халқыма ырыс қондырған,

Түлекке сәтті жыл болған

Мен – ескі жыл Барыспын.

Ал, Жаңа жыл, қош келдің,

Төрден орын ала біл.

Басқан қадамың құтты болсын,

Ырысың мықты болсын.

13-бала: Жаңа жыл! Жаңа жыл!

Жаңалық ізде сен.

Жаңа жыл, жаңа жыр

Жазып бер бізге сен.

14-бала: Ескі жылым Ұлыға  мың алғыс!

Ризашылық білдіреміз бәріміз.

Ұлы жылы біз үшін

Тым ерекше жыл болды.

Ескі жыл (Ұлы): Бейбіт күнің жарқырап,

Қоштасамын бүгін мен.

Сіздерді қимас көңілмен

Тарихтың еніп қойнына

Айтамын жүрек сөзін мен.

Келер Қоян жылында

Жақсылық көп болсын ортаңда.

Тыныштық пен бейбіт күн

Болсын деп тілеп әманда,

Қоштасып қол бұлғаймын!

Қош, сау болыңдар!

Барлығы: Қош, сау бол, Ескі жыл!

15-бала: Көңілде көп қуаныш,

Әр көңілде жақсылық.

Кетер жылға мың алғыс,

Әкелген көп жақсылық.

16-бала: Жаз күніндей шуақты,

Жыл пейілі қуатты.

Ойыншығы, тәттісі

Таусылмайтын сияқты.

17-бала: Аспан жерге төгеді,

Ақ күмісін уыстап.

Жаңа жыл да келеді,

Бізге қарай жылыстап

Өлең де әзір, ән де әзір,

Ойын да әзір, бәрі әзір.

Кел, Жаңа жыл, біздерге,

Кел, Жаңа жыл, Жаңа жыл.

18-бала: Жас ұланмын шыныққан,

Жасқанбаймын суықтан.

Қардан жасап аққала

Сырғанаймын шаттана.

 

                                            Ән:  Жасыл шырша  (В лесу родилась елочка)

Ақшақар: Ұлы жылын шығарып,

Жылан жылын қарсы алар.

Кәне, менің достарым,

Әсем бимен ырғалар.

Кәне, менің кішкентай достарым, келіңдер, тұрмайық, би-билейік, дөңгелене зырлайық.

                                         Би:   Ақшақар ұлпақарлармен билейді

20 бала: Өткен жылға ризамыз

Өсе түсті бойымыз.

Өсе түсті ойымыз

Шырқатады әніміз.

21-бала

Тәрбиеші: Жылан да өз өнерін көрсетемін дейді.

Жылан: Мен жыланмын жыланмын

Орнымнан тұрамын

Киімімді киемін

Бетімді жуамын

Айнаға қараймын

Шашымды тараймын

Әйбәт киім киемін

Далаға шығамын

Аппақ қардан аққала,

Жасап кәне ойнаймын

Қыс қызығын тойлаймын

Аяз атамен бірге бір ойын ойнайын

Аяз ата: Ой өркенің өссін, Жылан. Біз де бұл тойға жай келмедік, өзімізбен бірге базарлық,

ойын әкелдік.

                                              Ойын:

Тәрбиеші: Балалар, Аяз ата бармаған әлі талай асулар бар. Біз сияқты балалар күтіп

отыр. Аяз атаны жіберейік. Соңғы рет Аяз ата, Ақшақар, бәріміз бір билеп

атамызбен қоштасайық.

               Би биленеді.

Аяз ата: Иә, Ақшақар екеумізді қалада да, далада да өздеріңдей бүлдіршіндер тағатсыздана күтіп

отыр. Жаңа жылдарыңыз құтты болсын! Көріскенше күн жақсы!

Тәрбиеші: Аяз-Ата  Сіз  бізбен бірге  көңіліңізді көтеріп ,балаларға сыйлық таратуға ұмытып кеттіңіз ғой!

Аяз Ата: ой кәрі басым,ұмытып кетіппін;Ақшақар көмектесші маған!(Сыйлықтар таратылады)

Аяз ата: Қош, сау болыңдар, балалар!

Ақшақар: Сау-саламат болыңдар, достарым менің!

(Әдемі әуен ойналады. Қол бұлғап Аяз ата мен Ақшақар кетеді.)

Тәрбиеші: Мерекеміз Жаңа жыл

Тойында қызық думан бар!

Жаңа жыл – бұл Жаңа өмір,

Сайранда туыс-туғандар

Бақытты болып жыл сайын-

Осылай басты қосайық.

Ашық боп аспан әрдайым

Тыныштық тойын жасайық!

Құрметті ұстаздар, ата-аналар және балалар! Келер 2013 жыл әрқайсыңызға жаңа бақыт, жаңа жыр, жаңа табыс, жаңа нұр әкелсін! Жаңа жылдарыңыз құтты болсын!


Соңғы жарияланған материалдар тізімі
Құтты болсын, жаңа жыл!
Жаңа жыл кешінде
Қош келдің,жаңа жыл,Жаңа жыл!
«Ақшақар достарын күтеді»
Жаңа жылдық ертеңгілік
Төрлет құтты Жаңа жыл!
Жасыл шырша жанында
Жаңа жыл мерекесіне арналған сценарий
Төрлет, төрлет жаңа жыл!
Қош келдің жаңа жыл!
Бөлім: Уроки / Сценарий | Көрсетілім: 3614 | Қосты: ҚАДИША | Ілмек сөздер:
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Бөлімдер
История
открытые уроки по истории
Педагогика
открытые уроки по педагогике
Биология
открытые уроки по биологии
Информатика
открытые уроки по информатике
Математика
открытые уроки по математике
Физика
открытые уроки по физике
Химия
открытые уроки по химии
Разное
открытые уроки
География
Открытые уроки по географии
русский язык