Ұстаздар сайты u-s.kz Сайттың атауы www.u-s.kz
» » Төрлет құтты Жаңа жыл!


Төрлет құтты Жаңа жыл!

Төрлет құтты Жаңа жыл!

Зал мерекеге сай безендірілген. Музыка фонында ойнап тұр.

Мұғалім: (Мұғалімнің дауысы тыс жерден шығады)
Тезірек, тездетіп мұнда жиналыңдар,
Басталады Жаңа жылдық маскарад,
Маска да бар, би де бар, асығыңдар,
Шырша жанында қонақтарды қарсы алыңдар.
Аяз ата шақырғанның бірі дағы қалмайды,
Басталады, басталады, жаңа жылдық маскарад!

Айдананың шығуы «Ертегілер» әнімен
Айдана: - Оу,ағайын келіңдер!
Бүгін бізде- Жаңа жыл,
Қызықтаңдар,көріңдер!

Ұлан:Ассалаумағалейкум, Жыр кешкен ел,

      Нарына нарық заман мінгескен ел.

      Дәуірдің дүрмегіне үндескен ел,

      Тәңірдің тылсымымен бірлескен ел.

Ұлан:Балалар біздің жаңа жылымызға ертегілердің кейіпкерлері келіпті. Кәне оларды ортаға шақырайық. (Спанч боп, Қызыл телпек, Сайқымазақ, Мики-маус).

Спанч боп: Су астында жүремін

Балықтай мен жүземін.

Бірақ балық емеспін!

Айдана: Бұл кім сонда балалар?

Қызыл телпек: Орманда мен жүремін

Әжемді мен сүйемін

Телпегім бар қып-қызыл

Айдана: Бұл кім сонда балалар?

Сайқымазақ: Күлдіртемін елді мен

Алыс кетпеймін елімнен

Айдана: Бұл кім сонда балалар?

Мики-маус: Көтеремін көңілді,

Өзім сондай ақылды.

Айдана: Бұл кім сонда балалар?

Спанч боп: Алақай.алақай!Жаңа жыл келеді!Алыстан өз шанасына мініп зырғып келеді.Балалар біз сендерге жаңа жылға әдейілеп келдік. Біздер сендерге тапсырмалар әкелдік.  Оларды орындайсыңдар ма?!

Қызыл телпек: Ал сендер өлең айтуға дайынсыңдар ма?!

Сайқымазақ: Ал сендер әзілдер айтуға дайынсыңдар ма?!

Мики-маус: Ал билеуге дайынсыңдар ма?! (Йәә) Ендеше би билейік.

  1. Би билеу.

Айдана: 2013 жыл қандай жыл еді? (жылан) Иә, дұрыс айтасыңдар жылан жылы.  Бұл жыл бізге табысты да қызықты болды. Солай емес пе?! Өкінішке орай жылан жылымен қоштасатын уақыт келді. Кәне ортаға жыланды шақырайықшы.

  1. Жылан билеп шығады.

Жылан: 2013 жылан жылы міне мен боламын. Осы өтіп бара жатқан жыл бізге табысты да жемісті болды.  Мен сендердің биылғы тәртіптерің мен сабақтағы ынталарыңа өте ризамын.

Жаңа жылда, балалар,
Тек жақсылық көріңдер.
Жылау, ауру, жамандық
Қастарыңда болмасын
Сау болыңдар, балалар!
 

Сайқымазақ:  Балалар мен де сендерге жай келген жоқпын. Мен сендерге сыйлық алып келдім. (сыйлық ортаға әкелінеді) Бірақ ол сыйлықтың  ішінде не бар екенін ең алдымен
өздерің тауып көріңдерші?!

  1. Жылқының шығуы

Жылқы: Уа,адамдар,аман ба?
Көз салыңдар маған да!
Пайдаланып қалыңдар:
Мен қымбатпын әманда!
Тірліктіге - бақытпын,
Бірлікшілге - шаттықпын!

2014 жылғы жаңа жыл міне мен боламын! Осы жылы  тәртіпті болуға уәде бересіңдер ме?

Ал сабақты 4 пен 5 оқуға уәде бересіңдер ме? (иәә) Ондай болса біз жаңа жылды өте жақсы өткіземіз!

Айдана: Кәне барлығымыз жаңа жылдық шыршаның қасына жиналып әндетейік.

  1. Шыршаны айналып ән айту

Мұғалім: Ал қазір көптен күткен «Жаңа жылдық лоторея» ұтысы. Саны аталған оқушылар ортаға шығып ұтыстарын алсын. № 1, 5, 10, 12, 18, 23.

Ұлан: Балалар мен сендерге жұмбақ жасырайын.
Соны шешесіңдер ме?
Балалар: Иә.
Жұмбақ:
Ақсақалды шал жылына
Бip - ақ рет келіп кетеді
Қызы мен ұлына
Сыйлық алып келеді
Аяз Ата
Айдана: Балалар, енді жаңа жылдық мерекемізге Аяз атаны шақырайьқ. Ол орманда жүріп адасып кеткен болар.
Балалар: Аяз Ата! Аяз Ата! - деп айғайлап шақырады.
5.Аяз Атаның орнына мыстан кемпір ұшып кipeдi де, шыршаны 6ip айналып барып, қонақтардың алдына келіп тұра қалады.
Мыстан кемпір: Пай - пай! Мен қайда келдім өзі. Мына шыршаның кереметін - ай! Уйге алып кетсем бе екен?Осы кезде мыстан төменге еңкейіп, шыршаньң түбірімен жұлып алғысы келеді.
Ұлан: Мыстан кемпір! (Мыстан оған мән бермейді де шыршаны жұлуын тоқтатпайды)
Біз «Жаңа жыл» мейрамын тойлап жатырмыз, тимеңіз біздің шыршамызға!

Мыстан кемпір: (Мыстан сөзге мән бермей,) былай дейді: Туу! (Маңдайдағы терін сүртіп, тұрып.)Мына шыршаның тамырының терең отырғызылғанын - ай, жұлынбайды ғой. Сол кезде шыршадағы жылтыраған кілтті көріп қалады да: Мынау қандай қызық кілт өзі, осы кілт бағанағы менің ұшып келе жатып көрген, сандықтың кілті болар. Сол сандықтан бip керемет дәмнің иici шығып еді, мүмкін ақша да бар шығар. Мен шыршаға тимей - ақ, осы кілтті алып барып сандықты ашайын, мүмкін тамағына тойып, ақшасына бip байып қалармын!
Мыстан Keмпip кeтiп қалады. Сол кезде қалтасынан бip таяқ түседі.
Айдана: Балалар, Кәне тойды жалғастырайьқ, Аяз Ата кешікті ғой. Мүмкін адасып кеткен болар. Әнімізде шырқап, атамызды шақырайық!
«Шырша жыры» жырланады.
Eciктің сыртынан дауыстар естіліп, іле - шала залға Аяз Ата мен Ақшақар кіреді. Аяз Ата Ақшақарды қолынан тартып, жетелейді, ол кipгici келмейді.
Ақшақар: Ата жіберіңізші мені! Кірмеймін мұнда, үйге кетемін.
Аяз Ата: Айналайыным - ау, не болып қалған саған, ауырып қалған жоқсьң ба өзі?
Ақшақар Жоқ, жоқ. Ауырып тұрған жоқпын. Ешқайда да барғым келмейді, үйге қайтамын.
Аяз Ата: Қызым - ау, не айтып тұрсың!
Қарашы, біз тойға келдік!
Кәне, балалармен амандасайьқ.
Аяулы аналарға, ардақты ұл - қыздарға
Бүлдіршін балаларға бip сәлем!
Қандай жарқын жүздерін,
Қандай әсем жырларың
Асаулармен алысқап,
Асау желмен жарысқан
Аталарың сендерге
Шаршап келді алыстан
(Балалармен амандасады)
Аяз Ата: Рахмет, рахмет балаларым! Кәнекей қызым! Қонақтардан, ұят болады, басынды көтер.  (Ақшақар басын көтермей тұрады.)
Аяз Ата: Қарашы, балалардьң киімi қандай әдемі. Шыршада әсем безендірілген екен. Бәрі де тым сұлуланып кетіпті.
Шырша шамын жағайық,
Жаңа жыл тойын ашайьқ.
(Сол кезде Ақшақар жылап тұрып)
Ақшақар: Мен шырша шамын жағатын, сиқырлы таяғымды жоғалтып алдым! Осы кезде Аяз Ата оны жұбатып тұрып: қазір мен - ақ өзімнің таяғыммен жағамын - дейді.
Ақшақар: Қойыңыз ата! Сіз бұл таяғьңызбен бүкіл шыршаны қатырып тастайсыз.
Айдана: Ақшақар, сиқырлы таяғьң қандай еді?
Ақшақар:  Менің таяғым жылтырауық, пішіні жүрекке ұқсайды. Сіздер оны көрмедіңіздер ме?
Айдана: Жаңа мұнда Мыстан болған, ол ұшып бара жатып, қалтасынан жылтыраған бip затын түcipiп алды, сол емес пе екен? Кәне, балалар, іздеп көріңдерші, сол затты мүмкін тауып берерсіңдер.
Аяз Ата: Жарайсың, балапаным! /бетінен сүйеді/
Ұлан: Кәне, бізде шырша жағуға көмектесейік.

Ұлан: Қарсы алыңыздар 3 сынып қыздарының биі.

  1.  3 «А» би

Қызыл телпек: Ал мен сендерге ойын дайындап әкелдім. Ойын ойнауға  әр сыныптан екі ойыншы керек . Ойынның шарты: ауызы жабық тұрған себеттің ішінде не бар екенін әрбір ойыншы табу керек. Себетті қозғап көруге, ашып қарауға болмайды.Кім қораптағы затты дәл тапса сол заттқа ие болады

Айдана: әр сыныпқа үй тапсырмасы беріген. Кәне 1 – ші сыныпты тамашалайық. 

Мұғалім: Лотореямызды ары қарай жалғастырамыз. Лоторея санына сай оқушылар шығып отырсын. № 3, 6, 9, 15, 19, 25.

Ұлан: Алдарыңызда 3 сынып оқушылары  «Бөбектер әні» әнімен

6. Аян, Айдана, Гүлназ.

Ұлан: Алдарыңызда 2 сынып ертегілерін көрсетпекші.

Спанч боп: Менің де ойын ойнатар кезім жетті. Маған әр сыныптан 10 ата – ана  мен бала керек.

Шарлармен ойын ойнау. Спанч Боп Жеңіске жеткен топты анықтайды.

Мики-маус: Ал сендер тағы  билеуге дайынсыңдар ма?! (Йәә) Ендеше би билейік.

7. Би билеу.

Айдана: Ал енді 3 сыныптың дайындағын әзіл ысқағын тамашалаңыздар.

Мұғалім: Лотореямызды ары қарай жалғастырамыз. Лоторея санына сай оқушылар шығып отырсын. № 2, 7, 11, 17, 22, 14.

Ұлан: Ал енді 4 сыныптың дайындағын әзіл ысқағын тамашалаңыздар.

8.  4 «А» сыныптың  биі.

Айдана: Кәне барлығымыз жаңа жылдық шыршаның қасына жиналып әндетейік.

Мұғалім: Лотореямызды ары қарай жалғастырамыз. Лоторея санына сай оқушылар шығып отырсын. № 4, 8, 13, 16, 21, 24.

9.Ақшақардың ойыны.

Ұлан: Қарсы алыңыздар 4 сынып қыздары « Жайнатамыз өмір көркін» әнімен.

10. 4 «А» сыныптың  әні.

Айдана: Қарсы алыңыздар Кенжина Гүлназдың биі.

11.Гимнастикалық би.

Аяз Ата: Балалар сендер маған тақпақтарыңды дайындадыңдар деп естіп едім! Оны айтасыңдар ма?

Айдана: Ортаға 0 – ші сынып оқушыларын шақырамыз.

Ұлан: Ортаға 1 – ші сынып оқушыларын шақырамыз.

Айдана: Ортаға 2 – ші сынып оқушыларын шақырамыз.

Ұлан: Ортаға 3 – ші сынып оқушыларын шақырамыз.

Айдана: Ортаға 4 – ші сынып оқушыларын шақырамыз.

12.Аяз ата сыйлық табыс етеді.

Ұлан: Алдарыңызда 3 сынып оқушылары  «Бақытты балалық» әнімен

13. Аян, Айдана, Гүлназ.

Ұлан: Қош, өткен жыл!
Қош келдің Жаңа жыл.
Айдана: Ал, Аяз ата, Ақша қар! Асығып тұрған секілдісіздер. Әрине, әлі де барар жер, басар тауларыңыз көп болғандықтан, сіздерді көп бөгемейік. Балалар барлығымыз Аяз ата мен Ақша қарды шығарып салайық. Сау болыңыздар! Келесі кездескенше!

Айдана: Ей, Жаңа Жыл! Жаңа бақыт, ырысым,
Жақсылықтың жаршысы да нұрысың.
Адамдардың асқақтаған арманы,
Ақындардың таусылмайтын жырысың.
Айдана: Қуанышпен келді той боп Жаңа Жыл
Құтты болсын, жаңа бақыт, достарым !
Жаңа жылдарыңыз құтты болсын!

Мұғалім: Міне ертеңгілігіміздің де Аяғына шақ келді. Жаңа жылда әр сынып белсенділіктерін көрсете білді, 3  сынып ата – аналарына айтар алғысым шексіз.. Сыныптарды мына номинациялармен марапаттағым келіп отыр:

0 сынып – «Алға қадам басамыз, асулардан асамыз!»

1 сынып – «Ең шығармашыл!»

2 сынып – «Өнерліге нұр жауар!»

3 сынып – «Талапты да, талантты!»

4 сынып – «Ең әзілқой!»

Әрбір жанұяға береке – бірлік, шаттық – қуаныш, бақыт тілейміз!  


Соңғы жарияланған материалдар тізімі
Құтты болсын, жаңа жыл!
Жаңа жыл –жаңа жыр
Қош келдің еліме - Жаңа жыл
Қош келдің,жаңа жыл,Жаңа жыл!
«Ақшақар достарын күтеді»
Жаңа жылдық ертеңгілік
Жасыл шырша жанында
Төрлет, төрлет жаңа жыл!
Қош келдің жаңа жыл!
Ана- өмірдің шуағы
Бөлім: Уроки / Ашық сабақтар | Көрсетілім: 2679 | Қосты: Картабаева Жанерке Жолдубековна | Ілмек сөздер:
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Бөлімдер
История
открытые уроки по истории
Педагогика
открытые уроки по педагогике
Биология
открытые уроки по биологии
Информатика
открытые уроки по информатике
Математика
открытые уроки по математике
Физика
открытые уроки по физике
Химия
открытые уроки по химии
Разное
открытые уроки
География
Открытые уроки по географии
русский язык