Ұстаздар сайты u-s.kz Сайттың атауы www.u-s.kz
» » 2 санын қосу кестесі


2 санын қосу кестесі

2 санын қосу кестесі

Тақырып: 2 санын қосу кестесі

Мақсаты:

 Білімділік:  2-ні қосуды және азайтуды тиянақтай түсу барысында 2-ні қосу кестесін құрастыру, қосылғыштардың біреуі 2 болып келген жағдайдағы санның құрамы жайлы оқушылардың білімін бекіту.

 

Дамытушылық: Танымдық және логикалық ой ұшқырлығын,

       шығармашылығын, интерактивті тақтамен жұмыс істеу   

       дағдыларын дамыту.

Тәрбиелік:Шапшаңдыққа, ұқыптылыққа, ұйымшылдыққа

       тәрбиелеу. Табиғатқа, жан-жануарларға деген   

       сүйіспеншілігін арттыру.

 

Сабақтың түрі: саяхат-сабақ

 

Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап, түсіндіру, ой қозғау, ойын  .

 

Пәнаралық байланыс: дүниетану, сауат ашу, бейнелеу өнері

 

Көрнекі құралдар:

     Интерактивтік тақта, орман, құстар, гүлдердің суреттері.

     Тапсырмалары бар үлестірмелі қағаздар, кестелер,

     семантикалық карта, сандар, сандар,  

Сабақ барысы:

І. Ұйымдастыру барысы:

1) Психологиялық сәт:

Арайланып таң атты,

Алтын сәуле таратты.

Қайырлы таң қонақтар!

Қайырлы таң достарым!

   -Ал, балалар орындарыңа отыра қойыңдар,қазір бізде математика  сабағы.

- Ой,  балалар, бізге бір құс хат алып келе жатқан сияқты .

(Интерактивті тақтадан тұмсығында хаты бар ұшып келе жатқан құс көрінеді)

Хатты ашып оқып көрейікші: (хатты оқушыларға оқыту)

-Құрметті балалар,сендерді ғажайып  орманға қонаққа шақырамын, -  Балқұмар  қорбаңбай.

Балалар, орманға саяхатқа баруымыз үшін, өткен сабақтарда алған білімімізді  пысықтап алуымыз керек.

ІІ. Өткен тақырыпты пысықтау.

а) Қай сандарменмен таныстық?

«Кім жаңылыспайды?» ойыны . Тура және кері санау.

3

1

9

6

6

8

10

4

3

9

5

7

4

10

7

1

 б) Қызықты математикалық жұмбақтар:

1.Үш алманы бақтағы

   Кірпі барып жинады.

  Ең әдемі, тәттісін,

  Ақ тиінге сыйлады.

  Ыдыстағы алманың,

  Санап көрші қалғанын! (2)

                  3. Төменде үш қаз ұшады,

                      Үшеуі бұлтты құшады.   

                      Өзеннен көрдік үшеуін,

                      Айтқын, қаз нешеу екенін?  (9) 

 

 

в) Логикалақ тапсырма:

 

      ?

Қай жалауша жетіспейді? Алдарындағы параққа сызып көрсету.

г) Математикалық шынжыр. 

Мен жалаушамен белгі берем.Алға!

     

        -             +          -           +          -          =

 

Қолдарындағы сандармен жауабын көрсету.

Жарайсындар,балалар! Енді саяхатқа аттансақ та болады. Бүгін саяхат барысында сендермен  2 санын қосу кестесін құрастырып, 2-ні қосу мен азайтуды тиянақтай түсеміз

  Олай болса, бәріміз көзімізді жұмып саяхатқа аттанайық.

Мінеки, ғажайып орманға да келдік.Айналаға қараңдаршы, қандай әдемі: гүлдер жайқалып, түрлі-түсті көбелектер, құстар сайрап ұшып жүр. Бірақ бұл жерде бірдеңе жетіспей тұрған сияқты, балалар. Қане қарайықшы, не жетіспей тұр? (Аңдар)

-Олай болса, сапарымызды жалғастырайық, мүмкін аңдар алдымыздан шығатын шығар?

-Балалар, орман ішінде жүргенде қандай ережелерді сақтауымыз керек? ( Орманда от жақпау, қоқыс тастамау, ағаштарды сындырмау т.б.)

 Алдымыздан қай аң шығады екен?

Оны білу үшін, мына жұмбақтың

 шешімін табайық.

   Сылдырдан қорқады,

   Шошынып жортады. Бұл қай аң?

Жұмбақ шешімі тапқан соң, интерактивті тақтадан қоянның  бейнесі шығады. Қоян қандай аң? Немен қоректенеді?

ІІІ. Жаңа сабақ:

1)Қоянмен кездесу.

 

Балалар, қоян тапсырмамды орындамасаңдар әрі қарай өткізбеймін ,- дейді

Қоянның тапсырмасы:

       +       =

     +       = 

     +       =

     +       =

     +       =

     +       =

     +       =

     +       =

-Балалар мына тапсырмаға қарап айтыңдаршы, бүгін біз не істейміз сабақта?(қосу кестесін құрастырамыз)

-2-ші қосылғышқа қараңдаршы,ол әртүрлі сан болады ма, әлде

 1 сан ба?(1 сан)

-Кім байқады қай санды қосады екенбіз?(2 санын)

-Демек бүгінгі өтетін тақырыбымыз «2 санын қосу кестесі» екен

-Барлығы неше теңдік құрастырамыз?(8)

- Қай саннан бастаймыз? (1)  

Олай болса, мен 1 санның орнына 1 қызыл дөңгелек алдым, 2-нің орнына 2 көк дөңгелек алдым.Барлығы қанша болды?

1+2=3

1) 2-нің қосу кестесін құрастыру.

2 оқушы тақтада орындайды, ал қалғандары дәптерге жазады.    

1+2=3       5+2=7

2+2=4       6+2=8

3+2=5       7+2=9

4+2=6       8+2=10     

Тапсырманы дұрыс орындаған оқушыларға, қоян сәбізсыйлайды.

IV. Сергіту сәті.

Мына жұмбақты шешейік. Алдымыздан не  шығады екен?                 

            Киім киген инеден,

            Қорқып ешкім тимеген.

 

Бұл қандай аң?

2) Кірпімен кездесу.

Сапарымызды әрі қарай жалғастыру үшін, кірпінің тапсырмасын орындауымыз керек.

Кірпінің тапсырмасы:

2)Оқулықтағы №2 тапсырма.Кестені толтыр.

(интерактивтік тақтамен жұмыс)

 

 

 

1

 

2

 

3

 

4

 

5

 

6

 

7

 

8

 

□ + 2

 

 

 

 

 

 

 

 

Дұрыс орындаған оқушыларға кірпі саңырауқұлақ сыйлайды.

Алдымыздан не шығады екен? Жұмбақтың шешімін табайық. 

       Көзі өткір жұлдыздай,

      Жүні жібек құндыздай.

Үлпідеген киімі,

Көрдіңдер ме .......тиінді?

Тиін қандай аң? Немен қоректенеді? Қайда жасайды?

3) Тиінмен кездесу.

Тиіннің тапсырмасы.

3)Шығармашылық тапсырма.

Бірінші суретте неше үшбұрыш бейнеленген?

2-ші суретте ше? 3-ші суретте ше?

Келесі жұмбақты шешсеңдер, алдымыздан не шығатынын көресіңдер.

       Өзі қу, әрі айлакер,

       Жүрген жері айқай да шу.

Түлкі қандай аң?

4) Түлкімен кездесу.

4) Оқулықтағы №3 тапсырма

 Кесінділер сызу және оларды салыстыру

Тапсырманы дұрыс орындаған оқушылар түлкіден сыйға құлпынай алады.

V. Сергіту сәті:

Келесі жұмбақ шешімін табайық.

    Өзіне болған қорған орман,

    Ішінде бар бір аң қорбаң-қорбаң.

 5) Аюмен кездесу

 VI.Жаңа білімді бекіту

5)Семантикалық картамен жұмыс.(Өзіндік жұмыс)

 

     7

    2

    8

    3

    9

  4+5

 

 

 

 

 

  9- 7

 

 

 

 

 

  3+5

 

 

 

 

 

  9-6

 

 

 

 

 

  4+3

 

 

 

 

 

 

  6)Дидактикалық ойын: «Кім тез саңырауқұлақ жинайды?»  

 VIІ.Саяхаттан оралу. (Рефлексия)

Балалар, денелеріңді түзу ұстап, бастарыңды жоғары көтеріп, ыңғайланып отырыңдар. Көздеріңді жұмсаңдар да болады. Ауаны терең жұтып, еркін тыныс алыңдар. Өздеріңнің тныс алуларыңды бақылап, бақытқа, қуаныш пен тыныштыққа толы таза, шипалы ауаның тұла бойларыңа толғанын сезініңдер. Ал, енді көздеріңді ашсаңдар да болады.

VII. Қорытынды:

-Балалар саяхат – сабағымыз сендерге ұнады ма?

-Орманда нелерді көрдіңдер?

-Нені үйрендік?

VIIIОқушыларды бағалау, мадақтау. Оқушылардың өзін-өзі бағалауы.Тапсырма орындауға қиналмаған оқушылар қызыл гүлді, қиналған оқушылар сары гүлді, ал орындай алмаған оқушылар көк гүлді көрсету.

Балқұмар қорбаңбайдың базарлығын тарқату.

(Себеттегі алмаларды тарқату)

 IX. Үйге тапсырма: № 4 тапсырма, 56 бет.


Соңғы жарияланған материалдар тізімі
Ойлан,тап
Қыс ғажайыптары
Орманда
Жабайы аңдардың қысқа дайындығы
5 санын қосу және азайту
5 санын қосу және азайту
5 санын қосу және азайту
9 санын қосу және азайту
9 санын қосу және азайту
3 санын қосу және азайту
Бөлім: Уроки / Бастауыш сынып | Көрсетілім: 3897 | Қосты: NA | Ілмек сөздер:
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Бөлімдер
История
открытые уроки по истории
Педагогика
открытые уроки по педагогике
Биология
открытые уроки по биологии
Информатика
открытые уроки по информатике
Математика
открытые уроки по математике
Физика
открытые уроки по физике
Химия
открытые уроки по химии
Разное
открытые уроки
География
Открытые уроки по географии
русский язык