Ұстаздар сайты u-s.kz Сайттың атауы www.u-s.kz
» » Қарлығаш пен Торғай


Қарлығаш пен Торғай

Қарлығаш пен  Торғай

Сабақтың тақырыбы:  Қарлығаш пен  Торғай

Сабақтың мақсаты: 1.Балаларды ертегі мазмұнымен таныстыра отырып                                 ертедегі негізгі ойды, идеяны ұғындыру.

2.Оқушыларға сұрақ қою арқылы жан-жақты ойлауға үйрету, топпен жұмыс жүргізуге, оқушыларға өзіндік жұмыс істеуге, ізденуге үйрету және сөздік қорларын, тілін дамыту.

3.Құстарды аялауға, оларға қамқор болуға тәрбиелеу.

 

Сабақтың типі: Жаңа сабақ.

Сабақтың әдісі: Ой қозғау,әңгімелеу, сұрақ-жауап.

Сабақтың көрнекілігі: Құстардың суреті, құстың ұясы, интерактивті тақта.

Пәнаралық байланыс: Дүниетану, қазақ тілі, бейнелеу өнері.

 

Сабақтың барысы.

 

І.Ұйымдастыру бөлімі.

Оқушылардың назарын сабаққа аудару. Жақсы тілек айту.

ІІ.Психологиялық дайындық.

Тренинг: «Бойтұмар»

-Балалар , бізге сабақ өтуге мүмкіндік бар екен. Ендеше сабағымызды бастамас бұрын ойымызды жинақтап алайық.

-Мен сендерге түрлі-түсті қағаз таратамын. Осы қағаздан сендер «достарыңды» қиып аласыңдар. (Мұғалім қағаз таратады да, адам бейнесін қиып көрсетеді.). Оқушылар жауап береді.

-Енді , балалар осы қиып алған адам сұлбасына  бүгінгі сабағымыздың қалай өткенін қалайсыңдар, сол тілектеріңді жазыңдар. (Мысалы, қызықты, белсенді өтсе т.б. )

-Осындай тілектерін бүгінгі сабақта көрініс тапсын деп сабағымызды бастаймыз. Ал, өздерің қиып алған «достарыңды» бойтұмар ретінде партаның оң жағына қойып қойыңдар.

ІІІ.Үй тапсырмасын сұрау.

«Адал бала»  Корей халқы ертегісін сұрау.

-Бала мен анасының тірлігі қандай?

-Егер бала алтын да, күміс те балтаны алып қалғанда не болар еді?

-Шал неге баланы сынамақ болды? Ол шал кім?

Мәтін бойынша балалардың өз ойларын қорытындылау.

 

 

 

ІҮ.Жаңа сабақ.

Сөзжұмбақ шештіру.

 

А

Қ

Қ

У

 

Б

Ұ

Л

Б

Ұ

Л

С

А

У

Ы

С

Қ

А

Н

 

 

Т

Ы

Р

Н

А

 

Қ

А

З

 

 

 

Қ

О

Р

А

З

1.Садақша мойынын  иілтіп,                        1.

Көрген жанды сүйсінтіп.                               2.

Жердегі құстың серкесі,                                3.

Көктемгі құстың еркесі. (Аққу)                     4.

2.Көктемде ұшып келеді,                              5.

Жаздай концерт  береді. (Бұлбұл)                6.

3.Жақыннан да, алыстан да бері ұшқанда,

Құртты шоқып тауысқан, санитар бұл қандай құс? (Сауысқан)

4.Сирағы ұзын, тырнағы ұзын,

Балықты үзбей,

Ұстайтын шоқып,

Тұмсығы біздей. (Тырна)

5.Кеудесі қайқандап,

Жүреді байпандап. (Қаз)

6.Бұрап қойған сағаттай, 

Айқайлайды таң атпай.  (Қораз)

-Сөзжұмбағымыздан қандай сөз шықты?

(Мұғалімнің құстар туралы мәліметі)

- Құстар омыртқалы жануарлар класына жатады. Құстардың барлығы жұмыртқалайды. Құстың тісі жоқ, жемін бөтегесімен езгіліп ұсатады. Көзі көргіш, құлағы естігіш. Ұрпағына қамқорлық жасайды, ұя салады, жұмыртқа басады.

Ұя түрлерімен таныстыру.

 

Торғай- ұясын түрлі-түрлі қуыс тарда, адам салған құрылыстарында салады. Торғай балапандарын 10-18 күннен соң жұмыртқаны басып  шығарады.

Қарлығаш- әр түрлі жерлерде тіршілік етеді. Қарлығаштардың қанаттары ұзын, жіңішке және үш жағы сүйір болып келеді.Қарлығашқа байланысты халықта мынадай бір бір жорамал ұғым бар: олар биік ұшса-күн ашық болады да, жер бауырлап ұшса- жауын жауады.

 

Құрқұлтай- қауырсындары сұрғылт  қоңыр және басының екі жағында өзіне тән қара бөртпелері бар құс. Қолғап тәрізді ерекше ұяны жыл сайын жаңадан тоқиды.

 

 

Ү.Оқулықпен жұмыс.

-Балалар бүгінгі жаңа сабағымыз  «Қарлығаш пен Торғай» атты  түрік халқының ертегісі мен танысамыз.

Ертегіні мәнерлеп оқып, түсіндіру.

Оқушыларға тізбектеп оқыту.

Ертегі бойынша сұрақтар:

1.Көршілес құстардың ұялары қалай салынған?

2.Торғайдың балапандарын аман-есен өсіре алмау себебін айт.

3.Еңбекқор қарлығаштың бойында қандай қасиеттері бар?

ҮІ.Балалармен шығармашылық жұмыс.

2 Өлең, 2 жұмбақ, тыйым сөздер.

ҮІІ.Өзіндік  жұмыс.

Құстар туралы эссе жазу. «Қанатты достар».

ҮІІІ.Сабақты қорытындылау.

Бүгінгі сабақ бойынша кестені толтыру.

Не білдім?

Не білемін?

Не  білгім келеді?

Құстар туралы ұя туралы құрқұлтай туралы білдім.

Қарлығаш, торғай туралы білемін

Келесі жылы құстар туралы шығармашылықпен айналысқым келеді.

 

-Балалар, сабақтың басындағы жасаған бойтұмарларынды қолдарына алыңдар. Бойтұмарда не деп жазылған екен? Осы тілектердің барлығы бүгінгі сабақта орындалды ма? Ендеше , болашақтағы өмірлерің бүгінгі сабақ секілді белсенді, қызықты , пайдалы, әрі мағыналы болсын.

ІХ. Үйге тапсырма.

Ертегіні түсініп оқу. Ертегі желісі бойынша сурет салу.

Х.Бағалау.


Соңғы жарияланған материалдар тізімі
«Құстар келді өлкеге»
Құстардың көктемгі тіршілігі.
Құстар айтысы (Үнді ертегісі).
«Құстар біздің досымыз»
Құстарға қамқорлық
«Құстар біздің досымыз»
Құстар
Құстар әлемі!
Құстар – біздің досымыз
Қанатты достар
Бөлім: Уроки / Бастауыш сынып | Көрсетілім: 4770 | Қосты: NA | Ілмек сөздер:
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Бөлімдер
История
открытые уроки по истории
Педагогика
открытые уроки по педагогике
Биология
открытые уроки по биологии
Информатика
открытые уроки по информатике
Математика
открытые уроки по математике
Физика
открытые уроки по физике
Химия
открытые уроки по химии
Разное
открытые уроки
География
Открытые уроки по географии
русский язык