Ұстаздар сайты u-s.kz Сайттың атауы www.u-s.kz
» » Қарама- қарсы мағыналы сөздер


Қарама- қарсы мағыналы сөздер

Қарама- қарсы мағыналы  сөздер

Тақырыбы: Қарама- қарсы мағыналы  сөздер

Мақсаты:Білімділік:Оқушылардың қарама-қарсы мағыналы  сөздер туралы

алғашқы түсініктерін қалыптастыру;берілген  сөздерге  қарсы  мағынадағы сөздерді тауып айта  білуге үйрету.

Дамытушылық: Оқушылардың сөздік қорларын молайту, шығармашылық, 

                  ойлау қабілеттерін дамыту.

Тәрбиелік: Белсенділікке, іздемпаздылыққа,зеректікке, ұқыптылыққа тәрбиелеу.

Көрнекілік:  заттар, сызба,

Барысы: І.Ұйымдастыру кезеңі

         Кел, балалар, ойнайық,

         Ойнайық та ойлайық.

         Қандай сұрақ болса да,

         Таппай оны  қоймайық!

        

ІІ. Үй  тапсырмасын тексеру

  1. 114- беттегі   4-жатт.  оқыту

Сөйлемдегі мәндес сөздерді теріп жаздырып, оқыту

  1.  «Бәйге» ойынын ойнату

 

30

30

30

20

20

20

10

10

10

 

  1. Оң жақтағы 30.   Сөйлем  дегеніміз не?
  2. Сол жақтағы  30.  Сөйлем неден  құралады?
  3. Ортадағы 30.   Сөз неден  құралады?
  4. Оң жақтағы  20   Мәндес сөздер дегеніміз не?    (Мағынасы бір – біріне жақын сөздерді мәндес сөздер дейміз )
  5. Сол жақтағы  20   « Бөпе » сөзіне    мәндес сөз тауып айт   (нәресте, бөбек)
  6. Ортадағы 20 «Сұлу»   сөзіне мәндес сөз айт  (көркем, әдемі)
  7. Оң жақтағы  10   « Анасы»  сөзіне  мәндес сөз айт. (шешесі)
  8. Сол жақтағы 10  «Ағайын» сөзіне  мәндес сөз тауып айт     ( туыс)
  9. Ортадағы  10   Сөйлемдегі  сөздердің  байланысын  қалай  анықтаймыз?

ІІІ. Жаңа сабақ

  1. Үстелдің  үстіне әртүрлі  үлкен, кіші, жуан, ұзын, жіңішке,   қалың, жұқа заттар қойылады.  (қалың кітап,жұқа кітап, ұзын сызғыш, қысқа сызғыш, жуан жіп, жіңішке  жіп т.б)
  2.  Кестемен  жұмыс

Сөз  мағынасына қарай  үшке  бөлінеді

Тілімізде  мағыналары бір- біріне  қарама- қарсы сөздер болады. Мысалы: ақ – қара,  жуан – жіңішке т.б.

 

     Қарама - қарсы мағыналы  сөздер

 

                                    

3) Ойын «Кім  жылдам?»   2 –жаттығудағы   мақалды  көшіріп жаздыру  қарама –қарсы  мағыналы  сөздерді тауып, астын  сыздыру.  ( 2 оқушы тақтада орындайды)

4) «Ойлан тап » ойыны   3- жатт. оқушылар І –ші  қатардағы  сөздерге  екінші қатардан  қарама- қарсы   мағыналы сөздерді тауып  жаздыру.

Тар  - кең                      жас-кәрі

қалың – жұқа                кіру –шығу

көшу – қону                  жұмсақ – қатты

ұзын – қысқа.

5)  Сергіту  сәті            (ұйқасын тап)

-Тақ, тақ, тақ (аяқ тарсылдату)

Айтамыз біз  ....  не?  (тақпақ)

-Рақ, рақ, рақ  (қолды шапалақтау)

Күзде түсер   ..... не? (жапырақ)

-Қол, қол, қол  (қол бұлғау)

Күзде  егін  ...  (мол)

-Тоқ, тоқ, тоқ ( партаны  тоқылдатады)

Шыбын- шіркей жоқ.

6)  «Асық ату»    ойыны  

- Бұл ойында  ортаға бес асық  тізіледі.  Екі қатардан кезекпен  оқушылар шығып, асықты атады.Әр асық  нөмірленген, нөмірлі  жұмбақ оқиды.Жұмбақтан қарсы мағыналы сөздерді тапқызу.

1)Жазғы  киімі  жасыл,

   Қысқы киімі  ақшыл. 

2) Күндіз  білінбейді,

    Түнде  күлімдейді.   (Ай)

3)Бар ма, жоқ па  білмеймін,

    Ол жоқ  жерде  жүрмеймін. ( Ауа)

4)Бірі ащы,  бірі тәтті,

    Екі  ұнтақ,  екеуі  де ақ.     (Тұз бен   қант)

ІV.Сабақты қорытындылау  (Балалар бүгін біз қандай  сөздермен  жұмыс істедік?)

V.Үйге  тапсырма:  115-б. 5-6  жатт.

VІ. Бағалау.


Соңғы жарияланған материалдар тізімі
Қарама – қарсы мағыналы сөздер (антоним)
Сөз және оның мағынасы
Қарсы мәндес сын есім
Заттарды салыстыру
Жалғау
Антоним сөздер
Омонимдер
Мағынасы қарама-қарсы сөздер
Антоним, синоним, омоним
Сөз және оның мағыналары
Бөлім: Уроки / Бастауыш сынып | Көрсетілім: 13863 | Қосты: NA | Ілмек сөздер:
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Бөлімдер
История
открытые уроки по истории
Педагогика
открытые уроки по педагогике
Биология
открытые уроки по биологии
Информатика
открытые уроки по информатике
Математика
открытые уроки по математике
Физика
открытые уроки по физике
Химия
открытые уроки по химии
Разное
открытые уроки
География
Открытые уроки по географии
русский язык