Ұстаздар сайты u-s.kz Сайттың атауы www.u-s.kz
» » Іскерлік ойын Нарық мамандары


Іскерлік ойын Нарық мамандары

Іскерлік ойын Нарық мамандары

Мақсаттары:

Білімділік: Нарықтық экономика тұсындағы жаңа мамандықтар мен таныстыру: менеджер, брокер, коомивояжер, және т.б.

Дамытушылық: Шағын топтарда жұмыс істей отырып, бірігіп ойлау, шешім қабылдау қабілеттерін дамыту.

Тәрбиелік: Бәсекелестікке қабілетті тұлғаны тәрбиелеу:

«Мен» - тұжырымдамасы, Мен – қабілеттімін, Мен – маңыздымын, Мен – қажетпін.

Ойынды баяндау.

Ойын барысында келесі мамандықтардың ісін, жұмысын талқылап, талдау жасау, ойынға қатысушылар өз қабілеттерін өздерін қызықтыратын мамандықтар бойынша сынап көруге мүмкіндік алады

Сабақ жүргізуге қажет материалдар:

  1. Қағаз, кркаска, фломастер, клей;
  2. Жюри жұмысына қажетті үш түрлі-түсті қағаздан жасалған жетондар;
  3. Тапсырмалар жазылған конверттер;
  4. Ойынға қатысушыларға арналған сыйлықтар.
  1. Дайындық кезеңі

Ойынға бірнеше күн қалғанда оқушылар нарықтық экономика тұсындағы бірнеше мамандықтармен танысады. Сонымен бірге оларға осы мамандықтар туралы мағұлмат жазылған материалдар таратылуы қажет.

 Ойынға қатысушылар өздеріне ұнайтын бір мамандықты таңдап, онымен жақынырақ танысады. Ойын барысында олар өздері таңдаған мамандықтарды келесі схема бойынша таныстырады:

  1. Бұл маман иесісі немен шұғылданады?
  2. Оған қандай білім, қабілет қажет?
  3. Тиімді де пайдалы жұмыс істеу үшін таңдаған мамандығыңызға тән қандай қасиеттерді атар едіңіз?
  4. Ол қандай мекемелер де қызмет атқара алады?

Көмек ретінде , алдын ала мамандықтардың іс-әрекеті туралы ақпараттар жазылған материалдар таратылады.

II.Ойынның барысы

Ойын, жүргізушінің кіріспе сөзімен басталады.

Ойынға қатысушыларды жұмылдырып, ынталандырып ойынның жүргізілу тәртібімен таныстырады.

«Қымбатты достар» сіздерге өте бір қызықты ақпарат хабарлағым келіп тұр.

Әлемге әйгілі «Яраслав Мудрый» фирмасы жарнама арқылы өз фирмаларының ауқымын көбейтетінін  хабарлады. Маркетингтік сараптамалар жасаушылар бәсекелес фирмалардың жағдайымен таныса отырып, әр елде ос фирманың филиалын ашу үшін ұзақ уақытқа арнап жоба құрды.

Бүгін біз сіздерді осы ашылатын филиалдарға әр түрлі мамандықтарды қабылдау бойынша конкурсқа шақырамыз.

Фирма президенті – талантты, іскер адам. Оған жұмыс ,бизнес барлық шаруадан жоғары тұрады, ол бір минутында босқа өткізбейді. Сонымен бірге творчестволық табыстарға жете алатын, маманданған,белсенді, компьютерді жақсы меңгерген  фирманың гүлденуіне ат салысатын азаматтарды қабылдайды. Бұл: менеджерлер, коммивояжерлер, жарнама агенттерін, маркетингтік зерттеулер, фотомодельдер, секретар-референттер, компьютер мамандары және басқа мамандар .

Сендер бәрің осы фирмаға жұмысқа тұрғыларың келеді.Бұл жерде жұмысқа қабылдау комиссиясы жұмыс істейді, сіздер де осы комиссияның мүшесі бола аласыздар.

Өзің үшін « жұмысқа орналасам» деген аңыз құрастыр, бұдан бұрын қайда істегеніңізді, қолыңыздан не кеетінін айту керек. Сонымен бірге фирманы қызықтырар қандай идеяларыңыз бар. Комиссия мүшелерінің өз кандидатураңыздыңфирма үшін маңыздылығына көздерін жеткізіңіз.

Жұмыс істеу үшін (фирма филиалдарына)топтарға бөліну қажет.

Фирма басшысы әр түрлі істердің барысында қызметкерлердің потенциалды мүмкіндіктерін тексереді. Әр топ бірнеше тапсырмалар орындайды.

 Филиал құрудың жобасын дайындайды (оның атын, сонымен бірге негізгі принциптері мен днвизін ойлап табу керек).

Отандық тауарларға жарнама құрастыру (жюри көрсеткен тауарға) Өз творчестволарыңды мах-ды түрде көрсетуге тырысу керек. Бұл әр түрлі формаларда болуы мүмкін (ролик түрінде,

Ысқақ, музыкалық қойылым, ертек т.б.)

Фирманың директорының орнына лайықты орындаушылық қабілеті жоғары,менеджер, кандидатурасын ұсыну.

Ойынның соңында сайлау алдындағы прес-конференция өткізіп бұл жауапкершілікті қызметке кандидатура іріктейміз.

Бұл туралы әр топқа консултанттар түсінік береді.

Сонымен бірге отырып өз ұсынған кандидатураларыңызды дайындайсыздар және олар бәсекелестернің сұрағына дұрыс жауап қайтаруы қажет.

Жеңіске жеткендерді сыйлықтар күтіп тұр.

Ойынға қатысушылар 6-8 адамнан топтарға бөлінеді. Жүргізуші топ кансультантарын таныстырады. Фирмалар үшін жарнама жасау үшін жеревевка өткізіледі.(3-қосымша)

Бұл үшін әр топтан бір өкіл шақырылып тапсырмасы бар конверт алады. Топтар тапсырманы орындауға бөлінеді.

III. Топтардың жұмысы. «Фирма филиалдары».

Әр топтың жұмысын консультант ұйымдастырады. Ол тапсырмаларды анықтап, оқушыларға жұмыстарын жылдам және тиімді орындауға көмектеседі.

Фирма филиалдарының жұмыс тәртібі

  1. Филиал мамандарына вакансия толтыру. Бұл үшін:

А) Жүргізуші вакантты орындары атайды: менеджер, референт, бас бухгалтер т.б. (оқушылар бұл мамандықтармен алдын – ала танысқан) .

Б) Бұл мамандықтар бойынша оқушылар өздерінің алдын –ала дайындаған ақпараттарын оқиды.

Жүргізуші оқушының осы мамандық бойынша толық мағұлмат алуы үшін оның айтқандарын толықтырады. (2-қосымша)

В) Жүргізуші филиалдарға бұл вакансия бойынша керекті үміткерлер санын анықтайды. Конкурсқа барлық осы мамандықты таңдаған ойыншылар қатыса алады.

Г) Үміткерлер ретпен өздерін маман ретінде әр түрлі формада таныстыра алады. (1мин.)

Д) Үміткерлердің бағасы қойылады.

  • Егер бұл вакансияға үміткерлер аз болса (2-3адам), онда бәріне өздерін жеке-жеке таныстыруға мүмкіндік береді, соңынан топтарды үш балдық жүйе бойынша бағалайды.
  • Егер үміткерлер көп болса (5 немесе оданда көп),онда әрбір тапсырманы орындағаннан кейінтоптың барлық қатысушылары ретпен үміткердің бағасын қойып отырады.
  • Жүргізуші санап нәтижелерінің мазмұнына қарап, жеңімпазды хабарлап , оның жинаған балын хабарлайды.
  1. Филиал штаттарын іріктеп алғаннан кейін топ өздерінің атын девизін таңдайды, осы арқұылы жұмыс істейді.
  2. Топтың негізгі тапсырмасы - өндіретін өнімдеріне жарнама құру, топқа 30 мин. беріледі, олар өз филиалдарының өндіретін өніміне осы уақытта жарнамаға мәтін құрап, клип, ертегі т.б. құрастырады.

Бұл бөлімде топтың жұмысын  менеджер және филиалдың президенті ұйымдастырады.

  1. Топ өз ішінен фирма директорының қызметін орындайтын кандидат сайлайды. Ол жалпы конкурсқа қатысады, онда ол өзін таныстыру керек, басқа топтар дайындаған әр түрлі сұрақтарға жауап береді.
  1. Жұмыстың соңында топ прес-конференция кандидаттарға қойатын әр түрлі шытырман сұрақтарға жауап беруге дайындалады.(Әр топтан бір кандидатқа)

Топта тапсырмалар бір ізді (топтың барлық мүшелері)немесе топ бөлініп, әрбір шағын топ өз тапсырмаларын орындайды.

IY. Филиалдардың жарнамалары (топтардың қойылымы)

Барлық топта фирма директорының сайлауы мен жарнама конкурсы болатын залға жиналады.

  1. Жюри мүшелерін таныстыру,олар топтың консултанты, мұғалім, және әр топтан бір оқушы.

Жюридің жұмысы әр түрлі принциптермен құралады, мыс. Жарнама үш балдық жүйемен бағаланады. Түрлі – түсті жетондар арқылы.

  1.  Топтардың тапсырманы орындау реттерін анықтайды.(жеребьевка жүргізіледі).

 3.Топтардың жарнама көрсетуі. 

Y. Фирма президентін сайлау алдындағы  компания .

Фирма директорларына үміткерлер саханаға шақырылады, Алдын – ала дайындаға орындарға отырады..

Содан кейін сайлау алдындағы компанияның алдында әрбір үміткер өздерін таныстырып,басқа топтар дайындаған сұрақтарға жауап береді. Жюри мүшелері үміткерге өз бағаларын қояды.

YI.Ойынды қортындылап, жеңімпаздарға сыйлық табыс ету.

Ойынның қортындысын шығарып, жеңімпаздарды атайды.

Өз өнімдерін жарнамалаған ең үздік жарнама иелері марапатталады,                                                                                  да фирма директоры болып сайланған үміткерлерге фирманың символикалық кілті тапсырылады. Жюри сонымен бірге басқа да сыйлықтар тапсырады.

Ойынның шамамен регламенті.

n  Кіріспе сөз және ойынды бастау-10 минут

n  Топта жұмыс-20-30 минут

n  Топтардың жұмысы (филиалдар жарнамасы)-5 минут

n  Сайлау алдындағы кмпанияның жұмысы-5 минут

n  Қортынды сыйлық тапсыру-10 минут

Оқушылар келесі мағұлматтарды біледі:

  1. Нарықтық экономика мамандары туралы түсініктері қалыптасады.
  2. Топпен ұжымда жұмыс істеу қабілеті қалыптасады.

Мамандықтар тізімі

  1. Бас бухгалтер
  2. Референт
  3. менеджер
  4. Брокер
  5. Коммивояжер
  6. Программист
  7. Фотомодель
  8. Дизайнер
  9. Художник
  10. Секретарь-машинист
  11. Экономист
  12. Дилер
  13. Жарнама жөніндегі маман
  14. Маркетолог
  15. Сауда агенті
  16. Сауда консультанты
  17. Өткізу жөніндегі инженер
  18. Юристконсульт
  19. Аудармашы
  20. Аудитор
  21. Электроншик
  22. Техникалық редактор

Соңғы жарияланған материалдар тізімі
Мамандықты дұрыс таңдау-табысты өмірдің кілті
Алтын сақа танымдық ойын
Дамытушы ойыншықтар өндірісі
Экономика аруы
Жарнама
Топтық жұмыстың оқу сапасын арттырудағы тиімділігі.
Фирманың ашылуы.
НАРЫҚ ЖӘНЕ НАРЫҚТЫҚ ҚАТЫНАСТАР
Қазіргі заманғы мамандықтар
Кәсіпкерлік
Бөлім: Уроки / Ашық сабақтар | Көрсетілім: 3307 | Қосты: Шамшибану | Ілмек сөздер:
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Бөлімдер
История
открытые уроки по истории
Педагогика
открытые уроки по педагогике
Биология
открытые уроки по биологии
Информатика
открытые уроки по информатике
Математика
открытые уроки по математике
Физика
открытые уроки по физике
Химия
открытые уроки по химии
Разное
открытые уроки
География
Открытые уроки по географии
русский язык