Ұстаздар сайты u-s.kz Сайттың атауы www.u-s.kz
Құрметті сайт қолданушылары ұстаздар сайты домендік атауының өзгергенін хабарлайды. Сайттың жаңа домендік атауы www.u-s.kz .
Загрузка...
Загрузка...
» » Үлгітүр және дизайн

3-06-2014, 15:26
Үлгітүр және дизайн
загрузка...

Үлгітүр және дизайн

Орта  білім  беру  жүйесіндегі  информатиканың  рөлі  әлемнің  жүйелі  ақпараттық  бейнесін, адам  мен  ақпараттық  ортаның  тиімді  өзара  қарым – қатынасын  қалыптастырудағы  ақпараттық  білімнің  мәнімен, қазіргі  заманғы   ақпарттық  қоғамдағы  кәсіби  қызметтің  негізгі  құраушысы   ретіндегі  ақпараттық  технологияны  пайдалану  дағдыларын  қалыптастырумен  анықталады. 
Тез  дамып   келе  жатқан   қоғамның   қай   саласына   болмасын, нәтижелі   жұмыс көрсете  алатын, жаңа   типті  маман  керек. Қазіргі  заман  талабы  мамандарға  нарық   еңбегін  құрайды. Болашақ   маманның   құндылығы – оның  өз  бетінше  дұрыс  жауапты  шешім    қабылдауға  қабілетті, бірігіп  командада  жұмыс істеуі, алдына  қойған   мақсатының   нәтижелі  жетістіктерін  көру, қолайсыз  жағдайларда  әрекет   ете  білуі, білім  шыңын   игеруге   талаптануы. 
Қазіргі   мектеп    бітірушілер   өз   білімін   жалғастыруда   болашақ    мүмкіншілігін бағыттай   алмауы,  ол  мемлекет   дамуының  экономикалық, технологиялық   және  қорғаныс  потенциалы  мен   болашақ  кәсіби   іс-әрекетінің  қарым – қатынасының    жоқтығында. 
Бұл  жағдайдан  шығудың   бірден – бір  жолы  жоғарғы   сынып  оқушыларына   болашақ   кәсіби  әрекет   саласына  бағдарлау,  мектеп   жұмыстарына   маңызды   өзгерістерді   енгізу  болып  табылады. 
Бүгінгі  таңда  компьютерлік  дизайн, web – дизайн, жүйелік  программалаушы, администратор т.б. мамандардың  қажет  екендігін түрлі жарнамалық    газеттерден, бұқаралық    ақпарат  құралдарынан  да  көруге  болады. Аталған  мамандықтарды   қалай  дайындап, оларға   қандай  программалық   құралдарды  үйрету  арқылы    жетілдіруге   болатыны   таңдау  курсының    өзекті  мәселелерінің  бірі  болып  отыр.
Оқытудың  негізі  мақсаты  оқушылардың  оқу  процесінде  компьютерлік  технология   арқылы  өз  бетінше  тиімді  білім  алуы  және  өзін - өзі  анықтауы  үшін  мүмкіндік туғызу   болып  табылады. Оқыту  мазмұны  информатиканың дүниетанымдық   және  пайдаланушылық  аспектілерін  қалыптастыруға  бағытталған. Мұндай  мазмұн  мемлекеттік  ақпараттандыру   бағдарламасының  мақсаты  мен  міндеттерінен  туындайды. Ол  компьютерді  оқу  құралы   ретінде  оқушылардың  оқу – танымдық  қызметіне  тұрақты  пайдалануын  көздейді. Бұл  бағдарламаның  мазмұны  оқушылардың оқу  танымдық   қызметінде  компьютерлік  техниканы  еркін  пайдалану  дағдысын қалыптастыруға   қажет  материалдарды қамтиды  және  ақпараттық  технологияны  кеңінен пайдалану  жағдайындағы  оқуға  даярлайды. Курс  аптасына  1 сағаттан  жалпы  көлемі  34  сағатқа  есептелген.
 
 
Мақсаты: 
 
Оқушылардың  ғылыми  дүниетанымдық  негізін  қалыптастыру, оқушылардың  кәсіби    өзін-өзі анықтауға  арналған   құзыреттілігін  қалыптастыру  оқушылардың ойлау  қабілетін  дамыту.Оқушыларды  өмірге, еңбекке  және  білімдерін  одан  әрі  жалғастыруға  даярлау. 
 
Міндеттері: 
 
- Ғылымның  негізін  қалайтын  үш  ұғымның (зат, энергия, ақпарат) бірі  болып  есептелетінін, қазіргі  таңдағы  әлем  бейнесін  құрудың  негізін  құрайтын, ақпарат  ұғымын қалыптастыру;
- Қоршаған  ортаны  жаңа – ақпараттық  тұрғыдан  зерттеу  көзқарасын  қалыптастыратын  ақпараттық  үрдістірді, табиғат, қоғам, техника  аймақтарында  қарастыру;
- Оқушылардың  теориялық, шығармашылық  ой  қабілеттерін  арттыру;
- Ақпараттандыру  құралдары, ақпараттық  технологиялар  саласында  білім, білік  және  дағдыларды  қалыптастыру және  оларды  дамыту;
- Формалдау, модельдеу, компьютерлік  тәжірибе және т.б. ғылыми танымның  жаңа  әдістерімен  қаруландыру
 
Оқушылардың  дайындығына   қойылатын талаптар:
 
- Графикалық бейнелердің  айырмашылығын  ажырата білуді;
- анимация  және  мультипликацияларды  ұйымдастыру  негіздерін;
- презентация  жасау  ережелерін;
- Басып  шығару публикациясын құру және  өзгерте білуді ;
- Файлдарды  жазу және  монтаждауды;
- Web – беттерін  құру  тұжырымдамасын, оны  жасап,безендіруді 
 
 
Оқыту   мазмұны: 
 
Power Point бағдарламасында   слайд-фильм  құру. MS Publisher   бағдарламасымен  макет  құру. Adove Photoshop бағдарламасымен  жұмыс. Windows Movie Maker  бағдарламасында  фильмді монтаждау. WEB бет құру  дизайні. Гипертекст,гиперссылка. 
 
Кәсіптік  бағдары: компьютерлік  дизайн, web – дизайн, жүйелік  программалаушы, администратор,секретарь–референт
   № Тақырып Сағат саны Мерзімі Әдіс-тәсілі Ескерту
1 Бағдарламамен қамтамасыз  ету. Компакт  дискіден бағдарламаны  іске қосу, орнату
1
Сұрақ – жауап
 
Талдау,жинақтау
2 Графиктік деректер  туралы   жалпы  мағлұмат.Үлгітүр және дизайн. 1
3 Power  Point бағдарламасы Слайд   құру. 1
Сайыс  сабақ
 
«Көрнекті  жарнама»
байқау  өткізу
 
Шығармашылық сабақ
4 Презентация  жасау,  безендіру  жолдары, демонстрациялау 1
 
5 Автомазмұн шебері көмегімен 1
6 Үлгітүр  көмегімен 1
7-8 Шығармашылық  жұмыс 2
9 MS Publisher   бағдарламасымен  жұмыс,параметрлері,макеті 1
Сұрақ-жауап
 
« Шебер дизайнер» байқау  өткізу
 
Шығармашылық сабақ
10-11 Басып  шығару  публикациясы 2
12 Бос  публикация 1
13-14 Шығармашылық жұмыс 2
15 Adove Photoshop бағдарлама сымен танысу 1
Сұрақ-жауап
 
« Ең  әдемі коллаж» байқау  өткізу
 
Шығармашылық сабақ
16 Бейнелерге сурет салу,редак-у 1
17 Мәтінмен  жұмыс жасау негіздері 1
18 Фотолармен  жүргізілетін тәжірибелер 1
19-20 Шығармашылық  жұмыс 2
21 Windows Movie Maker  бағдарламасы 1 Сұрақ-жауап
 
«Үздік  ролик» байқау  өткізу
 
Шығармашылық сабақ
22-23 Фильммен  орындалатын операция 2
24 Фильмді    монтаждау 1
25-26 Шығармашылық  жұмыс 2
27 Web бағдарламасы,тораптар  құру, дизайн 1 Ізденіс
 
Саяхат  сабақ
 
«Мазмұнды  торап» байқау өткізу
 
Эвристикалық
(проблемалық)
28 Гипертекст,гиперссылка 1
29 Үлгітүр көмегімен торап құру 1
30 Шебер  көмегімен торап құру 1
31 FTP протоколы бойынша торапты серверде жариялау 1
32-33 Шығармашылық жұмыс 2
34 Қайталау 1 Талдау, жинақтау
 
Тез  дамып   келе  жатқан   қоғамның   қай   саласына   болмасын, нәтижелі   жұмыс көрсете  алатын, жаңа   типті  маман  керек. Қазіргі  заман  талабы  мамандарға  нарық   еңбегін  құрайды. Болашақ   маманның   құндылығы – оның  өз  бетінше  дұрыс  жауапты  шешім    қабылдауға  қабілетті, бірігіп  командада  жұмыс істеуі , алдына  қойған   мақсатының   нәтижелі  жетістіктерін  көру, қолайсыз  жағдайларда  әрекет   ете  білуі, білім  шыңын игеруге   талаптануы. Сонымен   қатар  адамзатқа   қойылған   негізгі   міндет   ол   жауапкершілік, сапалық  және   жеке  адамның   қасиеттілігі.
Қазіргі   мектеп    бітірушілер   өз   білімін   жалғастыруда   болашақ    мүмкіншілігін бағыттай   алмауы,  ол  мемлекет   дамуының  экономикалық, технологиялық   және  қорғаныс  потенциалы  мен   болашақ  кәсіби   іс-әрекетінің  қарым – қатынасының    жоқтығында. 
Бұл  жағдайдан  шығудың   бірден – бір  жолы  жоғарғы   сынып  оқушыларына   болашақ   кәсіби  әрекет   саласына  бағдарлау,  мектеп   жұмыстарына   маңызды   өзгерістерді   енгізу  болып  табылады. 
Жалпы  орта  білім  беру  мектебінің   жоғары  сатысы, қазіргі  білім  жүйесінің  негізі  бола  отырып, кәсіби    білім  жүйесі   мен   жастардың  сапалы   кәсіби  іс - әрекетін  анықтайды. Білімнің   жоғарғы сатысы  білім  кеңістігінде  тұлғаның  әлеуметтілігі, кәсіпшілігі, азаматтылығының, өзін-өзі  анықтау  қабілеттілігін  айқындау  болып  табылады. Кәсіби  білікті  маман  болу  үшін  қоғамда  азаматтық  парызы  мол, адамгершілік  қасиеті   жоғары, кәсіби  қызметінің  бағытын  саналы  түрде   таңдауға  дайын  жоғары  маманданған  тұлға  болуы   қажет.  
Егеменді   тәуелсіз  Қазақстан   бүкіл  дүниежүзілік   интеграциялық     білім  беру   кеңістігіне  кіру   мақсатында   маңызды    жаңа     білім      жүйелерін   құрды.Қазақстан                  Республикасының  «Білім   туралы  Заңында»   мемлекет  саясатының  күрделі    қағидалары  анықталды, соның ішінде   жалпы  орта  білім  беру  вариативтілігі, кәсіби  бағдарлау, түрлі  бағыттағы  білім    беру   ұйымдарын  құру, кең  ауқымды   балама  оқу  бағдарламасы, соның  ішінде  тереңдетілген  және  бейіндік  кәсібиалды   дайындық. 
Қазақстан  Республикасының  Мемлекеттік  жалпы  білім  беру   стандартының  қағидаларында   жоғарғы  сатылы   жалпы  білім  беру   мектептері    одан  әрі   қарай  дами  бастады. Қазақстанның   мектеп  реформасының  дамыту  шеңберінде (МЖМББС 2002)  ережелеріне  сәйкес  2006-2007  оқу  жылынан бастап 10 – 11   сыныптарға  жаратылыстану- математикалық , қоғамдық –гуманитарлық  бағыттағы   бейіндік   пәндер  енгізіліп,  біздің   мектептің  оқушылары   сол  бағыттар  бойынша  бөлініп, оқытылып   жатыр. 
Бейіналды   дайындық  жүйесіне  мектептің  жалпы  білім  берудің  негізгі  сатысына  арналған  жаңа  компонеттер  енгізілді (таңдау  курсы, кәсіби  бағдар, психологиялық – педагогикалық  демеу).
Біздің   мектепте  жалпыға  міндетті  білім    беру  және  бейіндік  оқуға  дайындық  басталып  та  кетті.  Өзім  жаратылыстану – математикалық бағыттағы  сыныптар  бойынша   информатика  пәнінен    сабақ   беремін. Сонымен  қатар  10  сыныпқа    бейіналды  дайындық    жүйесінің   бір  компоненті  «Шаблон мен дизайн»  атты   таңдау  курсын   жүргізіп  келемін. Бұл    таңдау     курсы   оқушыға    өзінің   қабілетін   бағалауға, болашақ   жоспарын  жоспарлауға  көмектеседі. Бұл  таңдау  курсында  бағдарлама  шеңберінен  тыс  тақырыптарды  енгізіп, оқытып  жатырмын. Әр  сыныптан   өз  таңдаулары  бойынша   курсқа   оқушы  тартылып,   өзімнің  құрған   бағдарламам   бойынша    дәріс    беріп  жүрмін. Өзімнің жұмысымда бұл бағдарламаны  қолдана отырып оқушыны өмірдің өзгерісіне, ағымына икемделе білетін, болашағына дұрыс таңдау жасап, ұтымды шешім қабылдай алуға дайындау міндетін қоямын.
 Сіздердің   алдарыңызға  10 сыныпқа  арнап  жасаған  таңдау  курсының  бағдарламасын  ұсынамын
Загрузка...

Соңғы жарияланған материалдар тізімі
Білімді оқушыларды қалыптастырудың негізгі шарты біліктілік
Ағылшын тілі сабағында жаңа технологияны қолдану
Үлгілер (Шаблондар) және дизайн. Шебер. Слайд құру
Demo Builder бағдарламасын қолдану негізінде оқу құралдарын жасау жолдары
Microsoft Word мәтіндік редакторын іске қосу
12 ЖЫЛДЫҚ ОҚЫТУ ҮЛГІСІНЕ КӨШУ ЖАҒДАЙЫНДА ИНФОРМАТИКА БОЙЫНША БЕЙІНДІ БАҒЫТТА ОҚЫТУ: ТҰЖЫРЫМДАМАЛЫҚ ИДЕЯЛАР МЕН ТӘЖІРИБЕЛЕР
Білім сапасын арттыру жолдары
Бастауыш мектептің оқу-тәрбие процесіндегі құзырлылық
ЖАҢА АҚПАРАТТЫ ТЕХНОЛОГИЯНЫ ТИІМДІ ЖҮРГІЗУ – БҮГІНГІ КҮННІҢ ӨЗЕКТІ МӘСЕЛЕСІ
Балабақшада сын тұрғысынан ойлау технологиясының әдістерін қолдану тәсілі
Бөлім: Уроки / Ашық сабақтар | Көрсетілім: 1792 | Қосты: NA | Ілмек сөздер:
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Загрузка...
Бөлімдер
История
открытые уроки по истории
Педагогика
открытые уроки по педагогике
Биология
открытые уроки по биологии
Информатика
открытые уроки по информатике
Математика
открытые уроки по математике
Физика
открытые уроки по физике
Химия
открытые уроки по химии
Разное
открытые уроки
География
Открытые уроки по географии
русский язык
Жаңалықтар