Ұстаздар сайты u-s.kz Сайттың атауы www.u-s.kz
» » Лексикадан өткенді қайталау


Лексикадан өткенді қайталау

Сабақтың тақырыбы Лексикадан өткенді қайталау

Сабақтың мақсаты :
                                  а)  Нақты мысалдар  келтіре отырып лексика тарауынан өткенді қайталау арқылы оқушы білімін сарапқа салу ;
                                  ә) Түрлі әдістермен оқушылардың ойлау қабілеттерін дамыту,өзіндік шығармашылыққа баулу
                                 б)   Оқушылардың бойына әдептілік,инабаттылық,қарапайымдылық қасиеттерін қалыптастыру.
Сабақтың түрі :                                Қайталау сабағы
Сабақтың әдісі :                               сұрақ-жауап,талдау,тіл дамыту,жинақтау.
Сабақтың көрнекілігі :                   үлестірмелі кеспе қағаздар
Халықтық педагогика                    Отбасы толған жансың,
элементтерін қолдану :                   Бір-біріңе мейман жансың
Пәнаралық байланыс :                   әдебиет
Сабақтың барысы :  
                                    а)  Ұйымдастыру кезеңі :
   Оқушылармен амандасу,түгелдеу,оқу құралдарын тексеру.Сыныптың тазалығына көңіл бөлу.Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.
                                    ә)  Үй тапсырмасын пысықтау :
 
1.Синоним дегеніміз не?
2.омоним дегеніміз не?
3.Антоним дегеніміз не?
4.Лексика нені зерттейді?
5.Денсаулық туралы мақал айт.
 
                                   б)   Жаңа сабақты түсіндіру.
 
   Лекика ( грекше-лексикос дегенді білдіреді ) тілдің сөз байлығын,олардың мағыналарын сөздік қоры мен құрамын олардың даму,баю жолдарын қарастырады.
   Тілдің сөз байлығын бірімен-бірі тығыз байланысты екісаладан тұрады: негізгі сөздік қор жәнесөздік құрам.негізгі сөздік қор деп сол тілде сөйлейтін жалпы халыққа түсінікті тіл жүйесін айтады.Негізгі сөздік қор көлемі жағынан сөздік құрамнан аз болады да,сөздік құрамның бөлшегі деп есептеледі.Сөздік құрам сөздік қорға енетін түбірлік сөздерді ішіне алатын,тілде қолданылы жүрген барлық сөздердің жиынтығы болып саналады.
    Сондықтан сөздік қорға қарағанда,көлемі жағынан анағұрлым көп болады.
  Тілдің негізгі сөздік қоры мен сөздік құрамының аралары алшақ жатқан дербес,екі бөлек нәрсе емес екеуі бірінсіз-бірі өмір сүре алмайтын біртұтас тілдік құбылыс.
 
∆ Сабақты түсіндіргеннен кейін жаттығумен жұмыс жүргіземін.
∆ Кеспе қағаздар үлестіріп,жауап аламын.
 
«Хан талапай» ойыны арқылы сабақты бекітемін.
1.Лексика нені зерттейді ?          2.Тура және ауыспалы мағынаны қалай түсінесің ?
3.Көп мағыналы сөздер дегеніміз не ?   4. Омоним сөздердің көп мағыналы сөздерден қандай айырмашылғы бар ?
Үйге тапсырма : Үйге омоним сөздерді теріп жазып келуге беремін.
Білімді бағалау : Сабақ соңында оқшылардың білімдері бағаланады.

Соңғы жарияланған материалдар тізімі
Сөздік қор
Лексика
Лексикадан өткенді қайталау
Тілдің сөздік құрамы
Жалпылама лексика
Тіл дыбыстары
Омоним сөздердің көп мағыналы сөздерден айырмашылығы
Синонимдік сөздікпен жұмыс
Сөздің қолдану өрісіне байланысты түрлері
Сөздердің жасау өрісіне байланысты түрлері
Бөлім: Уроки / Қазақ тілі | Көрсетілім: 2172 | Қосты: NA | Ілмек сөздер:
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Бөлімдер
История
открытые уроки по истории
Педагогика
открытые уроки по педагогике
Биология
открытые уроки по биологии
Информатика
открытые уроки по информатике
Математика
открытые уроки по математике
Физика
открытые уроки по физике
Химия
открытые уроки по химии
Разное
открытые уроки
География
Открытые уроки по географии
русский язык