Ұстаздар сайты u-s.kz Сайттың атауы www.u-s.kz
» » Өздік есімдігінің түрленуі


Өздік есімдігінің түрленуі

Сабақтың тақырыбы: Өздік есімдігінің түрленуі

Сабақтың мақсаты: 
Білімділік. Өздік есімдігінің түрленуін түсіндіру.
Дамытушылық. Әр түрлі жаттығу жұмыстары арқылы оқушылардың есте сақтау, логикалық ойлауын дамыту.
Тәрбиелік. Оқушыларды тілін сүюге, елжандылыққа тәрбиелеу.
Сабақтың көрнекілігі: Интерактивті тақта, слайдтар, кестелер.
Сабақтың әдісі: СТО, сұрақ-жауап, жаттығу.
 
Сабақтың барысы:
Ұйымдастыру бөлімі.
 
Жалт-жұлт еткен, сиқырлы,
Шапанын қыс жамылды.
Шәкірттерге бүгінгі 
Жаңа тақырып табылды.
 
Қыс қой тонын сыйлаған,
Туған жерге, қалама.
Аппақ қардай кіршіксіз
Ойлар келді санама.
 
Есімдіктің сырларын
Меңгерейік шамамен.
Қысты қарсы алайық,
Кілең бестік бағамен.
 
Үй тапсырмасын сұрау. 
Топтастыру стратегиясы
102-жаттығу. Берілген сұрау есімдігін қатыстырып сөйлем құрап жазу.
Кімнің, қайсымыз, нешеуі, кімдермен, нешеуден, кімсіздер, қандаймыз.
Мысалы: Сен кімнің баласысың?
 
103-жаттығу. Нешінші, қайсысы деген сұрау есімдіктерін жіктеп және тәуелдеп жазып, мағыналық және тұлғалық жағынан салыстырыңдар.
 
Жіктеу:
нешінші қайсысы
І нешіншімін қайсысымын
ІІ нешіншісің қайсысысың
Сыпайы түрі нешіншісіз қайсысысыз
ІІІ нешінші қайсысы
 
Тәуелдеу:
нешінші қайсысы
І нешіншім қайсысым
ІІ нешіншің қайсысың
Сыпайы түрі нешіншіңіз қайсысыңыз
ІІІ нешіншісі қайсысы
 
Жаңа сабақты белсенді, саналы түрде меңгерту кезеңі
 
Өз есімдігі тәуелденіп барып септеледі.
Өздік есімдігінің септелу үлгісі
Септік өзім өзің өзіңіз өзі
Атау өзім өзің өзіңіз өзі
Ілік өзімнің өзіңнің өзіңіздің өзінің
Барыс өзіме өзіңе өзіңізге өзіне
Табыс өзімді өзіңді өзіңізді өзін
Жатыс өзімде өзіңде өзіңізде өзінде
Шығыс өзімнен өзіңнен өзіңізден өзінен
Көмектес өзіммен өзіңмен өзіңізбен өзімен
 
Өз есімдігі тәуелденіп барып жіктеледі.
 
Өздік есімдігінің жіктелу үлгісі
 
жақ өзім өзің өзіңіз өзі
І Мен
Біз өзіммін
өзімізбіз өзіңмін
өзіңбіз өзіңізбін
өзіңізбіз өзімін
өзіміз
ІІ Сен
Сендер
Сіз
Сіздер өзімсің
өзімсіңдер
өзімсіз
өзімсіздер өзіңсің
өздеріңсіңдер
өзіңсіз
өздеріңсіздер -
-
өзіңізсіз
өздеріңізсіздер өзісің
өзісіңдер
өзісіз
өзісіздер
ІІІ Ол
Олар өзім өзің
өзіңіз өзі
 
Кейде өз есімдігі өзі орнына жүретін жіктеу есімдігімен немесе зат есіммен де тіркесіп қатар жұмсалады. Мысалы: 
 
Мен өзім айттым
Сен өзің айттың
Сіз өзіңіз айттыңыз
Ол өзі айтты
Біз өзіміз айттық
Сендер өздерің айттыңдар
Сіздер өздеріңіз айттыңыздар
Олар өздері айтты
 
Өз есімдігімен жасалған өз-өзінен, өзінен-өзі, өзді-өзі деген қос сөздер дефис арқылы жасалады.
 
Өлеңдегі түсірілген сөздерді орнына қойыңдар:
Өзім – тәңірі табынамын ... (өзіме)
Сөзім – құран, бағынамын ...! (сөзіме)
Бұзушы да, түзуші де ..., (өзіммін)
Енді, ескілік, келдің өлер ... ! (кезіңе)
                                             Мағжан Жұмабаев.
Керекті сөздер: сөзіме, өзіме, өзіммін, кезіңе.
Тапсырма: Өздік есімдігін тауып, олардың қалай түрленіп тұрғанын анықта.
Өзім – түбірі өз, -ім тәуелдік жалғаудың І жағы
Өзіме – түбірі өз, -ім тәуелдік жалғаудың І жағы, -е барыс септігі
Өзіммін - түбірі өз, -ім тәуелдік жалғаудың І жағы, -мін жіктік жалғау І жағы.
– Ойын патшалығына қош келдіңіздер!
“+” белгісін тиісті жеріне қояйық!
Өздік есімдіктері Тәуелденіп тұр Жіктеліп тұр Септеліп тұр Көптеліп тұр
Өзін
Өздері
Өзіңсің
Өзім
 
Мақал-мәтелдерді сөйлем мүшесіне талда:
1. Хас сараң өз затын өзінен қызғанады.
2. Қорқақ өзінің көлеңкесінен де қорқады.
 
Өлеңдерден өздік есімдігін тауып, қалай түрленіп тұрғанын түсіндіріңдер.
Өзіңе-өзің жүк артып,
Өмір деген - тер төгу.
Бір нәрсеге құмартып,
Бір нәрседен жеркену.
 
Мектебім - айтар әнім,
Сан рет қайталадым.
Өзіңнен алғанымды
Өзіңе қайтарамын.
 
Армандаймыз, аңсаймыз, қиялдаймыз,
Мына думан өмірге сыя алмаймыз.
Бос қиялмен өтпесем жарар еді,
Көктемеген егінді жия алмай біз.
 
Өзімізді, себебі, жиі алдаймыз,
Өзімізден өзіміз ұялмаймыз.  
 
«Ән – көңілдің ажары» демекші, сазды кезеңге де жеттік, балалар! Мына өлеңдер шумағын әнімен орындап, талдау жұмыстарын жасайық.
 
Қалың ағаш жапырағы
Сыбырласып өзді-өзі,
Көрінбей жердің топырағы, 
Құлпырған жасыл жер жүзі.
 
Өзіңмен Арыстың
Бойында таныстым
Жайнаған күндей құрбым сен
Жағада тұрдың сен!
 
Жаңа сабақты бекіту. 
Бес жолды өлең жазу
- Балалар, өзі деп жасыра отырып, бес жолды өлең жазайық. Ол өлең бір зат есімді жұмбақ ретінде жасыра құрылады. Мысалы:
- Өзі
- Сын есім, Сын есім.
- Етістік, етістік, етістік.
- 4 сөзден тұратын сөйлем
- жауабы
 
 Өзі
 Ауыр, қатты
 Лақтырады, қалайды, қашайды
 Ақыл бастан, асыл одан.
 Тас.
 
1. Өздік есімдігіне қандай сөз жатады?
2. Өзісіздер есімдігі қандай тұлғада тұр?
3. Өзіңмен қай септікте тұр?
4. «Өз үйім - өлең төсегім» деген мақалда өздік есімдігі қай сөйлем мүшесінің қызметін атқарып тұр?
5. Өздік есімдігі бар бір мақал жаз.
 
Үйге тапсырма:
Өздік есімдіктерін қатыстырып, бір кейіпкердің атынан 
басқа бір кейіпкерге өзіңнің басыңнан өткен қызық оқиғаны келтіріп, хат жазайық! 
Сабағымыз аяқталды, тұрайық!
Өзімізге шапалақты ұрайық...
Үйге барып, шабытпенен шаттана
Таң қаларлық әдемі хат құрайық! 
Бағалау. __

Соңғы жарияланған материалдар тізімі
Есімдіктен өткенді қайталау
Есімдік. Есімдіктің түрлері
Есімдіктен өткенді қайталау
Сан есім
Сұрау есімдігінің түрленуі
«Есімдік» тақырыбы бойынша
Белгісіздік есімдігі
Өздік есімдігінің түрленуі.
Сілтеу есімдігі
ӨЗДІК ЕСІМДІКТІҢ ТҮРЛЕНУІ
Бөлім: Уроки / Қазақ тілі | Көрсетілім: 2697 | Қосты: NA | Ілмек сөздер:
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Бөлімдер
История
открытые уроки по истории
Педагогика
открытые уроки по педагогике
Биология
открытые уроки по биологии
Информатика
открытые уроки по информатике
Математика
открытые уроки по математике
Физика
открытые уроки по физике
Химия
открытые уроки по химии
Разное
открытые уроки
География
Открытые уроки по географии
русский язык