Ұстаздар сайты u-s.kz Сайттың атауы www.u-s.kz
Құрметті сайт қолданушылары ұстаздар сайты домендік атауының өзгергенін хабарлайды. Сайттың жаңа домендік атауы www.u-s.kz .
Загрузка...
Загрузка...
» » Модель және модельдеу

26-01-2015, 18:09
Модель және модельдеу
загрузка...
САБАҚ ЖОСПАРЫ

Күні__________________
Сыныбы____6__________

Сабақтың тақырыбы: Модель және модельдеу.

Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Оқушыларға модель ұғымы, модельдеу және модельдеудің кезеңдері жайлы ақпарат беру.
Тәрбиелік: Оқушыларды нақты шешім қабылдай білуге, топпен жұмыс жасауға, өз ойын еркін жеткізе
білуге тәрбиелеу.
Дамытушылық: Оқушыларды модель құруға дағдыландыру, пәнге қызығушылығын арттыру.
Сабақтың типі: тәжірибелік жұмыс
Сабақтың әдісі: интерактивті тақта көмегімен түсіндіру
Сабақта қолданылатын көрнекі құралдар: Компьютер, оқулық, интерактивті тақта
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі: 1. Сәлемдесу, түгелдеу.
2. Оқушылардың құрал - жабдығын тексеру.
3. Оқушылардың назарын сабаққа аудару.
Сабақты бастамас бұрын психологиялық дайындық жүргізіледі.
Ұстанатын қағидамыз: ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына «Қазақстан-2050» стратегиялық жаңа саяси бағыты жолдауында «білім мен кәсіби машық- заманауи білім беру жүйесінің негізгі бағдары» деген сөзін аламыз.
Ескерту: тапсырма бойынша 5 оқушының орындауын күтеміз. Қосымша юасқа оқушылар үлгеруі үшін 30 сек беріледі. Сондай-ақ, біткен алғашқы оқушылардың жұмысы тескеріліп үлгермеген оқушыларға үйретеді. Бұлай білім алуда оқушы 95% білім алады.
Сабақ ақпараттық карта арқылы жүреді. 1-слайд



Алғашқы кезең – Ой қозғау- қызығушылықты ояту.
Ұстанатын қағидамыз: Біздің қоғамда адал еңбекті терең біліммен ұштастырған ғана табысқа жете алатынын қаперден шығармаған абзал. Н.Ә.Назарбаев
Назарларыңды экранға аударайық. 2-слайд


-Бұл не деп ойлайсыңдар?
- Күнделікті тұрмыста өздерің кездестіретін нысандарға мысалдар келтіріңдер?
Ендеше бүгінгі жаңа сабағымыз модель және модельдеу ұғымдарымен танысамыз.
2 кезең. Мағынаны тану- конструкциялау. Жаңа сабақты түсіндіру.
Ұстанатын қағидамыз: «Біз білім-ғылым-инновациялар үштігі билеген әлемге қарай жлжып келеміз» Н.Ә.Назарбаев
Модель – бұл глобус және әлем картасы, жердің тартылыс күшінің формуласы, көрме стендіндегі зымыранның макеті, мектептегі биология кабинетіндегі көрнекі құралдар, әйгілі суреттердің көшірмесі. Нақты нысандарды (түпнұсқа) зерттеу мақсатында адамның қолымен жасалған нысанды – модель деп атаймыз.
Модель – нақты нысанды, құбылысты немесе үдерісті қарапайым етіп түсіндіреді.
Модельдеу – нысандарды, үдерістерді және құбылыстарды зерттеу үшін модель құру.
«Модель құру, модельдеу не үшін қажет?» деген сұрақ туындауы мүмкін. Біріншіден, нақты уақыт барысында түпнұсқа болмауы мүмкін немесе мүлдем табиғатта жоқ болуы мүмкін.
Екіншіден, түпнұсқа көптеген қасиетке және өзара байланыстарға ие болуы мүмкін, ал бізді тек жеке бөлігі ғана қызықтыруы мүмкін.
Модельдеу кезінде алдымен нысанның немесе қандай да бір үдерістің қасиеттерін біліп қана қоймай, сонымен қатар модельдеу кезеңдерін жоспарлау да қажет.
Модельдеудің кезеңдері: есептің қойылымы, модельді құру, компьютерлік модель, модельдеу нәтижесін талдау. Модельдеу нәтижесін талдау барысында алынған нәтиженің мақсатқа сйәкес келетіндігін немесе мақсатқа сәйкес келмейтіндігі талданады. Анықталған қате – бұл да нәтиже болып есептелінеді.
Зерттеу мақсаты ретінде мыналарды айтуға болады:
 Қоршаған ортаны танып - білу;
 Берілген қасиет бойынша нысанды құру;
 Әсердің нысанға тигізер салдары;
 Құбылыстарды, үдерістерді және нысандарды тиімді басқару.
Модель - кез - келген нысанның қарапайым кейіпі. Нақты обьектіні, процесті немесе құбылысты ықшам әрі шағын түрде бейнелеп көрсету. Модельдер материалдық түрде, яғни бар болуы мүмкін. Кей жағдайларда модельдер құрамы бойынша нағыз нұсқаны ауыстыруы мүмкін. Мысалы, қуыршақ қыздың моделі. Бір нысанда бірнеше модель болуы мүмкін. Мысалы: балықтікі жылтырауық немесе қағаздан жасалған модель. Модельдердің ақпараттық түрі болады. Бұл информатика үшін маңыздырақ. Ақпараттық модель: ауызша, математикалық және графикалық. Автомобиль сызбасы графиктік модель. Қарапайым ақпараттық модель - адамның есімі. Тақпақтар да ауызша модель бола алады.
Күндіз бәрі қашады,
Түнде аспанды басады. \жұлдыз\
Математикалық модельдерді математика сабағында сандарды және символдарды пайдаланып құрамыз.
2*1=2 --------2*6=12
2*2=4 --------2*7=14
2*3=6 --------2*8=16
2*4=6 --------2*9=18 2*5=10 -------2*10=20
Ендеше жаңа сабаққа байланысты тапсырмалар орындаймыз. Келесі бөліміміз Нұсқалау-Қолдану кезеңінде компьютерде тәжірибелік жұмыстар орындаймыз.Ұстанымымыз: «Біздің еңбексүйгіштігіміз біздің екінші құнды жеңісіміз болып табылады» Н.Ә.Назарбаев
Тапсырма. Мозайка құру. Модельдеу кезеңдері бойынша жұмыс жасау тапсырылады.
1-кезең. Есептің қойылуы. Мозайкадан өрнек құру. Ол геометриялық модель. Оны модельдеу үшін дайындамалар жиынтығын құру қажет. Яғн сол дайындамалар арқылы өрнектер алуға болады. Мақсат- сол дайындамалар арқылы геометриялық өрнек салу.
Нысанды талдау; дайындамалар бір типті өлшемде болуы керек.
2-кезең. Модель құру. Компьютерлік модель. – Модельдеуді жүргізу үшін қандай ортаны таңдау қажет? Модельдеу үшін Paint графикалық редакторында құрылады. Ол үшін Қиып алу, Көшіру, сызық, төртбұрыш өшіргіш құралдары пайдаланылады.
3-кезең. Компьютерлік тәжірибе. А) Модельдеу жоспры:
1. Дайындама дайындау
2. Композизияны алу
3. Өз композициямызды құру
Б) Модельдеу технологиясы
1. Paint графикалық редакторын ашамыз
2. Сурет салу аймағында қажет мөлшерде дайындамалар құрамыз
3. Композиция құрамыз


4-кезең. Нәтиже сараптамасы. Дайындаманы қиыстыру кезінде және орнату кезінде өте ұқыпты болу керек. Тағы қандай композизияны алуға болады?Қандай дайындаманы тағы қосуға болады?
Осы тапсырманың әрбір кезеңдерін оқушылрға өздеріне орындау тапсырылады. Орындалған тапсырмалар талданады.
Келесі кезең- Миға шабуыл – талдау- ТҮЙІН! Ұстанымымыз: Білімді өзің үшін емес өзге үшін үйрен. Әл-Фараби
Сонымен, бүгінгі модель және модельдеу тақырыбынан нені түсіндік? Компьютер қандай ақпаратты өңдей алады?
Жауап: математикалық модель- электрондық кесте қажет, сөздік модель құру үшін- мәтіндік редактор, графикалық модель құруда графкалық редактор қажет. Компьютерлік модельдеу кезінде программалардың компьютерде жұмыс істеу технологиясын жақсылап меңгеру қажет екен.
Сұрақ: - тағы бір жаңа заманауи модельдеу түрі бар ол қандай деп ойлайсыңдар?
Жауап: - үшөлшемді модельдеу ол үшін қуатты видеокарта мен заманауи программалармен жабдықталу керек.

Келесі кезең- Бекіту. Рефлексия. Болашаққа көзқарас.
1. Бүгін сабақта біз нені үйрендік?
2. Болашақта қолданамызба?
3. Қажеті барма?- деген сұрақтарға жауап беру арқылы түрлі түсті постерлерді толтырып тақтаға жабыстырайық


Сұрақ; - Осы постерлерді толтыру арқылы біз ненің модельін құрастырдық?
Жауап: - Экспо-2017 болашақтың энергиясы модельін құрастырдық
Ендеше осы алған білімімізді одан әрі толықтыра отырып, оны пайдаланып, болашақта үлкен үлкен маіызы бар модельдер құрастырады деп сенемін. Мүмкін Экспо – 2017 көрмесіне сендердің де модельдерін тұратын шығар. Ол мақсатқа жету үшін сабақты жақсы оқып, еңбексүйгіштікпен жеңіске жетеді деп ойлаймын.
Бағалау.
Үйге тапсырма: 1. § 13. Бақылау сұрақтары мен тапсырмаларына дайндалып келу.
2. Қолдың үшөлшемді модельін қағазға түсіріп келу
Загрузка...

Соңғы жарияланған материалдар тізімі
Модель, нақты объектінің қасиеттерін бейне ретінде көрсетеді.
Модельдің түрлері: таңбалық және вербальдық, ақпараттық, компьютерлік
Өлшем алу. Әйелдер шалбарын модельдеу.
Модельдерді сипаттау әдістері, модельдер қасиеті, түрлері
Модельдер түрлері
Модельдер түрлері
Модельдерді сипаттау әдісі, модельдеу қасиеттері, Модель түрлері
Модель және модельдеу. Модельдің түрлері
Модель және модельдеу
Модель, модельдің түрлері.
Бөлім: Уроки / Информатика | Көрсетілім: 9447 | Қосты: Жайлаш Эльмира Нуреденқызы | Ілмек сөздер:
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Загрузка...
Бөлімдер
История
открытые уроки по истории
Педагогика
открытые уроки по педагогике
Биология
открытые уроки по биологии
Информатика
открытые уроки по информатике
Математика
открытые уроки по математике
Физика
открытые уроки по физике
Химия
открытые уроки по химии
Разное
открытые уроки
География
Открытые уроки по географии
русский язык
Жаңалықтар