Ұстаздар сайты u-s.kz Сайттың атауы www.u-s.kz
» » Заманауи мектептің әдістемелік қызметіндегі инновациялық модель


Заманауи мектептің әдістемелік қызметіндегі инновациялық модель

Заманауи мектептің әдістемелік қызметіндегі инновациялық модель

1.1.Мектептің оқу үрдісіне жаңа тәсілдерді енгізу ерекшеліктері

Атырау облысы Индер ауданы С.Сейфуллин атындағы орта мектептің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Жандалиева Нұргүл Даукенқызы

ХХI ғасырдың бет-бейнесі біліммен өлшенбек. Ертеңгі келер күннің бүгінгіден гөрі нұрлы болуына ықпал етіп, адамзат қоғамын алға апаратын құдіретті күш тек білімге ғана тән. Қай елдің болсын өсіп-өркендеуі, өркениетті дүниеде өзіндік орын алуы оның ұлттық білім жүйесінің деңгейіне,  даму бағытына тікелей байланысты. Бүгінгі қоғамның ұстаздар алдына қойып отырған басты міндеті, артар жүгі – сапалы білім берумен қатар жан-жақты дамыған, өзіндік ой-пікірі қалыптасқан, өмірде ойын жүзеге асыра алатын тұлға қалыптастыру. Тұлға қалыптастыруда – оның тәні мен жанын қатар дамыту, танымдық қызығушылығын дамытудың әдіс тәсілдерін іздеу, анықтау, жүйелеу, қолдану.

Елбасымыздың жолдауында: «Ұлттың бәсекеге қабілеттілігі бірінші кезекте білім деңгейімен айқындалады» - деген байламы жеке адамның құндылығын арттыру, оны дайындайтын ұстаз жауапкершілігінің өсуі, тынымсыз еңбек, сапалы нәтиже деген ұғыммен егіз. Тәуелсіз ел тірегі-білімді ұрпақ.Жас ұрпаққа білім беруде, оларды болашақ еліміздің тұтқасы етіп тәрбиелеу әр ұстаздың, әр бір мектептің ең қасиетті міндеті. Бүкіл дүниежүзілік білім әлеміне кіру мақсатында қазіргі кезде Қазақстанда білімнің жаңа жүйесі құрылуда. Бұл үрдіс педагогика теориясы мен оқу-тәрбие үрдісіне нақты өзгерістер енгізумен қатар жүргізіледі. Елімізде болып жатқан түрлі бағыттағы өзгерістер білім беру қызметіне жаңаша қарауды, қол жеткен табыстарды сын көзбен бағалай отырып саралауды, оқушылардың шығармашылық әлеуметін дамытудың, мұғалім іс-әрекетін жаңаша тұрғыда ұйымдастыруды талап етеді.

Қазақстан Республикасының 2015 жылға дейінгі білім беруді дамыту тұжырымдамасында «Жоғарғы білімді дамытудың негізгі үрдісі мамандар даярлау сапасын арттыру, қарқынды ғылыми-зерттеу қызметімен ықпалдастырылған инновациялық білімді дамыту, білім беру мен ақпараттық технологияларды жетілдіру болып табылады»,-деп атап көрсетілген.

Инновация (латын тілінен аударғанда)-жаңарту, жаңалық, өзгеріс деген түсінікті білдіреді. Инновация оқу-тәрбие процесінің ағымы мен нәтижесін жақсартуда педагогикалық жүйедегі өзгеріс. Қазіргі уақытта инновация деп көбінесе жаңа технологияларды, әдістер мен құралдарды жасаужәне қолдануды айтса, сонымен бірге жаңа идеяларды, процестерді бірлікте жетілдірудің де жүйесі. Сондықтан оқыту мен тәрбиедегі жаңа технология инновациялық идеяларды енгізу, жаңарту нысаны болып табылады. Инновация өзінің даму барысында белгілі бір өмірлік сатыдан тұрады: жаңа идеяныңпайда болуы; мақсат қоюшылық; тарату және жойылу.

Қоғамдағы қазіргі кезде қайта құрулар экономиканы дамытудағы жаңа стратегиялық бағдарлар қоғамның алдағы, оның жедел ақпараттануы мен қарқынды дамуы білім беруге қойылатын талаптарды түбегейлі өзгертті. Әлемнің жетекші елдерінің көпшілігінің білім берудің мақсатын, мазмұны мен технологиялары, оның нәтижесіне қарап бағалайтын болды. Білім берудің қазіргі негізгі мақсаты білім алып, білік пен дағды –машыққа қол жеткізу ғана емес, солардың негізінде  дербес, әлеуметтік және кәсіби біліктілікке – ақпаратты өзі ізденіп табу, талдау және ұтымды пайдалану, жылдам өзгеріп жатқан бүгінгі дүниеде лайықты өмір сүру  және жұмыс істеу болып табылады.    

Кез келген елдің рухани - мәдени дамуы экономикалық дамуы сол елдегі оқыған білімді индивидумдар деңгейімен анықталады. Ал жеке тұлғалардың білімділігі кеңінен ойлану анализдей білу мектеп қабырғасында алатын біліміне тікелей байланысты. Яғни мектеп сол болашақ деп аталатын үлкен құрылыстың кішкене кірпіштерін дайындап шығарып жатқан фабрика сияқты.

Әр күні көптеген ғылыми жаңалықтарға терең әлеуметтік өзгерістерге толы қазіргі кезеңде оқушыларға берілетін информация көлемі кеңеюде. Ал оны игеруге бөлінетін уақыт өзгеріссіз қалуда. Сондықтан білім берудің сапасын жақсарту, білім берудің әдістемелік негізін өзгерту заман талабына сәйкес туындап отырған қажеттілік.

Осы орайда мұғалімдерді жаңашылдыққа ұмтылдыру, біліктілін арттыру, оқу үрдісінде инновациялық технологияларды енгізу мақсатында деңгейлік курстардың маңызы зор. Осы біліктілікті арттыру курсының негізгі бағдарламасы – мұғалімнің білім беру мен оқытудағы әдіс-тәсілдері жаңа бастама болып отыр. Сол бағдарлама сындарлы оқытуға негізделіп отыр. Бұрынғы әдетке айналған оқу үрдісінде мұғалім басты рөль атқарған болса, қазіргі оқу үрдісінде оқушы белсенділік көрсетуге тиіс, яғни мұғалім көбіне кеңесші, бағдарлаушы рөль атқаруға тиіс. Қазіргі кезеңде оқытудың басты мақсаты өз бетінше дами алатын, жеке шығармашылық тұлғаларды қалыптастыру болғандықтан мектеп қабырғасында оқушылар өз бетінше танымдық әрекет етудің әдістері мен дағдыларын игеруге тиіс.

Оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер жекелеген құбылыс немесе дағды емес.  Осы іске тартылатын тетіктер мыналар: оқыту әдісін таңдау: жүйелі ойлауға үйрету; оқушының талантын зерттеу және анықтау; сандық технологиялар саласындағы жоғары құзыреттілікті дамыту болып табылады.

Осы жаңа тәсілдерді қолдануда «диалогтік оқытудың маңызы» және «қалай оқу керектігін үйретуді» басшылыққа алдым. Оқыту мен оқудағы оқушы мен мұғалімнің арасындағы байланыс ол диалог арқылы болары сөзсіз. Осы диалогтік оқыту сабақ барысында тиімді қолданылғанда оқушылар өз ойларын, көзқарастарын білдіріп, еркін сөйлеуіне, дамуына көмектеседі. Ал «қалай  оқу керектігін үйретуде» оқушы алған білімін есте сақтап, өз бетімен іздене отырып, жауапкершілікке үйретеміз. Қалай оқу керектігін үйрету бұл оқушының  «өзін-өзі реттеу» болып табылатыны анық. Бұл үдерісте оқушылар түсінеді, бақылайды,  өздерін қадағалап қабілеттерін шыңдайды. Онда оқушының жас ерекшеліктерін де ескеруге тырыстым.  Берілген тапсырмалар арқылы өзін-өзі реттей отырып білімге құштарлығын ояту болып саналады.Табыс, ұмтылыс және тиімді тәсілдерді қолдау арасындағы негізгі байланысты қалыптастыратын болғандықтан, метатану ұғымын бір оқушының «қалай оқу керектігін үйренуі» деп қарастыруға болады.

Талантты және дарынды балаларды оқыту. Талантты және дарындыоқушыны анықтау, оларды дамытатын тапсырмалардың т. б. қамтылуы, сабақтарда қолданылуының маңыздылығы айтылған.Оқушылардың жас ерекшелігіне сәйкес оқыту. Оқу барысында сынып оқушыларының жас ерекшеліктерін ескере отырып, оқыту көзделген. Оқытуды басқару және көшбасшылық. Шағын топтарда жұмыс жасатуарқылы көшбасшылықты анықтау, оқушыны көшбасшылыққа жетелеу, баланың көшбасшылығын көре білу, үлкен топтарға көшбасшылыққа ұмтылуға бағыттау және оқытуда мұғалімнің көшбасшылығы анықталады.

Сыни тұрғыдан ойлау әдісі—оқушы жұмысын бағалаудағы тиімді әдістердің бірі. Мұғалім бұл әдісті таңдау арқылы оқушы жұмысына баға бере алады. Оның жетістігін жетілдіріп, кемшілігін жоюға жетелейді. Мұғалім бұл әдісті ұстана отырып, оқушының мүмкіндігі мен қабілетін зерттейді, оның осал тұсын байқап, соны жетілдіру мақсатында жұмыстанады. Сабақ кезінде шәкірттердің сыни тұрғыдан ойлау қабілеттерін жетілдіруге, дамытуға арналған оқыту технологиясы олардың еркін ойлау, шығармашылық белсенділіктің жоғарылауына, ұжым болып ойлауға, тұжырымдама жасауға бағыттайды. Осындай жұмыс кезінде олар ортаға еркін араласады, өз пікірін жасқанбай айтуға үйренеді. Бағалау-одан арғы білім алу туралы шешімді қабылдау мақсатымен оқытудың нәтижелерін жүйелі түрде жиынтықтауға бағытталған қызметті белгілеу үшін қолданылатын термин.Оқыту үшін бағалауды сабаққа ендіру оқушылардың оқуға қызығушылығын артып, білуге деген мотивациясы оянады. Оқу нәтижесінде табысты оқуына ықпал етеді.Сабақ барысында осы аталған жеті модульдерді дұрыс, жүйелі ықпалдастырса сабақ нәтижелі болмақ. Нәтижеге бағытталған сабақта оқушыға мұғалім бағыт - бағдар беруші, жөн сілтеуші болады.

Еліміздің білім беру жүйесін 2015 жылға дамыту тұжырымдамасында: «Жылдам өзгеріп отыратын заманда алынған білімнің, кәсіби дағдылардың негізінде еркін бағдарлай білетін, өзін - өзі іске асыруға, өзін - өзі дамытуға және өз бетінше дұрыс, адамгершілік тұрғысынан жауапты шешімдер қабылдауға қабілетті жеке тұлғаны қалыптастыру» деп нақты көрсетілген. Осы мақсаттың жүзеге асырыла бастауының бірден бір себебі - осы деңгейлік курстар деуге болады.Оқудағы жаңа әдіс-тәсілдерді енгізу арқылы біз болашаққа бағдар жасай алатын, жан-жақты дамыған тұлға қалыптастыратынымыз сөзсіз.

Жаңа ғасырдағы Қазақстан елінің үміт артар ұрпағын білімді, мәдениетті, интеллектуалды азамат етіп шығару ұстаздар алдындағы міндет болып табылады. Ал Қазақстанда білім беру үрдісі  дүниежүзілік білім әлеміне кіруді көздейді.

Сондықтан қазіргі мектеп жағдайындағы  білім берудің ұлттық моделіне өту- оқыту мен тәрбиелеудің соңғы әдіс-тәсілдерін игеруді қажет етеді. Жаңа инновациялық іс-әрекетпен қаруланған, психологиялық-педагогикалық диагностиканы қабылдай алатын шығармашыл педагог-зерттеуші, ойшыл мұғалім ғана мақсатқа жете алады


Соңғы жарияланған материалдар тізімі
Білімді оқушыларды қалыптастырудың негізгі шарты біліктілік
Педагогтардың кәсіби құзыреттілігін дамыту-білім сапасын көтеру құралы
кәсіби шыңдалу-ұстаз міндеті
«Оқытудың инновациялық технологияларын пайдалану ерекшеліктері ».
Оқытудағы жаңа тәсілдер
«Балабақшада сын тұрғысынан ойлау технологиясының әдістерін қолдану тәсілі»
Білім беру жүйесін жаңғырту жағдайында ШЖМ-де педагогикалық инновациялық технологияларды пайдалану
Инновациялық технологиямен оқыту – заман талабы
Білім сапасын арттыру жолдары
Балабақшада сын тұрғысынан ойлау технологиясының әдістерін қолдану тәсілі
Бөлім: Статьи / Ұстаздарға | Көрсетілім: 6058 | Қосты: NA | Ілмек сөздер:
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Бөлімдер
Ұстаздарға
Ата-аналарға
Біздің мектеп
Баяндама
Эссе
Оқушыларға
Конкурс ең үздік шығарма
Ең үздік шығарма конкурсына арналған. Шығармаларды осы жерде жазамыз