|
|
Заманауи мектептегі баға рөлі
Алғашқы қалыптасуы Германияда бастау алатын бағалау жүйесі әлемдегі көп мемлекеттердің білім жүйесіне енгізілгендігі баршамызға аян. Әрине аталуы бір болғанымен қолданылуы әр елде сан қилы бұл жүйенің адам өмірінде қаншалықты маңызы бар? Қажеттілігі басым ба, әлде шамалы ма? Осы бір сұрақтарға жауап іздеу мақсатында түрлі ақпараттарға көз салдық. Мектептегі бағалау жүйесі әлемдік білім жүйесіндегі зерттеуші ғалымдардың пікірлері арасында ішінара қарама – қайшылықтар туындатып отырғандығы белгілі. Бүгінгі күнде мұғалімнің бағалау әрекетіне байланысты сұрақтары әлі де болса оқу процесінде зерттеуді қажет етеді. Себебі тура мағанада қарасақ баға оқушыға және оның ата – анасына қажеті жоқ. Ол әр кезде отбасылық пікірталасқа, екі жақты наразылыққа, бір – біріне деген жағымсыз қарым – қатынасқа себеп болады. Ал бүгінгі күнде өзге қоғамдық көзқараста әр-бір іс-әрекетімізді бағасыз елестету мүмкін емес. Білім жүйесі – бұл негізгі әлеуметтік институт яғни мемлекет болашақ мамандармен өз ісінің шеберлерін дайындайды. Ал сол дайындықты бағалау диагностикасынсыз және бағалаусыз сараптау мүмкін бе? Сондықтан біз бағалау диагностикасы және бағалау арқылы әлеуметтік маңызы бар қажеттілікке дайындығын саралай аламыз, оны біз әлеуметтік өміріміздің әр түрлі формасында кездестіреміз: аттестация, аудит, ревизия, т.б. Қажеттілік пен мақсаттылық бағаның әлеуметтік мәні екені анық, сондықтан соңғы өнімнің сапасы мен деңгейін, оқушылардың білімі мен қабілетін анықтауға мүмкіндік береді. Сондықтан да оқу процесіндегі бағалау қажет және маңызды. Оқу бұл әрекеттің бір түрі деп түсінетін ұстаздар, зерттеуші ғалымдар ғана бұл ойды түсінеді. Алайда бағалау жалпы түсінікте кейбір атаулы деңгейлерге сәйкес келмейді. Ол нақты функцияларды атқара отырып әлеуметтік сенімділікке жауап береді. Бірақ оқу процесіндегі іс-әректті бағалау компоненттерін оқушылар стресс түрінде қабылдайды. Ал бұл бағалаудың соңғы көрінісі.
Бағалау жүйесіндегі қауіпті аймақтың болымсыз жақтарын не ерекшелейді?
1. Ең бастысы – бағалау немесе талдау барысында мұғалімнің субектілік көзқараста болуы. Оқушының жазба немесе ауызша тапсырмасын бағалау кезінде мұғалім оқушының жеке қабілеттілігін ескере бермейді.
2. Бағалаудың қай түрі болмасын оқушыларды «Үздік», «Жақсы», «Қанағаттанарлық», «Төмен» деген әлеуметтік дәреже ретінде бөлінеді. Ал бұл жағдай тек мектепте емес отбасы жағдайларында кездеседі. Қазіргі бағалау жүйесін нақты нормалармен салыстырғанда ата – аналардың үмітін ақтамағандығын және оқушылардың өзін – өзі бағалауымен сәйкес келмейтіндігін көрсетеді.
3. Бағалау жүйесіндегі кемшіліктер; баға дегеніміз ол сан, ал біз сол санмен оқушының қабілетін жан – жақты өлшеуге тырысамыз, соның ішінде адамгершілік қабілеттері, ішкі мүмкіндіктері санмен өлшенілмейтіндігі анық емес пе? Қорытындысында жұмысты бағалау баланың жеке қасиеттерін бағалау болып қабылданады оның адамгершілік, интелектілік, өмірлік талпынысына кедергі келтіретіндігі байқалады.
4. Уақыт өте бағалау оқушы қақпанына айналуы мүмкін. Себебі дәстүрлі бағалау жүйесі торлы қақпан ретінде көрініс тауып отырғандығы бәрімізге аян. Ал сол қоршаулы қақпаннан шығу қиынның қиыны. Бұл жағдаяттан шығудың үш нұсқасы қарастырылған: «бәріне қол сілтеу», «ұмтылыс», «басқа адам болып ояну». Соңғы бағыт мақсат қоюына, мінез – құлқына, ой еркіндігімен байланысты, алайда бұл қасиеттер барлығында бірдей көрініс таба бермейді.
Бағалау жүйесіндегі кедергі келтіретін аспектілерді қалай жоюға болады?
Ең бастысы мұғалімнің алға қойған мақсатын анықтау. Егерде оның мақсаты оқушының білімін анықтап немес жою болатын болса келесі берілген нұсқаулар іске аспайды. Егерде мақсат бағалау және бірін-бірі бағалау арқылы өзін-өзі бағалауға және ой толғанысқа әкелер болса берілген кеңестер іске асуы мүмкін. Бағалау жүйесіндегі әр бір саты жазалау емес, ол алдағы оқуына ынталандырар болса онда оның мәні болар. Сондықтан;
- Сабақ барысында бағытталған жаттығулар арқылы оқушылардың «механикалық іс-әрекеттері» және «қабілеттеріндегі» қателіктерді жою;
- Оқушыларға бақылау жұмыстарындағы қиындық деңгейлерін таңдауда таңдау құқығын беру;
- Оқушыларға қалаған тапсырмасын таңдауға мүмкіндік беру арқылы баға алуына жағдай жасау, бұл процес оқушының баға алуға деген жауапкершілігін арттырады.
- Түрткі сұрақтар туындата отырып ой қозғату.
Соңғы кездері оқу барысында өзін – өзі бағалау және өзара бағалаудың қажеттіліктері жиі айтылуда. Психолог – педогогтардың жұмысын шеттете отырып оқу жүйесіне өзара бағалауды енгізсек мақсатқа жетудің жолдары ашылады.
- Оқушылардың өзара бағалауы мұғалімнің бағалауымен сәйкес келуі керек, ал бұл оқушы мен мұғалім арасындағы баға жөніндегі ынтымақтастықты қажет етеді яғни бір сөзбен айтқанда бағаны екі жақты келісім арқылы қою. Сонда ғана бағалауда бірізділік және жан-жақты қарастырылған бір бағытқа бағытталған бағалау жүйесі болады. Сондықтан, мұғалім нұсқаулығы арқылы нақты бағалау критериилерін білуі керек;
- Оқушыларға желілік бағалаудың мәні анық болуы керек. Сонда ғана олар өздігінен және рационалды түрде кез – келген стандартты емес бағалау шкаласын қабылдай алады.
Сонымен бірге біз бағалау жүйесін зерттеуге үлес қосып жүрген екі педогог В. Пучкова және Ю. Шоринаның еңбектерін бағалау жүйесіндегі құнды еңбектер қатарына жатқызуға болады. Мұғалім оқушыларды ынталандыру үшін оқу процесіне қатысты түрлі іс – әрекетін мадақтай отырып, баға қоржынына алғашқы капитал жинақтатады, ал ол кейін құнды жиынтыққа айналады.
Оқушы мен мұғалім арасындаға демократиялық қарым-қатынастың қажеттіліктері туралы ой қозғағап және де сабақ барысындағы нәтижелі бірнеше әдістермен бөліседі. Соның ішінде «сақтандыру полисі» оқушылардың сыныптағы үлкен қорқыныштың деңгейін төмендетеді. Тағы бір қажетті жағы – «плюс один» – қорытынды бағалауда алынғын «3» - ті «4» - ке айналдыратын мүмкіндіктер туындатандығы.
Ойымды тұжырымдай келе ағылшын педогогы Т. Орликаттің ойымен бөлісуді жөн көрдім: «Балаларды бағалау арқылы... әр бірінің жекелеген ерекшеліктерін оята аламыз. Егер баланың ілгерілегенін байқар болсақ, біз оны мадақтау арқылы жігерін оятып, қызығушылықтарын арттыруымыз керек. Ал, бала өзінің сәтсіздігін сезініп, өзіне алдын-ала анық жауаптар арқылы «қол жетімсіз» деп есептесе, біз оның ынтасын ояту үшін, мадақтау айтуымыз керек. Бір сөзбен айтқанда сабақ барысында қойған мақсатымыз нәтижелі болуы үшін балаға мадақтау сөздерді жиі қолданып бағаны қару ретінде қолданбау қажет.
Соңғы жарияланған материалдар тізімі
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Ұстаздарға |
Ата-аналарға |
Біздің мектеп |
Баяндама |
Эссе |
Оқушыларға |
Конкурс ең үздік шығарма Ең үздік шығарма конкурсына арналған. Шығармаларды осы жерде жазамыз |