Ұстаздар сайты u-s.kz Сайттың атауы www.u-s.kz
» » Критериалды бағалау жүйесін информатика пәнін оқытуда қолдану


Критериалды бағалау жүйесін информатика пәнін оқытуда қолдану

Критериалды бағалау жүйесін информатика пәнін оқытуда қолдану

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ  БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

«Т.Рысқұлов ауданы әкімдігінің білім бөлімінің №2 шағын орталықты орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі

Баяндама: Критериалды бағалау жүйесін информатика пәнін оқытуда қолдану

Дайындаған: информатика пәнінің мұғалімі: Тарбақов.Б.

2013 – 2014 оқу жылы

Критериалды бағалау-педагогикалық технология ретінде

Қазіргі таңда білім берудің әлеуметтік құрылымы маңызды элементтердің біріне айналып отыр. Дүние жүзінде білімнің ролі артып, әр елдің өзіндік білім беру жүйесі тағайындалған. Қазақстан Республикасындағы үлкен өзгерістердің білім беру саласында қамтылуы маңызды іс-шара болып табылады. Осы орайда білім сапасын арттыру мақсатында критериальдық бағалау жүйесін дамыту маңызды екендігі сөзсіз.

Мектеп дамуының қазіргі кезеңінде білім сапасын бағалау жүйесін өзгерту немесе жаңарту мәселесі неліктен пайда болды? Ол үшін ең әуелі, мәселенің туындауына себепші болып отырған мынадай қайшылықтарды қарастыру қажет:

  1. бес балдық жүйенің қазіргі заманға сай білім жүйесін қанағаттандыра алмауы( бағаның субьективтілігі, нақты бағалау критериінің болмауы- бағалаудың дұрыс немесе дұрыс еместігі туралы ақпараттың болмауы);
  2. оқушы танымындағы өзгерістер мен білім саласындағы қалыптасқан қарым-қатынастар сипаты арасындағы қайшылықтар;
  3. білім беру жүйесіндегі болып жатқан өзгерістер мен осы жүйені басқарудың сипаты арасындағы қайшылықтар.
  4. әлеуметтік сұраныстардың өзгеруі

Қазіргі білім беру жүйесінің ерекшелігі оның негізгі тауары- құзіреттілік, яғни білім алушының қандай да бір іс-әрекетке құзіреттілігін дамыту, арттыру, қалыптастыру. Біз оқушының білімін, біліктілігін, дағдысын бағалаудан оның құзіреттілік қасиетінің қалыптасуын бағалауымыз керек.

Оқушының құзіреттілігін дамытуда педагогикалық технологиялар мен бағалау жүйесінің алатын рөлі зор. Ал бұл өз кезегінде бағалау жүйесіндегі дамытушылықты қажет етеді.

Қазіргі 5 балдық бағалау жүйесі қалыптасқан уақытта ол оқушының білім деңгейін көтеруді негізге алып құрылған болатын, ал қазір оқушылардың білімділігі ғана басты рөлде емес, басты рөлде оқушының құзіреттілігін, оның жеке тұлғалық қасиеттерін дамыту, қоршаған ортамен дұрыс қарым-қатынасу, өзін-өзі дамыту, өзіндік білімін көтеру сияқты мақсаттар қойылған.

Әлемдегі бағалау жүйелерінің көпшілігі- нормативті, яғни қандай да бір белгіленген нормамен салыстыру арқылы бағаланады. Критериалдық бағалау жүйесі нормативті бағалау жүйесіне жатады. Критериалдық бағалау жүйесі-Халықаралық бакалавриат мектептерінде кең қолданылады. Бұл бағалау жүйесі- білім алушының құзіреттілігін дамытуға, тұлғаның қалыптасуына бағытталған бағалау жүйесі.

Критериалды бағалау –оқушылардың білім жетістіктерін ұжыммен келісілген, оқу үрдісіне қатысушыларға алдын-ала белгілі, оқушылардың негізгі құзыреттіліктерінің қалыптасуына жағдай жасайтын, білім берудің мақсаты мен мазмұнына сәйкес нақты анықталған критерийлер бойынша  салыстыруға негізделген үрдіс.

Критериалды бағалау жүйесінің мүмкіндіктері

Критериалды бағалау міндеттері:

Оқу үрдісінің әрбір кезеңінде оқушының дайындық деңгейін анықтау;

Оқу бағдарламасына сәйкес оқытудың мақсаты мен нәтижелерінің жетістіктерін оқушылардың өздерінің талдауы;

Әрбір оқушының жеке даму траекториясын бақылау;

Оқу бағдарламасын меңгерудегі олқылықтарды жою үшін оқушыларды ынталандыру;

Оқу бағдарламасының тиімділігін бақылау;

Оқу үрдісін ұйымдастырудың және оқу материалын меңгерудің ерекшеліктерін анықтау үшін мұғалім, оқушы және ата-ана арасында кері байланысты қамтамасыз ету.

Критериалды бағалау артықшылықтары:

  • Оқушының жеке басы емес, тек қана жұмысы бағаланады;
  • Оқушының жұмысы дұрыс орындалған жұмыс үлгісімен (эталон) салыстырылады;
  • Үлгі (эталон) оқушыларға алдын-ала белгілі;
  • Оқушыға бағалау алгоритмі алдын-ала белгілі;
  • Білім берудің сапасы артады;

Критериалды бағалау:

Мұғалімдерге:

  • Сапалы нәтиже алуды қамтамасыз ететін критерийлерді құрастыруға;
  • Өз жұмысын талдау және жоспарлау үшін ақпарат алуға;
  • Оқу үрдісінің сапасын жақсартуға;
  • Әрбір оқушының жеке ерекшеліктерін ескере отырып,  оқушы үшін оқытудың жеке траекториясын алуға;
  • Бағалаудың әр түрлі тәсілдері мен құралдарын қолдануға;
  • Оқу бағдарламасының мазмұнын жетілдіру бойынша ұсыныстар енгізуге мүмкіндік береді.

Оқушыларға:

  • Нәтижені талдау үшін бағалау критерийлерін білу және түсінуге;
  • Рефлексияға қатысу, яғни өзін және өз достарын бағалауға;
  • Нақты есептерді шешуде білімдерін қолдану, өз ойларын еркін жеткізе білуі, сын тұрғысынан ойлай білуге.

Ата-аналарға:

  • Баласының білім деңгейлерін бақылай алуға;
  • Баласының оқу үрдісін бақылай алуға;
  • Баласына оқу үрдісі кезінде қолдау көрсетуге мүмкіндік береді

Критериалды бағалау жүйесінде қолданылатын жалпы ұғымдар

Критериалдық жүйе қолданысында білім алушының оқудағы жетістіктерін тексеру үшін бағалаудың келесі түрлері мен формалары қарастырылған:

Қалыптастырушы және қорытындылаушы бағалау:

  • Қалыптастырушы бағалау күнделікті оқу үрдісінде оқушылардың ағымдағы білім деңгейлерін анықтау үшін және мұғалім мен оқушы арасында өзара байланысты орнату үшін  қолданылады.
  • Қорытындылаушы бағалау бұл білімді жалпылау, қорытындылау кезінде, тараудың немесе модульдің соңында, немесе таным үрдісінің қандай да бір сатысында оқушының жетістіктерін бағалау үшін қолданылады.

Қалыптастырушы бағалау:

  • Күнделікті оқу үрдісі кезінде жүргізіледі (өздік жұмыстар, тесттер т.с.с.)
  • Оқушыға өз жұмыстарын өңдеуге және жоғары нәтижеге жетуге көмектеседі;  
  • Мұғалімге оқушының материалды меңгергені туралы  ақпарат жинақтауға, талдауға және жоспарлауға мүмкіндік береді.

Қорытындылаушы бағалау:

  • Әрбір бөлім соңында өткізіледі(бақылау жұмысы немесе қорытынды сынақ жұмысы )
  • Оқушыларға  әрбір бөлім бойынша өз білім деңгейлерін көрсетуге мүмкіндік береді
  • Мұғалімге оқушылардың жетістіктері туралы қорытынды пікір жасауға және қорытынды бағаны қоюға мүмкіндік береді.

Формативті немесе қалыптастырушы бағалауды көбінесе «оқушының дүниені тануын бағалау және білім беруді жақсарту үшін бағалау» деп атайды, себебі, ол оқушының жеке басының дамуы мен қалыптасуыа көмектеседі. Бұл бағалау жүйесі мұғалімнің әрбір оқушымен жеке жұмыс жүргізуіне мүмкіндік береді, оқушының материалды меңгермегендігін басынан-ақ байқауына, оқушы білімін диагностикалауына мүмкіндік беріп,мұғалімге оқу үрдісін басқаша ұйымдастыруға көмектеседі,ал оқушыға – өзінің білім алуына деген үлкен жаупкершілікті сезінуді жүктейді. Бағалау – бұл оқушының ілгерілеу дәрежесін анықтаудан көрі кең ауқымдағы нәрсе. Бағалау оқушының өзінің таным үрдісіне қызығушылығын арттырып, оны алға жетелейді.Осы орайда формативті бағалау басқа бағалау әдістерінен қарағанда оқушыға материалды тереңірек түсінуіне көмектеседі, сонымен қатар сол материалды сараптап, өмірде қалай қолдануға болатындығы туралы ойлануын оятады. Формативті бағалау суммативті бағалаумен салыстырғанда оқушы мен мұғалім арасында кері байланысты жылдам қамтамасыз етеді.

Суммативті (немесе қорытынды) бағалау бұл білімді жалпылау, қорытындылау (қорытындылау бағасы) кезінде қолданылатын, тараудың немесе блоктың соңында, немесе таным үрдісінің қандай да бір сатысында оқушының өткен шақтағы жетістіктерін қарастыру үшін қолданылатын және сабақ оқытудан салыстырмалы түрде тысқары, қандай да бір уақыт аралықтарында өткізіліп отыратын жетістіктер деңгейінің қорытындысын шығаруда , есеп беруде қолданылатын бағалау түрі. Бағалаудың бұл түрі формативті бағалаумен салыстырғанда оқушынының қызығушылығын оята қоймайды.

Формативті бағалау шеңберінде мұғалімдерге оқушылардың жетістік деңгейін тексеріп отыратындай, қандай да бір қабілетін айқындайтын тестілеу, және көпеген елдерде қолданылып жүрген әдістер мен формалар ұсынылады.Формативті бағалау әдістемесін қолдану қазіргі таңда мұғалім жұмысын бағалаудың жаңа жүйесінің маңызды критерийлері болып табылады.

Рефлексия кезінде алған білімдерді бекіту жүзеге асады,жаңа ұғымдарды енгізумен бірге белсенді қайта құруды елестету;, «менімен сәйкес келетін» білімді меншіктеу сияқты жаңа мағына туындайды, ұзақ мезімді білімдер қалыптасады.  Оқушылар өз ойларын сөзбен жеткізуге тырысады немесе графиктік түрде (яғни ақпаратты меншіктейді) еркін дәйектілейді, өз пікірлері мен идеяларын басқа оқушылармен бөліседі, (әртүрлі көрсетілімдермен танысады) өз жеке бастарының ойлану операциясын сараптайды.

Информатика» пәні бойынша оқушылардың білімдік жетістіктерін бағалаудың жалпы критерийлері

Критерийлер

Максималды деңгей

А

Білу және түсіну

5

В

Зерттеу

4

С

Жоспарлау

4

D

Жоба құру

5

E

Дизайн

3

F

Коммуникация

3

G

Рефлексия

3

Барлығы

27

 

Оқушылардың білім деңгейлері мына шкала бойынша бағаға айналдырылады:

Ұпай саны

Баға

%

13-0 ұпай

«2»

49%-0%

18-14ұпай

«3»

66%-50%

22-19ұпай

«4»

83%-67%

27-23ұпай

«5»

100%-84%

«Информатика» пәнін оқытудың мақсаты мен міндеттері

Оқушылар істей білуі қажет

Критерий А

Қажетті ақпаратты іздеп табу;

Алынған ақпаратты түсіндіру;

Ақпаратты талдау;

Ақпаратты техника (компьютер) тіліне «аудару»;

Қазіргі қоғамдағы ақпараттың алатын орны және ролін түсіну;

Адам қызметіндегі ақпаратты сақтау, өңдеу және тасымалдау бойынша қарапайым мысалдар келтіру;

Ақпараттың әр түрлі формада берілуін анықтай алу;

Критерий В

Мәселені анықтай алу және гипотеза ұсыну, зерттеу мақсатын анықтау, қорытынды шығару;

Зерттеудің әдіс-тәсілдерін анықтай білу;

Қажетті ақпаратты дұрыс таңдай білу;

Қосымша ақпарат іздей алу және оны өз бетімен мақсатқа жету үшін қолдана алу;

Критерий С

Мәселені шешу жоспарын құру (ресурстар және уақытты қолдану арқылы), өз бетімен сипаттау;

Өз шығармашылық қызметін тиімді жоспарлау және ұйымдастыру;

Критерий D

Компьютермен жұмыс кезінде техника қауіпсіздік ережелерін сақтау;

Бағдарламалық жабдықтардың мүмкіндіктерін тиімді қолдану;

Жұмысты жоспар бойынша орындау;

Жұмысты белгіленген мерзімде орындау;

Берілгендерді дұрыс жинақтау және жазу;

Компьютерде есептер шешу және алынған нәтижелерді талдау;

Есептерді шешу және өз білімдерін жетілдіру үшін жаңа ақпараттық технологияларды қолдана алу;

Берілген үлгіге сәйкес жобаны құру;

Сапалы жоба құру;

Критерий Е

Жобаның мүмкін болатын бірнеше нұсқаларын құрастыру;

Өз жобасын берілген үлгіге сәйкес бағалау;

Критерий F

Сәйкес терминдерді қолданып, ғылыми ақпаратты жеткізу;

Өз мысалдарын келтіру және түсіндіру;

Ақпаратты түсінікті түрде көрсету;

Ақпаратты тиімді түрде көрстеу үшін сәйкес технологияларды қолдану;

Компьютер көмегімен берілгендерді іздеу,сақтау, құру, өңдеу және тасымалдау тәсілдерін дұрыс қолдану;

Критерий G

Шешу әдістерін талдау, өз қорытындыларының дұрыстығын дәлелдеу;

Шығармашылық авторлық ойларын түсіндіру,талқылауларға қатысу;

Шығармашылықты талдау жәнебағалау;

Критерий H

Қойылған есепті шешу үшін стандартты емес тәсілдерді қолдану;

Топ мүшелерінің ойларымен бөлісе отырып, команда мүшесі ретінде тиімді жұмыс істеу;

Қызығушылықпен, тәуелсіз және позитивті түрде жұмыс істеу.

Қорытынды

Бағалау жүйесінің негізгі мақсаты- білім сапасын арттыру болып табылады. Ал қазіргі заманғы білім сапасы дегеніміз ол білім алушының келешектегі өзінің әртүрлі жеке мәселелерін шешуге керекті, қажетті құзіреттіліктерін қалыптастыратын білім беру нәтижесі.

Критериалдық бағалау жүйесін қолдану арқылы біз:

  1. Оқушының тұлғалық бағытын белсенді позицияға бағыттау;
  2. Тұлғаны өзіндік жауапкершілікке, тұғырлы нәтижеге, бағытқа жеткізу;
  3. Білім алушылардың дайындық деңгейі мен өсу динамикасын кез-келген кезеңде анықтау;
  4. Әртүрлі жұмыстардан алған бағаларды дифференциалдауға болады (Өздік жұмысы, күнделікті баға, үй жұмысы т.б);
  5. Құрылымдық бағалау мен нақтылы бағалаулар арқылы оқушының еңбегін анықтау;
  6. Оқушының бағалау жүйесіне толық қанағаттануын аламыз.

Пайдаланылған әдебиеттер

  1. БезукладниковК.Э. «Организация деятельности учащихся на уроках в школах» реализующих программы международного бакалавриата», Пермь, 2010, ПМГУ;
  2. ШнейдерМ.Я. «Оценка качества образования в школах Международного бакалавриата», Вопросы образования, 2005, № 1.,С. 2–28.
  3. Красноборова А.А., «Критериальное оценивания как технология формирования учебно-позновательной компетентности учащихся», Нижний Новгород, 2010.

Соңғы жарияланған материалдар тізімі
Педагогтардың кәсіби құзыреттілігін дамыту-білім сапасын көтеру құралы
ИНФОРМАТИКА ПӘНІНДЕ АҚПАРАТТЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАРДЫ ПАЙДАЛАНУДЫҢ ТИІМДІЛІГІ
КРИТЕРИАЛДЫ БАҒАЛАУ ЖҮЙЕСІНІҢ ТИІМДІЛІГІ
Білім сапасын ақпараттық-коммуникациялық технологиялар арқылы арттыру
Оқу мен жазу арқылы сыни тұрғыдан ойлауды дамыту бағдарламасын пайдалану арқылы оқушының шығармашылық қабілетін дамыту
12 ЖЫЛДЫҚ ОҚЫТУ ҮЛГІСІНЕ КӨШУ ЖАҒДАЙЫНДА ИНФОРМАТИКА БОЙЫНША БЕЙІНДІ БАҒЫТТА ОҚЫТУ: ТҰЖЫРЫМДАМАЛЫҚ ИДЕЯЛАР МЕН ТӘЖІРИБЕЛЕР
ЖАҢА АҚПАРАТТЫ ТЕХНОЛОГИЯНЫ ТИІМДІ ЖҮРГІЗУ – БҮГІНГІ КҮННІҢ ӨЗЕКТІ МӘСЕЛЕСІ
ҚАЗАҚСТАН ТАРИХЫ САБАҒЫНДА ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАРДЫ ПАЙДАЛАНУДЫҢ ТИІМДІЛІГІ
Математика сабақтарында ақпараттық технологияны қолдану тиімділігі
Жаңаша бағалау білім сапасын көтеру кепілі
Бөлім: Статьи / Баяндама | Көрсетілім: 8045 | Қосты: NA | Ілмек сөздер:
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Бөлімдер
Ұстаздарға
Ата-аналарға
Біздің мектеп
Баяндама
Эссе
Оқушыларға
Конкурс ең үздік шығарма
Ең үздік шығарма конкурсына арналған. Шығармаларды осы жерде жазамыз