Ұстаздар сайты u-s.kz Сайттың атауы www.u-s.kz
» » Жаңа талап - жаңа ұстаз!!!


Жаңа талап - жаңа ұстаз!!!

 

Жаңа талап - жаңа ұстаз!!!

Бұл курсқа келместен бұрын мен қандай мұғалім болдым? Күндегіше сабағымды дайындаймын, дәптер тексеремін,күнделік тексеремін,тағы басқа жұмыстарды атқарып болған соң, газет-журнал қарау, теледидар көру, негізгі міндеттерім –осылар. Көп ретте сыртқы дүниемен араласпаймын, өзіме қажеттіні ғана керек деп ойлаймын, өзгеге қажеттіні ойламаппын.

Педагогика жаңалықтарының бірі-оқытудың іс-тәжірибесіне жаңа әдіс-тәсілді енгізу. Бұл курстың да мақсаты – мұғалім іс-тәжірибесіне өзгерістер енгізу.Бастысы ол өзгерістер мұғалімге де,оқушыға да оң нәтиже беруі тиіс.

Әрине, оқытудың барлық әдістері баланы дамытуға құрылып келеді. Дегенмен дәстүрлі оқыту түрлерінде оқулық пен мұғалімнің пікірін нысана етумен шектелу басым болды. Бүгінгі оқыту оқушы қабілеті, оны жан-жақты дамыту, даму әрекеттерін ұйымдастырудың қажеттігін дәлелдеп отыр. Біздің әрекетіміз–баланың сабақ үстіндегі әрекетін ұйымдастыру,әрекет нәтижесін байқау,қабілетімен еркін атқара алатын ісі,соның нәтижесіндегі тұжырымына көз жеткізу.

Мектептегі тәжірибе кезінде іс-тәжірибеме өзгерістер енгізу арқылы өзімді де, оқушыларымды да өзгерте алдым дей аламын. Өзгеріс дегеніміз – жаңа тәсілдер. Өз тәжірибеме енгізген жаңа тәсілдің бірі –оқытy мeн oқyдaғы жaңa тәcілдepді қoлдaнaoтыpып, топтық және жұптық  жұмыстар ұйымдастыру. Жаңа сабағымның жоғары дәрежеде өтуіне үлкен көмегін тигізді деп ойлаймын. Топтық жұмыс -оқушы назарын жаңа сабаққа аударуда, қызығушылықтарын арттыруда, ынтымақтастық қалыптастыруда маңызды тәсіл. Сабақ бастамас бұрын тренинг өткізу оқушыларға жағымды, оң әсер етті. Ең бастысы оларға ұнады. Ынтымақтастық орнату мақсатында «Жақсы тілек», «Әсем күлкі,ақ тілек» тренингтерін ұйымдастырдым.Бұл тренингте оқушылар бір-біріне жақсы тілек айтып, сабақты жақсы көңіл-күймен бастады. Оқушылар бір-біріне жақсы тілектер айтып, мұқият тыңдап, бір-біріне рахмет айтуды да ұмытқан жоқ. «Бүгін қандай тренинг өткізесіз?» деп әр сабақ сайын менен басқа тренингтер күтіп отыратын болды.Бұл – менің тәжірибеме енгізген ең басты жаңалық болды. Сынып бөлмесіндегі өзгерістер:топ ережесі, рефлексия жазатын бұрыш, парталардың орналасуы, үздік шығармашылық жұмыстар да оқушыларға көп әсерін тигізді.

Топтық жұмыстың артықшылығы:

  • Оқушылар өзара достық қатынаста болады;
  • Бір-бірінен сұрай отырып білімдерін жетілдіреді
  • Өзгелерге ойын жеткізу үшін өз шешімін дәлелдеп үйренеді;
  • Менен сұрап қалады-ау деп қорықпайды,топ болып жауап береді;
  • Оқушылардың мектепке деген көзқарасы өзгереді. Уақыттары қызықты әрі тиімді өтеді.

Топтық жұмыста бос отыратын оқушы болмайды.Бapыншa күштi oқyшылapды құpдacтapын oқытyғa тapтy. Oқyшылapдың өзapa бaғaлayын, өздерін өздері  бағaлayын, тoптық жұмыcты бaғaлayын eнгiзy.Олар топпен жұмыс  жaсай  отырып ынтымaқтастық жaғдайында әлеyметтік және эмоционaлдық тұрғыдa да  дaми түседі,  өйткені олaр түрлі көзқaрастар бойынша бір-бірімен кеңеседі. Соның нәтижесінде оқyшыларға білімді дaйын күйінде бермей, білімді өзі aлатындай біліктермен қaруланады.Сыныпта диалогтік әдістің маңыздылығы өте зор екендігін сабағымда аңғардым. «Александер(2004) оқытудағы әңгімелесу-қарым-қатынас жасаудың бірсарынды үдерісі емес,керісінше, идеялар екіжақты бағытта жүреді және осының негізінде оқушының білім алу үдерісі алға жылжиды деп тұжырымдайды» делінген нұсқаулықта. Бұл курсқа келгеннен кейін жеткен табысым – жақсы-жақсы адамдармен пікірлескенім. Өте жақсы , мінезге бай адамдарды кездестірдім .Менің жүрегіме жақсы үнімен , жан-жақтылығымен әсер еткен тренеріміз Гаухар апай, Айбек ағайымыз және курс барысында қаншама достар тауып, әріптестерімнің көбейгеніне қуаныштымын.

Мектепте жүрген кезімде бірнеше рет  мектеп басшысы Қалдыбаев ҚайратМақсұтұлы, директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары, ұжымдастарым сабағыма қатысты. Сабаққа қатысқаннан кейін үлкен қолдау көрсетіп, сенің сабағыңдағы жаңа сабақты меңгерту әдісің өте жақсы, болашақта мұғалімдер аз сөйлеп көп тыңдауымыз керек, мұғалім бағыт беріп отыру керек,ендігі жерде оқушылар сөйлеу керек, оқушылар өз іс-әрекетіне сенімді болады деген ұсыныстар айтты. Сабақ басталғанда, көкейімдегі сұрақтарға жауап ала бастадым: оқушылар қызығушылықпен қатысып, белсенділік танытты,ал әріптестер жаңа бастамаларыма қолдау көрсетті; өзім жоспарлаған әдіс-тәсілдерді сабақтарымда қолдана алдым; оқушылармен қарым-қатынас достыққа ұласты; оқушыларда ой еркіндігі дамыды; ал білім сапасының оң нәтижесін оқушылардың жауаптарынан байқадым; қазіргі мектепке бұл методика керек деп ойлаймын.

Бұдан кейін,яғни,болашақта қандай боламын? Алдымда отырған әр оқушының жан дүниесіне терең бойлап , толық түсінуге тырысамын.Оның қателіктерінің сыры неде? Жетістіктерге қалай жетті? Қателіктерді жойып, жетістіктерге қалай жетуге болады? Осы сұрақтардың жауабын іздеймін, табамын.Үйренген әдіс-тәсілдерім білім деңгейін жақсартуға үлкен әсерін тигізетініне сенімім мол.

 


Соңғы жарияланған материалдар тізімі
Сабақтың тиімділігі мұғалім және оқушы табысының ынтасы
Оқыту мен оқуда өзгеріс енгізілгенін және ол басқарылғанын растайтын тізбектелген сабақтар топтамасы өткізілгені туралы бір рефлексивтік есе
Менің тәжірибемдегі өзгерістер
Білім берудегі өзгеріс-заман талабы
Мектептегі тәжірибе кезеңінде орындауға арналған тапсырмалардың бірінің топтық талдауын көрсететін бірлескен таныстырылым бойынша мұғалі
Оқыту мен оқуда өзгеріс енгізілгенін және ол басқарылғанын растайтын тізбектелген сабақтар топтамасы өткізілгені туралы бір рефлексивтік есе
Болашағыңның өзгеруін қаласаң, сол өзгерісті тап қазір жаса.
Тізбектелген сабақтар топтамасының бір сабағына толық талдау туралы рефлексивтік есебі
«Мектептегі тәжірибе» кезеңінде орындауға арналған тапсырмаларға бірлескен таныстырылым бойынша бір есеп
Жаңа формация мұғалімі болу – заманауи қажеттілік
Бөлім: Статьи / Баяндама | Көрсетілім: 2045 | Қосты: NA | Ілмек сөздер:
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Бөлімдер
Ұстаздарға
Ата-аналарға
Біздің мектеп
Баяндама
Эссе
Оқушыларға
Конкурс ең үздік шығарма
Ең үздік шығарма конкурсына арналған. Шығармаларды осы жерде жазамыз