Ұстаздар сайты u-s.kz Сайттың атауы www.u-s.kz
» » Мектептегі тәжірибе кезеңінде орындауға арналған тапсырмалардың бірінің топтық талдауын көрсететін бірлескен таныстырылым бойынша мұғалі


Мектептегі тәжірибе кезеңінде орындауға арналған тапсырмалардың бірінің топтық талдауын көрсететін бірлескен таныстырылым бойынша мұғалі

         Мектептегі тәжірибе кезеңінде орындауға арналған тапсырмалардың  бірінің топтық талдауын көрсететін бірлескен  таныстырылым  бойынша мұғалімнің әріптестермен ортақ тапсырмаларда  не үйренгені туралы ойларын көрсететін  бір есеп.

               Біз бағдарламаны оқи отырып, оның идеясын өн бойымызға сіңіре білдік және екінші айымызда «Мектептегі тәжірибе » кезеңінде алған оң өзгерістерді, алған білімімізді ұжымымызға, оқушыларға, оқыту әдістерімізге ықпалдастыруымыз  қажет болды. Үйретуші ұстаз ретінде ұйымшылдықпен жұмыс жасауға, сыни жағынан мән беру керек екенін түсіндім. Біз бұл айда тек курс бағдарламасымен танысқан жоқпыз, жұмыс жасаудың жаңа әдіс-тәсілдерімен, топтасып жұмыс жасауға дағдыландық. Топтасып орын ауыстырудың арқасында біз бір-бірімізді жете танып, бойымыздағы жақсы қасиетерімізді танып білдік. Берілген тапсырма бойынша жоба жасаудың қыр-сырын білдік. Айтар ойымызды әр қырынан көрсетіп, сыни ойлауымыздың нәтижесі кабинет қабырғаларынан көріне бастады. Күнделікті берілген дәріс кері байланыс арқылы қорытылып, жинала берді.  Бағдарламада берілген модульдегі жаңа тәсілдерді оқи отырып, күнделікті жұмысымыздың жүріп жатқанын байқағандаймын. Оған дәлел: бірлескен топтық жұмыстағы диалогтік әдіс арқылы пікірлесу, оны сын тұрғысынан талқылауымыз, көп болып атқарған жұмыста дара шығып, топтың белсендісі, дарындысы анықталып отырды. Курс аяқталғанға дейін АКТ-ны тиімді пайдалануды игеріп шықтық деп айта аламын, себебі Интернет желісін пайдалану, таныстырылымды АКТ-ның көмегімен атқардық. Тренеріміз де тәжірибе бастамас бұрын мектеп басшыларымен сөйлесу жолын, сол ортада ынтымақтастық атмосферасын, өзіңді  қалыпты ұстау жағын үйретумен болды. Алған білімімізді тәжірибе жүзінде өткізу мақсатында мектебімізге барып, қызықты да, қиын, жаңалыққа толы  төрт апталық тәжірибемізді өткізгеннен кейін сәуір айының 28-і күні  Бағдарламаның екінші "бетпе-бет " кезеңіне келдім. Тренеріміз  К-мен, Б-мен және курс тыңдаушыларымен қайта  сағынышпен қауыштық. Амандық-саулық сұрасқаннан кейін тренеріміз қайтадан топтастырып отырғызды. Біздің тобымызда  Қ,  М, Б, Г, С болды. Кемпірқосақтың суретін сала отырып 1.Сізде тәжірибе кезінде не сәтті өтті? 2.Сәтті өткен нәрсеге қалай жеттіңіз? 3. Не нәрсе сәтсіз болды? 4. Сіз неліктен оны сәтсіз өтті деп ойлайсыз? 5. Сіз не түйдіңіз? не үйрендіңіз? деген 5 сұраққа жауап жаздық. Осы сұрақтарға жауап бере отырып, ротация әдісі арқылы басқа топ мүшелерімен жазған жауаптарымызбен  ой бөлістік. Менің тәжірибемде ең алдымен сәтті өткен оқушылармен бірігіп өткізген тренингтер болатын. Социометриялық сұрақтар мен психологиялық ахуал тудыру кезі оқушылар үшін өте қызықты болды. Сәтсіз өткен нәрсеге сабақ  уақытын дұрыс пайдалана алмауымды жатқызамын. Себебі уақытты жоспарыма  дұрыстап енгізе алмағаным деп есептеймін. Менің осы тәжірибе кезінде оқушылардың өз беттерінше  білім алуларына бағыт-бағдар беруші екенімді түсіндім. Дәстүрлі оқыту мен осы оқыған бағдарламаның арасындағы  айырмашылықты көрдім.  Тобымызда әрқайсымыз мектепке барғандағы әсеріміз жөнінде пікірлестік. Әркімнің ойы құнды демекші әрқайсымыз тәжірибе кезінде кездескен қиыншылықтар мен келеңсіз жағдайларды ортаға салдық. Біреулер кабинеттерде интерактивті тақтаның жоқтығы немесе жасамайтындығын айтса, енді бір әріптестер  оқушыларды топтастыру кезінде  парталардың орнынан қозғалмайтындығы қиындық келтіргенін айтып жатты. Ал кейбір әріптестер басшылар тарапынан қысымшылық көргенін, яғни өз сағаттарын қайтадан бергенін айтты.  Арай, Құралай  сынды әріптестер бұрын мектепте басқа мұғалімдер осы курстан өтіп келгендіктен оларға көмектесіп,қолдау көрсеткендерін  айтты. Содан  кейін  «Жәрмеңке»  ойынын өткізіп әріптестер бір-бірімен  "оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер" арқылы сабақты қалай өткізгендері және модулдерді қалай ықпалдастырғаны туралы таныстырылымдар жасады. Мектептегі тәжірибе кезінде өткізген сабақтары жөнінде ойларын ортаға салды. Соның ішінде өте жақсы өткізген сабақтар да болды. Мысалы: Г, Ф, С, Г, С  сынды әріптестеріміздің өткізген сабақтары ұнады. Мысалы, С сабақта оқушыларға жанды бейне арқылы сұрақ дайындапты және психологиялық ахуал тудыру кезінде гүлдің ашылып жатқанын интерактивті тақта арқылы  көрсетіпті. Г   болса бастауыш сынып оқушыларымен өткізген сабақтарында  кішкентай балаларды топтастыруда қызығын да қиыншылығын да айтып өтті.  Енді бір әріптестер мектепте ақпараттық-технология жоқ екенін, сабақты өткізуде қиыншылықтар кездескенін яғни сабақты ноутбукпен өткізгенін ортаға салды. Алдағы уақытта осы әдіс тәсілдермен сабақ өткізетін болғандықтан мектеп ақпараттық технологиямен жабдықталса, оқуға жағдай жасалса деген пікірлерін білдіріп жатты. Мектептегі тәжірибемізді бөлісу кезінде бір-бірімізбен бірталай ақпарат алыстық және бұл өте маңызды деп ойлаймын. Себебі  бұл ақпараттарды алдағы уақытта сабағымда пайдаланамын деп ойлаймын. Одан кейін тренер пән бойынша топтарға бөлді. Гуманитарлық пән ретінде география және биология, тарих пәндері бір топқа біріктік. Тобымызда  Г, С  және мен болдым.  Барлық топқа өткізген сабақтарымыздың ұқсастығы мен айырмашылығы жөнінде тапсырма беріп, постер қорғауға берді. Бірінші топ ішінде өткізген сабақтарымызды ой елегінен өткізе отырып, топқа бөлуде, уақыт жетіспеуі, топ ішінде келіспеушілік, акт қолдану сияқты  ұқсастықтарымыздың бар екенін білдік. Қолданған әдіс-тәсілде, бағалауда, жас ерекшелігіне байланысты тапсырма беруде, пәнде, сыныптар бойынша айырмашылық бар екенін біле отырып, сызбасын салып, С постерді қорғап шықты. Келесі осы курста талқылаған сұрақтардың бірі түсіну дәрежесін бағалауды үш топқа  және сыни тұрғыдан ойлауды дамытуға арналған жұптық әңгімені үш топқа бөліп тәжірибе кезінде қалай жүзеге асырғандарын постерге қорғау болды. Постерді мынадай сұрақтарға жауап бере отырып орындадық. 1.Орындау кезінде   не үйрендіңіз? 2.Қандай қиындыққа тап болдыңыз?  3.Тап болған қиындықты шешу үшін қандай әрекет еттіңіз? 4.Болашақта тиімді болу үшін қандай іс-әрекет жасар едіңіз? 5.Портфолиоға не саласыз? Біздің  топ  түсіну дәрежесін бағалауды қорғау үшін топ ішінде талқыладық. Топта М және Г үшеуіміз болдық. Сабақтарымызда бағалауды қалай жүргіздік және қандай түрлерін қолдандық деген сұрақтарға жауап бере отырып, тапсырманы орындауға көштік. Сабақтың кезеңдеріне өту кезінде сұрақ қоюдың техникаларын пайдалана отырып, оқушыларды әрдайым жауап берулеріне байланысты ауызша марапаттап отырдым деп Г түсіну дәрежесін қалай бағалағаны жөнінде, ал  М берілген тапсырмаларды критерий арқылы бағалаған тиімді екенін айтты. Мен болсам критерий арқылы және топтық тапсырмаларды орындаған кезде бір-біріне  бағалау жүргіздіргенімді айттым және сабақ соңында жиынтық бағалау жүргізгенімді айтты. Қиындықтарымыз ортақ болып шықты бағалауды оқушылар асыра пайдаланды және  таңданыспен қабылдауы, себебі дәстүрлі оқытуда тек мұғалім ғана бағалайтын. Енді бағалауды өздері жүргізіп отырды. Қиындықты шешу үшін бағалаудың мақсатын оқушыларға әлі де болса жеткілікті дәрежеде түсіндіру керек деп ойлаймын. Топ болып құрған постерімізді келесі топқа барып түсіндірдік. Г, Ә, Г үшеуі бастауыш сынып мұғалімдері  олар сыни тұрғыдан ойлауды дамытуға арналған жұптық әңгімені қалай жүзеге асырғандарын  постерге жазып, бізге түсіндірді. Жұптық әңгіменің ерекшелігі қанша тапсырма берілседе екі оқушының бірігіп орындауы  нәтижесінде жүзеге асатыны. Мысалы, бастауыш  сынып  оқушыларына сурет бойынша әңгіме құрастыру, шумақ өлең құрастыру, деңгейлік тапсырма, сыни тұрғыдан сұрақтар, зерттелетін негізгі тапсырма бере отырып,  оқушыларды сыни тұрғыдан ойлатуға болады екен. Келесі З бастаған топта осы тапсырманы қалай орындағандарын айтып жатыр екен. Сыни тұрғыдан ойландыратын мысалы, аю  ұйықтағанда қалай қоректенеді деген сұрақ беру арқылы оқушыларға тапсырма беріп, жұптасып шешуін табуға ұмтылатындықтарын айтты. Жалпы мектептен кейінгі  тәжірибе  алмасу кезінде көп мәлімет алдым.  Оқушылардың білімді, ел абыройын көтерер азамат болса екен деп армандайтын ұстаздың бірімін.  Оқушы білімді болу үшін тағы қандай  әдіс-тәсілдерді меңгерсем екен? деген сұраққа жауапты осы курс бағдарламасынан тапқан сияқтымын.  Курсты ұйымдастыруда  бар идеясы мен тәжірибесін бөліскен тренеріміз К мен Б  ризамыз.


Соңғы жарияланған материалдар тізімі
Екінші деңгей бағдарламасының басым бағыттары туралы пікірім.
Оқушылардың білім алғандығының дәлелдемелері қамтылған тізбектелген сабақтар топтамасынан алынған сабақ бойынша бір рефлексивтік есеп.
Тізбектелген сабақтар топтамасына Бағдарламаның бір модулі кіріктірілу негіздемесі методикасы көрсетілгені туралы рефлексивтік есеп.
Азық-түлік дүкенінде
Биология сабақтарында жаңа әдіс-тәсілдерді қолданудың тиімділігі
Оқыту үшін бағалауда оқушының өзін-өзі бағалау түрлерін пайдалану
Бағдарламаның сыни тұрғыдан ойлауға үйрету модулін тізбектелген сабақтар топтамасында қалай және неге енгізілгені туралы рефлексивтік есеп
Болашағыңның өзгеруін қаласаң, сол өзгерісті тап қазір жаса.
«Мектептегі тәжірибе» кезеңінде орындауға арналған тапсырмаларға бірлескен таныстырылым бойынша бір есеп
Орта мерзімді жоспарлау бойынша жазбалары.
Бөлім: Уроки / Коучинг | Көрсетілім: 3138 | Қосты: Даутова Гулнур ТемиргалиевнаАтырау | Ілмек сөздер:
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Бөлімдер
История
открытые уроки по истории
Педагогика
открытые уроки по педагогике
Биология
открытые уроки по биологии
Информатика
открытые уроки по информатике
Математика
открытые уроки по математике
Физика
открытые уроки по физике
Химия
открытые уроки по химии
Разное
открытые уроки
География
Открытые уроки по географии
русский язык