Ұстаздар сайты u-s.kz Сайттың атауы www.u-s.kz
» » Ы.Алтынсарин "Өзен"


Ы.Алтынсарин "Өзен"
Сабақтың тақырыбы: Ыбырай Алтынсарин «Өзен»
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Өлеңдегі негізгі ойды ашып түсіндіру. Ыбырай Алтынсарин
туралы түсінік беру.
Дамытушылық:Өзеннің пайдасы, адам өміріндегі маңызы туралы айту.
Мәнерлеп оқу дағдысын, есте сақтау қабілетін дамыту.
Тәрбиелік: «Өзен» өлеңі арқылы табиғатты сүюге, құрметтеуге
тәрбиелеу.
Көрнекілігі: слайд
Сабақтың әдісі: түсіндіру, сұрақ-жауап, ой қозғау, сатылай кешенді талдау
Сабақтың түрі: аралас сабақ
Сабақтың барысы: І.Ұйымдастыру кезеңі
Психологиялық дайындық
Мейірі мол балаға ,
Бар әлемде анаға,
Басымызды иеміз.
Бабамыздың тілі деп,
Анамыздың тілі деп,
Ана тілін,
Ана тілін,
Ана тілін сүйеміз.
ІІ. Өткенді қайталау: (сұрақ-жауап)
1. Шоқан Уәлиханов кім? (ғалым,саяхатшы)
2. «Кім жүйрік?» өлеңіндегі жүйрікті айт. (ақын, оның ойы жүйрік)
3. Құрт, ірімшік, жеміс-жидек жайы кептіруге арналған шиден жасалаған затты ата. (өре)
4. «Бостандық таңы атты» өлеңінің авторы? (Ш. Құдайбердіұлы)
5. Дихан Әбілевтың «Туған тілім» өлеңінің бір шумағын айтып бер?
Жауабы: (Туған тілім – бабам тілі – өз тілім!
Туған тілім – анам тілі –өз тілім!
Туған тілім – далам тілі – өз тілім!
Туған тілім – адам тілі – өз тілім! )
6. Қазақтың батыр қыздарын ата. (Әлия Молдағұлова, Мәншүк Мәметова)
7. 30 сәуірдің кеші, 6 сағат 30 минут, 1945 жылы «Жеңіс» туын тіккен кім? (Рақымжан Қошқарбаев)
8. Шидем деген не? (қой жүнінен тоқылған сырт киім)
9. «Аққала» өлеңінің авторы? (Мағжан Жұмабаев)
10. Кеуек деген не? (қоянның іні)
11. Төмендегі жоспарға сәйкес келетін шығарманы ата? 1. Жайлауға дайындық. 2. Жаңа қоныс. 3. Үй ішінің қөрінісі. (Абай шаңырығы)
12. Ілияс Жансүгіровтың «Жазғытұрым» өлеңін 1 шумағын жатқа айт.
13. «Көктем сәні» ертегісіндегі «Хош иіс» деп айтқан не? (Ит)
14. Күн мен түн қашан теңеледі? (22-наурыз)
15. Грузин елінің ақшасын айт. (Лари)
16. Бейімбет Майлиннің «Жаңбыр» өлеңінің 1 шумағын жатқа айт.
17. Мәтінді ата? Жолдасым Әбдеш екеуіміз тоғай аралап жүріп, бір бұтаның түбіне келіп, отыра кеттік. (Бұлбұлдың әні)
18. Тұңғыш ғарышкерді ата. (Ю. Гагарин. 1961 жыл 12 сәуір)
ІІІ. Жаңа сабақ: ТАБИҒАТ- МЕНІҢ ӨЗ ҮЙІМ
1. Суретке зер сал.
2. Суретпен жұмыс
- Суретте не бейнеленген?(оқушылардың жауабы)
- Табиғаттың тамаша көрінісі сенде қандай көңіл күй туғызады?
- Таза ауа, мөлдір судың адамға қандай пайдасы бар?
- Суретке қарап «Табиғат және адам» деген тақырыпта әңгіме құрастыр.
- Ыбырай Алтынсарин кім? (оқушылардың жауабы)
- Қандай шығармаларын білесіңдер?




а) Өзен өлеңін мәнелеп оқу мазмұнын ашу.
Өлеңді талдау: «Өзен»
-Өлең неше шумақ? (4 шумақ)
-Неше жол? (18 жол)
-Неше буын бірінші жолы? (11 буын)
-Неше тармақ? (3 тармақ)
-Ұқсас сөздерді айтыңдар: сарқыраған, жарқыраған, арқырған.
(н, н, а, н) Қара өлең.
Мұғалімнің түсіндірмесі. Адам мен табиғат – егіз. Табиғат асыраушың, қорғаушың десең де болады. Ата-бабамыз «Жер-қазына, су-алтын, мал- байлық» деп өсиет айтып келген.
V. Сөздік жұмыс
Өксіген - өзегін сипап, мұң жылаған
Қынарда -жағасында
Жанабында –маңайында
ІV.Тізбектей оқыту (1 шумақтан, 2 оқушыға мәнерлеп оқыту)
Сергіту сәті «Есіл ағады» өлеңін әндетіп айту.
V. Оқулықтағы сұрақтарға жауап беру.
-Ақын өзенді қалай суреттеген?
Ақынның «сарқыраған», «жарқыраған», «арқыраған» деген сөздері неге қатысты? (оқушының жауабы)
-Өзеннің адам өміріндегі маңызы қандай? (оқушының жауабы)
-Адамдар неліктен суды құрметтейді? Ол туралы өлеңнің қай шумағында айтылған? (оқушының жауабы)
-Өзеннің қандай пайдасы бар? (оқушының жауабы)
-Өлеңге сүйеніп айтып бар? (оқушының жауабы)
-«Тас таста, алтын таста сынамаққа, Сонда да аққан өзен қалыбында » деген жолдардан не түсінесің? (оқушының жауабы)
-Қазақстандағы өзің білетін өзендердің аттарын ата.
Қосымша мәлімет: Қазақстан аумағында ірілі-ұсақты 85 мың өзен бар. Олардың ішінде 7 өзеннің (Ертіс, Тобыл, Есіл, Жайық, Сырдария, Іле, Шу) ұзындығы 1000 км-ден асады.
VІ. Дәптермен жұмыс (Шығармашылық жұмыс)
1-топ Өзенің суретін салу. (тиым сөздер айту).
2-топ Өзеннің пайдасы шағын шығарма жазу.
Ойын: «Кім шапшаң»
Өлеңдегі бір шумақты жылдым жаттап алып жатқа айту.
VІІ.Сабақты бекіту:(Ағашқа апырып ілу)
-Өзен суының адамдарға, жануарларға табиғатқа қандай пайдасы бар?
VІІІ.Сабақты қорыту:
-Елбасымыз Н.Ә. Назарбаевтың Халлыққа жолдаған «Қазақстан-2050» жолдауы –болашағымыздың бағдары. Жолдаудың негізгі бағыттарының бірі экологияға арналып отыр. Қоршаған ортаны ластауға, экологиялық қалыпты жағдайды бүлдіруге жол бермеуге зор көңіл бөлінген.
Ата-бабамыз ұлттық дәстүрімізге суды сабамау, суды лайламау, былғамау, туралы өсиет сөздерді көп айтқан.
Балаларға ата-анасы:
«Судың сабама-балығын шошытасың,
Бұлақты лайлама-құсын кетіресің»,-деп тоқтау сөз айтып тәрбиелеген.
ІХ. Үй тапсырмасы: жаттап алу, оқулықтағы №11 тапсырма
Х. Бағалау
Соңғы жарияланған материалдар тізімі
Жыл мезгілдері
Сәкен Сейфуллин "Туған ел"
Өзендер
Өзендер қайдан басталады және қайда құяды Сұрау есімдігі
Ел тағдыры – тіл тағдыры
Сәкен Сейфуллин «Біздің жақта» өлеңі
Өзен және көл. Суды қорғау
Өзен және көл. Суды қорғау.
Ыбырай Алтынсарин «Өзен» өлеңі
М. Дулатов «Қыс».
Бөлім: Статьи / Ұстаздарға | Көрсетілім: 4871 | Қосты: NA | Ілмек сөздер:
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Бөлімдер
Ұстаздарға
Ата-аналарға
Біздің мектеп
Баяндама
Эссе
Оқушыларға
Конкурс ең үздік шығарма
Ең үздік шығарма конкурсына арналған. Шығармаларды осы жерде жазамыз