Ұстаздар сайты u-s.kz Сайттың атауы www.u-s.kz
» » Сәкен Сейфуллин «Біздің жақта» өлеңі


Сәкен Сейфуллин «Біздің жақта» өлеңі

Сабақтың тақырыбы: Сәкен Сейфуллин «Біздің жақта» өлеңі

Сабақтың мақсаты:
Білімділігі: Оқушыларға қазақ халқының ас көрнекті ақыны
С.Сейфуллиннің шығармашылығымен таныстыра отырып, «Біздің
жақта» өлеңінің мазмұны мен маңызын ашу, ой-өрісін дамыту
Дамытушылығы: Әр оқушының өзіндік ой-қиялына ерік бере отырып,
оқушыларды шығармашылыққа баулу
Тәрбиелілігі: Отанын, елін, туған жерін сүюге, табиғатын аялауға
тәрбиелеу
Сабақтың әдісі: түсіндіру, сұрақ-жауап, шығармашылықпен жұмыс
Сабақтың түрі: аралас сабақ
Сабақтың көрнекілігі: интерактивті тақтамен жұмыс, үнтаспа
 
Сабақтың барысы:
Сабақтың эпиграфы:
«Ол өз елін сүйген. Ол нағыз ақын болған, ал нағыз ақынның халқы өмір сүрсе, ол да мәңгілік өмір сүреді.» Р.Сейсенбаев
 
І. Ұйымдастыру
- Оқушылармен сәлемдесу, түгендеу
 
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру. «Ой қозғау»
Өмірге жан екенсің қия алмайтын,
Өлеңнің құшағына сия алмайтын.
Қазақты көргің  келсе, міне, осы деп,
Көрсетсе жер жүзіне ұялмайтын.      (С.Мәуленов)
 
М: - Бұл кім туралы айтылған?
О: - Сәкен Сейфуллин
М: - С.Сейфуллин кім? Өмір жолы туралы кім айтады?
(Оқушы жауабы)
М: - Біз өткен сабақта Сәкеннің қандай өлеңімен таныстық?
О: - «Сыр сандық» өлеңі (2-3 оқушыдан жатқа сұрау)
М: - Өте жақсы, балалар. Өлеңнің тақырыбы мен идеясы қандай?
О: - Тақырыбы - достық, адамгершілік, адамның жан сұлулығы. Идеясы – абзал достыққа шақыру, жалған достықтан бойын аулақ ұстау.
М: - Ендеше, достық туралы мақал-мәтелдер жазып келгендерің оқи қойыңдар
 
ІІІ. Жаңа сабақ
М: - Балалар, біз бүгінде қалың орман, құзды шатқалға жарасқан, тіп-тік шыңдай, тәні де, жаны да сұлу, кеудесі тұнған сырлы сандықтай Сәкен Сейфуллиннің шығармашылығын тереңірек оқи түсеміз. Алдымен мына әуенге құлақ салып тыңдайық. (үнтаспадан С.Сейфуллин «Біздің жақта» өлеңін Д.Таңатаровтың орындауында тыңдау)
М: - Өлең ұнады ма, балалар? Бұл С.Сейфуллиннің «Біздің жақта» өлеңі. Бүгінгі күн жадысын мен сабақ тақырыбын жазып қойыңыздар.
 
Табиғат өзгеше боп туған едім, 
Белімді жастан бекем буған едім.
Халықтың қорлық көрген туын ұстап,
Әділдік жолын іздеп, қуған едім,- деген өлең шумағынан-ақ ақынның халқына деген ыстық сезімі, әділдікті аңсауы анық көрінеді. С.Сейфуллин 1918-1919 жылдары Колчак түрмесінде, Анненковтың азап вагонында, Омбының тұтқындар лагерінде азап шегеді. Міне, сол шетте жүргенде 1919 жылы «Біздің жақта» өлеңін жазды.
 
ІV. Өлеңді мәнерлеп оқу (ІІІ топқа)
 
V. Өлеңді әр топ қара сөзбен түсіндіру
 
VІ. «5 минут» (шығармашылық жұмыс)
І топ. Өлеңдегі табиғатты сурет арқылы бейнелеу.
ІІ топ. Палуан, аңшы-мерген, әнші-сері, жау жүрек, батыр қазақтың жігіттері туралы жазу.
ІІІ топ. Сұлулық туралы өлең шумағын шығару.
 
VІІ. Өлең құрылысына талдау
Шалқыған біздің жақтың көлдері бар, А 
Ағашты биік таулы жерлері бар. А 
Өзен, су, көлдер жайлап, тау қыстайтын Б 
Меймандос, берекелі елдері бар. А
 
Шумақ – 9
Әр шумақ 4-5 жолдан құралған, тармақ - 4-5
Ұйқас – қара өлең ұйқасы
Буын саны – 11 буынды
VІІІ. «БББ» стратегиясы
ІХ. Бекіту. С.Сейфуллин туралы пікірлер арқылы қорытындылау.
Х. Үйге тапсырма
1. Өлеңді жаттау.
2. «Туған жер табиғаты» тақырыбына ой-толғау жазу 
ХІ. Бағалау

Соңғы жарияланған материалдар тізімі
С.Сейфуллин "Ақсақ киік өлеңі".
Сәкен Сейфуллин "Туған ел"
Сәкен Сейфуллин өлеңдері
Сәкен – жырдың сарқылмас дариясы
Сәкен Сейфуллин “Сыр сандық” өлеңі
Сәкен Сейфуллин (1894-1938)
Сәкен Сейфуллин Ақсақ киік
Сәкен Сейфуллин. Наурыз.
М.Мақатаев "Қайырлы түн"
Сәкен Сейфуллин “Ақсақ киік”
Бөлім: Уроки / Ашық сабақтар | Көрсетілім: 13030 | Қосты: NA | Ілмек сөздер:
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Бөлімдер
История
открытые уроки по истории
Педагогика
открытые уроки по педагогике
Биология
открытые уроки по биологии
Информатика
открытые уроки по информатике
Математика
открытые уроки по математике
Физика
открытые уроки по физике
Химия
открытые уроки по химии
Разное
открытые уроки
География
Открытые уроки по географии
русский язык