ОҚО Шымкент қаласы
№3 Ұлықбек атындағы жалпы орта мектебі . 9 «Ә» сынып оқушысы Какулиди Юрий
Оқытушысы қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі
Адырбекова Ляззат Нургалиевна
Эссе
Киік – киелі жануар
Маң даланың еркесі де сәні, тамылжыған табиғаттың көркіне көрік қосар сұлуы, мөлт-мөлт еткен көздерін айтпағанда, желпілдеген танауының өзі әдемі көрінетін, сонысымен-ақ баурап алатын сүйкімді жануар — киікті қазақ киелі деп санайды . . Кейде киікті көпке тараған қосар аттарымен де атап, бөкен дейді Сәкен Сейфуллиннің «Ақсақ киік» дейтін өлеңінде: «Киікті қазақ және дейді бөкен», - деп жырлайтыны. Қазіргі ақбөкен осы бөкеннен туындаған. . Қазақ киік деп жазда, ақ бөкен деп қыста атаған екен дегенді естідім. Қыста сарғыш жүндері қалыңдап аққа айналады екен, сол себепті ақ бөкен деген болар…
Қазақ халқының ауыз әдебиетінде киікке байланысты аңыз – әңгімелер мен теңеулер көп. Асан Қайғы бабамыз жерұйық іздеп жүргенінде әр өңірге өзіндік бағасын жырменен беріп отырған ғой. Сонда оның «Қырында киік жайлаған, суында балық ойнаған» деп те айтқаны бар. Шалкиіз ақын болса: «Ақ киіктің шабар жері майдан дүр» деп толғаса, Бұқар жырау: «Киігін қойдай қайырған», - дейді. . «Ақбөкен» - ежелгі замандардан бері Ұлы Даланы мекен етіп келе жатқан киелі жануар. Қазақ халқы бұл аңды киелі санап, қажетсіз ауламаған, атпаған. Бұрын осы киелі Далада ақбөкендер миллиондап жортып жүрген. Бірақ бір кездері мына сар далада маңғырған киіктер жайылып жүретін десе кейінгі ұрпақ сене қоймас. . Қазақ Тектілерінің соңғы сынығы Ұлы Сыпыра шежіреші, Созақ көтерілісінің Ұраншысы Әлиасқар Байғұтұлы Ұлы Бабаларымыздың келешек ұрпаққа айтып кеткен киелі өсиетінде: - Елі тыныш, қарны тоқ, алдында ісі бар, өзіне жетер ырысы бар, қонақ күтер тұрмысы бар азамат Ақбөкенді атпайды! Ақбөкен киелі аң! Ақбөкен «жұттың» ырысы! Осыны ұмытпаңдар! – деп, айтып кетіпті. . Ел арасында оларды атқан адам бақытсыздыққа ұшырайды деген сенім бар. Киіктің қаншалықты киелі екендігін кім білсін , бірақ ақбөкен жайлы бір аңызды оқып қатты ойға баттым.
Ашаршылық кезі. Бір әйел, әбден ашыққан кезде, екі баласын қамап тастап, өзі азық іздеп жолға шығады. Бірақ, барар жеріне жете алмай, орта жолда әлі бітіп құлайды. Жатқан жері жазық дала, су да жоқ. Күн шыжып тұр, көктемнің жазға ауысар кезі болса керек. Ақыры әйел есінен танып қалады. Бір уақта, бетін әлдебір нәрсенің жыбырлатқанынан оянады. Қараса, еліктің құралайы. Кішкентай ғана, жаңа аяқтанған. Әйел басында қуанып кетеді. Көз алдына үйде қалған қос құлыны келеді, мына лақты жығып алса, сәл де болса талғажау ғой, жоқ, сәл де болса емес, кәдімгідей мол азық қой деп ойлайды. Бірақ келесі сәтте құралайдың обалы мен сауабы деген бар екені есіне түседі. Құралайды өлтірсе, үйде қалған балаларына кеселі тиіп, қарғысы тиіп, құлындарынан айрылып қала ма деп қорқады. Осылай ана он ойланып, сан толғанады, күңіреніп жылайды.
Сонымен, әйел құралайды жығып салып, етін арқалап әкеліп, үйіне келсе, балалары жоқ. Балалары жақын бір жерде жүрген шығар деп ойлап, оларды тауып әкелгенше қазаным қайнай берсін деп, етті салайын десе, қазаны да жоқ. Өйткені, бір аулақта осы үйдің қазанында осы үйдің екі баласы пісіп жатқан еді ...
Табиғатпен үйлесімді өмір сүре білген Ұлы Бабаларымыз біздерге аманат етіп қалдырған насияттарындағы өсиеттің бірінде: «Жер мен Көктің арасын байланыстырып тұрған, бұл Жер бетіндегі әрбір тіршіліктің ғұмыр кешуі және осы әрбір тіршілік иесінің ғұмыры әділетсіздік пен қиянаттың арқасында өзгерсе, жұлдыздар да, ауа райы да өзгеріп тұрады. Айнала табиғат тіршілігінің тынысы тарылмайтындай ілім мен амал-айла ғана істе!» - деп жазылыпты. Яғни Ұлы Жаратушымыз Алланың жаратқан тіршілік иелері: адам баласы болсын, жан – жануарлар, немесе аңдар мен құстар, жәндіктер мен балықтар болсын, олардың өмір сүру ортасына ешқандай да қиянат жасалмауы керек екен. Бірақ бүгінгі күндері, қоршаған ортамыз бен табиғатымызды жатжерлік әскери полигондардың жарылыстары мен сынақтарынан қорғап, басқа да техногендік апаттарға ұшыратпай, жеріміздегі барлық тіршілік иелеріне де тиесілі таза ауа мен таза суды бүлдірмей таза сақтап қалу мәселесі өзекті де, өткір күйінде қалып отыр. Ең бастысы Ұлы Бабаларымыздың біздерге, яғни бүгінгі ұрпақтарына аманат еткен қоршаған ортамызды таза сақтап, кейінгі ұрпаққа да сол таза күйінде қалдыру мәселесі тұр. Ол үшін осы бүгіннен бастап, бүкіл қоғам болып бұл іске жұмыла кіріскеніміз жөн болар.
Соңғы жарияланған материалдар тізімі
Бөлім: Статьи / Эссе |
Көрсетілім: 14278 |
|
|
|
Киік - киелі жануар

Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.

Бөлімдер
Ұстаздарға |
Ата-аналарға |
Біздің мектеп |
Баяндама |
Эссе |
Оқушыларға |
Конкурс ең үздік шығарма Ең үздік шығарма конкурсына арналған. Шығармаларды осы жерде жазамыз |