Ұстаздар сайты u-s.kz Сайттың атауы www.u-s.kz
» » Терең мағыналы ұғымдар


Терең мағыналы ұғымдар

Терең мағыналы ұғымдар

«№ 13 орта мектебі» ММ

Тақырыбы:  «Терең мағыналы ұғымдар»

Орындаған : Тынышқали Гүлназ Медетқызы

Класы: 3 «В»

Жетекшісі: Дарханбаева Айнагуль Иманбаевна

Ақтөбе қаласындағы

« №13 орта мектебі» ММ нің

3 «В» класс оқушысы

Г.М.Тынышқалидың

«Терең мағыналы ұғымдар»

тақырыбында жазған жұмысына

ПІКІР

        Ақтөбе қаласындағы« №13 орта мектебі» ММ нің  3 «В» класс оқушысы Г.М.Тынышқалидың   «Терең мағыналы ұғымдар» тақырыбында жазған ғылыми жобасы қазіргі таңда күнделікті өмірде қолданылып жүрген тың тақырыпқа жазылған жұмыстардың бірі.                                         Дәстүрлі қазақ қоғамында ата-бабаларымыздан бізге мирас болып қалған , әлі күнге дейін халқымыздың сана-сезімінде берік орын алған наным, сенім, ырым, тиым, әдеп-ғұрыптар аз емес. Олардың кейбірі табиғат, өмір заңдылықтары бойынша, басқалары дініміз арқылы қалыптасып, тыныс-тіршілігімізге сіңісіп кеткен. Соны ой таразысында сараптап, пайымдағаныңда кеудеңде «Осы кие, қасиет дегеніміз не? Қазақстар нені киелі, қасиетті санайды? Оның сыры не?», - деген сауалдарға толыққанды тоқталып өткен.

Жетекші: А.И.Дарханбаева

Аннотация

         Зерттеу жұмысында орындаушы  оқушы өзінің ғылыми зерттеу жұмысында өз бойындағы дарындылықты жүйелі жүзеге асыру жолында өз ізденісін тиянақты жеткізген. Ол бұл ғылыми жұмысында халқымыздың сана-сезімінде берік орын алған наным, сенім, ырым, тиым, әдеп-ғұрыптары туралы толық тоқталып өткен. Олардың кейбірі табиғат, өмір заңдылықтары бойынша, басқалары дініміз арқылы қалыптасып, тыныс-тіршілігімізге сіңісіп қасиетті, киелі ұғымдарды аша білді.

Жоспар

І.  Кіріспе

              Таным-түсінік, ой-толғаулар

  1. Кие қандай ұғым?
  2. Қасиет – қандай ұғым?

 

ІІ. Негізгі бөлім

  1. Халықтар ата тегі туралы
  2. Қазақтың қасиетті санайтындары
  3. Киелі күндер
  4. Киелі жануарлар

 

ІІІ.   Қорытынды

                Әр заттың киесі де, иесі де бар

І.  Кіріспе

              Таным-түсінік, ой-толғаулар

     Дәстүрлі қазақ қоғамында ата-бабаларымыздан бізге мирас болып қалған, әлі күнге дейін халқымыздың сана-сезімінде берік орын алған наным, сенім, ырым, тиым, әдеп-ғұрыптар аз емес. Олардың кейбірі табиғат, өмір заңдылықтары бойынша, басқалары дініміз арқылы қалыптасып, тыныс-тіршілігімізге сіңісіп кеткен. Соны ой таразысында сараптап, пайымдағаныңда кеудеңде «Осы кие, қасиет дегеніміз не? Қазақтар нені киелі, қасиетті санайды? Оның сыры не?», - деген сауалдар бой көтереді

Кие қандай ұғым?

Ғылыми тұрғыда қандай да бір заттың немесе тіршілік иесінің қасиеттілігін, жоғары тылсым күшін білдіретін таным-түсінік атауы – кие болып саналады. Біз әлем халықтарының мифологиясы мен мәдениетіне назар аударсақ, ежелгі дәуірде-ақ адамзат баласының аң мен құстың, аспан денелерінің, жәндіктердің, заттардың, сандардың бірқатарын, әулие, көріпкел адамдарды киелі деп танығанын, тіпті оларға табынғанын, сиынғанын байқаймыз. Кейін ол көп халықтың дәстүріне айналған.

Уақыт көші алға жылжып, адамдар түрлі діндерді қабылдағанында мұндай таным-түсініктердің, салт-дәстүрлердің кейбірі жойылып, әрқилы өзгерістерге де ұшырады. Сөйтсе де, Ислам дініне дейін біздің қазақ даласында қалыптасқан тотемдік наным-сенімдер біржолата құрып кетпей, оның жұрнақтары сақталып та қалды.

Қасиет – қандай ұғым?

Ғылыми тұжырымдама бойынша, адамның не бір заттың өзіне тән сапалық болмысын, ерекшелігін айқындайтын ұғымды – қасиет деп атайда. Ол екі түрлі: адам бойындағы қасиет, зат, қатынас және сапа категоррияларымен салыстырып, солар арқылы анықталатын қасиет.

1. Адам бойындағы қасиет. Олар: жағымды, жағымсыз қасиеттер. Жағымды қасиеттер: имандылық, инабаттылық, ізеттілік, адамгершілік, ар-абырой, адалдық пен әділеттік және тағы да басқасы. Жағымсыз қасиеттер: оңбағандық, жексұрындық, арсыздық, зұлымдық, мейірімсіздік, опасыздық, күндестік, әділетсіздік және тағы да басқасы.

2. Заттың қасиеті. Олар: массасы, қаттылығы, электр, жылу өткізгіштігі және тағы да басқасы.Халқымыздың ұғымында тылсым күші бар деп саналатын нәрселер де, тіршілік иелері де қасиетті деп саналады, оларды киелі деп ұғады.

ІІ. Негізгі бөлім

1. Халықтар ата тегі туралы

Алғашқы адамдар табиғаттың тылсым күшін түсінбегендіктен, оны құдіретті күшке-ерекше киелі нәрсеге балады. Көп халық адамның әубаста жаратылуына әйелдің де еркектің де еш қатынасы болған жоқ, алғашқы адам тылсым күш арқылы өмірге келді деп түсінді, қазір де бұл таным-түсінік көп адамның сана-сенімінде бар. Сондай-ақ, кейбір халықтарда адамнан тыс басқа бір денені өздерінің ата тегі санаушылық қалыптасқан. Ол: бірқатар ұлыс, ұлттың өздерін топырақтан жаратылдық деп есептеуі.

Солтүстік Америкадағы оджибве тайпасы әртүрлі хайуандарды өздерінің ата тегі санайды. Хакастар, алтайлықтар, буряттар өздерінің ата тегін аққу деп түсінеді. Сахалар болса, аққуды әйелдердің пірі деп ойлайды. Содан, тувалықтар, хакастар аққуды атып алса, ең сүйікті, қадірлі туған-туысына, қонағына сыйға тартады. Қазақтар аққуды киелі құс санағандықтан оны атпайды, етін жемейді.

Кет халқы өздерінің ата тегін аю деп айтады. Олар бұл ұғымын «Егерде аюдың терісін сыпырып алса, ол адамға өте ұқсас» деп дәлелдейді. Шамандардың түсінігінде от та, су да, ағаш та, тас та, тау да әртүрлі рухтарға бай. Кезінде шамандардың от пен суды тәлкек еткендерді өлім жазасына дейін кесуі оларды киелі санағандығынан еді.

Қазақтың қасиетті санайтындары

Атамекен, туған жері. Оны құрметтеу, қасиетті санау-перзенттік парыз. Адамды көптен бері болмаған туған жері-алтын бесігіне келгенде сол жерге аунатып алатын дәстүрі бар.

 Қара шаңырағы. Ол – ата-бабасынан қалған үй, қыстау, киіз үй. Оны қасиетті санап күтеді, таза ұстайды, сақтайды

 

.

Киелі орындар. Әулиелердің, батырлардың, шешендердің, атақты адамдардың мекен-жайы, қабірі, мешіті. Оған халық барып зиярат етеді, түнеп тілек айтады.

Ананың ақ сүті. Анасының ақ сүтін ақтау – перзенттік парыз, ананы риза ету – Аллаһты риза ету.

Құран Кәрім. Оны дәрет алып, таза қолмен ұстайды, үйде жоғары жаққа қояды, аяқ асты тастамайды.

Ақ дастархан. Әркімнің шаңырағындағы дастархан – береке, байлық символы саналып, ол ақ дастархан деп аталады.

Қара қазан. Ырыс, тоқтық белгісі. Адалдық пен мол астың бірлігі ретінде қастерленеді.

Ошақ. Оны қазан – ошақ деп қосарлап та айтады. Береке – бірлік айғағы.

От орны. Киіз үйдің ошақ құрылып, от жағылған, жер үйдің пеші тұрған орын. Оны аттамайды, күлін шашпайды.

Төр. Әр үйдегі құрметті қонақтар отыратын орын. Қазақтар оны ерекше қастерлейді.

Батырлардың қару-жарағы. Бұлар киелі заттар. Ғасырдан-ғасырға қастерлеп сақтайды.

 

Аңшылардың, шеберлердің құралдары. Мергеннің мылтығын, аңшының қақпанын, үйшінің үскісін, ұстаның балғасын, етікшінің бізін қасиетті санап, ешкімге бермейді, сатпайды, жоғалтпайды.

Ертеден қалған ескерткіш – белгілер. Олар: ескі қорымдар, қала орны, кесенелер, тас ескерткіштер, ата-баба жұрты. Оңтүстік тарихи тағылымды, шежірелі өңір екені, оның жер-су аттарынан да байқалады. Қазығұрт тауының атауы соның бір дәлелі іспетті. Осы атаудың пайда болғанына мыңдаған жылдар болды дейді ғалымдар және бұл туралы ел аузында жыр да, аңыз да көп. Мұның бәрі бекерден-бекер болмаса керек, өйткені халық бірнәрсені білмесе айтпайды, ал ғалымдар кез келген нәрсені зерттемесе жазбайды. Бабаларымыз­дың: «Қазығұрттың басында кеме қалған, ол әулие болмаса, неге қалған?!» – деп айтып кет­кен ғажап сөзі осының айқын дәлелі. Жо­ғарыда айтылғанның барлығы да Қаз­ы­ғұрт­тың киелі атау, қасиетті жер екендігіне күмән келтірмейді. Қазығұртқа байланысты қазір де көптеген көркем туындылар жазы­лып, ғылыми зерттеулер жүргізілуде.

 

Бұлақ. Тазалық пен нәр көзі деп таза ұстайды.

Мал басы. Әр үйдегі төл басы да – қадірлі жануар. Солардан үйірін ит-құсқа бермейтін айғыр, соңынан көп төл ерткен мама бие, қой бастайтын серкелер шығады. Сол себепті оны сатпайды, басқа малмен айырбастамайды.

 

2.Киелі күндер

Қазақтың дәстүрлі дүниетанымында аптаның қасиетті саналатын күндері бар. Ол халқымыздың ежелгі тыныс-тіршілігіне тығыз байланысты. Біздің ата-бабаларымыз аптаның сейсенбісін ауыр күн санап, жолға шықпаған, жаңа бір істі бастамаған, көшіп қонбаған. Егерде қысылтаяң, шұғыл солай жасауға тура келсе, жолым жеңіл болсын деп жерге тұз көмген. Ал сәрсенбі аптаның ішіндегі ең сәтті күн саналып, сол күні жолға шыққан, жаңа істерді бастаған. Бейсенбі, жұма күндері аруақтар үйде қонақтап жүреді деген наным-сеніммен қазақтар бұл күні жеті немесе тоғыз шелпек нан пісіріп, аруақтарға бағыштап құран оқиды, Мешітке барып ғибадат жасайды. Бейсенбі күндері қайтыс болған адамның жылы берілгенше де үйінде Құран оқытылып тұрады. Жұмада мұсылмандар жұма намазына қатысу үшін Мешітке барып, бұл күні «аруақтар ренжиді» деп кір жумайды.

   Біздің ата-бабаларымыз сәбидің туғанына, адамның қайтыс болғанына байланысты қырқынан шығару, қырқын беру тәрізді салт-дәстүрлерді орындайды. Сәбиді қырық күнге дейін далаға алып шықпайды, қырық күнге дейін анасы далаға күл апарып төкпейді. Ал қайтыс болған адамды  жеті күнге дейін жоқтау айтып, еске алуы бұрындары бұлжымас заң болатын.

3.Киелі жануарлар

    Қазақтар киелі жануарлар – жақсылықтың жаршысы, берекенің бастауы, бақыт, табыс әкелуші, ырыс-құттың нышаны деп түсінген. Қазақтың ғұлама ғалымы Шоқан Уәлиханов өзінің «Қазақтардағы шамандықтың қалдығы» атты еңбегінде киеге үлкен мән беріп, ол жөнінде былайша ой толғайды:

«... кейбір жануарлар мен құстарды, көшпелі тұрмысқа қажетті заттарды киелі деп қастерлейді. Осы аталғандарды құрмет тұту, ырым, жорасын жасап тұру, адам баласына байлық пен бақыт, құт әкеледі деп түсінеді. Ал осы кәделерді ұстамау, киелерді құрметтемеу – жоқшылыққа душар етеді. Сондай құдіретті күші бар жан-жануарлардың киесі бар дейді, ал олардың өзін киелі деп атайды. Жан-жануарлардың киесін қадірлемеу – киенің қаһарын туғызады. Киенің ашуы, қаһары – кесір деп аталады».

     Біз енді қазақ халқының діни сеніміндегі киелі жануарларға тоқталсақ, олар: құмырсқа, өрмекші, дәуіт, тасбақа, қарлығаш, үкі, бүркіт, ұлар, аққу, дегелек, тырна, арқар, киік (ақбөкен), құндыз, төрт түлік мал. Бұл таным-түсінік басқа халықтарда да кездеседі. Өйткені, діни аңыз бойынша, өрмекші Мұхаммед (с.ғ.с.) пайғамбарымызды жаудан құтқарды, дәуіт-құс ұясындағы балапандары жыланнан құтқарушы, қарлығаш – адамның досы, аққу – пәктіктің нышаны.

Солтүстік Америка мен Солтүстік Азия халықтары – аюды, Африка халқы – ірбісті, үндіс тайпалары – құндызды, еуропалықтар – дегелекті, славяндар – көгершінді, үнді халқы – сиырды, мысыр халқы – мысықты, скарабей қоңызын қадірлейді. Қазақта: «Киіктің де киесі бар», деген мәтел бар. Біздің ата-бабаларымыз әманда: «Ұларды атсаң – ұлардай шулап қаласың», «аққуды атпа, құндызды аулама, өрмекшіні өлтірме, ұларды шулатпа, құмырсқаның илеуін бұзба», деп бала-шағасына ақыл айтып отырған.

Жалпы, киелі малды ұрмайды, теппейді, олай жасаса, киесі ұрады деп қорқады. Өтебойдақ Тілеуқабылұлының «Шипагерлік баян» атты еңбегінде киелі жануарларды аулау қажет болған жағдайда тәңірге жалынып, құдайға құлшылық етіп, кешірім сұрап барып аулау керектігі жазылған. Яғни, аққудың еті емге қажет болса, адам өз денесінен қан шығарып барып: «Сенде жазық жоқ, бізде азық жоқ», - деп айтуға міндетті. Халқымыз буаз малды да киелі санап соймайды.

 

 Киелі киім

     Қазақ салты бойынша бір жылға дейін жаңа түскен келінді төркініне жібермеген. Осы уақыт ішінде ол бар сыннан мүдірмей өтіп, ата-енесі оны төрге шығарады. Сосын бір күні оған киелі киім кигізу ырымын жасайды. Ол былай: Төрге шыққан күні ата-енесі оған төркінінен келген кимешек-шылауышты өз қолдарымен кигізеді. Сосын бұл бас киімді келіндері тез балалы болсын деп сандыққа әдейі ырымдап салады. Киімнің киелілігі деген осы. Егерде келін одан кейін де ұзақ уақыт бала көтермесе, кимешек-шылауыш сандықта жата берсе, ата-анасы немесе ата-енесі өздерінің бір кінәсі үшін «Кие атты» деп іштей мүжілетін болған. Бұл салт қазір ұмытылып барады. Негізінен, келін қыз күнінде сәукелені сұлу болу үшін тіккізсе, кимешек – шылауышты ана болу үшін дайындатқан, кимешек – шылауыш келіннің қолаң шашы мен ақ мамық мойнына, төсіне сұқ көздер қадалмауы үшін де киіледі, әрі оны киген келін толық отбасы мүшесі болып саналады. Халқымызда ата-бабалардың киімдері де киелі саналып, сақталады.

      

III. Қорытынды

     Ғалымдар киелі жануарлардың ғылыми тілде зоолатрия деп аталатынын баяндайды. Бұл гректің «zoon» - жануар «latreia» - құрмет тұту, табыну деген сөздерінен шыққан көрінеді. Иә, ежелгі заманда адамдар өздері аулайтын аңдардың кейбірін киелі деп ұғып, оның суретін өздері тұратын үңгірлердің ішіне, тастарға қашап салды

Ардақты ағайын! Табиғат анамыздағы әр заттың киесі де, иесі де бар. Қазақстанда киелі де қасиетті орындар да аз емес. Біз оны қастерлеп, қадірлей білейік, ең бастысы, обал-сауапты ойлайық!

 

Қолданылған әдебиеттер:

  1. 1.7kun.kz – интернет газеті
  2. http://tomiris.wordpress.com – сайты
  3. http://www.bostandyk.almaty.kz – сайты
  4. Қазақ халқының ұлттық  мектебі
  5. 6.Кенжеахметұлы С.  А:Ана тiлi,1997ж
  6. 7.«Ана тілі» газеті, №4   4-мамыр, 2009 жыл, 5-бет
  7. Көбеева Н.
  8. Бала және табиғат. \\ Үйелмен және балабақша. – 1993. 
  9. «Қазақ халқының киелі ұлттық киімдері» кітабы, авт: Нурпейісова Р.С.
  10. «Тарих тағылымы»

Соңғы жарияланған материалдар тізімі
Киік - киелі жануар
Салтым – асыл қазынам!
Құстар әлемі және ата-баба дәстүрі
Сандар сыры.
Қазақтың тыйым сөздері
Киелі киіз үй
Қазақтың киелі сандары
Бозторғай – дала сәні
Қазыбек би мен Бұқар жырау
Қазақтың киелі сандары
Бөлім: Уроки / Оқушымен жұмыс | Көрсетілім: 2317 | Қосты: NA | Ілмек сөздер:
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Бөлімдер
История
открытые уроки по истории
Педагогика
открытые уроки по педагогике
Биология
открытые уроки по биологии
Информатика
открытые уроки по информатике
Математика
открытые уроки по математике
Физика
открытые уроки по физике
Химия
открытые уроки по химии
Разное
открытые уроки
География
Открытые уроки по географии
русский язык