Ұстаздар сайты u-s.kz Сайттың атауы www.u-s.kz
» » Сәкен Сейфуллин Ақсақ киік


Сәкен Сейфуллин Ақсақ киік

Сабақтың тақырыбы: Сәкен Сейфуллин Ақсақ киік

Сабақтың мақсаты: а) білімділік: Сәкен Сейфуллин өмірі мен шығармашылығынан мағлұмат беру,  «Ақсақ киік» өлеңінің тақырыбы мен идеясын ашу, көркемдік ерекшелігіне талдау жасау; ә) дамытушылық: оқушының сөйлеу тілін дамыту, Әр оқушының ой-қиялына ерік бере отырып, өзінше  ой түюге баулу, шығармашылыққа, мәнерлеп оқуға дағдыландыру, б) тәрбиелік: эстетикалық сезімге тәрбиелеу, автор көтерген идея арқылы жас ұрпақты қайырымдылыққа, жанашарлыққа, мейірімділікке                                                       тәрбиелеу, жаман әдеттен жирендіру.  
Сабақтың түрі: жаңа білімді меңгерту.
Әдіс-тәсілдері: сын тұрғысынан ойлау, тест, болжам жасау кестесі.
Көрнекіліктер: С.Сейфуллин портреті, киіктің суреттері, интерактивті тақта.
Сабақтың барысы:    І. Ұйымдастыру. 
1. Амандасу.
2. Оқушылардың сабаққа қатысы .
3. Сабаққа психологиялық дайындық. Өз есімін атап, өз есімінің бірінші дыбысына байланысты бір қасиетін айту.
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру. 
-Кәне, балалар, өткен сабағымызда қай ақынның шығармашылығымен таныстық? 
- «Өтеген батыр» дастанынан үзінді жаттау.
Дұрыс жауапты таңдау тесті     «Жамбыл Жабаев» 
1. Жамбыл қай жылы қай жерде дүниеге келді?
А) 1845 жылы Шығыс Қазақстан облысында
Ә) 1846 жылы Әулие ата  өңірінде
Б) 1847 жылы Оңтүстік Қазақстан облысында
2. Жамбылдың әкесінің  аты кім?
А) Жанбай                      Ә)   Жанай            Б) Жаппа
3. Жамбылдың шығармасы.
А) «Сұраншы батыр»   Ә) «Қыс»               Б) «Сағындым»
4. Жамбылдың ұстазының есімі кім?
А) Абай                          Ә)Шашубай           Б) Сүйінбай
5. Жамбылды байтақ елге танытқан өнері.
А) айтыс өнері               Ә) күй өнері           Б) би өнері
6. Жамбылдың ұлының есімі кім?
А) Айбар                        Ә) Алғадай              Б)Аршын
7. «Өтеген батыр» дастанында Өтегеннің еліне тапқан жайлы, шұрайлы жері қай жер еді?
А) Қызылорда                Ә) Қазығұрт           Б) Жиделібайсын
8. Жамбылдың 1941-1945 жылғы соғыста солдаттарды жігерлендірген өлеңі?
А) «Сұм соғыс»                  Ә) «Ленинградтық өрендерім»    Б)  «Алға, алға...»
9. Жамбыл қай жылы неше жасында қайтыс болды?
А) 1945 жылы   99 жасында 
 Ә) 1946 жылы  100 жасында 
 Б) 1947 жылы  101 жасында 
1. Ә)                   4.Б)                7. Б)        1-4 дұрыс жауап  «2»
2. Б)                   5. А)               8. Ә)        5-6 дұрыс жауап   «3»  
3. А)                   6. Ә)               9. А)        7-8 дұрыс жауап    «4»
                                                                 9 дұрыс жауап       «5»
ІІІ. Жаңа сабақ.
- Балалар, бәйтерек ағашы туралы не білеміз?..
Қазақ бәйтерек ағашын киелі санап , қасиет тұтады.Тамырын тереңге жайған бәйтерек сан тарапқа жол алып, көкпен жарыса өседі. Ұзақ жылдар бойы өсіп-өнетін ағаш екен. 
Біздің қазақ халқы өз ұлын, батырларын ескеріп, еңбегін бағалап, «Бес арыс», «Үш бәйтерек» деп өмір сүрген қоғамына, еңбегіне қарай топтап, бағалап келеді.  «Үш бәйтерегіміз» кімдер екен? (Сәкен, Ілияс, Бейімбет). 
«Абайдың інілері, Қазақтың ірілері – Сәкен, Ілияс, Бейімбет» деп жырлағандай бүгінгі сабағымызда Сәкен Сейфуллиннің өмірі мен шығармашылығы туралы оқып танысамыз.
       Үш бәйтерек                                            
Қалың қара қазаққа
Үш бәйтерек атандың.
Жаның малынып азапқа
Ұрпақ үшін сөз алдың.
Кейде күйіп, кейде мұң,
Көңілге жақты қараны.
Артта мына ұрпақтың
Болдың міне ұраны.
Ақылменен терең ой
Тіпті жанға сыймаған.
Ілияс, Бейімбет, Сәкен ғой
Еліме бақыт сыйлаған.
Бізге мұра, сіздің еңбегіңіз
Бізге аңыз, сіздің көргеніңіз.
Халық жауы атанып кетсеңізде
Сақтаймыз сізді мәңгі есімізде.
Оқушыларға қосымша тапсырма ретінде алдын ала тапсырма берілді. 
І топ. Сәкен сейфуллиннің өмірі мен шығармашылығы туралы.
ІІ топ. Бетпақдала туралы.
ІІІ топ. Киік туралы.
Топтық жұмыс. Әр топтың тақырып бойынша ізденіс, шығармашылық жұмысы
Сейфуллин Сәкен (Садуақас, 1894-1938) - қазақтың көрнекті жазушысы, қазақ әдебиетін қалыптастырушылардың бірі, мемлекет және қоғам қайраткері. Туып-өскен жері - Қарағанды облысының Шет ауданына (бұрынғы Жаңаарқа ауданына) қарасты Ортау кеңшарының Қарашілік қыстағы. Саяси репресияның құрбаны болған. Нілдідегі орыс-қазақ және Ақмоладағы бастауыш приход мектебінде (1905-1908), үш класстық қалалық училищеде (1908-1913), Омбыдағы мұғалімдер семинариясында (1913-1916) оқыған. Омбыда қазақ жастарының Бірлік қауымын, Ақмолада Жас қазақ ұйымын ашып, Тіршілік газетін шығаруды ұйымдастырған.
Сәкеннің алғашқы өлеңдер жинағы «Өткен күндер» деген атпен 1914 жылы жарық көрді. Поэзиялық туындыларының ішінде Сәкеннің шығармашылық ерекшелігі мен идеялық-саяси ұстанымын бедерлі айғақтайтын туындылары – «Кел жігіттер», «Жас қазақ марсельезасы», «Жұмыскерлерге», «Жолдастар» сияқты саяси лирикалары, сондай-ақ «Советстан», «Көкшетау», «Альбатрос», «Социалистан», «Қызыл ат» поэмалары. Проза саласында «Жер қазғандар», «Айша», «Біздің тұрмыс», «Сол жылдарда», «Жемістер» поветері мен «Тар жол тайғақ кешу» мемуарлық роман жазған. «Бақыт жолында», «Қызыл сұңқарлар» драмалары өз заманының рухын танытатын елеулі шығармалар.
Сәкен шығарған әндер халықтық дәстүрді тұғыр ете отырып, дүниеге  өзіндік даралық сипаттармен ерекшеленеді.
Сәкен қазақ маңдайына біткен біртуар дара тұлғалардың бірі. Ол өз ұлтын қалтқысыз сүйіп, халқына еңбек сіңірді.
Бүгін С.Сейфуллиннің «Ақсақ киік» өлеңімен танысамыз. Бұл өлеңін ақын 1924 жылы жазыпты. Бұл өлеңнің әні бар. Әнін жазған Сәкен Сейфуллиннің өзі болатын. Осы өлеңді әнімен тыңдайық. 
«Түртіп алу» әдісі.
Оқушылар өздеріне таныс емес сөздерді қарындашпен белгілеп отырады.
Экранға сөздік жазылады.
Қу баялыш – шөптің атауы. Сегіз көштік – ұзындық өлшемі. Таңы – жануардың әсем, сұлу мүсіні. Қос – шатыр, күрке. Бетеге – шөп атауы. Шөбі сұйық - шөбі аз. Саяқ-некен – (дұрысы некен-саяқ) аз. Меңіреу – бұл жерде тып-тыныш. 
(Ән тыңдап болғаннан кейін )
Өлеңде Бетпақдала туралы Бірде киік, бірде бөкен деп суреттейді. 
Бетпақдала – Сарыарқа деген үлкен аймақтың шөл даласы. Сарыарқа Батысында Торғай үстіртімен, шығысында Шар, Аягөз өзені аңғарларымен шектеседі, оңтүстігінде Батыс Сібір жазықтарымен көмкерілген. Бұл аймақта Қазақстанның ірі 6 облысы орналасқан: Ақмола, Қостанай, Қарағанды, Петропавл, Павлодар. Қысы суық, жазы ыстық болады. Пайдалы қазбаларға өте бай. Басты өзендері: Есіл, Нұра, Сарысу. 
Табиғат зоналары шөлейт және шөл зоналармен көзге түседі. Қуаңшылық жерлер көп болғандықтан  сор, сортаңды жерлерде өсетін көкпек, жусанның бірнеше түрі кездеседі.Себебі олар шөлді қоңыр топыраққа өседі. Шөлейт өрісі мал жайылымына өте қолайлы. Тұз тағысы ақбөкен де кең даладан жай тапқан.
(Әкраннан киіктің әсем суреті көрсетіледі.)
Киік - аталық, бөкен – аналық жануар. Оның мүйізі медицинада дәрі-дәрмек жасау үшін пайдаланылады. Еті, мүйізі бағалы. Олар шөлді жерде мекендейді. Негізгі мекені – Бетпақдала. Ол Сарыарқаның оңтүстігінде орналасқан.
- Географиялық тұрғыдан біраз мағлұмат алсақ, енді әдеби тұрғыдан өлеңнің көркемдігіне назар аударып, талдау жасайық. Алдымен өлеңнің құрылысына назар аударайық.
 
І топқа.1-шумақты өлең құрылысына талдау, синонимдерді табу.
ІІ топқа.8-шумақты өлең құрылысына талдау, теңеуді табу.
ІІІ топқа. 12-шумақты өлең құрылысына талдау, антонимдерді табу.
ІV. Сергіту сәті. Құрманғазының «Ақсақ киік » күйін тыңдау.
V. Ойтолғаныс сатысы.(Болжам жасау кестесі)
Ендеше өлеңді өздерің аяқтап көріңдер. Топпен жұмыс.
Киікке не болды деп ойлайсыздар? Өлеңді қалай аяқтар едіңіздер?
 
Ассоциация. «Сәкен Сейфуллин»
VІ. Қорытынды.
«Сәкен – біздің ұлттық мақтанышымыз, ел үшін еңіреген ер, қайтпас қайсар күрескер. Сәкен – өлеңнен өрнек өрген ақын, қара сөздің сиқырын игерген прозашы. Сәкен – тыңдаған жанның жүрегін тербемей қоймайтын сырлы да сазды әндер шығарған талантты композитор.
Рас, Сәкен өз заманының саясатына қызмет етті, сол кездегі жаңа құрылған қоғамның болашағына сенім артты. Бірақ, ол – өз халқының болашағына деген сенімді еді. Егер ол тірі болса, бүгін, сөз жоқ, өзіне тән өткірлікпен, от пен судан қорықпайтын батырлықпен тек халық мүддесі жағында ғана тұрар еді»  Н.Ә. Назарбаев.
Бүгінгі сабақта Қадыр Мырзалиевтің мына бір өлең жолдарымен аяқтағым келеді: 
Аяймын мен анасыз, атасызды.
Аяймын мен құлынсыз, ботасызды.
Хайуанатқа жасаған қиянатың – 
Бауырыңа жасаған опасыздық.
VІІ. Үйге тапсырма:  1) өлеңнің ұнаған жерін жатқа оқу; 2) бөкеннің аянышты халін суреттеу.
VІІІ. Бағалау. Бағалау парағы арқылы бағалау.

Соңғы жарияланған материалдар тізімі
С.Сейфуллин "Ақсақ киік өлеңі".
С Сейфуллин «Ақсақ киік»
Наурыз Сәкен Сейфуллин
Сәкен Сейфуллин өлеңдері
Сәкен – жырдың сарқылмас дариясы
Сәкен Сейфуллин (1894-1938)
Сәкен Сейфуллин «Біздің жақта» өлеңі
С.Сейфуллин «Ақсақ киік» өлеңі
Сәкен Сейфуллин. Наурыз.
Сәкен Сейфуллин “Ақсақ киік”
Бөлім: Уроки / Ашық сабақтар | Көрсетілім: 10580 | Қосты: NA | Ілмек сөздер:
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Бөлімдер
История
открытые уроки по истории
Педагогика
открытые уроки по педагогике
Биология
открытые уроки по биологии
Информатика
открытые уроки по информатике
Математика
открытые уроки по математике
Физика
открытые уроки по физике
Химия
открытые уроки по химии
Разное
открытые уроки
География
Открытые уроки по географии
русский язык