Ұстаздар сайты u-s.kz Сайттың атауы www.u-s.kz
» » Өзін-өзі тану бақыты


Өзін-өзі тану бақыты
«Өзін-өзі тану бақыты»
ХХІ ғасыр адамзат баласының ой-өрісінің ерекше өсіп, өркендеп жетілген ғасыры болып отыр. Үйіңізде компьютер болса, ол ғаламтор желісіне қосылса, бүгінде кез-келген мемлекеттегі танысымызбен ғаламтор арқылы хабарласа беретіндей жағдайға жеттік. Өзіңізге керекті мәліметті де ғаламтор арқылы жылдам тауып алып, керегіңізге жарата бересіз. Мұның өзі адамзат үшін үлкен жетістік болып табылады.
Алайда ғылым мен техниканың жаңа мүмкіндіктері бүкіл әлемді жаулаған бүгінгі ақпараттық заманда баланың жан-жақты дамуына арнайы зерттеулер жүргізген дәрігерлеріміз: «баланың ұзақ уақыт қозғалмай, компьютердің алдында отыруы, ой-өрісінің дамуын шектеп, оның мінез-құлқының өзгеруіне, логикалық ойлау қабілетінің бірте-бірте төмендеуіне әкеліп соғады» - деп дабыл қағуда. Шындығында да бүгінгі таңда бұл ғаламдық мәселе бүкіл әлем жұртышылғын алаңдатуда.
Бұл мәселеге мысал ретінде жуырда ғаламтор жаңалықтарынан оқыған мына бір оқиғаның мазмұнына тоқталсам деймін:
Әлемге әйгілі компания eBAY-дің техникалық директоры өз баласын бірде-бір компьютері жоқ мектепке беріпті. Сонымен қатар, Google, Apple, Yahoo, Hewlett-Packard қызметкерлері де солай істеген екен.
Себебі, Вальдорф мектебінің оқу үрдісінде қарапайым тақта, түрлі-түсті борлар, ағаш парта, дәптер, қарындаштар, тігін инелері, саз балшық тағы басқа сол сияқты қарапайым құралдарды қолданады екен. Мұнда бірде-бір компьютер де, бірде-бір экран да жоқ. Тіпті үйде де қолдануға да тыйым салынған екен.
Нәтижесінде Солтүстік Американың Вальдорф мектептерінің Ассоцияциясының өкілдерінің зерттеуі бойынша 1994-2004 жылғы түлектердің 94% жоғарғы оқу орындарына түскені анықталыпты.
Алайда бұл нәтижелерге қарамастан жаппай компьютерлендіру туралы қарама-қайшы көзқарастағы әртүрлі пікірлер туындап отыр.
Бүгінде барша әлемнің мектептері сыныптарын компьютерлермен қамтамасыз етуге ұмтылуда. Ал кей саясаткерлер бұлай істеу ақымақтық десе, бұған қарама-қайшы көзқарас жоғары технологиялық экономиканың эпицентрінде бастау алып отыр.
Педагогтар компьютерлер баланың шығармашылық ойлау қабілетін, қимыл-қозғалысын, адами қарым-қатынастарын және зейінін басады деп пайымдауда. Ал ата-аналары болса шынымен соңғы технологиялармен таныстыру уақыты келгенде, балалары бар мүмкіндіктерді өз үйлерінде табатынын айтады.
Компьютерлерді жақтаушылар: «Компьютерлік білім қазіргі заман талабына дайын болу үшін керек десе» , компьютерлер қажет емес деушілер: «Оны үйрену өте оңай, асығудың қажеті не?» - деп таңғалуда.
Бұл мәселе төңірегінде балалардың өздері де көбінесе наразылық тудыруда. Олардың айтуынша, компьютерде балалардың өздері де кей уақытта кино көріп, ойындар ойнайды екен. Алайда, өз ата-аналары немесе туған-туысқандарының әртүрлі құрылғылардан шыға алмай отырғандарын көргенде көңілдерінің бұзылатынын айтады. Мысалы, 11 жастағы АҚШ тұрғыны Орау Камкар, жуық арада өздерінің бөлелерінің үйіне қонаққа барып, гаджеттерімен ойнап, оған да бір-біріне де мүлдем көңіл бөлмей отырған 5 адамның арасында қалғанын айтып берген.Тіпті әрқайсысының жанына барып «Әй, балалар, мен мындамын!» -деп жұлқылауға тура келгендігін айтып налыған.
Расында да мұндай жағдайлар қазіргі күні әрбір отбасында орын алуда. Адамдардың компьютер, теледидар мен ұялы телефоннан бас алмай, отбасында бір-бірімен тілдесіп, көңіл күйлерін сұраудан да қалып бара жатқандығы әрқайсымызды алаңдату керек.
Бұл ретте осындай әлемді шарпыған «қатерлі дерттен» сақтанудың жолдарын алдын ала қарастырып, ұлт болашағына алаңдаған Сара Алпысқызының еңбегіне мың алғыс айтуымыз керек. Себебі, қоғам мектептер қазіргі заман талабына сай құрылғылармен жабдықталып, оқушылар да заман көшінен қалмасын деп талап қойса, Сара Алпысқызы болашақ ұрпақтың шығармашылық дамуын ойлап, оқушылар алдымен өздерін жан-жақты танып, білсін деп «Өзін-өзі тану» пәнін енгізді.
Бірде-бір рет өзін-өзі тану пәнінің оқулығын ашпаған адам «бұл пәннің керегі жоқ»,- деп айтуы мүмкін. Дегенмен де, шынымен оқушыны жан -жақты дамытуға арналған жаттығу-ойындардың түр-түрі, сахналау, мәтін оқу, қарапайым өмір тақырыптарын талқылау сияқты тақырыптарды қамтыған бұл пәннің маңыздылғын оқушылардың пәнге деген ерекше қызығушылықтарынан-ақ байқауға болады.
Әрине, өткен ғасырмен салыстырғанда, қазіргі қазақ мектептерінде баланың жан-жақты дамуына бар мүмкіндік жасалғаны анық. Заман талабына сай жан-жақты білім алып, дамуына ерекше қамқорлық көрсетілуде. Өз басым ана ретінде баланың компьютерді тануына 1-сыныптан кірісуіне келісемін, бірақ қазіргі заманда ата-аналарымыз балаларының бетін қақпай ешкімнен кем болмасын деп, ешнәрсеге мән берместен сұрағанын әперіп, оқушылардың арасында өзара бақталастықты да тудыруда. Тіпті, жаңа тәй-тәй басқан балаға 100 мың теңгелік планшет беріп қойып, «тыныш бұрышта отырса деуін», «Мен баламнан ештеңе аямаймын, ешкімнен кем болмасын» деп сылтау айтатынын қайтерсің?! Міне, бұл бүгінгі таңдағы бала тәрбиесіндегі ата-ананы толғандыратын басты мәселе болуы тиіс деп ойлаймын. Ата-ананың міндеті ең біріншіден, баласын тек материалдық тұрғыдан ғана қамтамасыз етіп қоймай, адамгершілік тұрғыдан тәрбие беріп, саналы азамат болып қалыптасуына көңіл бөлу екенін жете түсінсе, ұлт болашағына ешбір қауіп төнбейтініне сенімім мол. Қай заманда да қоғамның қарқынды дамуы көбінесе оның білімімен және мәдениетімен анықталады. Сондықтан әрқайсымыз ақпараттық мәдениеті сауатты адам болумен қатар, рухани адамгершілік тұрғыдан жетілген тұлға болуға ұмтылуымыз керек
Соңғы жарияланған материалдар тізімі
Физика сабағында жаңа технологияларды қолдану-білім құзіреттілігіне жету.
Оқырмандық қызығушылықты қалыптастыру
Рухани-өнегелі тәрбие
Экономикалық білім беруде жаңа технологияның тиімділігі
«Отбасы-тәрбие бастауы»
«Балабақшада ақпараттық –коммуникациялық технологиялық ортаны құру»
ЖЕКЕ ТҰЛҒАНЫҢ АДАМГЕРШІЛІК-РУХАНИ ҚАСИЕТТЕРНІҢ ДАМУЫНА ЫҚПАЛ ЕТЕТІН ІЗГІЛІКТІ БІЛІМ БЕРУ ОРТАСЫН ҚҰРУ
Тарих сабағында оқушылардың танымдық іс-әрекетін, құзыреттілігін қалыптастыруда АКТ-ны пайдалану
Рухани адамгершілікке тәрбиелеу – басты мақсат
Балабақшада сын тұрғысынан ойлау технологиясының әдістерін қолдану тәсілі
Бөлім: Статьи | Көрсетілім: 2196 | Қосты: NA | Ілмек сөздер:
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Бөлімдер
Ұстаздарға
Ата-аналарға
Біздің мектеп
Баяндама
Эссе
Оқушыларға
Конкурс ең үздік шығарма
Ең үздік шығарма конкурсына арналған. Шығармаларды осы жерде жазамыз