Ұстаздар сайты u-s.kz Сайттың атауы www.u-s.kz
» » Бала психологиясы


Бала психологиясы
Мектеп және оқушылардың психикалық денсаулығы.
Жас өспірімдердің денсаулығының қорғаудың бастапқы бағыты-баланың психикалық денсаулығын қорғау. Себебі, психикалық денсаулық – бұл кең мағынада айтқанда денсаулықтың негізгі элементі. Дүниежүзілік денсаулық ұйымы «денсаулық» деген сөзді былай талқылайды: «әлеуметтік, рухани және толық ағзанын саулығы».
Психикалық денсаулыққа үш анықтама беріледі: біріншісі- психологиялық ауруларының жоқтығы; екіншіден – адамның өзінің әр түрлі стрестік қиындықтарға төзімділігі; үшіншіден – адамның қоршаған ортамен үйлесімі және тепеңділігі. Оқушылардың алдына, мектептегі қойылатын талаптары және ұстаздармен жолдастарының арасындағы қарым - қатынасының негізгі функциясы болып, психикалық денсаулық саналады.
Психикалық дені сау оқушының белгілері:
1) аурулардың жоқтығы;
2)ағзаның дұрыс дамуы;
3) орталық жүйке жүйесінің дұрыс дамуы.
Нақты психикалық аурулармен ауыратын балалар жалпы орта мектептерінде кездеспейді,ондайлартек қана арнайы емдеу орындарында,немесе арнайы мектептерде оқытылады. Мектептерде көбінесе неврозды және неврозға жақын оқушылар кездеседі, бірақ бұндай жағдай балалармен жасөспірімдерге олардың әлеуметтік тіршілігіне кедергі болмайды. Дұрыс даму деп – гармониялық және жасына сай психикалық дамуын айтады. Әр жастың ерекшелігіне өзіндік дамуының ерекшеліктері бар. Психикалық денсаулыққа жағымды қөңіл күй де жатады. Жағымды көңіл күй – бұл өмірдегі кездей соқ кездесетін факторларға төзімділік дейміз. Психикалық денсаулық дегенде – ең бастысы жағымды көңіл күй есепке алыну керек. Дүниежүзілік денсаулық үйымынің басты назарында оқушылардың денсаулығы турады. Статистика бойынша психикалық қиындықтар көбінесе мектепте оқу кезінде басталады.
-Жалпы невроздар неден туады? Олар:
1. Оқу процессінің көптігінен шаршау;
2. Мұғалімнің оқушыға деген жағымсыз қарым – қатынасы;
3. Балалар ұжымының қабылдамауы;
4. Мектептің аусуы.
Оқу процессінің көптігінен шаршауы бірінші орында, өйткені оқу процесс кезінде қиындығы және шамадан тыс болуы мүмкін. Оқушының өз құрдастарымен бірге оқу материалды қабылдауда, интеллектуалды ерекшелікетері төмен болып табылады.
Осындай жағдайларда мұғалімдердің ең басты мақсаты – оқушылардың арасындағы жағымсыз қарым – қатынасты болдырмау. Оқушылардың арасындағы бір-бірін төмендетуі және мазақтауды болдырмау. Қарап отырсақ бұңдай мәселе біздің өміріміздеде кездесіп жатады.
Мектептің аусуы. Ең соңғы невроздың мәселесі сирек кездескенімен, неврозды ауруының тууына бастапқы себеп болып табылады. Ұйреніп қалған сыныптастарынан айрылу, жаңа ұстаздарға және мектепке үйренуі, оқушыға қиын әсер тигізеді.
Сол себепті,мынадай шешімге келуге болады: педагогикалық кемшіліктер, эмоцианалды және психикалық жағымсыз климаты –мектептегі оқушының психикалық денсаулығына зақым келтіреді.
Соңғы жарияланған материалдар тізімі
Дарынды балалармен жұмыс бағыттары.
Салауатты өмір салтын қалыптастыру негіздері
Салауатты болсаң, сау боларсың.
Дені саудың – жаны сау.
Дене қасиеттерін дамыту Сағ. саны уақыты
Бала денсаулығын нығайту – өзекті мәселе
Күйзелісті қалай жеңуге болады?
Дерт жинаған деректер
Бала денсаулығын нығайту – өзекті мәселе
БАСТАУЫШ МЕКТЕП МҰҒАЛІМІНІҢ ПРОФЕССИОГРАММАСЫ ЖӘНЕ ИМИДЖ ҚАЛЫПТАСТЫРУ ТЕХНОЛОГИЯЛАРЫ
Бөлім: Статьи / Баяндама | Көрсетілім: 2711 | Қосты: NA | Ілмек сөздер:
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Бөлімдер
Ұстаздарға
Ата-аналарға
Біздің мектеп
Баяндама
Эссе
Оқушыларға
Конкурс ең үздік шығарма
Ең үздік шығарма конкурсына арналған. Шығармаларды осы жерде жазамыз