Ұстаздар сайты u-s.kz Сайттың атауы www.u-s.kz
» » Күйзелісті қалай жеңуге болады?


Күйзелісті қалай жеңуге болады?

Күйзелісті қалай жеңуге болады?

Қазіргі заманда жиі қолданатын, сәнді сөз-күйзеліс.

Күйзеліс – бұл адам ағзасының физикалық және психикалық тұрғыдан күштену қалпы.

   Біз оны әруақытта сезінеміз – сыныпта өзімізді тұрып таныстырарда, асқазанның ішінде қуыс бардай сезім болады, емтихан уақытында шексіз ашулану, ұйқысыздық. Болмашы стрестің өзі шарасыздыққа алып келеді. Күйзеліс- адам тіршілігінің ажырамас бөлігі. Дей тұрғанмен күйзелістің өте қауіпті жағдайларын ажырата білу керек.

       Әдебиеттерде күйзелістің туындауының себептерін көптеп жазады. Бұл күнәні сезіну,құндылықтарды жоғалту, оқуды жеккөру және т.б.

Оқушылар арасында кездесетін  күйзеліс  факторының бірі оқушылардың мектепке баруды ұнатпауы. Не істеу керек? Одан құтылудың тәсілі өмір стиліңізді және өзіңізді өзгертіңіз!

       Уолтер Расселдің сөзін келтіргім келіп отыр: «Егер жек көрген нәрсеңмен айналыссаң, жек көруден ағзаны жоятын токсиндер бөліне бастайды, соның нәтижесінде қажып, шаршап және жалығасыз не ауырасыз. Сіз не істесеңіз де сүйсініп жасаңыз. Болмаса сүйсініп жасайтынды ғана істеңіз». Осылайша шығыстың ерте даналығы айтқандай барлығын сізге белгілі тәсілмен сүйсініп жасаңыз. Сабаққа, оқуға деген махаббат дене мен рухани күш беріп, қажу мен жалығудан құтқарады. Өзіңіздің дене және психикалық саулығыңызға назар аударыңыз. Күйзелістің физиологиялық белгілері: ұйықтай алмау, бас ауру, жүрек дүрсілдеу, арқаның, асқазанның, жүректің ауруы, асқазанның қорытпауы, спазмалар. Күйзелістің психологиялық белгілері ұмытшақтық, есте сақтау қиындықтары, қобалжу, шектен тыс уайымшылдық, себепсіз қорқыныштар, ашуланшақтық болып табылады. Бұл өзіне деген сенімділігін жоғалтып, түрлі ауруларды, психикалық шаршауларды туындатады және дәріге бағынышты етеді.

Күйзелісті болдырмау үшін не істеу қажет?

       Біріншіден: стресс кезінде ағзадағы витаминдер қоры  әсіресе В тобы тез таусылады. Көптеген дәрігерлер күнде витамин ішуге кеңес береді, дегенмен де артық ішіп қоймаңыз. Барлығы орнымен болғаны жөн.

       Екіншіден: дене жаттығулары өте пайдалы. Спорт залына барыңыз, жаттығу жасаңыз, билеңіз, ән айтыңыз, қалада серуендеңіз, бассейнге, моншаға барыңыз.

       Үшіншіден: психикалық және дене релаксациясы қажет. Келесі тәсілдерді көріңіз: босаңсытатын музыка таңдаңыз, түнгі аспанға бұлтқа қараңыз және армандаңыз.

       Төртіншіден: үйлесімді өмір үшін жанұяның, достардың қолдауы қажет. Психологиялық тренингтерге барыңыз, жанұя салтанаттарынан қалмаңыз, жаңа қызықты адамдармен танысыңыз. Ата-аналарыңызға, ата-әжелеріңізге, баурларыңызға көңіл бөліңіздер, өйткені олар сіздің махаббатыңызды, қамқорлығыңызды, мейіріміңізді өте қажет етеді емес пе?

Жеткіншектерде кездесетін күйзелістер.

Туған-туыстармен туыстық қарым-қатынасты үзу, өнімді жұмысқа деген бейжайлық, сылбырлық көрсету, өмірден түңілу, жанұяның, қоғамның, діни топтардың құндылықтарына жағымсыз көзқараспен қарау, сияқты әрекеттердің патологиялық қалыптасуы  суицидтік әрекет пен дағдарыстық ахуалдардың пайда болуын шарттастыратын детерминациялаушы фактор негізінен, жеткіншектер қай жағынан болсын әлсіз сипатта болады, олардың бойында әлеуметтік маргинализм байқалады. Өйткені олар әлі де болса, есейіп үлгерген жоқ, жасөспірімдер немесе жеткіншектер көп жағдайды терең жағымды түсіне алмай, күйзеліске ұшырайды. Олардың бойында ұялшақтық пен агрессиялы мінез-құлық, жастық максимализм, шектен тыс мазасыздану, шамасы келмесе де «өзім білеміндікке» ұмтылу сияқты әрекеттер тән болады.

     Жалпы, жасөспірімнің күйзеліске душар болып жүргенін мынандай  әрекеттерден де анық аңғаруға болады:

 1.Баланың мінез-құлқы өзгереді, тұйық бола бастайды, әңгімеден қашады, өте енжар, селқостық байқалады.

 2. Мектепке бармаудың барлық амал-шарасын ойлап табады: «басым, ішім ауырып тұр, құсқым келеді» деген сияқты сылтауларды көбейеді.

3. Мектепте болған жағдайлардан бас тартады, сабаққа барғысы келмей, әдейі ұйықтап қалады.

 4. Әдеттегіден гөрі ақшаны жиі сұрай бастайды, сылтауы көбейеді, тіпті ата-анасының қалтасына түседі. Демек, ол қаржыны мектепте «мазасын алып жатқандарға» тасиды.

 5. Кейбіреулері тіпті тұйықталып кетеді, ешкіммен сөйлеспейді, ал екіншілері өте ашуланшақ бола бастайды.

6. Оқу үлгерімі нашарлайды, зейінсіз болады.

 Сонымен бірге егер бала зорлық-зомбылық көрсе, оны келесі жанама белгілерден де байқауға болады:

1. ұйқысы бұзылады;

 2. ата-анамен, мұғалімдермен, құрбыларымен ерегесу әрекеттері мен агрессия байқалады;

 3. апатия, күйзеліс:

 4. достарын жиі ауыстырады;

     А.Е.Личконың пiкiрiнше, күйзелістік әрекеттерге мынандай факторлар жетелейді: 1) сүйікті адамнан айырылу; 2) жалықтыру күйі; 3) өзінің адамгершілік құндылығын кеміту сезімі; 4) есірткі, гипногендік психотропты дәрілер және ішімдікке салыну нәтижесiнде тұлғаның қорғаныш  тетіктерінің күйзелуі; 5) өз-өзіне қол жұмсаған адаммен өзін теңеу; 6) түрлі себептерден  қайғыру мен орынсыз ызалану, күйзелу, қорқыныш сезімдері және т.б       Дж. Райкустың көзқарасы бойынша, көптеген жасөспiрiмдер күшті эмоционалды сезімдерді сынауға мүмкiндiк беретiн айналасушылыққа тартады. Олар өздерінің тәжирібеснің жоқтығынан, оған қоса өз күшін және дағдарыстық ахуалды жағымсыз қабылдау және өмірге қауіпті және ауыр зардаптардан пайда болатын қатерге бейімділігінен интенсивті эмоцияларын тежеуге немесе бақылауға сирек икемі болады Көптеген жасөспірімдерде өзіндік бағалаудың дамуы тұрақты немесе жағдайлық үрейлікпен қосарланады. Жасөспiрiмдердің өзідік бағалауының дұрыс дамуы барысында тұрақтылыққа, бағалау мен талаптардың дұрыстығына зарығады. Өз-өзін бағалау әлеуметтiк-психологиялық адаптация және тұлғаның дезбейімделушілік үрдісімен тікелей байланысқан, өйткенi көзделген бейімделудің шарты әлемнiң нақты түрi және мен кейіпі теңдестірілетін қызметтік динамикалық бiрлiк болып табылады. Бұл дегеніміз, жасөспірім топтың талаптарына өз күштерiн мөлшерлеуге және өздігінен  нақты мақсаттар және міндеттерді өз алдына қоюға мүмкiндiк бередi. Өзін-өзі бағалау жасөспiрiмнiң әлеуметтiк табылады бейiмделуiн едәуiр дәрежеде анықтайды, мiнез-құлық және қызметтiң реттеуi болып табылады.                                                                                                                                                  

     5-ші сынып оқушыларының жаңа буынға бейімделулерін, қалыптасу деңгейін анықтап, оқушылардың жаңа буынға тез бейімделіп кетуіне жағдай жасалып, көмек көрсетілді. «Қорқынышты өзің жең» атты тренинг өткізілді. “Кел, танысайық!”, “Бесінші сынып дегеніміз не?”, “Біз және біздің дағдымыз”, “Біз және біздің кемшіліктеріміз бен жетістіктеріміз”, “Біз және біздің сынып” атты тренингтер, сауалнамалар жүргізілді.  Зерттеудің қорытындысы бойынша оқушылардың жаңа сыныптарға,әр түрлі сабақ беретін мұғалімдерге  бейімделу деңгейлері, қалыпты  деңгейді көрсетті.

     Арт -терапия- бұл емдеу ғана емес, сонымен креативтің дамуы, тұлғаның дамуы мен үйлесімділігі, кез-келген жағдайды шешуге көмек.

 Арт-терапия бейнелік өнер арқылы жанның дамуы мен емдеудің табиғи және қолайлы әдісі. Арт-терапия терминин ғылымға 1938 жылы Адриан Хилл енгізді. Арт-терапия ағылшын тілінен аударғанда шығармашылық терапия деген ұғымды білдіреді.

 Арт-терапия шектеусіз және психотерапияның барлық бағыттарында, педагогикада, әлеуметтік жұмыста т.б. қолданылады.Әр адам өзін, өз сезімін және өзінің жағдайын әуен, дыбыс, қимыл және сурет арқылы көрсете алады. Кейбір адамдар үшін бұл- әлемге өзі туралы өзінің шығармашыл адам екенін танытудың жалғыз ғана әдісі болып табылады. Қажет ететіндерге мұндай мүмкіндікті беру- арттерапияның ерекшелігі.


Соңғы жарияланған материалдар тізімі
Бала психологиясы
Стресс және оны жеңу тәсілдері
Салауатты өмір салтын қалыптастыру негіздері
Білім берудегі Кембридж тәсілі арқылы сабақ кезінде оқушылардың өзін –өзі бағалау
Үлгерімі төмен оқушылармен жұмыс
Күйзелістен айығу жолы
Дерт жинаған деректер
Күйзеліс жағдайында психологиялық көмек көрсету түрлері
Жақсы көңіл-күй – жан азығы
Мектептегі әлеметтік педагогтың қызметін ұйымдастыру және іс-қағаздары
Бөлім: Уроки / Ашық сабақтар | Көрсетілім: 10007 | Қосты: NA | Ілмек сөздер:
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Бөлімдер
История
открытые уроки по истории
Педагогика
открытые уроки по педагогике
Биология
открытые уроки по биологии
Информатика
открытые уроки по информатике
Математика
открытые уроки по математике
Физика
открытые уроки по физике
Химия
открытые уроки по химии
Разное
открытые уроки
География
Открытые уроки по географии
русский язык