Ұстаздар сайты u-s.kz Сайттың атауы www.u-s.kz
» » Құқықтық тәрбие


Құқықтық тәрбие

Құрметті ата-аналар, қонақтар, ұстаздар!
Бүгінгі жалпы ата-аналар жиналысына қош келдіңіздер!
Бүгінгі жиынға келген адамдарды – бала тәрбиесіне нағыз жанашыр адамдар деп ойлаймын. Өйткені бүгінгі жиналысымызда бала тәрбиесіндегі өзекті мәселелердің бірі талқыланатын болады . Бала - біздің болашағымыз,балаға жақсы тәрбие беру, дамуына мүмкіндік беру, оларға қуаныш сыйлау және толық
құқылы еркін тұлға етіп жетілдіру біздің міндетіміз.Ұрпақ тәрбиесіндегі басты мақсат-жан-жақты дамыған тұлғаны тәрбиелеу. Тұлғаның өз өміріндегі орнын, атқаратын міндетін, қазіргі және болашақ ұрпақ алдындағы жауапкершілігін, дүниесінің күрделі құрылымын түсіну және өзін-өзі тану арқылы дара тұлға ретінде де,қоғамның толыққанды мүшесі ретінде де бірқалыпты қалыптастыруға баулу. Қазіргі қоғамдағы ең маңызды мәселерінің бірі – бұл жасөспірімдердің арасындағы құқықбұзушылық пен қылмыстың көбеюі. Осындай жағдайлардың алдын алу үшін балаларымыздың бойында дұрыс құқықтық тәрбие мен құқықтық білім беруіміз керек
Осыдан «Құқықтық тәрбие дегеніміз не?» деген сұрақ тұындайды. Құқықтық тәрбие дегеніміз – -құқықтық білім беру дегенді білдіреді. Яғни адамның құқықтық санасын қалыптастыру мақсатында орындалатын құқықтық тәрбиенің негізгі ықпал етуші әдісі.Нақты айтсақ, құқықтық білім беру арқылы жасөспірім құқықты ұғынады және оның санасы қалыптасып, дамиды.Құқықты ұғынумен қоса, тұлғаны заңды құрметтеуге, қорғауға, орындауға дағдыландыру мен заңның әділдігіне сендіру- құқықтық сананың негізгі белгілері.Аталған белгілер оқушыларды құқықтық тәрбиелеу негізінде отбасынан және мектеп табалдырығынан бастап жүзеге асады Есейген адамға қарағанда санасы мен мінез-құлқы жаңадан қалыптаса бастаған жасөспірім- тәрбиенің қолайлы обьектісі болып табылады
Құқықтық тәрбие беру арқылы жастарды өз құқықтарын пайдаланып, азаматтық міндеттерін орындай отырып қоғамда өмір сүруге, заңдар мен ережелерді тәжірибеде белсенді қолдана білуге үйретуге болады
Құқықтық тәрбие берудің негізгі мақсаты – оқушыларда құқықтық мәдениет пен құқықтық әрекет-қылық қалыптастырып, оларды құқықтық заңдылық талаптарын түсінуге әрі мойындауға баулу.
Құқық пен тәрбиенің өзара байланысты әрекеті негізінен жанама түрде тәрбиеге араласқан ата-аналар мен ұстаздар арқылы іске асырылады.. Шын мәнінде құқықтық тәрбие негізі отбасынан басталады.
Отбасы – адам үшін ең жақын әлеуметтік орта. Отбасы белгілі дәстүрлердің, жағымды өнегелердің, мұралар мен салт-дәстүрлердің сақтаулысы. Отбасында бала алғаш рет өмірмен, коршаған ортамен танысып, мінез-құлық нормаларын игереді. Отбасы баланың, азамат болып өсуінің негізі болып табылады.Ата-ана және отбасы мүшелері жас нәресте дүниеге келген күннен бастап, оның өміріне қамқорлық жасап, болашағын жоспарлайды және саналы азамат болып өсуі үшін қажет жағдай жасайды. Бұған баланың қажеттілігі толық қанағаттандыру, оны дене және ой-еңбегіне үйрету, күн тәртібін дұрыс реттеуге, салауатты өмір сүруге, адал болуға тәрбиелеу, жақсылықты үйренуге, жамандықтан жиренуге үйрету, бойында жастайынан мәдени құндылықтар мен адамгершілік қасиеттерді қалыптастыру жатады.
Ата-аналар өздерінің арасында тұлға аралық қатынастары мен жалпы психологиялық-педагогикалық мәдениетін дамыта отырып, өзін-өзі жетілдіре отырып, балаларды тәрбиелеуге идеалды атмосфераны құрайды. Балалардың ақыл-ойының дамуы, болашақтағы тұлғалық қатынасының дамуы, қоғамда жетістіктерге қол жеткізуі- отбасына байланысты.
Тәуелсіз мемлекет ретінде елімізде көптеген өзгерістер болуда. Елдің ертеңі-жасөспірімдерге ғасырға лайықты тәрбие беру басты міндет болмақ. Елімізде құқықтық тәрбие беру барысы өз денгейінде жүргізілсе соғұрлым жастарымыз мемлекетіміздің көркеюіне, дамуына үлес қоса алатын болады. Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың «Қазақстан-2050»
стратегиясы – қалыптасқан мемлекеттің саяси бағыты» жолдауы –еліміздің дамуына соны серпін беретін жаңару стратегиясы. Жаңа кезеңдегі ел саясатының маңызды бағытының бірі – жас ұрпаққа заманына сай білім мен тәрбие беру мәселесі. Сондықтан да Ұлт көшбасшысы «Бала тәрбиелеу –болашаққа ең үлкен міндет, балаларымызға жақсы білім мен саналы тәрбие беруге ұмтылуымыз керек» деп атап көрсетті.
Осыдан тұындайтын қорытынды ой- құрметті ата-аналар, сіздердің балаларыңыз- яғни біздің шәкірттеріміз саналы ,тәрбиелі, білімді және құқықтық сауатты болып өсуі- еліміздің кемел болашағының іргетасы.


Соңғы жарияланған материалдар тізімі
Өнегелі отбасынан үлгілі ұрпақ өседі
"Азаматтық құқықтық қатынастарға қатысушылар. Шарттың түрлері"
"Азаматтық құқықтық қатынасқа қатысушылар"
Құқықтық мемлекет
Жасөспірім және заң дөңгелек үстел
Тәуелсіз Қазақстанның Ата Заңы
Ата-ана және бала құқығы
Тәрбие басы отбасы
Мектептегі әлеметтік педагогтың қызметін ұйымдастыру және іс-қағаздары
Құқықтың қоғам өміріндегі рөлі
Бөлім: Статьи / Ата-аналарға | Көрсетілім: 8408 | Қосты: NA | Ілмек сөздер:
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Бөлімдер
Ұстаздарға
Ата-аналарға
Біздің мектеп
Баяндама
Эссе
Оқушыларға
Конкурс ең үздік шығарма
Ең үздік шығарма конкурсына арналған. Шығармаларды осы жерде жазамыз