Соңғы жарияланған материалдар тізімі
Бөлім: Уроки / Ашық сабақтар |
Көрсетілім: 16830 |
|
|
|
Ата-ана және бала құқығы
Ата-ана және бала құқығы
Мақсаты:
1. Білімділік: Тақырыптың мазмұнына байланысты білім беру арқылы оқушылардың, ата-аналардың азаматтық жауаптылығын, қоғам алдындағы міндеттерін түсіндіру. Ата-аналарды балалардың құқықтарымен таныстыру және бала алдындағы міндеттерін айтып кету, бала мен ата-ана арасындағы түсінісушілікті, сыйластықты нығайту.
2. Дамытушылық: Оқушылардың терең ойлау, өз ойларын ашық және толық жеткізе білу, пікір таластыру қабілеттерін дамыту.
3. Тәрбиелік: Эстетикалық, адамгершілік, азаматтық, құқықтық тәрбие беру.
Сабақтың түрі: пікір алмасу, әңгіме
Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап, ой бөлісу.
Көрнекіліктер: презентация, нақыл сөздер.
Мұғалім: — Құрметті ата-аналар, қонақтар! Бүгінгі «Ата-ана және бала құқығы » атты сынып сағатына қош келіпсіздер! Сіздермен бас қосып, пікір алысудағы мақсатымыз отбасындағы бала тәрбиесін дұрыс жолға қою, білімге деген ынтасын арттыру. Сонымен қатар ата-аналардың бала тәрбиесіндегі шешуі табылмай жүрген мәселелер болса, ойымызды ортаға салайық деп отырмыз.
Мұғалім: Халқымызда «Досы көпті жау алмайды, ақылы көпті дау алмайды» деген тамаша мақал бар. Ақылды болу айналаңдағы адамдарды сыйлай, қадірлей білу деген сөз.Құқықтық тілмен айтқанда бұл- заңды білу, яғни заңды білген адам өзгелерге құрметпен қарайды. Заңды білмегендіктен заңсыз істер істеп, зардап шегіп, өзін қорғай алмай жүргендерді көптеп кездестіреміз.
І бөлім. «Мен заңды қаншалықты жақсы білемін»?
Қоғам деген не?
(Саналы адамдардың бір мүддені, бір мақсатты орындау үшін саналы түрде бірігуі)
Құқық деген не?
(Мемлекет шығарған немесе бекіткен тәртіп ережелерінің жиынтығы)
Қазақстан азаматы болуды қалай түсінесіз?
(Мемлекетте тұрақты түрде тұратын азамат заң бойынша Қазақстан мемлекетінің азаматы бола алады)
Құқықтық мәдениет деген не?
(Қоғамдағы әрекет етуші заң негіздерін білу оған құрметпен қарау, содан үлгі алу, бұл құқықтық сана және құқықтық мінез — құлық)
Деклорация деген не?
(Деклорация – хабарлау. Мемлекеттік саясаттың, правоның, халықаралық қарым – қатынастың принциптерін саналы түрде салтанатты түрде жариялайтын документ)
Құқықтық норма дегеніміз не?
(Қоғамдық қатынастарды реттеуде қолданатын әлеуметтік ережелердің бірі. Құқықтық нормаларға неғұрлым әдептік нормалар арқау болса, соғұрлым заңдардың әділеттік, адамгершілік мәні жоғары болады)
II бөлім
«Менің құқығым және міндетім»
1. Мектеп оқушысы мектепке барудан бас тарта ала ма? Қаламасам оқымаймын. Бұл менің құқығым. Жоқ, олай емес, өйткені мемлекеттің заңында адамның құқығымен қатар міндеті де көрсетілген. Орта білім алу баршаға міндетті және тегін, ал техникалық және кәсіптік білім – көпшіліктің қолы жетерліктей болу керек. Мектепте оқу тек қана құқық емес, сондай-ақ міндет )
2. Отбасы – қоғамның бастапқы ұясы. Баланы тәрбиелеу – ата-ананың құқығы ғана емес сонымен қоса олардың міндеті дейміз, неге?
(Қазақстан Республикасының заңына бойынша орта білім алуға балалар міндетті болса, оларға оқу үшін жағдай жасап, қамқорлық көрсету – ата-аналардың міндеті. Яғни, ер жеткенше киіндіру, асырау, оқыту, бәрін де білуге баулу, өмірге керек болатын нәрсенің бәріне тәрбиелеуге аса көңіл бөлу – ата-ананың міндеті)
3. «Кәмелетке толған, еңбекке қабілетті балалар еңбекке жарамсыз ата-анасына қамқорлық жасауға міндетті» (Конститутцияның 27 бабы) дейді, қалай түсіндіресің?
(Баланың адамгершілік парызы – қартайған әке-шешесіне қамқорлық жасау. Адамның ата-анадан басқа жақын ешкімі жоқ. Бала ата-анасына көмек көрсетуге, ілтипат танытуға, адамгершілік, материалдық қолдау жасауға тиіс, оларды асырауға міндетті)
4. Оқушы ретінде қандай міндеттерді білуге тиіссің?
(Мен оқушы болғандықтан өзім оқитын мектебімнің ережесін қатаң сақтай білуім керек, яғни, білім нәрін өз бойыма сіңіре білу, мектеп, сынып жұмысына белсене араласу, тәртіпті, қарапайым және кішіпейіл болу, халқымыздың мемлекеттік рәміздерін көздің қарашығындай сақтап сүю, қастерлеуге тиістімін.)
• ІІІ бөлім. Әр бір бала дара тұлға. Бала тәрбиесінде ата -ана балаға үлгі болуы керек. Енді сіздермен «Қызықты сұрақтар» айдары бойынша сергіту сәтін жасап көрейік.Сіз балаңыз туралы қаншалықты білесіз? Ол үшін мына сұрақтарға жауап беріп көрейік:
1. Балаңыздың туылған күні?
2. Сынып жетекшісінің толық аты жөні?
3. Балаңыздың аяғының өлшемі?
4. Балаңыздың парталасы кім?
5. Балаңыздың сүйікті асы қандай?
6. Балаңыз қандай түсті жақсы көреді?
7. Балаңыз бірінші сыныпқа қай жылы барды?
8. Балаңызды еркелеткенде қандай сөздер пайдаланасыз?
9. Балаңызға ашуланғанда аузыңызға ең алдымен қандай сөз түседі?
10. Блаңыздың ең жақын досы кім
Ү бөлім. «Қылмыскер бала қайдан шығады»?
Бүгінгі күні қоғамды алаңдатып отырған жағдайлардың бірі ол - мектеп жасындағы балалардың қылмыс жасауы. Келесі бөлім балалардың жасаған қылмысы туралы болмақ.
- Құқық бұзушылықтың себебі неде деп ойлайсыздар? ( Ата- ана мен оқушылардың жауаптары тыңдалады. )
Бөлімді қорытындылау.
Құқық бұзушылық істейтін жұмыстың жоқтығынан , Абай атамызша айытқанда «көйлегі көктік, тамағы тоқтық , аздырар адам баласын». Тәртіпсіз ел болмайды, тәртіпке бас иген - құл болмайды» деген Б. Момышұлының сөзін естен шығармайық.
Ата- аналарға екі сурет көрсетіледі:
Біріншісі тіп- тік әдемі талдың суреті.
Екіншісі – қисық, қалай болса солай өскен талдың суреті.
Мұғалім: осы суретке қарап отырып, бала тәрбиесі туралы не айтуға болады?
( Сурет жайлы ата-ана ойы тыңдалады.) Бұдан соң бірінші сурет тәрбиесі дұрыс бала екендігін, екінші сурет тәрбиесі дұрыс болмаған бала жайында екендігі айтылады. Бала тәрбиесі жас өскін тал сияқты жас күнінен басталатынына ата-ананың назарын аудару керек. (Ы.Алтынсариннің «Бақша ағаштары» әңгімесін айтқызу)
Бөлімге қорытынды:
«Отбасы – барлығының басы, жан-жақты негізі болатын тәрбие институты. Ата- анамен баланың қарым- қатынасы нәтижесінде адамгершілік, эстетикалық, дене тәрбиесінің алғашқы үлгісі қалыптасады. Ал әке мен шеше, ата мен әже, апа мен ағалар баланың алғашқы тәрбиешілері»- деп В.А. Сухомолинский айтқандай , алғашқы тәрбиешілердің алғашқы тәрбиесі ерте бастан яғни бесіктен басталуы тиіс. Яғни, екінші сурет бала тәрбиесінің о бастан дұрыс басталмағанын көрсетіп тұр.
«Сергіту сәті»
«Тәртіп орнат»
1. Құқық -----------------------------------------А – Еліміздің негізгі заңы.
2. Конституция ---------------------------------Б – Мемлекет басшысы
3. Мемлекет ------------------------------------В – Негізгі саяси қоғамдық ұйым
4. Азамат -----------------------------------------Г – Тәуелсіздік
5. Құқық бұзушылық -------------------------Д – Заңдар жүйесі
6. Президент ------------------------------------Е – Заң шығарушы орган
7. Парламент ------------------------------------Ж – Заң жүйесін бұзу
8. Егемендік --------------------------------------З – Құқығы бар ел тұрғыны
1-Д, 2-А, 3-В, 4-З, 5-Ж, 6-Б, 7-Е, 8-Г
ҮІ бөлім.
Тақтаға тау бейнесі және таудың ортасынан жарып шығып келе жатқан жанартау бейнеленген сурет ілінеді. Жанартаудың төбесіне «Қылмыскер бала» деп жазылып, беті қағазбен жасырылып қойылады. Жүргізуші мына суреттегі тау ортасынан көтерілгелі тұрған жанартауға қараңыз, тау сіздең балаңыз болса, ал тауды жарып шыққалы тұрған жанартау балаңыздың қылмыскер болуы деп жасырулы тұрған сөзді ашады.
Мұғалім: Бала бір күнде қылмыскер болмайды. Жанартаудың атқылауына дейін қаншама процестер жүретіні сияқты бала қылмыскер болуы үшін де бірнеше жағдайлар әсер етеді. Оған ата- ананың баланы бақылауысыз жіберуі, баланың топқа кіруі, жақсы жолдастарының болмауы Мұның барлығын дер кезінде байқап, балаға көмекке ұмтылсақ, оны сақтап қалуға болады. ( Бұл бөлімде ата-анаға көп сөз беріледі.)
Мұғалім: Ж. Аймауытов: «Тәрбиеге әсер ететін нәрсе өскен орта, ата-ананың тәрбиесі. Соңғысы күшті болмаса, бара-бара адамды замандас, жолдастың азғырып, адам неше түрлі жаман мінезді жұқтыратыны белгілі»,- деген. Сол сияқты балаңыздың қылмыс жолына түспеуіне бірден- бір жауапты ата-ана , өздеріңізсіздер.
Дөңгелек үстел бала тәрбиесінде басты ролді ата-ана атқаратындығын, сондықтан олар әр уақытта мектеппен, ұстаздармен байланыс жасауы және достарының кім екенін біліп отыру керектігі айтылып, қорытындылынады.
Соңғы жарияланған материалдар тізімі
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Бөлімдер
История открытые уроки по истории |
Педагогика открытые уроки по педагогике |
Биология открытые уроки по биологии |
Информатика открытые уроки по информатике |
Математика открытые уроки по математике |
Физика открытые уроки по физике |
Химия открытые уроки по химии |
Разное открытые уроки |
География Открытые уроки по географии |
русский язык |