Ұстаздар сайты u-s.kz Сайттың атауы www.u-s.kz
» » Соғыс жайлы не білеміз? Шамалы..


Соғыс жайлы не білеміз? Шамалы..
Сатыбалдиева Аяулы Елюбаевна
Алматы қаласы Абай атындағы мамандандырылған өазаө тілі мен әдебиеті пәнін тереңдете оқытатын мектеп интернатының меңгерушісі
Тақырып: Соғыс жайлы не білеміз? Шамалы..
Қазақ халқының басына не келіп, не кетпеді. Талайғы жаугершілік заманнан ұлтарақтай жерін жауға бермей ұрпаққа аманаттап келген қазақ ел үшін, жер үшін жанқияр еді. Тарих толқынымен қолдан жасалған ашаршылық нәубеті келіп жарға тағы бір соқты. Есеңгіреген халықтың қайғысын аз көргендей Сталиннің сұрапыл саясаты қазақтың қаймағы Алаш арыстарын тілсіз жаудай жалмап кетті. «Мың өліп, мың тірілген» жаны сірі қазақ бұл апаттан да сабақ алды.
ҰОС басталып, ел басына күн туғанда кезде Кеңес Одағы атанған ортақ Отанды қорғауға Қазақстаннан 1 миллион 200 мың жауынгер жұмылдырылып, майданға аттандырылған екен. 350 мың қазақ азаматы елге оралмай, жат жерде жан қиған.
Қазақстан халқы Ассамблеясы Ғылыми-сараптама кеңесінің төрағасы Жақып Қалқаманның мына бір өлең жолдарында сол ақиқатты қабырғасы қайыса жырлайды:
Соғыс жайлы не білеміз? Шамалы.
Біз көрмеген, аға ұрпақтың заманы.
Ел шетіне жау тигенде ерлердің
Қару алмай, бар ма басқа амалы?!.
Кім тілепті сол сұрапыл соғысты,
Адам ату, аяусыз қантөгісті?
«Отан үшін, Сталин үшін!» – ұрандап,
Қанша қазақ жат өлкеде оққа ұшты?
«Қара қағаз» алмаған аз шаңырақ,
Қалды аналар қайғы жұтып, аңырап.
Жетім бала, жесір әйел көбейіп,
Боздап жылап жатты бәрі жамырап.
Болмас бұдан асқан, сірә, жұт ірі:
Талай үйдің өшті мүлдем түтіні.
Жау жағадан алған шақта етектен
Тартып жатты нелер бөрі құтырып.
Көп басқарма жасап елге зорлығын,
Жұрт күйінді, көріп әбден қорлығын.
Көз жасы мен қарғысына қалды олар
Қорғаны жоқ жетім-жесір сорлының…
Үнсіз жатыр шейіт болып өлгендер,
«Біз жеңдік!» дер оттан аман келгендер.
…Соғыс жайлы айтсын бізге әңгіме,
Сол соғыстың қасіретін көргендер!..

«..Соғыс жайлы айтсын бізге әңгіме» деген екен автор. Ал сол соғыс жайлы айтатын қариялар қатары қалды ма қазір деген сұрақ туады көкейіңде. Олар жайлы ойласаң, Мұқағалидың: «Бірі мініп келместің кемесіне, бірі күтіп, әнеки, жағада тұр…», деген жыр жолдары жадыңа еріксіз оралады. Алдағы Жеңістің 70 жылдық мерекесіне солардың қаншасы аман-сау жететіндігі бір Аллаға ғана аян…
Қариялар азайып бара жатқанын әсіресе олардың ортасында Ұлы Отан соғысынан аман орталған ақсақалдарымыздың қарасы жыл санап азайып барады емес пе?! Солардың жанымен, қанымен, терімен, көз жасымен, күшімен, ісімен, ерлігімен, атаның туын жықпай, ананың намысы үшін туған жердің топырағын жауға таптатпай, еңіреп жүріп жауды жеңіп, тауын шағып, туын жағап, жеңістің таңбасын басқан күн – Жеңіс күні. Бұл күннің толғағы ашшы болса да, туғаны бар халқы үшін қуаныш болған күн. Сондықтан да бұл Ұлы мереке. Оққа ұшқан қарулас жолдастарының аманатын арқалап, аман оралған ардагер аталарымыздың өздері қорғап, қорған қамқор болып оралған арттағы қалың елдің қамығып жеткен Жеңіс күнін, біз ұмытсақ та тарих ұмытпайды. Ол - өмір заңы.

Біз Ұлы Отан соғысындағы Ұлы Жеңіске ештеңеге теңеспейтін ғажап күшпен жеттік. Ол күш - әрине, "бірлік”. Қаншама халық бір тудың астына бірігіпкүштерін бір арнаға салды.Ұлы Жеңіс он бес одақтас болған мемлекеттердің ортақ мерейтойы.

Москва, сенің іргеңді
Ел, ер болып сақтаймыз
Сенен аяр жан да жоқ,
Барлығы да сен үшін,
Саған қауіп төнгенде
Жау таянып келгенде,
Қамсыз тыныш жатпаймыз
Алпыс ұлттың адамы,
Қол ұстасып үн қосып,
Қорғауға сені дайынбыз, -

деп жазған Нүрпейіс Байғанидің өлеңінен халқымыздың Мәскеу қаласына деген ерекше құрметі байқалады. Сол кездегі Кеңес Одағының басқа халқымен бірге жауды талқандап, жеңіске жету ісіне Қазақ халқы да өзінің лайықты үлесін қосты. Қазақстандық жауынгерлер Брест қамалынан бастап Берлинге дейін барды. Олар Сталинград түбіндегі шайқаста, Днепр өткелінде, Москва мен Ленинград үшін болған ұрыстарда ерен ерліктер көрсетті. Қазақ ел басына күн туғанда толарсақтан саз кешетін жауынгер халық. Ұлы Отансоғысының қатпарлары парақтарына үңіліп қарасақ, қазақтардың қанды қырғынға қаймықпай соғысқанына ашық көзіміз жетеді. Оған мысал айқас алаңдарында өшпес ерлік жасаған бес жүз қазақтың Кеңес Одағының батыры атағын алғанын айтсақ та жетеді.
Биылғы жыл Кеңес Одағының батыры атағын кеш алған Бауыржан Момышұлы атамыздың жүз жылдық мерейтойы жеңістің алпыс бес жыдығымен қатар келіп тұр. Торқалы тойдың қуанышы өзі сүйген халқы үшін ерекше болмақ. Найзағайдай жарқылдаған отты ой бар қаһарлы сөйлесе де қайырымы мол, өз мүддесін, ұрпақ мүддесін ойлаған, қара қылды қақ жаратын әділдіктен жаралған ойы тұңғиық, қимылы қылыш Бауржан Момышұлы есімі, ерлігі жадымызда мәңгі қалып, өнегесі болашаққа күш, қайрат, рух береді. "Ер есімі – ел есінде”,- демекші, бізге жарқын болашақ, бақытты ғұмыр сыйлаған аталар, апалар ерлігі ешқашан ұмытылмайды. Соғыс даласында болған нелер сұмдық оқиғалардың бірі білсек, бірін білмейміз. Дегенмен, соңыста әр түрлі жағдайда шейіт болған бабаларымыздың қасиетті рухы бүгінгі бейбіт тірлігімізге мәңгі шуағын шашпақ.
Соңғы жарияланған материалдар тізімі
Менің атам-майдангер
ЖЕҢІС ТУЫ ЖЕЛБІРЕЙДІ МӘҢГІЛІК
Ер есімі- ел есінде
Ерлік ұрпаққа ұран
9 мамыр Жеңіс күні!
Ұлы Жеңіске қосылған үлес
Ерлік - елге мұра, ұрпаққа ұран
Ер есімі – ел есінде
Ұлы жеңіс тарихы
Қазақстан Ұлы Отан соғысы жылдарында.
Бөлім: Статьи / Ұстаздарға | Көрсетілім: 2653 | Қосты: NA | Ілмек сөздер:
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Бөлімдер
Ұстаздарға
Ата-аналарға
Біздің мектеп
Баяндама
Эссе
Оқушыларға
Конкурс ең үздік шығарма
Ең үздік шығарма конкурсына арналған. Шығармаларды осы жерде жазамыз