Ұстаздар сайты u-s.kz Сайттың атауы www.u-s.kz
» » «Диуани лұғат ат түріктегі» нақыл сөздердің бүгінгі қолданысы


«Диуани лұғат ат түріктегі» нақыл сөздердің бүгінгі қолданысы
Қожамбердиева Гуляим Пернебайқызы
ОҚО Сайрам ауданы Ақсукент ауылы Абылай хан атындағы № 93-жалпы білім беру мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі
«Диуани лұғат ат түріктегі» нақыл сөздердің бүгінгі қолданысы
Өз уақытында «шағылысты ренессанс» дәуірі түркі тілдес халықтардың да басына туып, аса дарынды перзенттер көптеген ғылыми еңбектер тудырды. Соның бірі жиырма бірінші ғасырда өмір сүріп, еңбек еткен ұлы филолог, зерттеуші ғалым Махмұт Қашғаридың «Диуани лұғат ат түрік» еңбегі. Бүкіл түркі тілдес елдеріне мәлім болған бұл шығарма біздің әдебиетіміз бен мәдениетімізден үлкен орын алады.
Автор кітапты жазудағы мақсатын былай тұсіндіреді: «Мақсатым талаптанушыларға тура бағыт көрсетіп, болашаққа кең жол ашу. Ниеттес жандарды мәңгілік риза ету ғана. Түркі халықтарының атам заманнан бері көрген білгендерін баяндайтын бәйіт жырлары, қайғылы және қуанышты күндерде айтатын терең мағыналы мақал мәтелдерінен мысалдар келтірдім. Бұл кітапты пайдаланғандар кейінгілерге, олар өздерінен кейінгілерге жеткізсін деген ниетпен тағы біраз табылмайтын тіркестерді пайдаландым. Сөйтіп, бұл кітап ұрпақтан ұрпаққа халықтық мұраны сол қалпында жеткізу мақсатымен қияға қанат қағып, әсемдік әлемі мәңгілік өмірге біржолата жолдама алды..»
«Сөздікте» екі жүзден астам өлең, үш жүзге тарта мақал мәтелдер, толып жатқан қанатты сөздер мен теңеулер енген. Бұнда даналық нақылдар және кейбір дастан қиссалардың үлгілері де тәртіппен құрастырылған. Осының салдарынан болса керек «Диуанда» кездесетін нақыл сөздер бүгінгі күнде автордың атынан айтылып, қолданылып жүр. Бұл нақыл сөздер төмендегідей тақырыптарды қамтиды:
1. Адамгершілік, ар ұят
2. Жақсы із қалдыру
3. Ерлік пен азаматтық міндет
4. Дүниенің өтпелілігі
5. Дүниеқұмарлылық
6. Тәкәппарлық
7. Өнер білім жайлы айтылған сөздер.
Бұлар күні бүгінге дейін өзегі үзілмей келе жатқан даналық дәстүрінің үлгісі. «Диуанға» кірген тұспал мәтел сөздерден орта ғасыр халықтарының сана сезім тұрғысы, дүние танымдары мен ой түйіндері танылады. Әдебиеттің түйіндерін мақалдардың ауыз әдебиетінен бастау алатынын бірден байқауға болады. Мысалы:
«Ақылмен арыстан ұстауға болады,
Ал күшпен тышқан да ұстай алмайсың».
Бұл мақалға қарағанда сол заманның қоғамдық таптық қайшылықтары кұштіден түбінде ақылды озық шығатынын мойындатқандай.
«Диуанда» кездесетін шығармалар мен нақыл сөздер әр дәуірдің туындылары. Кейде тіптен адамзат баласының мейлінше қарапайым тұрмыс тіршілігінде пайда болған мақалдар да кездесіп отырады:
Заман өтер, кісі тоймас,
Адам баласы мәңгі қалмас.
Бұл жерден айтарлықтай ұқсастық байқамаса та, мағынасы жағынан жанымызға жақын, санамызға таныс. Мақалды кейінгі туындылармен салыстыра байқасақ, Өорқыт ата былай дейді:
Өткен адам тірілмес,
Шыққан жан қайта келмес.
Екеуі бір бірінің шығармасына қанық болмауы да мұмкін. Бірақ тарихтың қайталанатыны сияқты әдебиет те өз ізін өзі қайта өзі басады. Тек уақыт озған сайын көркем шығармалар мен түрлі туындылар көркемдігі жағынан толыса бермек.
Қазіргі әдебиетімізде сәл ғана өзгеріске ұшыраған «Диуандағы» нақылдарға мынадай мысалдар келтіруге болады.
Ауылда лақ туса,
Арықта оты өнер.
Қазір: Қой егіз туса,
Шөптің басы айыр өседі.
Немесе: Құдыққа құлан құлап түссе,
Құрбақа ағур болар.
Қазір: Құдыққа құлан құласа,
Құлағында құрбақа ойнар.
Сонымен қатар сол күйінде сақталған нақыл сөздер де кездеседі. Мысалы: Ауыз жесе, көз ұялады; Түріне қарама, қасиетіне қара; Тесік інжу (маржан) жерде қалмас; Ағаш басына жел үйір, жақсы адамға сөз үйір; Жақсы киім өзіңе, жақсы асығ өзгеге; Су таттырмағанға сүт бер; Еріншекке есік те асу көрінер, жалқауға бұлт та жүк болып көрінер; Басқа тұскен қайғы өатып қалмайды және т.б.
Соңғы жарияланған материалдар тізімі
Ғылым мен білімнің дамуы
Ежелгі дәуір әдебиетін қорыту
Ежелгі дәуір әдебиетін қорыту
Ислам дәуіріндегі әдебиет
Омонимдер
Омоним сөздердің көп мағыналы сөздерден айырмашылығы
Түркі тілдерінің жинағы
Орта ғасырлардағы қазақ даласында туған тарихи шығармалар және қазақ жерінен шыққан даналар
Ана тілім – асыл қазынам!
мемлекеттік тілге құрмет-елге құрмет
Бөлім: Статьи / Ұстаздарға | Көрсетілім: 3222 | Қосты: NA | Ілмек сөздер:
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Бөлімдер
Ұстаздарға
Ата-аналарға
Біздің мектеп
Баяндама
Эссе
Оқушыларға
Конкурс ең үздік шығарма
Ең үздік шығарма конкурсына арналған. Шығармаларды осы жерде жазамыз