Ұстаздар сайты u-s.kz Сайттың атауы www.u-s.kz
» » МЕН НЕГЕ СЫНЫП ЖЕТЕКШІСІ БОЛЫП ІСТЕЙМІН?


МЕН НЕГЕ СЫНЫП ЖЕТЕКШІСІ БОЛЫП ІСТЕЙМІН?
Тәжит Манат Жанатқызы
Қарағанды қаласы
Бастауыш сынып мұғалімі
МЕН НЕГЕ СЫНЫП ЖЕТЕКШІСІ БОЛЫП ІСТЕЙМІН?
Адамды тәрбиелеу – оның ертеңгі
қуанышқа ие болатын келешек жолын тәрбиелеу
А.С. Макаренко
Елбасымыз Н. Назарбаевтың Қазақстан халыққа жолдауын тыңдамаған адам кемде-кем шығар. Онда Елбасы халқымыздың алдында: “XXI ғасырды құрушы іскер, өмірге икемделген, жан-жақты мәдениетті жеке тұлғаны тәрбиелеу керек”– деген жауапты міндет қойған болатын. Осы жолдау менің көкейімдегі арман-мақсатымның айқындалуына айрықша әсер етті десем болады.
Бүгінде мен өзім сүйіп таңдаған мамандығым бойынша еліміздегі орта оқу орындарының бірінде қызмет етудемін. Бұл мен үшін зор мәртебе ғана емес, өмірде арман-мақсаттарымның орындалуына сенімімді туғызған әрі келешекке ізгі үмітімді арттырған белестердің бастауы.
Бала кезімнен жүрегімде іргетасы қаланған осы мамандығықты игеріп, Тәуелсіз елдің ұрпағы ретінде ел дамуына үлес қосу – ендігі мақсат.
Ендігі жерде мен де еліміз алға қойған стратегиялық міндеттердің жүзеге асуына білікті маман ретінде, теңізге тамған тамшыдай болса да үлесімді қоса алатыныма зор сеніммен қараймын.
Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңы мектеп оқушыларының бойында адамгершілік және салауаттылық тұрмыс негіздерін қалыптастыруға, азаматтықты тәрбиелеуге, шығармашылық қабілетін дамытуға жұмылдырады. Осы міндеттерді шешудің жауапкершілігі, мектеп оқушыларының тәрбие ісін бағыттауы және ұйымдастыруы сынып жетекшісіне жүктеледі.
Сынып жетекшісі – ол кім?
Қазақстан Республикасында сынып жетекшісі – сабақтан тыс тәрбие жұмысын ұйымдастырып, үйлестіріп, келістіріп өткізетін педагог. Сынып жетекшісінің негізгі мақсаты әр оқушыны дамыту, оның ерекшеліктерін сақтау, оның потенциалды қабілеттерін ашу, интелектісінің дұрыс дамып, жетілуіне жағдай жасау. Ол үшін сынып жетекшісі тәрбие жұмысының неғұрлым тиімді үлгілері мен тәсілдерін шығармашылықпен таңдап алып, оның нәтижелерін есептеп, бағалап, оқушыларға жеке-жеке қарау үшін оқушыларды жан-жақты зерттеп, жан дүниесіне үңілу қажет.
Дәрігерлер алдына келген ауруды емдеу үшін түрлі анализдер тапсыртып, сол бойынша аурудың диагнозын қойып, содан кейін емдей бастайды емес пе? Сол сияқты сынып жетекші де бала тәрбиесіне кіріспес бұрын, қай бағытта тәрбиелеу керектігін анықтап алған жөн.
Әрбір ұлттың өзіне тән таным-пайымы, қоршаған ортаға қарым-қатынасы тіл арқылы танылады. Тіл – ойды жеткізудің құралы ғана емес, сондай-ақ материалдық-рухани мәдениетті танып-білудің, ұлт мәдениеті мен ұлттық психологияның негізгі арнасы. Ұлттық бітімнің сипаттары адам санасында орныққан ойды әрқалай жеткізуге үлгі болатын тілдік бірліктердің семантикасынан, ішкі нысанынан байқалып тұрады. Демек, қабылдау мен ойлаудың, түсінудің, мінез-құлықтың, әрекеттің стереотиптері тіл арқылы көрініс табады. Қоғам мүшесін қалыптастыру, жеке адамды тәрбиелеу ісінде ұлттық бітім мен ұлттық ой-сана факторы алдыңғы қатарға шығып отырған қазіргі қоғам дамуы жағдайында тіл мен ойлау-психика қызметінің арақатынасын, сондай-ақ ұлттық психологияның басты белгілерін бала тәрбиелеу ісінде ескеру өте күрделі мәселелердің қатарында саналады. Оны жүзеге асыру барысында мектептегі сынып жетекшісіне зор міндеттер жүктеледі.
Адамның адам болып қалыптасуында ата-аналармен қатар сынып жетекшілердің ықпалы зор. Яғни тәрбие жүйесіне жүктелер жүк те жеңіл емес. Қандай істі болсын бастау, оны өмірге ендіру оңай шаруа емес. Ұрпақ тәрбиесі – бұл болашақ тірегі, мемлекеттік маңызды іс. Тәрбие жолы – қиын жол. Өмірді өрнектейтін адам, яғни ұстаз шәкірт алдындағы парызын еш уақытта ұмытпайды. Мүлт кетсе, үлкен қателік жіберіп алатынын біледі. Ал тәрбиеде кеткен қателікті түзеу оңай іс емес. Сондықтан әр ұстаз жалықпай ізденеді, білім беруді, тәрбиелеуді, шығармашылықпен еңбек етуді абыройлы міндеті, айбынды мақсаты деп біледі. Сынып жетекшісі тәрбие жұмысының мақсатын саналы түсініп, оны жан-жақты талдап отыруға міндетті.
Сынып жұмысын ұйымдастыруда сынып жетекшінің рөлі өте жоғары екендігін ескере отырып, төмендегі сынып жетекші қызметіне қажетті мақсат-міндет ережелерін ұсынуға болады:
Сынып жетекшісінің тәрбие қызметіндегі мақсаты:
• Білім алушы тұлғасының Өзін-өзі дамытуы мен іс жүзінде көрсетуі үшін жағдай жасау;
• Балалардың тума нышандары мен қабілеттерін дер кезінде айқындау, қауіпсіздік, эмоциялық жайлылығы үшін психологиялық педагогикалық жағдайлар жасау;
• Әр түрлі шығармашылық тұлғадағы қоғамдық іс-әрекетке икемді тұлғаның өзін-өзі анықтауы және өзін іс жүзінде көрсете білуі;
• Өзара бірлескен қарым-қатынас кезінде тәрбиеленушілердің әлеуметтік құнды қарым-қатынастары мен алаңдадатын мәселелерін сәйкестендіру.
Сынып жетекшісі қызметінің міндеттері :
• Сынып ұжымын қалыптастыру және дамыту;
• Тұлғаны дамытып, әрбір білім алушының өзін танытуы әрі қайталанбас ерекшелігін сақтай отырып психологиялық-педагогикалық жағдай тудыру;
• Оқушылардың шығармашылық іс-әрекетін қалыптастыру;
• Сыныптағы жүйелік жұмысты ұйымдастыру;
• Білім алушылардың бойында адамгершілік құндылықтар мен рухани бағдарларды қалыптастыру;
• Салауатты өмір салтын қалыптастыру;
• Білім алушылардың құқықтары мен мүдделерін қорғау.
Сынып жетекшісінің негізгі қызметіне мыналар жатады :
• Сынып жетекшісінің қызметін ұйымдастыру;
• Сынып ұжымының оқу ісін ұйымдастыру;
• Сыныптың сабақтан тыс уақыттағы өмірін ұйымдастыру;
• Оқушылардың жеке басын зерделей түсіну;
• Оқушыларды әлеуметтік қорғау;
• Ата-аналармен жұмыс.
Сынып жетекшінің лауазымдық міндеттері:
• Журналды жүргізеді;
• Оқушылардың жеке істерін жүргізіп, жай-күйін бақылап отырады;
• Сынып ұжымын ұйымдастырады: тапсырмаларды бөледі, белсенділермен жұмыс істейді, оқушыларға бағыт береді;
• Оқушылардың ақыл-ой қызметін ұйымдастыруда психологты шақырады;
• Оқушыларға мамандық таңдауға көмектеседі;
• Әлеуметтік жағдайын зерттеп есепке алады;
• Оқушылардың денсаулығын нығайту үшін спорт шараларына тартады;
• Ата-аналармен дербес жұмыс жүргізеді;
• Қабілетті балалардың ой-өрісінің өсуіне жағдай жасайды.
Сынып жетекшісі нені білуі тиіс:
• Қазақстан Республикасының “Білім туралы” заңын;
• Бала құқықтары жөніндегі конвенцияны;
• Балалардың жас ерекшелігіне қатысты педагогиканы, психологияны, валеологияны, мектеп гигиенасын, әлеуметтік педагогиканы;
• Тәрбие жұмысының теориясы мен әдістемесін;
• Педагогикалық әдеп пен шеберлікті;
• Еңбек заңнамасының негіздерін білуі тиіс:
Оқу жылының басындағы міндеттері:
• Сыныптағы оқушылардың тізімін жасап, сынып журналын рәсімдейді;
• Мектеп кітапханасынан кітап алуды ұйымдастырады;
• Оқушылардың отбасы жағдайындағы тәрбиесін зерделейді;
• Жарты немесе бір жылға арнап сыныптың ұжымдық жоспарын ұйымдастырады;
• Жылдық тәрбие жоспарын жасап, директордың тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасарына тапсырады.
Қазіргі қоғамымызда оқу-тәрбие үдерісінде, болашақ ұрпақты тәрбиелеуде әр ұстаз өз шеберлігін жаңа педагоикалық технологияны жетік меңгерумен қатар шығармашылықпен жұмыс жүргізуі тиіс. Жас шыбық иілуге қандай икемді болса, жас бала да тәрбиені қабылдауға солай бейім. Сондықтан ұрпақ жайындағы озық ұлттық мұраны бүгінгі оқу-тәрбие үдерісіне енгізу аса маңызды.
“Ел боламын десең, бесігіңді түзе”- деп заманымыздың заңғар жазушысы М.Әуезов айтқандай, ел болашағы – жасөспірімдердің саналы да өнегелі тәрбиесіне тікелей байланысты. Осы қағиданы, ережелерді жүзеге асырғанда ғана біз болашағымызға зор сеніммен қараймыз.
Осы мамандықтың иесі болып, сынып жетекші болу арқылы (жоғарыдағы аталған міндеттерді орындай отыра) тек қана бала күнгі арманым орындалып қана қоймайды, сонымен қатар мен ұлағатты ұстаздардан алған біліміммен келешек ұрпақты, болашақ шәкірттерімді сусындата аламын, дамыған елдің талаптарына төтеп бере алатын, қазіргі заманауи технологияларды озық меңгерген, қазақтың салт-дәстүрін, ата салтын, тарихын қастерлеп, құрметтей білетін азамат тәрбиелеп шығаруға үлкен жолдама алдым деп білемін.
Бүгінгі батыстық үлгідегі жаћандану үдерісі жүріп жатқан тұста ұлттық болмысымыз бен тілімізді, ділімізді сақтап қалудың айрықша мәнін түсінуге көмектесетін рухани-мәдени құндылықтарымызды бағалаудың, ұлттық мәдениетіміздің қайнар көздерін анықтаудың мәні ерекше болып отыр. Әр ұлттың жан-дүниесі, болмысы, дүниетанымы оның өзі жасаған материалдық және рухани байлығы арқылы көрінетіні, ал оны бір-біріне жеткізуші жас ұрпақ екендігі белгілі. Келер ұрпақты қалыптастыруда маңызды және шешуші рөл атқаратын тіл өз халқының мәдениетін, өркениетін, әлеуметтік құрылысын, дүниетанымын бейнелеп қана қоймайды. Сонымен қатар егемен Еліміздің егемендік алуымен байланысты қоғамдық өмірімізде болып жатқан түбегейлі өзгерістердің бала тәрбиесіне әсерін дұрыс бағалап, дұрыс жолға қоюды жаңаша ой елегінен өткізуді қажет етіп отырғандығы белгілі. Бұл жолда сынып жетекшісінің атқарары мол.
Соңғы жарияланған материалдар тізімі
Бастауыш сынып мұғалімінің кәсіби білімінің ерекшеліктері
Адамгершілік — рухани тәрбиенің маңыздылығы
Қазіргі таңдағы ұстаз қандай болу керек?
Рухани-өнегелі тәрбие
Ата-аналармен жұмыс
Оқытудың жаңа инновациялық өзгерістерін енгізу
Қазақ тілі сабақтарында ұлттық құндылықтарды игеру арқылы жеке тұлғаны дамыту
Бастауыш мектептің оқу-тәрбие процесіндегі құзырлылық
Адамгершілік — рухани тәрбиенің маңыздылығы
Мектептегі әлеметтік педагогтың қызметін ұйымдастыру және іс-қағаздары
Бөлім: Статьи / Эссе | Көрсетілім: 9911 | Қосты: NA | Ілмек сөздер:
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Бөлімдер
Ұстаздарға
Ата-аналарға
Біздің мектеп
Баяндама
Эссе
Оқушыларға
Конкурс ең үздік шығарма
Ең үздік шығарма конкурсына арналған. Шығармаларды осы жерде жазамыз