«Бұлақ көрсең көзін аш»
Адам жанына саналы біліммен қатар ізгі тәрбиені қоса бере алған жан ғана нағыз ұстаз бола алады. Өмір өткелдерінің қалтарысынан түзу жол сілтеп, сені биік белес, асқар шыңдардан ғана көргісі келетін және сол үшін тер төгер «шынайы мейірім-нұрдың қызметшілерімен» жолығу тағдырыңның тақтасына жазылса, сенің жолыңның болғаны... Бұл жағынан жолы болған жанның бірі -менмін. Менің өмірімде Венера Базарғалиқызындай ұстазымның болғаны менің бірінші бақытым -деп бастаған шәкіртімнің маған деген алғысқа толы осы хатын оқыған сайын жанарыма жас тұнады. Сағыныш жасы... Мақтаныш жасы...
Осы жолдарды оқысам болды сағымдай зымырап өткен балалық шағым көз алдыма қылаң береді. Сол естеліктермен бірге ұстаздарым енеді түсіме. Уақытпен санаспайтын, атқарған еңбегін ақшамен бағаламайтын, дүние-мүлік жимаған, сән-салтанат қумаған бар уақытын алдындағы шәкірттерін білім нәрімен сусындатып, осы жолда жастық жалынын, күш-қуатын аямаған, қаталдығы мен қайырымдылығы, ызғары мен жылулығы қатар жүретін ұстаздарымның дені бақилық болғалы қай заман. Көздері тірісінде дұрыс бағасын беріп, алғысымызды да сездіре алмағаным өкінішті-ақ.
Біз оларды құлай сүйетінбіз, құдайдай табынатынбыз. Ол кезде бізде бір-ақ арман болатын. Ол- ұстаз болу. Біз мұғалім болып ойлайтынбыз, мұғалім болып ойнайтынбыз. Мұғалімше жүріп, мұғалімше сөйлейтінбіз. Бала біз тұрмақ күллі ауыл адамдары оларды үлгі тұтып, төріне отырғызатын. Ұстаздарым оятқан бала қиялымды ерттеп жүріп, ер жеттім, сол қиялдың жетегіне еріп мұғалімдік мамандықты меңгердім, қиялыма қанат байлап, мектеп деген киелі мекеннің есігін аштым.
Өмірдің сан тарау соқпақтарын кеше жүріп, уақыт шіркіннің зымырап өтіп кеткенін де аңғармай қалыппын. Менен үлкен үміт күткен аяулы ұстаздарымның басына барып құран бағыштамадым, көздерінің тірісінде жүрекжарды алғысымды да жеткізе алмадым, бірақ менің ұстаздық жолындағы игі істерім сіздердің маңдай терлеріңмен ерте ағарған шаштарыңа соққан ескерткішім болсын деп тіледім.
«Адамның адамшылығы жақсы ұстазынан»-дейді хакім Абай. Ұстазы жақсының-ұстамы жақсы дап те түйіндеген дана халқымыз. Бүгінгі күні мен қандай да бір жетістікке қол жеткізсем, ол-анамнан және анамдай болған ұстазымнан алған білім мен тәрбиенің жемісі. Ал Венера апайымның сүйікті шәкірті болу- менің жеңісім деп Амангүл өзінің жүрекжарды тілегін осылай жалғайды. Ал, менің жеңісім ше... Тек осы жылы ғана Алматы қаласынан Өрлеу біліктілікті артыру курсының ІІ деңгейлік бағдарламасын оқып сертификат алуым, 2012/13 оқу жылында өткен қазақ әдебиеті пәні бойынша мұғалімдерге арналған І республикалық қашықтық олимпиадасында «Облыс бойынша ең жақсы нәтиже», «Ең үздік сабақ-2013» облыстық байқауының аудандық кезеңінде қазақ тілі мен әдебиеті пәні бойынша І орын алуым, осы жылы аудандық танымдық энциклопедияға енуім – «Дер кезінде бұлақ көзін аша білген көркем келбетімен, әсем үнімен, терең білімімен, тәтті тілімен жанымды баурап алған ардақты ұстазым қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Рахия Кенжекейқызының есепсіз еңбегі деп білемін. Сіздей терең дарияның суымен сусындаған менің нашар мұғалім болуға құқым да жоқ шығар, сірә....
Заманмен бірге адамдар да өзгеруде. Ғылым мен техника қарыштап дамыған заманда балаларымыздың санасын қомақты қаржы, қымбат көлік, зәулім үйлер билеген заманда, оған барар жолды тек ақша шешкен заманда балаларымызды қаржысы мол заңгер, қаржыгер, экономист мамандығы қызықтыра бастаған кезде мұғалімдік мамандықтың көлеңкеде қалғаны жасырын емес. Ақпарат бетін ашып қалсаң-ақ бұның себебін біреу-жалақының төмендігінен, ал енді бірі-мұғалім беделінің төмендеуінен, енді бірі балалардың сабаққа ынтасының азаюынан деп түсіндіреді. Әрине, бұл себептерді жоққа шығаруға болмас. Бірақ, бұл мамандықты қалаған жан өз ісіне, алдында отырған періште сәбиге жан-тәнімен ғашық болуы шарт...иә, иә... Ғашық болғанда да ессіз
Соңғы жарияланған материалдар тізімі
Бөлім: Статьи / Баяндама |
Көрсетілім: 2381 |
|
|
|
Бұлақ көрсең көзін аш

Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.

Бөлімдер
Ұстаздарға |
Ата-аналарға |
Біздің мектеп |
Баяндама |
Эссе |
Оқушыларға |
Конкурс ең үздік шығарма Ең үздік шығарма конкурсына арналған. Шығармаларды осы жерде жазамыз |