Ұстаздар сайты u-s.kz Сайттың атауы www.u-s.kz
» » Ұстаздың ұлы келбеті


Ұстаздың ұлы келбеті

Тақырыбы: Ұстаздың ұлы келбеті

Мақсаты: Ұстаздың адам өмірінде алатын орын зор екендігін, ұстаздарды құрметтеу, сыйлау және қадірлеу қасиеттерін оқушылардың бойына дамыту әрі дарыту. Көрнекілігі: Ұстаздар туралы нақыл сөздер, өлең үзінділері жазылған көрнекіліктер, әр түрлі шаралар. 
Мұғалім: Қайырлы күн, құрметті қонақтар, ұстаздар, оқушылар. Бүгінгі ұстаздар мерекесі қарсаңында өткелі отырған. «Ұстаздың ұлы келбеті» атты тәрбие сағатымызды бастауға рұқсат етіңіздер! 
Тақпақтар: 
1-оқушы: Оқушы алға ұмтылып, шегінбей мен, 
                  Сен ұялдың кір болса менің жейдем. 
                 Жақсылыққа бастайтын күлімсіреп, 
                 Көз алдыма қазір тұр сенің бейнең 
2-оқушы: Алғаш рет оятқансың санамды, 
                 Алғаш рет ұстатқансың қаламды. 
                Сол үшінде мәңгі сыйлап өтермін 
                Түсіндірген жақсы менен жаманды. 
3-оқушы: Ұстаз бізді білім беріп өсірген 
                 Қатемізді әрқашанда кешірген 
                «Өмір жолы-қиын жол» деп әрдайым 
               Тәрбиелеп, ақылды ғып өсірген. 
4-оқушы: Анамдайсыз, менің асыл ұстазым, 
                Өтті бізбен көктем, күз, қыс, жазың 
                Жылдар бойы тәрбиелеп, аялап, 
                Болашаққа байтақ бір жол нұсқадың. 
Мұғалім: Балалар қазақтың тұңғыш ұстазын білесіңдер ме? 
-  Әрине Ыбырай Алтынсарин. Қазақтың ұлы ағартушысы, педагог, ғалым-жазушы Ыбырай Алтынсарин тұңғыш ағартушы, қазақ жазба әдебиетінің негізін салушы, көркем әдеби тілдің тазалығы үшін күресуші, балаларға таза  ана тілін үйрету арқылы халықтың бай тілін меңгеріп, өнер-білімге бастаушы. Ыбырай Алтынсарин туған халқына оқу-білімге шақырып, кенжелеген қараңғылықтағы еліне білімнің жарық сәулесін таратты. Тұңғыш қайраткер жас ұрпақ тәрбиелеуде жаңа ғылымның іргетасын қалады. Өзі бас болып, бірнеше жерде кездескен кедергі қарсылыққа қарамастан, 1864 жылы мектеп ашты. 
Тақпақтар: 
5-оқушы: Кем көрмеймін сізді асыл анамнан, 
                Сізге ұқсап қудық біз де сан арман 
                Сіздей адам дүниеде көп болсын 
                Балалардың бақыты үшін жаралған 
  6-оқушы: Ең аяулы есім ғой «Ұстаз» деген, 
                Бар тіршілік бақытты ұстазбенен. 
               Ұстазды жеткізгенше мұратына 
               Білім іздеп лапылдап жаңа берем 
7-оқушы: Ұстаздың оттай ыстық алақаны, 
                Болған соң ойлайтыны-бала қамы 
               Баладан ұстазыма мың сан алғыс 
               Өйткені ол ұстазымның ақ арманы. 
8-оқушы: Нұрын төккен көк аспан күмбезінен 
                Күлімдеуің ұқсайды күн көзіне. 
                Қолда болса ұстаздарға сыйлар ем, 
               Бар байлығын әлемнің бір сіздерге. 
 Мұғалім: Біз ата-анамызды қалай қадірлеп құрметтесек, ұстазды да солай құрметтеу -парызымыз. 
Ән: «Білімнің бұлағы». 
Нақыл сөздер: 
9-оқушы: «Адамның адамшылығы жақсы ұстаздан басталады» 
Абай Құнанбаев 
10-оқушы: Ұстаз деген ұлағатты атауды естігенде, күні бүгінге дейін өзімді шәкірттей сезінемін. 
                                                                                                     С.Қожамқұлов 
11-оқушы: Мұғалім бәріненде қымбат, өйткені мұғалім мектептің жүрегі. 
                                                                                                          Ы.Алтынсарин 
12-оқушы: Ақырын жүріп, анық бас, 
                  Еңбегің кетпес далаға. 
                  Ұстаздық қылған жалықпас 
                  Үйретуден балаға. 
                                            Абай Құнанбаев 
13-оқушы: Қайратсыз ашу-тұл, 
                   Тұрлаусыз ғашық-тұл, 
                   Шәкіртсіз ғалым-тұл. 
                                             Абай Құнанбаев 
14-оқушы: Ұстаздық ету - өзінің  уақытын аялау, өзгенің бақытын аялау. 


15-оқушы: Нашар ұстаз шындықты қайталайды, жақсы ұстаз сол шындықты іздеп табуға үйретеді. 
                                                                                     Д.Дистерверг 
16-оқушы: Оқушы жастардың ең сенімді ұстазы, сыр жасырмай ашық айтатын адамы – мұғалім. 
Ғ.Мүсірепов 
17- оқушы: Мұғалім - оқушы үшін ең жоғарғы адамгершіліктің үлгісі. Сондықтан да ол оқушы жүрегінде ұмтылмас із қалдырады. 
                                                                                    Н.А.Добролюбов 
Қорытынды: Ұстаз ақыл-ойы мен күш-қуатын балаларға арнап, жан аямай еңбек етеді. Өйткені ол, оның көкірек көзін ашып, дүниетанымен кеңейтіп қияға қанат қақтырады. Сондықтан болар кейбір дарынды ойшылдар да, тіпті арман қуған балалар да ұстазды ерекше пір тұтып қадірлейді. Сондықтан ұстазды қадірлейік, ренжітпейік деген қорытынды жасай келе бүгінгі тәрбие сағатымызды тәмәмдаймыз.


Соңғы жарияланған материалдар тізімі
Ұстаз болу- жүректің батырлығы
Ұстаз болу- жүректің батырлығы
Адамның адамшылығы –жақсы ұстаздан
Ұстаз болу жүректің батырлығы
Ұстаз-мектептің жүрегі
Ұстаз аты биік, әрі мәңгілік
Ұстаз-ұлы тұлға
Ұстаз-ұлы тұлға
Жырлаймын ұстаз өзіңді
Ұстаз - ұлы тұлға
Бөлім: Уроки / Бастауыш сынып | Көрсетілім: 3621 | Қосты: NA | Ілмек сөздер:
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Бөлімдер
История
открытые уроки по истории
Педагогика
открытые уроки по педагогике
Биология
открытые уроки по биологии
Информатика
открытые уроки по информатике
Математика
открытые уроки по математике
Физика
открытые уроки по физике
Химия
открытые уроки по химии
Разное
открытые уроки
География
Открытые уроки по географии
русский язык