Ұстаздар сайты u-s.kz Сайттың атауы www.u-s.kz
» » Ашық сабақтар сайты ашылды. Құтты болсын!


Ашық сабақтар сайты ашылды. Құтты болсын!

Құрметті сайт пайдаланушылары мен қонақтары. Жаңа Қазақстандық ашық сабақтар сайты ашылғанын хабарлаймыз. Әрине ол біз!

Казнетте (Қазақстандық интернет желісі) ашық сабақтар сайттары 10 шақты (арнайы ашық сабаққа арналған) екен. Бірақ біздің байқағаным олардың көбісі ыңғайсыз, бір қарағанда ашық сабақ қосу өте қолайсыз. Сондықтан біз біраз мұғалімдерді жинап ақылдасып қолайлы, түсінікті сайт ашуға бел будық. Аллаға шүкір бүгін 8 айлық еңбегіміз ақталды

Ашық сабақтар сайтын ашу үшін арнайы ұстаздармен кеңесіп, талдап сіздерге ыңғайлы етуге тырыстық. Біраз сайттарды талдап кемшіліктерін көрдім. Сондағы байқағаным $CUT$

  1. Ашық сабақ жариялау үшін арнайы поштасына жіберу керек. Оны жіберу де уақыт алады. Ол сіздің ойлағаныңыздай жариялана ма, жоқ па?
  2. Ол материал сайтта жариялана ма, жоқ па, Ол да белгісіз
  3. Ол қашан жарияланады деп тағы күту керек. Қосымша уақыт, қайта қайта сайтқа кіріп тексеру керек. (мұғалімдер үшін уақыт ең керекті)
  4. Тағы басқа ыңғайсыз мәселелер бар, бірақ оларды мұнда жазудың керегі жоқ деп ойладым.
  • Ал сертификат алу жайы мүлдем бөлек

Жақын арада сертификат алу мәселесін де шешеміз деген ой бар. Ол туралы керемет жоспар бар, ол туралы ашылған соң осында жазамын. Әзірше құпия болып қала берсін.

Ал біздің сайт бұл мәселелердің барлығын шешті деп айта алмаймын, бірақ біздің басты мақсатымыз осы жоғарыда айтылған мәселелерді шешу болып табылатынын айтқымыз келеді. Сондада шешілген мәселелер жайлы айта кетейін.

  1. Ашық сабақ жариялау үшін енді арнайы поштаға жіберудің керегі жоқ. Сол жақтағы ашық сабақ жариялау деген сілтемені бассаңыз болғаны, ар жағын басқаннан кейін білесіз. Басып көріңіз. Тіркелмеген қонақтар үшін біраз мүмкіндіктер шектелген. Бірақ тіркелсеңіз ашық сабақты мына менің жазғанымнан да керемет қылып жаза аласыз.
  2. Ал, егер жазғыңыз келмесе жай ғана тақырыбын жазып, файлды таңдап жіберсеңіз болғаны. Біздің редакторлар оны тез арада жариялайды.
  3. Егер онлайн түрде, яғни тікелей барлығын өзіңіз жазып осы сайтта жарияласаңыз сіздің материялыңыз бірден жарияланады. Күтудің ешбір қажеті жоқ.
  4. Біз сіздің алтындай қымбат уақытыңызды барынша үнемдеуге тырысамыз.
  5. Сертификат мәселесі жақын арада шешіледі. Барлығы сіздер үшін!

Біздің сайтқа қош келдіңіздер, біздің ұран - бәрі табылады


Соңғы жарияланған материалдар тізімі
Ұстаздар сайтында материал қалай жариялауға болады?
Сертификат алу ережесі
Сертификат алу
Ашық сабақ жариялау
Жоба туралы
Ұстаз құрамына қосыл сайт ұстазы дәрежесін ал
Конкурстар туралы сіздің ойыңыз?
Өзгерістер, жаңалықтар 2015-ке дайындық
Сайтқа ұстаздар іздеп жатырмыз
Сертификатқа тыпсырыс беру
Бөлім: Новости | Көрсетілім: 6485 | Қосты: NA | Ілмек сөздер:
avatar
• 27 июля 2014 12:34
)))))) ашық сабақ салуыңыз қиындау екен. Мүмкіндік болса материал салудың видеосын сайтқа қойып қойсаңыз болады
avatar
• 5 августа 2014 22:29
Пікіріңізге рақмет. Жақын арада сабақ қалай салу керектігі, сертификат қалай алу керек жолдарын толық айтатын боламыз. Қазіргі таңда сайтқа редакторлар, модераторлар қабылдап жатырмыз. Сайттың жаңа дизайны әзірленіп жатыр.

Алла қолдап жақын арада қазақстандық үлкен ұстаздар порталына айналдыру көзделіп отыр.
avatar
• 26 октября 2014 22:33
Талаптарын оңғарылсын
avatar
• 7 ноября 2014 08:37
Қош көрдік! Ассаламуалейкум! Мен білек түре келдім, көмекке...
avatar
• 12 ноября 2014 18:12
cәттілік тілеймін!
avatar
• 14 ноября 2014 17:40
сәттілік тілеймін! жұмыстарың тек алға баса берсін
avatar
• 14 ноября 2014 17:42
Рахмет. Біздің мақсат ұстаздарға көмектесу. Барлығы сіздер үшін!
avatar
• 17 ноября 2014 19:22
талаптарыңыз оң болсын! көмекке қарсы емеспіз. Әрине қолдан келгенше
avatar
• 17 ноября 2014 19:23
мен Ажар есеспін гой
avatar
• 18 ноября 2014 05:09
Сәлеметсізбе. Сіз тіркелу кезінде ажар деп жазғансыз. Егер қаласаңыз логиніңізді ауыстырып береміз. Ол үшін кері байланыс арқылы бізге толық мәліметті және қалаған логинді жазып жіберіңіз.
avatar
• 11 января 2015 09:23
Сіздерге қосылғаныма өте қуаныштымын! Әрбір жасаған еңбектеріңіздің жемісін көрулеріңізге тілектеспін!
avatar
• 13 января 2015 14:25
Жас мамандарға керемет мүмкіндік туып отыр. Сіздердей көкірегі ояу азаматтарға  тек қана сәттілік, еңбектеріңіз жемісті болуына тілектеспін!
avatar
• 13 января 2015 19:54
Саламатсыздар ма, Ұстаздар сайты мен ашық сабақ презентациясын жибердім бирак сертификатқа тапсырыс ертен беремін бірақ ақшасы қанша соны біліп берсеніздер. Алдын ала Рахмет
avatar
• 13 января 2015 19:58
Жіберген презентациямды ашып тексеріп анықтап қарауларыңызды өтінемін, көлемі үлкен деп қабылдамай қойманыздаршы. Ауқымды жасалған өлшем бірлігі 250Mb
avatar
• 10 февраля 2015 17:59
Бұл ұстаздарға тамаша жаңалық болды.Сабақтар әр сынып бойынша жинақталынса керемет болар еді..Жақсылықтың жаршысы болып , игі бастамаларыңызды өрістете беріңіздер! Бек қуаныштымын,айтарға сөзім жоқ,біздің қамымызды ойлағандарыңыз үшін алғысым шексіз
avatar
• 15 февраля 2015 05:08
Сәттілік!
avatar
• 12 марта 2015 06:56
Құрметті , сайт ұйымдастырушылар ! Сіздерге көп рахмет айтқым келеді.
avatar
• 1 июня 2015 11:38
Сәлеметсіздер ме? Ұстаздарға арналған сайттын ашылғанына өте қуаныштымын! Бірақ өз материалымды, яғни ашық сабақ, презентациямды қалай жарияласам болды? Осы жағын түсінбедім. рахмет! Алия
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Бөлімдер
Білім-ғылым жаңалықтары
бұл бөлімде Қазақстандағы барлық білім ғылым жаңалықтары жарияланады.
Сайт жаңалықтары
Бұл бөлімде Ұстаздар сайтындағы өзгерістермен жаңалықтар жарияланады.